Математика.Ұзындықты өлшеу.Миллиметр.
Пәннің аты: математика | Уақыты: 17.01.2018 ж | 3 «Ғ» сынып | Мұғалім: Темирбаева П. | |
Сабақтың тақырыбы | Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатысы | |||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар ұзындықтың өлшеу бірлігі миллиметр және ұзындық бірліктерінің арақатысымен танысады. Есепті шығаруға дағдылана түседі. | |||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйренеді. Есептеуде қолдана алады. Математикалық тілде сөйлеуге дағдыланады. | |||
Ресурстар | Дидактикалық материалдар, суреттер, кестелер(слайдта) | |||
Дерек көздері | Математика оқулығы 3 сынып, дидактикалық –әдістемелік құралдар | |||
Оқыту әдісітері | Сұрақ - жауап. АКТ-ны пайдалану, СТО, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс | |||
Іс-әрекет барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | ||
Ұйымдастыру кезеңі | Психологиялық дайындық Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан Барлық ғылым саған үйір болады. Досың солар табылатын қасыңнан Топқа бөлінеді. I топ: Қарыс II топ:Адым III топ: Құлаш | Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | ||
Тұсау кесер | «Ыстық орындық» әдісі Өткен сабақты пысықтау
Қызықты тапсырма Топтық жұмыс Топтарға сым, дәптер, әйнек, беріп, қалыңдығын өлшетемін. -Қолдарындағы дәптердің қалыңдығын өлшеп көрейік. - Сызғыштағы ең кіші бөлікті көрсетіңдерші. Сантиметрге қарағанда біршама кіші ұзындық бірлігін миллиметрмен өлшейді. Миллиметр өлшем бірлігін 1898 жылы Парижде енгізілді. Миллиметр өлшем бірлігін қысқартып мм деп белгілейді. -Ендеше, сантиметрге қарағанда біршама кіші ұзындық бірлігін миллиметрмен өлшейміз. | Сұраққа жауап береді. -күйеді, күймейді. Қорытынды шығарады. -ұзындық өлшем бірліктерін еске түсіреді.(см, дм, м, км) Заттардың қалыңдығын өлшеп сантиметрге жетпейтіндігін сынақтан өткізеді. Сызғышпен өлшейді. Сантиметрге жетпейді. | ||
Негізгі бөлім | -Бүгінгі өтілетін жаңа тақырыбыз :- «Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатысы Оқулықпен жұмыс Дәптерлеріне орындайды. №1 1 см және 1 дм кесінділер сыз. Осы тапсырманы қандай құралдың көмегімен орындай алдың? Сызғышты қарап шық. 0-ден 1-ге дейін неше бөлік? 1-ден 2-ге дейін ше? 2-ден 3-ке дейін ше? Бір кіші бөліктен екіншісіне дейінгі арақашықтықты миллиметр деп атайды.Миллиметр(мм)–ұзындықтың өлшем бірлігі. Тақтамен жұмыс Әр топтан бір оқушы тақтада орындайды. «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» №2 а) Көп нүктенің орнына тиісті санды жаз және жаттап ал: 1 см =. мм 1 дм =. см =. мм 1 м =. дм 1 м =. см Топтық жұмыс ә) Амалдарды орында:Топтық жұмыс. 4 дм 1 см + 8 см 5 мм 5 м – 3 м 23 см 4 дм 8 см 4 мм + 47 мм №3 Бұл өте қызық! Жұптық жұмыс Кесінді сыз, сызғыштан көрсет. ● Колибри -5 см 7мм кесінді сыз. ● Шыбын – 6-8 мм сызғыштан көрсет. ● Маса – 4-14 мм сызғыштан көрсет. Сергіту сәті «Кім алғыр» №4 Ауызша а) 3 күнде – 1 мм ? күнде – 6 мм ә) Оқулықтың қалыңдығын өлше. Миллиметрмен жазып көрсет. Логикалық тапсырма №5,№6, №8.Топтық жұмыс Егер мүмкін болса, өрнектердегі көбейтінділерді көбейткіштің квадратымен немесе кубымен алмастыр. Топтық жұмыс. 4 ∙ 4+4 4 ∙ 3+4 8 ∙ 8 ∙ 8 8 ∙ 2 – 8 4+4+4 3 ∙ 4+4 2 ∙ 2 ∙ 2–8 8+8 ∙ 8 II-топ: №6 Өрнектердегі санның квадратын және кубын көбейтіндімен алмастыр. Топтық жұмыс. 53+2 6 ∙ 2+63 63–22 ∙ 3 72 +32 ∙ 10 83 –9 ∙ 7 III-топ: №8 а) Бірліктерін 3-ке көбейткенде 4×3=12 теңдігі қолданылатын екі таңбалы сандарды жаз. ә) Бірліктерін 3-ке бөлгенде 12:3=4 теңдігі қолданылатын екі таңбалы сандарды жаз. Шығармашылық тапсырма Тиісті сандарды тауып жаз.: 27=20+7=2∙□ +7 573=500+70+3=5∙□+7∙□ +3 468=4∙□+6∙□+8 | 1 см және 1 дм кесінділер сызады. Сызғышпен. 10 бөлік 10 бөлік 10 бөлік Миллиметр (мм)–ұзындықтың өлшем бірлігімен танысады. Әр топтан оқушылар орындайды. а) Көп нүктенің орнына тиісті санды жаз және жаттап ал: 1 см = 10 мм 1 дм=10см =100 мм 1 м =10 дм 1 м = 100 см ә) Амалдарды орында: I-топ 4 дм 1 см +8 см 5 мм =4 дм 9 см 5 мм II-топ: 5 м–3 м 23 см=1 м 77см III-топ: 4 дм 8 см 4 мм + 47 мм =5дм 3см 1мм
● 5 см 7мм кесінді сызады. ● 6-8 мм сызғыштан көрсетеді. ● 4-14 мм сызғыштан көрсетеді. Топтық жұмыс Есепті шығарады. а) Ш: 6 ∙ 3 =18 Ж: 18 күн. ә) 8 мм Топтық жұмыс Өрнектердегі көбейтінділерді көбейткіштің квадратымен немесе кубымен алмастырады. I-топ: 42+4 83 42 2343 23-8 4 2 8+82 Өрнектердегі санның квадратын және кубын көбейтіндімен алмастырады. II-топ: 5 ∙ 5 ∙ 5+2 6∙2+6 ∙6∙ 6 6∙ 6∙ 6–2∙ 2∙3 7∙ 7+3∙ 3 ∙ 10 8∙ 8∙ 8 –9 ∙ 7 III-топ: Өрнекті жазып, мәнін табады. 14×3=42 42 : 3=14 24×3=72 72 : 3=24 34×3= 102 102 : 3=34 44×3= 132 132 : 3=44 54×3=162 162 : 3=54 Шығармашылық тапсырманы орындайды. Тиісті сандарды тауып жазады.: 27=20+7=2∙10 +7 573=500+70+3=5∙100+7∙10 +3 468=4∙100+6∙10+8 | ||
Қорытынды бөлім | - Бүгін сабақта не үйрендік? - Біз бүгін немен таныстық? -Миллиметр ұзындықтың қандай өлшем бірлігі? -1 сантиметрде қанша миллиметр бар? | Сұрақтарға жауап береді. (миллиметр) (ең кіші) (10 миллиметр) | ||
Оқушыларды бағалау | ||||
Үйге тапсырма | №7 16- бет | Күнделіктеріне жазады. | ||
Кері байланыс | «Бес саусақ» |
| ||