Просмотр содержимого документа
«"Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Қандауырша – бассүйексіздердің өкілі" тақырыбында сабақ жоспар»
Сынып. 7
Пән: Биология Күні: Тексерілді:
Сабақ тақырыбы:Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Қандауырша – бассүйексіздердің өкілі. Қандауыршаның тіршілік ортасы және құрылысының ерекшеліктері. Табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Желілі жануарлар және бассүйексіздер тип тармағы туралы білім беру.
3. Дамытушылық: Желілі жануарлар және бассүйексіздер тип тармағы туралы білімдерін жетілдіру.
Көрнекілік құралдар: желілі жануарлар суреттері
Сабақтың түрі: аралас сипатта
Сабақтың барысы:
І Мотивациялық кезең
1. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі
Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына тіркелетін жануарлар неше санатқа бөлінеді?
Әлі толық зерттелмеген, ерекше қорғауды қажет ететін, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген инелік?
Қазақстанда сирек және жойылып бара жатқан омыртқасыздардың қанша түрлері мен түршелері Қызыл кітапқа тіркелген?
Тест сұрақтарына жауап беру
І нұсқа
1. Қазақстан қызыл кітабында тіркелетін жануарлар неше санатқа бөлінеді:
А)1 Ә) 5 Б) 4
2. 1979 жылы белгілі болған инелік
А)нәзікқұйрық Ә) көркемше Б) шолғыншы
3. Күйенті тұқымдас инеліктерінің бір түрі
А)нәзікқұйрық Ә) көркемше Б) шолғыншы
4. Ең жалмауыз дәуіт
А) ақтеңбіл дәуіт Ә) Бұғықоңыз Б) Далалық кергі
5. Ең ірі қоңыз
А) ақтеңбіл дәуіт Ә) Бұғықоңыз Б) Далалық кергі
6. ҚР-ның Қызыл кітабында ІІ санатқа жататындар:
А) жойылып бара жатқан түрлер мен түршелер
Ә) саны азайып бара жатқан түрлер мен түршелер
Б) белгісіз түрлер мен түршелер
7. ҚР-ның Қызыл кітабында І санатқа жататындар:
А) жойылып бара жатқан түрлер мен түршелер
Ә) саны азайып бара жатқан түрлер мен түршелер
Б) белгісіз түрлер мен түршелер
8. Өте сирек кездесетін, Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек
А) ақтеңбіл дәуіт Ә) Бұғықоңыз Б) Далалық кергі
ІІ нұсқа
1. Дала табиғатына нағыз бейімделген жәндік
А) ақтеңбіл дәуіт Ә) Бұғықоңыз Б) Далалық кергі
2. Қай жәндік өз аталығын жеп, өз жұмыртқаларының дамуына қажетті нәруыздарды солай толықтырған
А) ақтеңбіл дәуіт Ә) Бұғықоңыз Б) Далалық кергі
3. Қазақстанда қызыл кітап қашан бекітілді:
А) 1991 Ә) 1978 Б) 2010
4. Бұл жәндік зақымданған ағаш діңінен аққан шырынмен қоректенеді
А) ақтеңбіл дәуіт Ә) Бұғықоңыз Б) Далалық кергі
5. ҚР-ның Қызыл кітабында ІV санатқа жататындар:
А) жойылып бара жатқан түрлер мен түршелер
Ә) саны азайып бара жатқан түрлер мен түршелер
Б) белгісіз түрлер мен түршелер
6. 3-4аптадан соң тіршілігін жоятын жәндік
А) ақтеңбіл дәуіт Ә) Бұғықоңыз Б) Далалық кергі
7. Партеногенез дегеніміз не?
А) аталықпен аналықтың ұрықтануы
Ә) аталықсыз ұрықтану
Б) аталықтың ұрықтануы
8. Қанаттары біркелкі болмайтын, бірі ұзын, бірі қысқа болып келетін қай инелік
А)нәзікқұйрық Ә) көркемше Б) шолғыншы
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Желілілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғары топ. Арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілілер деп аталған.
Желілілер типіне жататын жануарлар үлкен үш топқа бөлінеді. Олар: бассүйексіздер тип тармағы, қабықтылар тип тармағы және омыртқалылар тип тармағы. Бассүйексіздер және қабықтылар тип тармағына жататын жануарлар – желілілер типті. Олардың дернәсілінде ғана немесе ересегінде өмір бойы сақталатын серпімді әрі тығыз желісі болады. Сондықтан олар желілілер типіне жатқызылған. Жоғары сатыдағы жануарларда желі омыртқалардан құралып, омыртқа жотасына айналатындықтан, омыртқалылар деп аталады. Желілілер (омыртқалылар) – соңғы қуысты (целом), соңғы ауызды, екіжақты симметриялы жануарлар. Желілілер суды ортада өмір сүреді. Омыртқалылар суда да, құрлықта да, топырақта да, ауада да ұшып тіршілік етеді.
Бассүйексіздер тип тармағы.
Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар.
Қандауыршаларда жұп жүзбеқанаттары болмайды. Бұлар жүйке жүйесінде миы болғандықтан, бассүйексіз болады. Орталық жүйке жүйесі – іші қуысты жүйке түтігі.
Қандауыршалардың арқасын бойлай басы мен құйрығын қосатын желісі болады, ол ішкі тірек, қаңқа қызметін атқарады; өмір бойы сақталады.
Қан айналымы – тұйық. Қаны түссіз.
Сезім мүшелері нашар дамыған, есту және тепе – теңдік мүшесі жоқ, көзі болмайды, бірақ күшті жарықты сезінеді. Олар ауыз шұқырағының айналасындағы мұртшаларымен сипап сезеді.
Қандауыршалар уылдырықтан дернәсіл арқылы дамиды. Уылдырық дегеніміз – кейбір жануарлардың аналық жыныс жасушасы (жұмыртқа).
Қандауыршаның ішкі құрылысы: 1 – ауыз айналысындағы қармалауыштар: 2 – желбезек саңылаулары бар жұтқыншақ; 3 – желі; 4 – жүйке түтігі; 5 – бауыр өскіні; 6 – жыныс бездері; 7 – ішек; 8 – аналь тесігі;
ІV. Бекіту кезеңі. Желлілі жануарлардың өздеріңе таныс омыртқасыз жануарлармен ұқсас және айырмашылық белгілерінің санын тұсына жазып көрсетіңдер.
Желілілердің өзіне тән белгілері
Желілілердің жәндіктермен ұқсас белгілері
Дененің соңғы қуысы болады.
Желісі бар
Қантарату жүйесі – тұйық.
Көптеген желбезек саңылаулары бар.
Денесі үш қабаттан тұрады.
Денесі екіжақты симметриялы.
Жүйке түтігі бар.
V. Үй тапсырмасын беру кезеңі
§ 50 параграфты оқып, кестені аяқтап, мазмұнына дайындалып келу.