kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Рибосомадағы биосинтез процестері7

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасушаның тіршілік әрекеттері туралы түсінік. Рибосомадағы биосинтезі туралы танысу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Рибосомадағы биосинтез процестері7»

Тақырыбы:. § Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Рибосомадағы биосинтез 
процестері
Сабақтың мақсаты: жасуша тіршілік әрекеттерін жан-жақты түсіндіріп, жасуша-
сының өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – жасушаға тән тіршілік процестері мен таныстырып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру;
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар өсімдік жасушасы.
Сабақтың типі: құрастырылған СТО 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Жасушаның химиялық құрамы қандай? 
2. Бейорганикалық заттарына нелер жатады?
3.Органикалық заттарына нелер жатады?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
І. Қызығушылығын ояту
Жасушаның тіршілік әрекеті дегеніміз не?
ІІ. Мағынаны тану
Жасушаның тіршілік циклі
Көп жасушалы ағзада жасушалар белгілі бір нақты құрылыс пен функцияға ие болады. Соған қарай жасушалардың тіршілік ету ұзақтығы да әр түрлі. Мысалы, жүйке және бұлшықет жасушаларында эмбриондық даму кезеңі аяқталған соң, жасушалар бөлінуді тоқтатып әрі қарай тіршілік барысында өз қызметін атқарады. Ми жасушалары эпидермис, тоқ ішек эпителийлері сияқты басқа жасушалар өздерінің арнайы функциясы барысында тез тіршілігін жояды. Сондықтан да бұл ұлпаларда үздіксіз жасушалық көбею процестері жүріп отырады. Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде, сонымен катар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды, ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды.


Жасушаның тіршілік циклінің кезеңдері
Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі (Gt)
G символымен белгіленеді. Бұл кезеңде жасушада РНҚ мен нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарылайды. GGj фазасы аяқталған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді;
ДНҚ молекуласының редупликациялануы белгілі бір тәртіппен жүреді. Жаңа молекула абсолютті түрде ескі молекулаға ұқсас болады. Әр түрлі жасушалардағы ДНҚ синтезінің ұзақтығы бірдей емес: бактерияларда бірнеше минут, ал сүтқоректілер жасушаларында 6—12 сағат;
ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі (G2)
ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі G2 фазасы деп аталады. Бұл кезеңде жасушаның митозға дайындығы толық аяқталады. Митоздық бөліну жүзеге асу үшін жасушаға басқа да дайындық процестері қажет, яғнн жасуша орталығының 2 еселенуі және нәруыздар синтезі, олардан жасушаның өсуін аяқтайтын ахроматин жіпшелері құралады. Жасушада митоз процесі басталғанда, жасушаның функционалдық белсенділігі өзгереді. Мысалы, карапайымдылардағы және жоғары сатыдағы жануарлар лейкоциттерінің козғалыстары мен сұйықты сіңіру қызметі, амебалардағы вакуольдерінің жиырылғыштығы тоқталады. Жасушаның арнайы құрылымдары жойылады. Мысалы, эпителий жасушалары кірпікшелері.

Деңгейлік тапсырмалар
А тобы
Жасуша мембранасының құрлылысы, қызметі
Плазмалема дегеніміз не?
Эндоплазмалық торды кім ашты?
Жасуша орталығының құрылысы мен қызметі жайлы не білесің?
Ә тобы
Өсімдік жасушасы мен жануарлар жасушасының ұқсастықтары неде?
Гольджи жиынтығын кім ашты?
Ядроның құрылысы мен қызметі жайлы не білесің?
Прокариодтардың зерттелу тарихы жайлы айт. 
ІІІ. Ой толғаныс
Сиқырлы сандық «иә», «жоқ»
№ Мазмұны иә жоқ
1. Адам денесі жасушадан тұрады +
2. Жасушада ДНҚ синтезі жүреді +
3. ДНҚ синтезінің ұзақтығы бірдей емес +
4. Жасуша тыныс алмайды +
5. Жасуша бөліну үшін дайындық процесі қажет емес +
6. Цитоплазма құрамында су, нәруыз, май, бейорганикалық зат болады +
7. Жасуша бөлінгенде органоидтары екі еселенеді +
8. Хромосомада ДНК молекуласы болады +
9. ДНК тұқымқуалаушылық қызметін атқарады +
10. Жасуша тіршілік етпейді +
IV. Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі өткен сабақтан қандай білім алдың? 
- Жасушаның тіршілік циклі дегеніміз не? 
V. Оқушыларды бағалау
VІ. Үйге тапсырма


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Рибосомадағы биосинтез процестері7

Автор: Нуртазина Халия Сейфуловна

Дата: 26.09.2017

Номер свидетельства: 429752


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства