Күні: | Биология | 16-сабақ | 6-сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Жапырақ – өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі. |
Модуль | Диалогтік оқыту, оқу үшін бағалау. |
Жалпы мақсаты: | Жапырақ – өсімдіктің өсу мүшесі екеніне түсінік беру. Жапырақтың атқаратын қызметін айқындай білуге дағдыландыру. Жапырақтың түрлерін ажырата білуге баулу. |
Табыс критерийлері: | Жапырақ – өсімдіктің өсу мүшесі екенін түсінеді. Жапырақтың атқаратын қызметін біледі. Жапырақтың түрлерін бір-бірінен ажырата алады. |
Түйінді идеялар: | Диалогті оқыту, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын қалыптастырады. |
Мерзімі | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушылардың іс-әрекеті: |
1 сабақ (45 мин.) 4 мин. | Сергіту сәті: «Бір-біріне жақсы тілек айту» ойыны. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Сағат тіліне қарай бір-біріне тілек айтады. | Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалімнің тапсырмасын тыңдап, шуламай орындайды. |
2 мин. | Оқушыларды ұйымдастырып, сергіту сәтін жасап болғасын топқа бөлу керек. Сыныптағы оқушы санына қарай бөлінеді. Қорапшаға сандар жазылған кәмпиттер салынып тұрады, соны алуы тиіс. Әр топ топ ережесін сақтап отыруы тиіс. | Қорапшаға кәмпиттер салынып, әр кәмпитке сандар жазылып тұрады. Түскен сандар бойынша өз тобына барып отырады. Орындарына отырғасын әр топ топ басшыларын, хатшысын, тайм-спикерін сайлап топпен жұмыс жасауға кіріседі. Әр топ топ ережесін жасап іліп қояды. |
15 мин. | Үй жұмысын тексеру: «Тізбектей айту» әдісі арқылы тексеріледі. Әр топқа жеке-жеке таза плакаттар беріледі. 1-ші және 2-ші топқа тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы берілсе, 3-ші және 4-ші топқа түйнек пен тамырдың айырмашылығы беріледі. Берілген тақырып бойынша әр топ плакатқа сызба, суреттер немесе басқа әдістермен үй тапсырмасын қаншалықты түсінгенін түсіріп, топ бойынша тізбек құрып жауап береді. | Берілген суреттерді плакатқа сызба, суреттер немесе басқа әдістермен үй тапсырмасын қаншалықты түсінгенін көрсетеді. Оқушылар топ бойынша жұмыс жасайды. Жасаған плакаттарын ортаға шығарып, топтағы әрбір оқушы өзінің түсінгенін айтады. Бір оқушы тоқтап қалса, келесі оқушы жалғастырып, тізбек құрып қорғап шығады. |
12 мин. | Жаңа сабақ: §-16 Жапырақ – өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі. Жаңа сабақ «Айналмалы бекет» әдісімен өткізіледі. Екі топқа тапсырма беріледі: 1-топ. Жапырақтың құрылысы мен қызметі. 2-топ. Жапырақ тақтасының пішіні. 3-топ. Жапырақтың сабаққа орналасуы. 4-топ. Жапырақтың жүйкеленуі. | 5 мин. Екі топ өздеріне берілген тапсырманы оқиды. Әр топтан бір оқушы қалып, басқа оқушылар ауысады. Келген оқушыларға түсіндіреді. Сонда барлық оқушы тақырыпты түсініп шығады. |
5 мин. | Сабақты бекіту кезеңінде. Тест құрастыруға тапсырма беріледі. Әр топ кем дегенде 5-6 сұрақтан құрастыруы керек. Үш немесе төрт варианттан болу керек. | Екі қатар жаңа сабақты қалай түсінгендері бойынша тест құрастырады. 5 минуттан кейін екі қатар ауыстырып шешеді. №10 з.ж. орындайды. |
Бағалау | «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. «Жасыл» түс болса жапырақ қызметі және сыртқы құрылысы туралы айту керек. «Сары» түс болса жүйкеленудің түрлері, қызметі туралы айту керек. «Қызыл» түс болса жай және күрделі жапырақтардың айырмашылығын айтып беру керек. | Әр түске жауап берген сайын оқушы өзі де қаншаға жауап беріп отырғанын біледі. Егер тек жасыл түс болса «3» деген баға, ал жасыл мен сары түске де жауап берсе «4» деген баға. Үш түске де толық жауап берсе «5» деген бағаларын алады. |
2 мин. | Үйге тапсырма беру: §-16 Жапырақ | Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. |
Ресурстар | Кітап, дәптер, интерактивті тақта, плакат, кәмпиттер, стикер, суреттер, кесте, көрнекіліктер. |