kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?й ??стары . ??старды? шы?у тегі ж?не аса ма?ызды ?олт??ымдары, оларды адамны? пайдалануы

Нажмите, чтобы узнать подробности

??с шаруашылы?ы- мал шаруашылы?ыны? бір саласы екендігімен таныстыру ж?не оны? елімізді? халы? шаруашылы?ын ?ркендетудегі ма?ызын ашып к?рсету.

К?сіптік ба?дар беру ар?ылы о?ушыларды е?бекке баулу

??с шаруашылы?ы — ауыл шаруашылы?ыны? е? жа?а ж?не е? ?ар?ынды дамып келе жат?ан саласы. XX ?асырды? екінші жартысынан бастап, Солт?стік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын ?сіретін ірі ??с ?сіру кешендері ?алыптаса бастады. Б?гінгі та?да ??сты? саны ж?нінен ?ытай, А?Ш, Ресей, ал ж?мырт?а ?ндіруден ?ытай, А?Ш, Жапония, Ресей ж?не ?ндістан ерекше к?зге т?седі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?й ??стары . ??старды? шы?у тегі ж?не аса ма?ызды ?олт??ымдары, оларды адамны? пайдалануы »

Тақырыбы: Үй құстары . Құстардың шығу тегі және аса маңызды 2слайд қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.


Сабақтың мақсаты: құс шаруашылығы- мал шаруашылығының бір саласы екендігімен таныстыру және оның еліміздің халық шаруашылығын өркендетудегі маңызын ашып көрсету. Кәсіптік бағдар беру арқылы оқушыларды еңбекке баулу.


Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері (1мин) 3слайд
Армысың, алтын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жер ана!
Армысың достарым!
Міне біздер қандаймыз
Ашылмайды іргеміз
Әрқашан да біргеміз!

Ал, енді бір-бірімізге жылы жымиып, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейік.


Жұмыс ережесін құрастыру (2мин) 4слайд

Оқушылармен бірлесе сабақта өздерін қалай ұстайтыны айтылып, тақтадағы ережелермен салыстырылады.

  • Тыңдай білейік!

  • Әр оқушы өз пікірін келтіруі керек!

  • Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!

  • Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін біліп, шешімінің ең тиімді жолын табуда!

  • Басқалардың пікірлерін сыйлайық!

  • Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық!

  • Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!

  • Жекелей жұмыс жасағанда бір-бірімізге бөгет жасамайық!

  • Берілген тақырыптан ауытқымайық!

  • Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындайық!


Топқа бөлу: (2мин)

Сурет қиындыларынан қайтадан тұтас сурет құрау арқылы топтарға бөлемін.

(мозайкалық әдіспен 4 топқа бөлінеді.)

Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін арынды.

Сүйсең ғылым саласын,

Ортаға сал барыңды.-

дей отыра, үй жұмысын еске түсіріп, соған байланысты тапсырмаларды орындап көрейік.


I кезең: Ой- маржан

  1. тапсырма: Өткен сабақты қайталау, жинақтау. (2мин) 5слайд

1 топқа:

Құстарды тіршілік ету ортасына қарай жіктейді. Қандай түрлері бар? (сулы, батпақты жерде: үйрек, қаз, шағала, бірқазан, дегелек, қоқиқаз, тырналар

Орманда: тоқылдақ, көкектер, тотықұстар, жапалақ, торғайлар

Ашық далада: бүркіт, бөдене, ұлар, қырғауыл, дуадақ, бозторғайлар)


2 топқа:

Құстарды жыл маусымының алмасуына қарай жіктейді. Қандай түрлері бар?

(Жыл құстары: қараторғай, тырналар

Көшпелі құстар:үкі, кейбір жыртқыш құстар

Қыстап қалатын құстар: қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар)


3топқа:

Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі (көнеқұс немесе археоптерикс. )


  1. топқа:

Саятшылық дегеніміз не? Оған қандай құстар қолданылады? (Саятшылық-қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бірі. Қыран құсты қолға үйретіп баптау, оны аң-құсқа салу. Бүркіт- жеті қазынаның бірі. Көк туымызда бүркіт бейнесінің болуы да осының айғағы. Алматы облысында арнайы Шора атындағы құсбегілер мектебі бар)


2-тапсырма: «Кім жылдам?» ойыны (3мин)

Оқушыларға жұмбақтар жасырылады.


Сирағы ұзын, Балықты сүзбей, 6слайд

Тырнағы ұзын. Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы бiздей.    (Тырна)


Бұдыр-бұдыр балшықты, Ұқсатып қамытқа,

Жинады да талшықты. Үй салды жабыққа.   (Қарлығаш)


Қызыл бұжыр айдары бар, Ауық-ауық азан салып, 7слайд

Қоқиланған айбары бар. Өңеш керген айқайы бар.   (Қораз)


Қара түстi қарқылдақ, Қоқыстарды шоқиды,

Ұшып-қонып жалпылдап. Жем iздейдi там-тұмдап.   (Қарға)


Көлдің көркі сән екен Ақындар оны мақтаған 8слайд

Ұшқанда сазды ән екен Адамдар қорғап сақтаған (Аққу)


Кеудесi қайқандап, Жүредi байпандап.   (Қаз)


Бiрақ сөз бiледi, Соны айтып жүредi. 9слайд

Өз аты онысы. Және жоқ қонысы.     (Көкек)


3 тапсырма:

-Осы құстарды тағы қалай жіктеуге болады? Мына кестеге құстарды жіктеп жазайықшы. (2мин) 10слайд

Үй құстары

Дала құстары

Қораз, қаз

Тырна, қарлығаш, қарға, аққу, көкек




4-тапсырма: Құстардың табиғаттағы және адам

өміріндегі маңызын анықтау. (3мин)





Құстың адам өміріндегі маңызы (суреттермен көрсетіледі): (1мин) 11слайд


2-кезең Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу (5минут)

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Иә, біздің білгенімізден білмегеніміз көп. Бүгін сіздермен құстар жайлы білімімізді толықтыратын боламыз. Қосымша мәліметтерді бірлесе игереміз.

Кел балалар, ойлайық,

Ойлайық та, ойнайық.

Қандай сұрақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

5-тапсырма: Сұрақтар: (2мин) 13слайд

  1. Үй құстары деген не?Үйде құстар өсіресіздер ме?

  2. Ол құстарды адамдар қандай мақсатта өсіреді?

  3. Құс шаруашылығы деген не? (мәтінмен жұмыс)

Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.

Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.[1] 

Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының  тиімді саласының бірі. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны  (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы  - сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтәріздестерден - тауық , күркетауық , тысыр тауығы  (цесарка ), тауыс және жапон бөденесі . Үйрек пен қаз да ақолға үйретілген құстарға жатады.


  • Жұмыртқа -сары уыздың құрамында 51% су, 16% белок, 31,5% май, әр түрлі мөлшерде В1, В2, Д1, Е витаминдері мен минералдық заттар т.б. бар. Ақ уызда 85% су, 13% белок бар, май, көміртек, минералды заттар өте аз, тек В витамині болады.

  • Құс еті 14-15слайд

  • Қауырсыны

  • Құс саңғырығы-тыңайтқыш

  • Басқа жануарлар үшін қорек

  • Сәндік

  • Спорттық мақсатта


6-тапсырма: Оқушыларға кесте арқылы қосымша ақпарат беремін (2мин) 16слайд

Үй құстары

Қайда өсіріледі?

Қандай мақсатта өсіреді?

Ерекшелігі

1

Феникс

Жапония мен Қытайда

Әсемдік үшін

Құйрық қауырсыны ұзын.

2

Жабайы сұр қаз

Еуропа мен Батыс Сібір

Жұмыртқа мен еті үшін

Жылына30-50 жұмыртқа береді. 3,5-4,5кг ет береді.

Өзара жұптасып, ұрпақ береді.

3

Жабайы қутұмсық қаз

Қытай мен Ресей

Жұмыртқа мен еті үшін

Өзара жұптасып, ұрпақ береді

4

Үй тауығы (Банкив тауығы-арғы тегі)

Азияның оңтүстік-шығыс аймағы

8-12 жұмыртқа жылына береді



Үй хайаунаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Қолтұқымның дене құрылысында, тіршілік әрекетінде өзіне тән белгілері болады. Ол белгілер ұрпақтарына беріліп отырады. Қолтұқымдарды төмендегідей бағытта өсіреді.(мәтінмен жұмыс) (3мин) 17слайд

Құс түрлері

Жұмыртқалайтын құстар

Етті бағыттағы құстар

Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағыттағы құстар

Өкілдері

Легорн, минорка, орлов, павлов, воронеж, орыстың ақ тауығы

Виандот, род-айленд, корниш, плимутрок, шантеклер

Малай, үнді, ағылшын. Ақ плимутрок, күркетауық, цесарка, бөдене, тауыс, түйеқұс

Қайда және қалай өсіріледі?

Ірі құс фабрикасында өсіріледі. Жылына 220-250 жұмыртқа береді. Барлық жұмыс техника күшімен жүзеге асады (жұмыртқа шайқау)

Олар тез өседі. Балапандарын бройлер деп атайды. Ағылшын сөзі-отқа қақтау.

Құс фабрикасында өсіріледі.

Оңтүстік Америка, Мексика, Еуропа, АҚШ, Австралия. Тіпті Қазақстанда да өсіріледі.


Сергіту сәті (2мин) 18-20слайд

Оқушылар құстардың суретін қарап, қай құс екенін айтады және ішінен үй құстарын тауып алуы қажет.

Шағала, аққу, тауық, қораз, тауыс, қаз


7-тапсырма: Оқушылар «Менің сүйікті құсым» тақырыбында шағын эссе жазады. (5мин) 21слайд


Арайлым: Менің сүйікті құсым тауық. Біздің үйде тауық көп өсіріледі. Пайдасы да мол. Құс етінен анам тамақтың әр түрін жасайды. Жұмыртқасын да жиі пайдаланады. Құс еті адам ағзасына өте жеңіл сіңеді. Әсіресе операциядан кейін құс етін беру қажет екенін естігенім бар. Мамығынан жастық, көрпе, төсек жасайды.


Сабина: Мен үй құстарының ішінен қазды жақсы көремін. Анам қаз жұмыртқасынан арнайы қолдан балапан өсіріп шығарады. Ең бірінші балапан шыққанда бәрімізге қызық болған. Әдемі сары уыз балапандар бірінен соң бірі жұмыртқаны тұмсықтарымен ұрып жарып шығып жатқанда біз таң қалыстық. Биылғы жылы да анам қолдан жасанды жарықпен өсіруге кірісті.


8-тапсырма: Критериалды бағалау. Кесте арқылы өзін және өз жұбын бағалайды. (2мин)

Білім мәңгі таусылмайтын бұлағың,

Жүрегің сенің өмірге бастар тұрағың.

Бақытыңды еңбекпенен табасың,

Өз- өзіңді қадірлей біл, шырағым.

Білім әркез қажетіңе жарайды. Елбасымыз айтқандай, «Бүгінгі еліміздің болашағы- сендерсіңдер». Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда. Бүгінде, міне, жан-жақты білімдеріңізді көрсетіп жатырсыздар. Соның жемісін көрер сәт те туды. Олай болса, алдарына таратылып берілген кестеге өз енбектерінді ұпаймен бағалап көріңдер.


Қалыптастырушы бағалау


Оқушы аты-жөні



Идеяларды ұсынуы 0,5 ұ




Сұрақ қою-сұраққа жауап беру 0,5ұ




Белсенділік таныту 0,5ұ




Шығармашылық қабілет көрсету 1ұ




Шынайы өмірмен байланыстыра білу 1 ұ




Ақпараттық ресурстарды қолдана білу 0,5ұ




Ақпаратты өздігінен түсініп, керегін таңдай білу 1ұ





12-тапсырма: Рефлексия.(3мин) 22слайд

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Ұнаса несімен,

ұнамаса несімен

Сұрақтарың, пікірлерің.





23слайд


Біле бер қанша білсең тағы біле,

Жетесің мақсатыңа біле біле.-

деп ақын ағамыз Жүсіп Баласағұн айтқандай, білімді болыңдар. Білімнің арқасында талай қиындықтарды жеңіп, биік мақсаттарға, армандарыңа жете беріңдер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?й ??стары . ??старды? шы?у тегі ж?не аса ма?ызды ?олт??ымдары, оларды адамны? пайдалануы

Автор: Ниязова Галия Сериковна

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174503


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства