kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Вмрустар мен бактериялар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ тақырыбы:Вирустар мен бактериялар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Вмрустар мен бактериялар»



Сабақ жоспары

Сыныбы: 6 «Ә»

Күні:

Тақырыбы: Вирустар мен бактериялар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Вирустар мен бактериялардың құрылысындағы ерекшеліктерін түсіндіру,вирустар туралы білім қалыптастыру

Дамытушылық:  Оқушыны тірек конспектісін өз бетінше құруға үйрету,болашақта мамандық таңдауға бейімдеу

Тәрбиелілік: экологиялық тәрбие беру,рухани адамгершілік көзқарас қалыптастыру

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап,оқушылар салған суреттер, интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Жаңа сабақты үйретуге дайындық.

1. Жаңа тақырыпты тақтаға жазу.

2. Сабақ мақсатын түсіндіру.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын білу үшін келесі сөзжұмбақты шешіп көрейік.

Жасуша теориясын қалыптастырған ғалым

Жасушалардың бөліну арқылы көбейетінін дәлелдеген ғалым

Р.Броун ашқан органоид

Ағаш тығынынан жасушаны алғаш рет көрген ғалым

Барлық прокариот және эукариот жасушаларында болатын нәруыз синтезін жүзеге асыратын органоид

Сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?

Вирус сөзі шықты,ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы-Вирустар мен бактериофагтар. Вирустар мен бактериофагтар –бұлар жасушасыз тіршілік құрылымдары.Олар жасушадан тыс өмір сүре алмайды, сондықтан оларды жасушаішілік паразиттер деп атайды.Вирустар эукариот жасушаларын зақымдайды,ал бактериофагтар прокариот жасушаларын зақымдайды. «Вирус» латын тілінен аударғанда у деген мағынаны білдіреді.Бұл терминді құтыру ауруының қоздырғыштарын зерттеген француз ғалымы Луи Пастер енгізді. Сондай ақ 1892 жылы темекі теңбілі ауруын вирустардың туғызатынын зерттеген орыс ғалымы Дмитрий Иосифович Ивановский биология ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. 1917 жылы канадалық биолог Эррель бактерия жасушасын зақымдайтын бактериофагтарды ашты.Вирустардың ашылуы биологияның жаңа саласы вирусологияның пайда болуына себепші болды. Вирустар екі түрлі формада болады

1.Жасушадан тыс,тыныштықтағы вирустар – вириондар деп аталады

2.Жасушаішілік вирустар-көбею сатысындағы вирустар. Вирустардың өлшемі 20 нм ден 300 нм ге дейін жетеді. Оларды электронды микроскоппен көруге болады. Ең ірілері 700 нм ге дейін жетеді.

Вирустар мен бактериофагтар дың құрылысы өте қарапайым,мысалы темекі теңбілі вирусы нәруызды қабықшамен қапталған РНҚ дан тұрады.Оны капсид деп атайды.Ал бактериофаг ішінде ДНҚ сы бар басынан,құйрығынан және денесінен тұрады. Вирустардың қабықшасында ДНҚ мен РНҚ дан басқа көмірсулар мен липидтер де болады. Вирустар мен бактериофагтарды жасушаның генетикалық тұрғыдан оқшауланған элементтері деп санайды.



IV. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру.

«Сиқырлы сандар»

Слайдта 1-12 дейін сандар тұрады. Әр санның астында сұрақ жасырылған. Әр топ мүшесі санды таңдап жауап береді,

1.Вирустарды ашқан кім? Д.И.Ивановский

2.«Вирус» деген сөзінің мағынасы? у

3.Вирустарды зерттейтін ғылым? Вирусология

4.Вирус неден құралады? НҚ, нәруызды және липидті қабық

5.Бактерия жасушасына енетін вирус? Фаг н/е бактериофаг

6.Вирустардың тіршілік ету ортасы? Жасуша

7.30 минутта 1 жасушадан қанша вирус пайда болады? 100-дей

8.Вирустарды жасанды ортада өсіруге болама? Жоқ

9.Вирустардың көбеюі үшін не керек? Тірі жасуша

10.Вирустар неше градуста тіршілігін жояды? +90

11.Қандай заттар вирустарды қырып жібереді? Химиялық

12.Вирустың жасушадан тыс формалары қалай аталады? вирион

V. Оқушылар білімін бекіту.

«Ой толғау» бөлімінде:

A. топтастыру стратегиясы   бойынша  оқушылардың тақырыпты    қалай меңгергенін тексердім. 

I.топ оқушылары «Вирустар арқылы таралатын аурулар»  топтастыру. 

II топ оқушылары:  «Вирустар  туралы не білдік?»

VI. Қорытындылау.

Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактерияларданда өте кіші, жай көзге көрінбейді.Вирус-жасушасыз құрылым. Вирустар адам және өсімдік, жануарлар ағзасына еніп, олардың тіршілігін бұзады, ауру туғызады.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Вмрустар мен бактериялар

Автор: Джаулбаева Эльмира Мухамедгалиевна

Дата: 11.05.2018

Номер свидетельства: 469109


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства