Просмотр содержимого документа
«Жапыра?тын сырт?ы,ішкі ??рылысыны? м?нін т?сіндіру. »
«Табиғат тал бесігің»
Сабақтың мақсаты: 1. Табиғатты қорғау, экология жөнінде түсінік беру;
2. Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, мақал-мәтел, жұмбақ айту арқылы тіл байлықтарын дамыту;
3. Табиғатты қорғауға, ойлай білуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, сурет көрмесі, сөзжұмбақ, т.б.
Сабақтың түрі: аралас (бейнелеу, музыка, ән, ана тілі, қазақ тілі, дүние тану, математика).
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап, ойын, т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
- Табиғатты қорғау баршамыздың борышымыз. Өйткені қазір орманымыз кесіліп, теңізіміз тартылып, құнарлы жеріміз сортаңдап, ауа ластанып жатыр. Осының бәріне ертеңін ойламаған өзіміз кінәліміз.
Үлкен түйінді мәселелер туралы ақылы асып туған ағаларымыз әр кезде келелі ой айтқан. Сол айтылған сөздерге көңіл аударайық.
«...Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр.»
Ш.Айтматов
«... біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.»
Ы.Жақаев
«Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием.»
Дж.Байрон
Бұл айтылған сөздерден асырып айту мүмкін емес, көкейінде сәулесі бар жан ЖАУАПКЕРШІЛІК деген ұғымды санасынан шығармауы тиіс!
Балалар, экология мәселесі бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты болғандықтан, табиғатты аялау, қоршаған ортамыз тазалығы туралы ой бөлісеміз. Жай ой бөліспей, сынайық, сондықтан екі топқа бөлінейік!
І топ – «Жасыл желек» 1-қатар
ІІ топ - «Мөлдір бұлақ» 2-қатар
2 – жүргізуші:
- Ана тілінен «Табиғат менің өз үйім» деген бөлімнен табиғаттың сұлулығын сұлу сөзбен бейнелеген түрлі әңгімелер оқыдық. Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық», Сәбит Мұқановтың «Көкшенің көрінісі», Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық», «Көжек» ертегісін және Ы.Алтынсаринның «Өзен», С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңдерінен туған табиғатымыздың сұлулығына сүйсіндік, әңгіме оқиғаларынан жан ашу, қамқорлық қасиеттердің маңыздылығын түсіндік.
Хорлан:
Арал теңізі суалып, сортаңға айналады. Су болмаса, тіршілік ету өте қиын. Сондықтан «Су ішкен құдыққа түкірме», «Судың да сұрауы бар», «Сусыз жер, нусыз жер» - дейді.
Жандос:
Өмір қымбат қашанда әрбір жанға
Оны қорғау борышың, елім онда
Кемеге бір жылдарда айналыпты.
Қазағымның даласы полигонға.
Айнур:
Адам табиғатты зерттеп, терең білген сайын, зиянды өзгерістердің жердегі тіршілік иелеріне өте қауіпті екенін жақсы түсінеді. Табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану Қазақстан Республикасының ата заңында көрсетілген.
Медет:
Ойласақ, табиғат пен адам егіз.
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес.
Ал қоғамсыз табиғаттың өзін де өлі деңіз.
Хорлан:
Географиялық сауалнама. Топпен жұмыс.
Қазір мына тапсырмаларды алып, топпен дайындалып жауап бересіңдер.
1. Дүниедегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал)
2. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесіңдер? (Арал, Каспий)
3. «Әлемнің шыңы» деп қай тауды айтады? (Памир)
4. Итбалық, яғни тюлень солтүстік теңіздерде өмір сүреді. Олар Солтүстік және Тынық мұхиттардан басқа қай суларда өсіріледі?
9. Қандай дәрілікті өсімдіктерді білесіңдер? (Жолжелкен)
Жандос:
Келесі тапсырма әдеби сауалнама. Жеке жұмыс. Мына тапсырманы әр топтан бір оқушы шығып жауап береді, жауап бере алмаса көмектесуге болады.
1. Қазақ халқының мұң-мүддесін батыл жырлап, оның азаттығы үшін белсене күрескен, хан-сұлтандарға қарсы шаруалар көтерілісін басқарған қандай ақынды білесің және ол қай жылдары өмір сүрген?
2. «Шегіртке мен құмырсқаның» авторы кім және осы мысалды аударған кім?
3. Табиғат құбылыстарына байланысты қандай жұмбақ білесіңдер?
4. Қазақтың данышпан ақыны Абай қашан, қай жерде туып, өсті, қандай білім алды? Табиғат туралы қандай өлеңдерін білесіңдер?
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалады?
Хорлан:
Сөзтізбе, 2 минутта 20 сөз құрау керек. Мұнда әрбір келесі сөз алдыңғы сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталып отыруы керек.
Мысалы: Табиғат – тал – лашын – нар.
1 – жүргізуші:
Мақалдың бір жолын айтамын, сендер аяқтайсыңдар.
1. Жаздың бір күні
Қыстың мың күнін асырайды.
2. Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.
3. Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жауады.
4. Сәуір келсе, күн күркіреп,
Күн күркіресе, көп дүркірер
5. Жаз сайға қонба
Қыс қырға қонба.
6. Бұлт қайда орнаса,
Береке сонда шөгеді.
Хорлан
Келесі тапсырма 2 – топ салат жасауы тиіс.
Жандос:
«Кім жылдам?» ойыны. Ойынның шарты: 10 сұраққа тез жауап берулерің керек.
І топқа:
1. Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шықты? (1996)
2. Таза ауа қайдан пайда болады? (өсімдіктен)
3. Табиғатты құрайтын үш негіз? (жер, су, ауа)
4. Орман емшісі не?
5. Аң патшасы?
6. Адам немен демалады? (аузымен)
7. Стақан жабылған шырақ не істейді? (сөнеді)
8. Бөлмеде өрт болса не істейміз? (сөндіреміз)
9. Көктемде ең біріншіт шығатын гүл (бәйшешек)
10. Балды жақсы көретін аң? (аю)
ІІ топқа:
1. Теңізде не болады? (балық)
2. Ағаштан ағашқа секіріп, жаңғақ жинайтын не?
3. Өлі табиғатқа жататындар? (ауа, бұлт, тас)
4. Ауаны неге көрмейміз?
5. Жауын-шашын түрлері
6. Айналадағы дүние тұстары нешеу? (4)
7. Өсімдіктің қай мүшесі топырақ астында жатады?
8. Төрт түлік малды ата.
9. Жыл мезгілдері нешеу?
10. Өсімдік неден көбейеді? (тұқым)
Айдос:
Адам табиғат перзенті, Дүниеде екі ана бар. Біріншісі, тіршілік табиғат ана, екіншісі – адамның анасы. Осы екі анаға біз қаталдық көрсетпеуіміз керек, олардың жанын жаралауға болмайды. Бірақ біз адамдар соны есімізге сақтап жүрміз бе?
Қазақстанның табиғаты керемет, сұлу тауы, көлі, шөбі, қурайына дейін үндесіп бір-біріне сүйеніп өмір сүреді, өз анаңа, досыңа, қандай қарым-қатынаста болсаң, табиғатқа сондай сондай-ақ пейілде болуың керек.
Меруерт:
Қоршаған ортаны қорғау біздің басты міндетіміз. Халқымыздың бойындағы қанға сіңген қасиеттерінің бірі – табиғатты аялау.
Жас ұрпақты халықтың дәстүрінде тәрбиелей отырып, оларға адам сыйлауды ғана емес, туған жер топырағын, қарайған бұтасы мен тамшы суына дейін аялауды үйретуіміз керек.
Хорлан:
Табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер.