kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жалпа? жапыра?ты, ?ыл?ан жапыра?ты ормандарды ?ор?ау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?а та?ырыпты суреттер ар?ылы ашу.

?ара?айлы орманды ?ор?ау.

Шыршалы орманды ?ор?ау. Жа?а жыл ?арса?ында шыршалы орманда адамдар шыршаны кесіп алып, сатады. 

Аршалы орманды ?ор?ау.

Бал?ара?айлы орманды ?ор?ау.

Орманда адам баласы демалу?а барып, ?зінен кейін отыр?ан орындарын жинамай, шашып кетеді. ?о?ыстарыс арнайы орындар?а апармай, оларды отыр?ан жерлерінде немесе ?зендерге ла?ытырып тастайды. Шылым шегіп, шылымдарын с?ндірмеу салдарынан орман ?ртке оралады. БА? к?рсетіліп ж?ргендей адам баласыны? салдарынан орман ал?аптары ?ыс?арып келеді. Жыл сайын орман ал?аптарын ?ор?ау шаралары к?шейтілгенмен, адам баласыны? жауапкершілігі артпай келеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жалпа? жапыра?ты, ?ыл?ан жапыра?ты ормандарды ?ор?ау»

Күні: 05.02.2016ж. Сынып: 6Ә,Б

Пән мұғалімі: Бердекеева Миуашкуль

Тақырыбы : Жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау.

Мақсаты: 1. Ашық тұқымдылар бөлімін қорытындылау, жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғау туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Өз бетімен жұмыс істеуге, жалпақ жапырақты, қылқан жапырақты ормандарды қорғауға тәрбиелеу.

Құрал –жабдықтар: оқулық, плакат.

Сабақ түрі:аралас

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ –жауап, түсіндіру.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Сабаққа дайындық.

І Үй тапсыпмасын тексеру.

Үй тапсырмасын «сұрақ-жауап» арқылы тексеру.

  1. Не себептен бөлім ашықтұқымдылар деп аталады? Ашық тұқымдылардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасқандықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады.

  2. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы қандай өсімдіктер? Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің арлығы – сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар.

  3. Сүрек дегенді қалай түсінесіз? Сүрек деген ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі.

  4. Ашық тұқымды өсімдіктерді сипаттап беріңіз. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Ағаш қыста қылқан жапырақтарынан айырылып, сидиып тұрады.

  5. Қылқан жапырақтылар класы деп неліктен аталады? Себебі, жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады.

  6. Жер ғаламшарында нешеге тарта қылқан жапырақты өсімдіктер бар? 600-ге тарта қылқан жапырақты өсімдіктер бар.

  7. Біүйлі және екіүйлі өсімдіктер дегенемізді түсіндіріңіз? Бірүйлі өсімдік дегеніміз – аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқан өсімдіктерді айтамыз. Екіүйлі өсімдік дегеніміз – аналық бүрінің бір өсімдікте, аталық бүрінің екінші өсімдікте өсуін айтамыз.

  8. Кәдімгі қарағай қандай өсімдік? Кідімгі қарағай – бүрүйлі, жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, сәл аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла, таралып өседі.

  9. Тұқымды өсімдіктер қалай бөлінеді? Тұқымды өсімдіктер үлкен екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымдылар (тұқыммен көбейеді, бірақ жеміс түзбейді); жабық тұқымдылар (тұқымы жемістің ішінде орналасады)

  10. Қарағай бұтағында әртүрлі бүрлер болады. Бүрлер қай жерде орналасады? Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады.


ІІ Жаңа тақырып.

Жаңа тақырыпты суреттер арқылы ашу.

Қарағайлы орманды қорғау.

Шыршалы орманды қорғау. Жаңа жыл қарсаңында шыршалы орманда адамдар шыршаны кесіп алып, сатады.

Аршалы орманды қорғау.

Балқарағайлы орманды қорғау.

Орманда адам баласы демалуға барып, өзінен кейін отырған орындарын жинамай, шашып кетеді. Қоқыстарыс арнайы орындарға апармай, оларды отырған жерлерінде немесе өзендерге лақытырып тастайды. Шылым шегіп, шылымдарын сөндірмеу салдарынан орман өртке оралады. БАҚ көрсетіліп жүргендей адам баласының салдарынан орман алқаптары қысқарып келеді. Жыл сайын орман алқаптарын қорғау шаралары күшейтілгенмен, адам баласының жауапкершілігі артпай келеді.

Тапсырма №1

Кестені толтырыңыз





«Ашық тұқымды өсімдіктер»


Атауы

Сипаттамасы, қай жерлерде кездеседі

Кәдімгі арша

Екіүйлі қылқан жапырақты бұта. Кәдімгі аршаның бүрі – бірінші, кейде – екінші, тіпті үшінші жылда пісіп жетіледі. Оның бүрі – жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас болады. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. Ондай бүр – қошқылкөк немесе күрең-қызыл түсті болып келеді. Бүрдің етті бөлігі өте тәтті, сондықтан мармелад дайындауға пайдаланылады.

Самырсын

Жылу сүйгіш, шыршаға ұқсас, бірақ қылқан жапырақтары жұмсақ болғандықтан, денеге қадалмайды.

Жатаған шыршасы

Шренк шыршасы екіүйлі өсімдікке жатады. Бұл – теріскей, Күнгей және Іле Алатауында сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта. Жатаған шырша Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Өте баяу өсетін тау өсімдігі. Бұтақтары көлбей, жертағандап өсетіндіктен, жатаған шыршасы деп аталады. Негізгі діңнің жуандығы 15 см-ге дейін, кейде биіктігі 10м-ге дейін жетеді. Қылқаны 4 қырлы. Тұқымы пісіп жетіле алмайды. Сондықтан қалемше арқылы өсімді жолмен көбейтіледі. Табиғатта 300 жылға дейін тіршілік етеді.

Зеравшан аршасы

Биіктігі 5-10м, едәуір жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш. Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, талас Алатауында кездеседі. Өте сирек кездесетіндіктен, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген. Жапырақтары сырт жағы қырлы қабыршақты болып келеді. Шар пішінді ірі жидек тәрізді етті бүрі болады. Тұқым арқылы көбейеді. Өте баяу өседі, мың жылға дейін тіршілігін сақтайды. Тек 50 жылда ғана жеміс бере бастайды.

ІҮ. Бекіту.

Арнайы тест сұрақтарын қою арқылы бекіту.

  1. Жатаған шыршасы (Шренк шыршасы) табиғатта неше жылға дейін тіршілік етеді?

А) 100ж В) 200ж С)300ж Д) 400ж Е) 500ж

  1. Шренк шыршасының қылқаны неше қырлы болып келеді?

А) 3 В) 2 С) 5 Д)4 Е) 6

  1. Шренк шыршасы қандай үйлі өсімдік?

А)екіүйлі В) бірүйлі С) үшүйлі Д) төртүйлі Е) бесүйлі

  1. Қазақстанның қай жерлерінде Шренк шыршасы кездеседі?

А) Іле Алатауы, Солтүстік Қазақстан, Тянь-Шань таулары

В) Теріскей, Павлодар, Баянауыл

С) Баянауыл, Күнгей

Д)Теріскей, Күнгей және Іле Алатауы

Е) Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас алатауында

  1. Жатаған шыршасының биіктігі неше метрге дейін жетеді?

А) 5м В)10м С) 15м Д) 20м Е) 30м

  1. Зеравшан аршасының биіктігі қанша?

А) 10-20м В) 20-30м С)5-10м Д) 6-7м Е) 10-15м

  1. Зеравшан аршасы Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі?

А)Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас алатауында

В) Теріскей, Күнгей және Іле Алатауы

С) Іле Алатауы, Солтүстік Қазақстан, Тянь-Шань таулары

Д) Баянауыл, Күнгей

Е) Теріскей, Павлодар, Баянауыл

  1. Зеравшан аршасы неше жылға дейін тіршілігін сақтайды?

А)1000 жылға дейін В) 500 жылға дейін С) 100 жылға дейін

Д) 10 жылға дейін Е) 10000 жылға дейін

  1. Зеравшан аршасы тек неше жылда ғана жеміс бере бастайды?

А) 5 жылда В)50 жылда С) 500 жылда Д) 10жылда Е) 100 жылда

  1. Қос масақшалы қылшаның биіктігі қанша?

А) 16-20см В) 20-30см С) 40-50см Д) 50-60см Е)15-40см

Ү. Қорытындылау.

- Бүгінгі сабақта біз не туралы өттік? Ашық тұқымдылар туралы не білеміз? Ашық тұқымдылар туралы сипаттап беріңіз, яғни ашық тұқымдылар бөлімін қорытындылау.

Ашық тұқымдылардың негізгі ерекшеліктері:

  1. Тіршілік формасы – ағаш, бұта, лиана (оралып өседі), ал шөптесін түрлері болмайды.

  2. Жапырақтары ине (қылқанды), қабыршақ тәрізді, мәңгі жасыл (балқарағай ғана жапырақтарын жылда түсіреді).

  3. Сабағында (діңнің сүрегінде) нағыз түтіктері болмайды, оның орнына трахеидтері болады. Трхеидтердің нағыз түтіктен айырмашылығы – жасушаларының ұштары жіңішкерген. Сондықтан сүрек қабатымен су және онда еріген минералды тұздар баяу қозғалады (жылжиды), (гүлді өсімдіктерде жылдам қозғалады). Осыған байланысты суды аз буландыру үшін жапырақтары көлемді болмай өте жіңішке қылқанды болады.

  4. Тұқым түзеді.

  5. Тұқыммен көбейеді.

  6. Жеміс бермейді.

  7. Қылқанжапырақты өсімдіктердің өркендері 2 типті: 1) негізгі өркені (ұзын) ұшынан ұдайы өсе береді (ұзарған өркен); 2) жанама өркендерінің өсуі шектеулі, сондықтан оларды «қысқарғае өркен» дейді.

  8. Қылқанжапырақты өсімдіктер ауру тудыратын бактерияларды өлтіретін ұшқыш зат «фитонцид» (грекше «фитон» - өсімдік, «цидо»-өлтіру) бөледі.

  9. Бірүйлі, бүрлері (шишка) даражынысты. Аталық жасыл бүрлері біржылдық өркеннің түбіне топтанып орналасады. Қызыл түсті аналық бүрлер жас өркеннің ұшына орналасады (аталық пен аналық бүрлер бір бұтақта (өркенде) болатындықтан бүрүйлі делінеді).

  10. Барлық қылқанжапырақтылардың діңінде шайыр жолы болатындықтан шайыр өте көп бөлінеді. Әсіресе зақымданған жерлерге шайыр тез жиналып, бұрынғы қалпына келтіреді (қабығы ашылып, бұтақтары сынған жерлер шайырдың көмегімен «жазылады»).

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

§22 оқу. «Егерде мен табиғат қорғау министрі болсам ...» деген тақырыпта эссе жазу.

10 сұрақтан құралған тарау бойынша жабық тест құрастыру.

ҮІІ. Бағалау.

Сабаққа қалай қатысуына байланысты бағаланады. Оқушы өз бағасы және мұғалім бағасы.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жалпа? жапыра?ты, ?ыл?ан жапыра?ты ормандарды ?ор?ау

Автор: Бердекеева Миуашкуль

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326295


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства