Просмотр содержимого документа
«?лулар типі ж?не буыная?тылар класы »
7- сынып. Биология. Күні _______________
Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типінің жалпы сипаттамасы. Олардың алуантүрлілігі.Бауыраяқтылар класы. Үлкен тоспаұлуы және жалаңаш шырыш, олардың тіршілік орталары. Құрылысы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі және дамуы. Биогеоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.
Сабақтың мақсаты: ұлулар типімен толықтай таныстыра отырып, оқушылырға олардың маңыздылығын түсіндіре білу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Ұлулар типі жайлы жан – жақты түсінік беру.
Дамытушылық: Оқулықты пайдалана отырыпөз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға саналы көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: салыстыру,баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Шұбалшаңның шаруашылықта маңыздылығы неде?
Жануарлар дүниесінде шұбалшандардың орны (пирамида);
Маңыздылығы мен орны қандай?
Дәптердегі үй жұмысын тексере отырып бағалау.
III. Жаңа сабақ өту кезеңі.
Ұлулар типi жануарлардың әртүрлi топтарын бiрiктiредi. Ұлулардың құрылысы: Жамылғысы. Барлық моллюскалардың денесi мантиямен – терiлi қатпармен қапталған. Мантия мен дене арасында қоршаған ортамен байланыс түзетiн мантия қуысы болады. Асқорыту жүйесi. Ауыздан (хитиндi тiстерi бар тiл), жұтқыншақтан, өңештен, қарыннан, iшектен, бауыр және аналь тесiгiнен тұрады. Көптеген моллюскалар өсiмдiкпен қоректенедi. Қосжақтаулы моллюскаларда су мен қорек заттары кiру сифонынан кiрiп ары қарай жұтқыншаққа, қарынға, iшекке өтiп шығару сифонымен аяқталады. Асқорыту безi-бауы. Тыныс алу жүйесi. Құрлықта тiршiлiк ететiн моллюскалардың тыныс алу мүшесi – мантиядан түзiледi. Қантамырлы капиллярлармен торланған өкпе болып табылады. Атмосфералық ауа тыныс алу тесiгi арқылы түседi. O2 сiңiрiп CO2 бөледі. Су моллюскаларының тыныс алу мүшесi - мантиядан түзiлiп, аяғының екi жағында орналасқан желбезек болып табылады. Суда ерiген O2 сiңiрiп, суға CO2 бөледi. Қанайналым жүйесi ашық, жүрекшеден, қарыншадан, қан тамырларынан тұратын, екi камералы жүрекпен берiлген. Артериялды қан өкпеден жүрекшеге одан қарыншаға өтедi, ал содан тамыр арқылы дененiң барлық мүшелерiне өтiп, ол жерде клетка арасына құйылады. Өттегiнi берiп, көмiртегiнiң диоксидiмен байып өкпеге түседi, сол жерде қайтадан газ алмасу жүредi. Зәр шығару жүйесi - бүйрек. Бүйрек қан айналым жүйесiмен тiкелей байланысты, ол қаннан диссимиляцияның ақырғы заттарын сiңiредi. Жүйке жүйесi церебральдi, плевро-висцеральдi және педальдi ганглиялармен сипатталады. Сезiм мүшелерi: көздерi (қармалауыштарының ұшында), қармалауыштары (жанаса сезу мүшелерi), тепе-теңдiк мүшесi жақсы дамыған. Құрсақаяқты ұлулардың көбеюi. Жынысты. Гермафродиттер. Ұрықтануы айқасты, iшкi. Iркiлдек баулармен байланған жұмыртқа салады. Құрсақаяқты ұлулардың дамуы. Жұмыртқадан 20-шы күнi ұлу дамиды. Қосжақтаулы ұлулардың көбеюi. Дара жынысты жануарлар. Ұрықтануы iшкi. Жұмыртқа аналық безде түзiлiп, сумен бiрге сперматозоидтар түсетiн мантия қуысында ұрықтанады. Қосжақтаулы ұлулардың дамуы. Жұмыртқадан дернәсiл түзiлiп, ол шығару сифоны арқылы жүзiп бара жатқан балыққа бекiнедi. Балық денесiнде дернәсiлдер екi айға дейiн дамып, содан соң су түбiне түсiп, еркiн тiршiлiк етедi. Қазiр 80000 астам тiршiлiк ететiн және 35000 жуық қазба түрлерден тұратын бұл жануарлар типi көлемi жағынан буынаяқтылардан кейiн ғана екiншi орында тұр. Басаяқты моллюскаларға ең iрi омыртқасыз жануар, салмағы бiрнеше тонна, ал ұзындығы 16 м-ге жететiн алып кальмар жатады. Типтiң түрлi өкiлдерiнде қорғаныс суыттың, iштей және сырттай ұрықтануды және газ алмасуда өкпе мен желбезектi пайдалануды қамтамасыз ететiн механизмдердiң пайда болуы, молюскаларға су мен құрлықты басып алып түрлi экологиялық орталарды мекендеуге мүмкiндiк бердi. Аса елгезек моллюскалардың қимылдауына бөгет болатын сауыт өзгередi немесе жойылады.
Ұлулар типінің маңызы: Ұлулар биоценоздың әртүрлi қоректiк тiзбектерiне кiредi. Қосжақтаулы моллюскалар судың биофильтраторлары болып табылады. Мысалы, бiр моллюска бiр сағат iшiнде 10 л суды, органикалық қосылыстардан тазартып, фильтрлейдi. Кейбiр ұлулардың түрлері – устрицалар мен мидияларды адам тағам ретiнде қолданады. Кальмар, сегiзаяқ және басқа да Басаяқты моллюскалардың еттерi адам үшiн қорек заты болып табылады. Олардың кәсiпшiлiгi Жапония, Қытай және Кореяда дамыған.Теңiз меруерттерi үлкен қызығушылық тудырады. Бұл моллюскалардың бақалшағы мен мантиясының арасында меруерт түзетін ұлулар .
IV. Бекіту кезеңі.
Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қоя отырып сабақты бекіту.
149 беттегі кестені толтыру.
Класс өкілі
Класс атауы
Даму жолы
Қозғалып жүру тәсілі
Бауыр
аяқты
лар
Қос
жақта
улылар
Бас
аяқты
лар
түрлену
тура
Аяқпен жылжу
реактивті
Жүзім ұлуы
Тоспа ұлуы
Айқұлақ
Сегізаяқ
V. Үйге тапсырма: §21 оқып, мазмұндау. 147- бетте ұлудың ішкі құрылысы сурет ретінде беріліп тұр. Дәптерге сала отырып, сандарға сәйкес ішкі құрылысының атауларын жазып шығу. VI. Бағалау кезеңі.