Биология 6-сынып
Күні:
Тақырыбы: Жемістер.
Мақсаты:
Білімділік: Жемістердің құрылысын, олардың бір – бірінен ерекшеліктерін ажырата білу
Дамытушылық: Жемістердің көптүрлілігін, бұрыннан білетін білімдерін кеңейту
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Жемістердің түрлері, слайд
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақ әдісі: «Кім жылдам» тапсырмалары, топтық жұмыс, ой шақыру,ЖИГСО-І, бес жолды өлең.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. Топқа ат қою .
ІІ. Үй жұмысын тексеру: «Өсімдіктердің гүлденуі мен тозаңдануы» тақырыбы.
І тапсырма. «Кім жылдам».
І топ
1.Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.
2. Тозаңдану деп-
3.Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым.
4.Өсімдіктердің гүлденуі қай мезгілдерде басталады.
5.Мақта қанша уақыт гүлдеп тұрады.
ІІ топ
1.Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі.
2.Ұрықтанған соң жатыннан дамиды.
3.Лалагүлділер қанша күнге дейін гүлдеп тұрады.
4.Аналықтың ең жуан жері.
5.Тозаңдану түрлері.
ІІ тапсырма. Тізімдегі өсімдіктерді тозаңдану жолдарына байланысты топтастырып, кестеге толтыр
І топ
Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер
Айқас тозаңданатын өсімдіктер
1.Жер жаңғағы 2.Қарабидай 3.Шегіргүл 4.Шие 5.Саумалдақ
6.Қызғалдақ 7.Бетеге 8.Тары 9. Алма 10.Қалақай
ІІ топ
Желмен айқас тозаңданатындар
Жәндіктермен айқас тозаңданатындар
1.Қант қызылшасы 2.Шие 3.Алхоры 4.Терек 5.Лимон 6.Қайың 7.Асқабақ 8.Жүгері 9.Алма ағашы 10.Емен.
І. Қызығушылықты ояту.
2 топ оқушыларымен ой дамыту жұмбағын жүргізу. Жұмбақ
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
Сабағы: қысқарған
Жапырағы – параллель жүйкелі
Тамыры – шашақ
Пайдасы – тамақ-тымау
Жұмбақ
Басым дене-денем бас
Мойным қысқа бұрылмас (орамжапырақ)
Сабағы – Қысқарған
Жапырағы – Ромб
Тамыры – Негізгі
Пайдасы – Тамақ, салат
Жұмбақ
Көп дөңгелек саларсың өрмелеп сен
Айың күнің біткенде терермін мен (Жүзім)
Сабағы – Өрмелегіш
Жапырағы – Ромб
Тамыры – Негізгі
Пайдасы – Тосап, Сусын
Жұмбақ
Ұзын мұртты сары бас
Қойынында наны бар (Бидай)
Сабағы – Тік
Жапырағы – Доға жүйкелі
Тамыры – Шашақ
Пайдасы – Ұн, нан, талқан
Ой шақыру.
Бидай, жүзім, орамжапырақ, пияз деп жұмбақтың шешімдерін айттық бұлардың барлығысын бір сөзбен нелер деп айтуға болады?
Дұрыс жемістер деп айтамыз. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Жемістер:
ІІ. Мағынаны тану. ЖИГСО-І
Оқушылар үй тобында 4 оқушыдан отырады.
Жемістер туралы өз білімдерін жеке, жұппен, топпен ортаға салады
Үй тобында номерленеді №1,№2,№1,№2
Номер бойынша жұмыс тобына ауысады.
Мәтінмен танысады,жеке, жұппен, топпен оқиды, әңгімелейді.
1-топ Шырынды жемістер
2-топ Құрғақ жемістер
Үй тобына оралады.
Үй тобында кезекпен әрқайсысы не үйренді, түсіндіреді.
Ортада қорғайды
ІІІ. Ой толғаныс.
Бес жолды өлең. Жемістер тақырыбына.
ІҮ. Үйге тапсырма: § 23 оқу. Жемістер туралы мақал-мәтел жазып келу.
Ү. Бағалау: