kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция тақырыбында сабақ жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   оқушыларға  жануарлар түрінің сан алуандығы, оларды жіктеу   жөнінде   жан-жақты   мағлұматтар   айтып,  жұмыстар жүргізіп,  білімдерін  одан  әрі  жетілдіру; 

Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру, танымдық және  шығармашылық  дағдыларын  қалыптастыру,  сөйлеу мәдениетін дамыту; 

Тәрбиелік:  табиғатты  аялауға, өсімдіктер мен жануарларды  қорғай білуге  тәрбиелеу,  ізденімпаз, шығармашыл, рухани  ой-өрісі  жоғары  тұлға  қалыптастыру   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция тақырыбында сабақ жоспар»

Күні: сабақ саны: 2

Тақырыбы: Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   оқушыларға  жануарлар түрінің сан алуандығы, оларды жіктеу   жөнінде   жан-жақты   мағлұматтар   айтып,  жұмыстар жүргізіп,  білімдерін  одан  әрі  жетілдіру; 

Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру, танымдық және  шығармашылық  дағдыларын  қалыптастыру,  сөйлеу мәдениетін дамыту; 

Тәрбиелік:  табиғатты  аялауға , өсімдіктер мен жануарларды  қорғай білуге  тәрбиелеу,  ізденімпаз, шығармашыл, рухани  ой-өрісі  жоғары  тұлға  қалыптастыру   

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақты меңгерту

Әдіс-тәсілдері:  түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, сызба нұсқалар, кестелер, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

                                    а) сәлемдесу, сынып тазалығы

                                    ә) оқушыларды түгендеу

                                   б) оқушы назарын сабаққа аудару

  Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын өткен сабақтарға шолу жасау. 

  1. Зоология ғылымы нені зерттейді?

  2. Жануарлар қайда тіршілік етеді?

  3. Қандай түрлерін білесің?

ІІ. Жаңа сабақ.

  Жануарлар кез-келген жерден табылады. Қазір ғаламшарымызда

1,5 миллионнан астам жануардың түрі бар. Жануарлардың түрлері өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Олар сан алуандығымен ерекшеленді

     Жүйелеу дегеніміз – ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру.

                                                       Жануарлар дүниесі

  Жәндіктер                                                                          Жануарлар

   (омыртқасыздар)                                                                (омыртқалылар)  

1.Қарапайым жәндіктер                                             1. Балықтар

2. Ішекқуыстылар                                                       2.  Қосмекенділер

3. Құрттар                                                                    3.  Жорғалаушылар

4. Ұлулар                                                                     4.  Құстар

5.Тікентерілілер                                                          5. Сүтқоректілер

6. Буынаяқтылар

Жануарларды негізгі жүйелеу топтарын жіктеу:

  Түр дегеніміз – жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік. Карл Линнейдің жануарлар әлемін жүйелеуі:

Түр  →  туыс → тұқымдас  →  отряд →  класс →  тип  → жануарлар дүниесі

        Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеу негізінен алғанда ұқсас. Алайда жіктеу кезінде біраз өзгерістердің де болатынын мына кестеден көре аламыз.(слайд арқылы кесте көрсетіледі) 

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау үшін оқушыларға төмендегі тапсырмаларды орындатамын.

1. Сәйкесін тап

Төмендегі берілген белгілердің қайсысы:

А) өсімдіктерге            ә) жануарға             б) барлық тірі организмдерге

  1. Бейорганикалық және органикалық қосылыстардан тұрады

  2. автотрофты

  3. гетеротрофты

  4. жасушадан тұрады

  5. көбі жыныстық жолмен көбейеді

  6. белсенді қозғалады

  7. зат және энергия алмасады

  8. жасушасында хлоропласт бар

  9. мекен ортасында бейімделген

Жауап: а)2,8              ә)3,5,6            б) 1,4,7,9

2. Жұмбақ шешу. Жануарларға байланысты жұмбақтар қойылады.

3. Графикалық диктант. Келісемін «+»,  келіспеймін  «- »

  1. Ботаника – Жануартануды зерттейтін ғылым  саласы -

  2. Жануарларды жіктеуде ең үлкен деңгейі -  жануарлар дүниесі +

  3. Қосарлы атау тізімді енгізген Карл Линней +

  4. Қазір ғаламшарымызда  3,5 миллионнан астам жануардың түрі бар -

  5. Жануарлардың дене құрлысының ортақ белгісі бойынша омыртқасыздар   және омыртқалылар болып бөлінеді. +

  6. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер –   омыртқасыздарға жатқызады. –

  7. Түр  →  тұқымдас  →  класс →  тип  → жануарлар дүниесі→  отряд→туыс – 

  8. Жүйелеу дегеніміз – ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру +

  9. Жануарларды жіктеуде ең үлкен деңгейі – түр  -

  10.  Жәндіктерді омыртқасыздар деп те атайды  +

Жауаптары:  1-, 2+, 3+, 4-, 5+, 6-, 7- ,8 + ,9- ,10+

 Ү. Үй тапсырмасы:

ҮІ. Қорытынды: оқушылардың өзін-өзі және бірін –бірі бағалаған бағалау парақтарын және жұмыс жасаған парақтарын жинап алып,  оларды тектеріп бағаларын қою. Келесі сабаққа жақсылап дайындалып келулерін тапсырып, сабақты аяқтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Баймульдина Гульдана Ахмедиевна

Дата: 15.05.2017

Номер свидетельства: 415686


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства