kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж?рек ??рылысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок в 8 классе на тему сроение сердца на казакском языке.  тип урока изучение новой темы. оборудование: плакаты, маркеры, макеты, тесты, оценочный лист. группавая работа проводится. урок содержит задания для выполнения: мозговой штурм, тесты, задания для каждой группы. работа с плактами и макетами. и обезательно рефлексия. дети оценивают себя заполняя оценочный лист по баллам.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж?рек ??рылысы »













АШЫҚ САБАҚ



ЖҮРЕК ҚҰРЫЛЫСЫ





Мұғалім: Аксенова Г.С.









2015ж





Сынып: 8 «А»

Тақырыбы: Жүрек құрылысы

Мақсаты:

1.     Қанайналым жүйесі мүшелерімен, жүрек, қан тамырларының құрылысы мен қызметімен танысу.

2.     Жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Жүректің қалыпты жұмысын жақсарту және зиянды заттардың жүрекке кері әсері барын ұғындыру.

3.     Денсаулықтарын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Жинақылыққа, зейін қоя білуге үйрету.


Жоспарланатын нәтиже:


Пәндік нәтиже: адамның қанайналым жүйесі, адам ағзасы және олардың маңызын білу; салауатты   өмір салтын сақтау;


Тұлғалық нәтиже: салауатты өмір салтын сақтауынан, өз-өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен көрініс табуы  тиіс;


Жүйелі-әрекеттік нәтиже:  қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен көрініс табуы тиіс.



Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: саяхат сабақ
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап

Қажетті құралдар: «Қанайналым» плакаты, «Жүректің құрылысы» макеті, жауап парағы, компьютер, презентация.


Сабақтың барысы:
I.  Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық (2мин)
–  Бір шеңберге тұрып бірімізге күлімсіреп қарап, амандасайық. Демді терең ішке тартып, демді шығарайық. Біз байсалды, деніміз сау, қайырымды, мейірімді және ақжарқын балалармыз. Бір-бірімізге тек қана жақсы тілектер тілейік.

ІІ.Оқушыларды екі топқа бөлу.(1мин)

Тәтті шоколадтар арқылы

III.   Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою (2мин)

–         Біз бүгін жүрек патшалығына саяхат жасаймыз. Оған жетер жолымыз ұзақ та қиын, бірақ қызыққа толы.

Өйткені біз бұл ұлы патшалықтың қайда ораналасқаның, құрылысын және де организм планетасында оның алатын орнын білуімізге туралы келеді.

Сабақтың мақсаты қандай болмақ?! (Оқушылар жауабы)

1.Жүректің орналасуын

2.Жүректің құрылысын, жұмысын

3.Қан-тамырлардың құрылысын

4.Жүрек-қан тамырлар жұмысын қалай жақсарту туралы біліп алуымыз керек.

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы әр адамның жүрегі қандай болуы керегін білеміз.

Алдарында бағалау парақтарын жатыр, егер сендер сұраққа толық жауап бердім десендер - 5, толық емес -4, жартылай -3баға

ІV Үй тапсырмасын тексеру (5мин)
Үй тапсырмасы сұралады.

Бірінші аялдамамыз Кедергілер деп аталады.

Осы кедергіден өту үшін сендердің қан туралы білімдерінді көрсетуге тура келеді.

1 тапсырма.

Сұрақтар:

  1. Организмнің ішкі ортасын не құрайды?

  2. Қан құрамы неден тұрады?

  3. Қызыл қан жасушалары?

  4. Лейкоциттер түзіледі?

  5. Лимфа неден түзіледі?

  6. Мечников нені ашты?

  7. Резус-фактор деген не?



V Жаңа сабақ

Кіріспе әңгіме (10 мин)



–        Ал енді, балалар, қолдарыңды сол жақ кеуделеріңе қойып тыңдаңдар. Не сезіледі?
–         Бірқалыпты соғып тұрған жүректің дыбысын естідік. Ол өмір бойы үздіксіз жұмыс істейді.
–         Кеуделеріңде соғып тұрған жүректің мөлшерін білгілерің келе ме?
–         Жұдырықтарыңды түйіңдер. Кеуделеріңе дәл осы көлемде жүрек соғып тұр.
–         Жүрек –бұлшық ет.
–         Бұлшық ет қандай жұмыс атқарады?
–         Жүрек тоқтамай жиырылып және босаңсып тұрады. Сондықтан да біз оның бірқалыпты соғуын естиміз.
–         Қалай ойлайсыңдар, жүректің құрылысы, қызметі  қандай?

Осы сұраққа жауабын келесі ҮЙРЕН ДЕ, ЖИРЕН

аялдамасына тоқтап біле аламыз.

1 топқа

Жүректің құрылысы

2 топқа

Қантамырлар құрылысын зерттеу ұсынылады.

Сергіту сәті (1мин)

Біз саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. (жүрек дүрсілінің үні) бұл ненің дауысы?(оқушылар жауабы). -Жүрек біз жұмыс істейміз бе, демаламыз ба, ұйықтаймыз ба, оған қарамастан өмір бойы жұмыс істейді.

Тіршіліктің әртүрлі жағдайында жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін адам ол туралы ойлануы керек.

Жүрек-қан тамырлары аурулары – тіпті экономикалық даму жоғары елдердің өзінде азаматтардың мүгедектікке ұшырау және өмірден ерте озуына басты себеп болатын аурулардың бірі. Темекі тарту, спирттік ішімдіктер, дене белсенділігінің аздығы бүкіл организмге әсерін тигізеді деп барлық адамдар басты фактор ретінде атап айтады. Бірақ осы факторлардан басқа да болуы мүмкін бе? Қанекей, осыны анықтап көрелік.

-Келесі аялдамамыз Дені саудың-жаны сау (18 мин)



1 топ жүрек-қан тамырларының жұмысына жағымды әсер ететін факторлар

2 топ жүрек-қан тамырларының жұмысына жағымсыз әсер ететін факторлар

Сонымен, жоғарыда айтылғандардың барлығын қорыта келе дене белсенділігі, өзіңе және өзіңді қоршаған ортаға ізгі ниет, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден арылу және кардиологтың тексеруінен өту – жүрек-қан тамырлары ауруы сізге жақын жүрмейтініне сенімді болуыңыздың кепілі болады.

-Саяхатымыз осымен аяқталды, «Жүрек» патшалығына келіп жеттік, осы саяхатымыздың қорытындысын шығарайық.



VI Жаңа білімді бекіту (3 мин)



Тест - 5 сұрақ.

1.Жүрек неше бөліктен тұрады:

  1. 3

  2. 4

  3. 2

  4. 5

2.Жүрек қабырғасы неше қабатты:

  1. 2

  2. 4

  3. 3

  4. 1

3.Қанның сол жақ қарыншасынан басталып, оң жақ жүрекшеге қозғалу.....аталады.

  1. кіші қанайналым шеңбері

  2. үлкен қанайналым шеңбері

4.Ең ірі қан тамыры

  1. капилляр

  2. артерия

  3. вена

  4. қолқа (аорта)

5.Жүрек қабырғасының сыртқы қабаты

  1. миокард

  2. эпикард

  3. эндокард



VII Қорытынды: (1мин)

Қан айналады жүректің әмірімен,

Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.

Ақ түсті мөлдір және қызылданып,

Адамға күш береді пәрменімен.



Сонымен әр адамның жүрегі жасына қарамай (жүрек макеті ашылады)

Мейірімді, байсалды, таза, батыл, кең, сау, жалындаған оттай болуы керек, яғни, өз өміріміз мен жақындарымыздың өмірін баққыты қылу үшін.



VIII Үйге тапсырма: § 36,37 оқу (2мин)

Рефлексия





























Бағалау парағы

Аты-жөні:__________________________________________



Үй тапсырмасы

Кедергілер аялдамасы

Үйрен де, жирен

аялдама

Дені саудың-жаны сау

аялдама

Қорытынды

Тест

Балл жиынтығы
































































МЕЙІРІМДІ

БАЙСАЛДЫ

ТАЗА

БАТЫЛ

КЕҢ

САУ

ЖАЛЫНДАҒАН ОТ





«5» - 40-50 балл

«4» - 25-39 балл

«3» - 10-24 балл








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ж?рек ??рылысы

Автор: Аксенова Гульназ Серикболатовна

Дата: 30.08.2015

Номер свидетельства: 227834


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства