Жасуша теориясы (клеточная теория); (гр.teoria cellulaecellula — жасуша және теория) — жасушалар туралы биологиялық жалпы қорытынды, ғылыми тұжырым. Жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымы Т. Шванн (1838-1839ж.). Жануарлар жасушасын зерттеген Т. Шванмен қатар, Жасуша теориясын жасауға өсімдіктер жасушаларын зерттеген М. Шлейден де атсалысты. Өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектері бойынша жинақталған деректер мен өздерінің ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Шванн мен М. Шлейден жануарлар мен өсімдіктер ағзадағы органикалық табиғатының біртекті екендігін көрсете білді. Ол теория бойынша барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады және құрылысы мен биохимиялық қасиеттері ұқсас болады.Жасушалар – тірі организмдердің негізгі құрылымдық және функциональдық бірлігі. Оларды көлеміне, пішініне, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ажыратады.Тірі организмдердің жасуша құрылысының ұқсастығын ашу биология ғылымындағы ең іргелі ашылулардың бірі болды. Жасуша теориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады.Оның негізгі қағидалары:
жасуша — тірі ағзаның тым ұсақ құрылымдық бірлігі;
жануарлар мен өсімдік ағзаларындағы әртұрлі ұлпалар жасушалары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Жасуша ядродан, цитоплазмадан, негізгі органеллалардан құралған;
жасуша тек бөліну арқылы көбейеді;
жасушалар біртұтас ағзаның бір бөлігі. Организм ұлпаларында жасушалардан басқа жасуша туындылары — бейжасушалық құрылымдар (симпласт, синцитий) және оның өнімдері — жасушааралық зат болады.
Кубизм стратегиясы бойынша студенттер таңдап алған кубик қырындағы өткен сабақ бойынша берілген тапсырмаларды топта орындайды, қорғап шығады. Бағалау парақшалары арқылы бағалаймыз.
(Кубик қырындағы тапсырмалар)
1.Тіршіліктің құрылымдық, қызметтік негізі (Жасуша)
Жасушалық теорияның негізгі шарттары ( 6 )
2. Жасушалар қалай көбейеді? (Бөліну)
Жасушаның қанша типі болады? (22)
3.Жасушаның орталық бөлігінде орналасқан дөңгелек пішінді түзілім
(жасуша ядросы)
Ежелден келе жатқан бір жасушалы қарапайым организм (прокариоттар)
4.Жасуша органоидтердің ішіндегі ірісі (Гольджи жиынтығы)
Жасушаның негізгі құрылымдық элементі ( жасуша мембранасы)
5. Жасуша теориясы ( жасуша туралы мағлұмат)
Пластидтер (хлоропласт, хромопласт,лейкопласт)
Жасуша құрамында кездесетін нуклеин қышқылдары
Осы сұрақтар бойынша әр топ қорғап жауап береді.
Тірі ағзалардың жасушалық құрылымының ашылуы – күрделі оптикалық
аспаптардың (микроскоптардың) ойлап табылуымен тығыз байланысты болды. Өсімдік ұлпасының жасушалық құрылымын бірінші болып 1665 ж. ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) ашқан. Өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының жасушалық құрылымын Р.Гуктің замандастары италиялық ға-лымМ.Мальпиги (1628 – 1694), ағылшын ботанигі Н.Грю (1641 – 1712), т.б. өз зерттеулерінде дәлелдеген (1671). Клетка теориясысының қалыптасуына чех ғалымы Я.Пуркине (1789 – 1869) үлкен үлес қосты. Ол жасушаның негізгі қызметтік бөлігі жасуша қабықшасы емес, оның ішіндегі протоплазма екендігін дәлелдеді.
Өсімдік жасушасы протоплазмасындағы ядроны ағылшын ботанигі Р.Броун(1773 – 1858) ашты (1830). Дегенмен ядроға көп көңіл бөлген және оны жасуша құратын цитобласт деп анықтама берген неміс ботанигі М.Шлейден(1804 – 81). Шлейден теориясын одан әрі талдап, Клетка теориясысын құруда неміс зоологы Т.Шванның (1810 – 82) еңбегі зор болды. Ол жануарлар мен өсімдік жасушасы құрылымын салыстыруда ядроның маңызы үлкен екенін анықтады. Клетка теориясының бұдан кейінгі дамуы протоплазма мен жасуша бөлінуі ашылуына байланысты болды. 19 ғ-дың орта кезінде неміс патологы Р.Вирхов (1821 – 1902) патологиялық құбылыстарды Клетка теориясы тұрғысынан қарастырып, жасушадағы ядроның маңызы аса зор екеніне көз жеткізіп, жасушалардың бөліну арқылы көбейетіндігін дәлелдеп берді. Тұқым қуалау белгілерінің сақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа берілуін жасуша ядросы басқаратынын Э.Геккельанықтады (1866). 1970 – 80 ж. барлық жасушалы ағзаларға тән жасуша бөлінуінің тәсілі митоз ашылды. Қазіргі кезде клетка теориясы көп жасушалы азғалар бірлескен жеке жасушалардан тұрады және олардың өзара байланыстылығынан ағзаның тұтастығы туады деп тұжырымдайды. Организм құрылысы күрделіленген сайын, оның тұтастық қасиеті анық байқалып, ол жануарларда жүйке, гуморалдық жүйелер, ал өсімдіктерде жасушалардың цитоплазмалық байланысы арқылы жүреді. Қазіргі заманғы электрондық микроскоп арқылы алынған ғыл. мәліметтер Клетка теориясысын одан әрі байытып, барлық тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігі – жасуша екендігін одан әрі дәлелдей түсті.
Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар,өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың диаметрі 0,1 – 0,25мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер клеткасының диаметрі 10 – 100мкм шамасында. Жасуша органоидтары Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.
жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.
Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос
күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі
жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.
Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша
пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.
Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль)
айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық)
Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.
ЖАСУША ҚАБЫҚШАСЫ
Жасуша қабықшасы еріген заттарды таңідап өткізетін қабілеті бар плазмалық мембрана.
Қабықша үш қабатты және полисахаридтер – целлюлоза мен май заттарынан тұрады.
Қабықшаның ішкі мембранасы диктиосомалардың есебінен үнемі жаңарып отырады.
ЯДРО ЖӘНЕ ЯДРОШЫҚ
Ағылшын ботанигі Роберт Броун 1831 жасуша ядросын ашты.
Ядро жасушада жүретін барлық үрдістерді басқарады және оның тіршілігін қамтамасыз етеді.
Ядро қабықшадан, оның ішкі ортасын түзетін ортадан, хроматиннен және бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады.
Ядрошық хроматин мен рибосоманың синтезін бақылайды.
Жаңа тақырыпты бекіту:
Жаңа тақырыпты сұрақ - жауап әдісі бойыншы бекіту:
4 топқа 4 тақырып беріледі сол тақырып бойынша топта отырып өз ойларын жазып, қорғап шығуы қажет.Түрлі смайликтер арқылы бағалаймыз.
1
Жасушаның зерттеу әдістері
2
Жасушаның органикалық заттары
3
Өсімдік жасушасының құрылысы
4
Жануар жасушасының құрылысы
Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы оның жұқа плазмалық жарғақшасы(мембрана) сыртын өте тығыз, таза жасуынықтан (клетчатка) тұратын берік, қалың, серпімді қабықша қаптайды(мұндай қабықша жануарлар жасушасында болмайды). Бұл қабықша цитоплазмадан бөлінген өнімнен түзіледі, оның әр жерінде көршілес орналасқан жасушалардың цитоплазмасымен байланысатын көп майда саңылаулары (қабықшаның жұқа жері) бар. Тығыз, берік қабықша өсімдікке белгілі пішін берумен бірге, цитоплазманы зақымданудан және кеуіп кетуден сақтап тірек қызметін атқарады. Жасуынық (клечатка немесе целлюлоза) ыстық суда, қышқылда, сілтіде ерімейтін тұрақты зат. Ол тек өте күшті тұз қышқылы мен күкірт қышқылында қантқа айналады. Сондықтан жасунықтан қағаз, жасанды жібек, пластмасса, кинопленка, лак, қопарылғыш зат жасалады. Мақта тұқымындағы ұзын талшықтарын және зығырдың тінін мақа тоқуға пайдаланады.
Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы:
Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді. Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болған. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.
Осы сұрақтарға жауап бере отырып постермен жұмыс істеп қорғау сәтінде.
Сабақты қорытындылау:
Дискуссиялық карта әдісін қолданамыз.
«Ия» немесе «Жоқ» деп жауап беру арқылы.
Жасуша ядросы жасушаның орталық бөлігінде орналасқанба ? Иә.
Өсімдік жасушасының жануар жасушасынан айырмашылығы барма? Иә
Ядрошық хроматин мен рибосоманың синтезін жасуша бақыламайды?
Жоқ
Жасушааралық заттар қызметіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін бе?
Ия
Т. Шванн мен М. Шлейден ұлпалардың құрылысын зерттегенба? Жоқ