Тыныс алуды? ма?ызы. Тыныс алу м?шелері. ?кпені? ??рылысы ж?не ?ызметі. 8 сынып
Тыныс алуды? ма?ызы. Тыныс алу м?шелері. ?кпені? ??рылысы ж?не ?ызметі. 8 сынып
Саба?ты? ма?саты: Тыныс алуды? ма?ызы, тыныс алу м?шелеріні? ??рылысы мен ?ызметі, ?кпені? ??рылысы мен ?ызметі туралы білім беру.
Білімділік: Тыныс алу процесіні? м?німен, адам организмінде энергияны? ?згеруіндегі ж?не зат алмасуында?ы ма?ызымен таныстыру, ?ызметіне байланысты тыныс алу м?шелеріні? ??рылысы, тыныс алуды? дыбыс ж?не с?йлеу ?абілетіндегі ?ызметі туралы білім беру
Дамытушылы?: О?ушыларды? талдау, синтез, салыстыру, ?орытындылау ж?не ойлау ?абілеттерін дамыту
Т?рбиелік: ?зіні? денсаулы?ы туралы жина?ылы??а, салауатты ?мір с?ру ?дебіне т?рбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тыныс алуды? ма?ызы. Тыныс алу м?шелері. ?кпені? ??рылысы ж?не ?ызметі. 8 сынып »
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері. Өкпенің құрылысы және қызметі.
Сабақтың мақсаты: Тыныс алудың маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі, өкпенің құрылысы мен қызметі туралы білім беру.
Білімділік: Тыныс алу процесінің мәнімен, адам организмінде энергияның өзгеруіндегі және зат алмасуындағы маңызымен таныстыру, қызметіне байланысты тыныс алу мүшелерінің құрылысы, тыныс алудың дыбыс және сөйлеу қабілетіндегі қызметі туралы білім беру
Дамытушылық:Оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:Өзінің денсаулығы туралы жинақылыққа, салауатты өмір сүру әдебіне тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
1. Неліктен жүрек тоқтаусыз және шаршамай ұзақ уақыт жұмыс істей алады?
2. Эритроциттер мен лейкоциттер құрылысының суретін салу , олардың бөліктерінің аттарын жазу.
3. Жүрек автоматизмі деген не? Жүректің жұмысы қалай реттеледі?
4. Жүректің қабырғасын және тамырларды көрсете отырып,қанайналымның кіші шеңберінің сызбанұсқасын түрлі түсті қаламмен салындар. Жүрек және тамыр бөліктерінің аттарын жазыңдар,нұсқалар арқылы қанның қозғалу бағытын көрсетіндер?
5.Жүрекке және жүрек қан тамырлары жүйесіне алкоголь мен никотиннің зиянды әсерін сипаттандар?
6.Жүрек құрылысының сызбанұсқасын салып, бөліктерінің, тамырларының, қақпақшалырының аттарын жазу, жүректің ішкі бөлігіндегі қанның қозғалу бағытын көрсетіндер?
Жаңа сабақ.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді және әр топ жеке тапсырма алады.
1-тапсырма. Жануарлар қорексіз және сусыз бірнеше күн өмір сүре алады, ал ауасыз 10 минут та тіршілік ете алмайды.
Түсіндіріңдер:1.Неге адам ауасыз,тыныс алмай өмір сүре алмайды?
2.Тыныс алу мүшелерінің қызметін қалай түсіндіруге болады?
2-тапсырма.Атмосфералық оттектің тыныс алғанда өкпеге баратынын елестетіңдер. Мұрыннан өкпеге дейін осы молекула қандай жолдардан өтетінін ойланыңдар?
3-тапсырма. «Жануарлар» бөлімін оқыған кездегі білімдерін және «Жануарлар ароморфозы» кестесін негізге ала отырып, қандай жануарларда тыныс алу мүшелері алғаш пайда болатынын еске түсіріңдер? Омыртқалы жануарлардың тыныс алу жүйесі қандай эволюциялық өзгерістерден өтті?
Тыныс алу жүйесі өте маңызды-газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тынысалу деп аталады.Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа, көмей, кеңірдек, брохылар және өкпе жатады.Бұлар ауа тасымалдайтын жолдар.
Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына түседі. Мұрын қуысының барлық ішкі беті шамамен 100 см2. Мұрын қуысынан жылытылған,ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.
Көмей-іші қуыс түтік,ол мойынның алдыңғы бөлігінде 4-6 мойын омыртқалары деңгейінде орналасқан. Көмей қабырғасы сіңір,буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шешіршектен тұрады. Тағамды жұтқанда көмейге кіреберіс шеміршекті көмей қақпашағымен жабылады. Көмей шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін сілемейлі қабаттар болады.Олардың арасындағы кеңістік дыбыс саңылау деп аталады.
Кеңірдек ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм,өңештің алдында орналасқан түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы өңешке жанасады да,астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. 5 кеуде омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді.
Бронхылар оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиола деп аталады да, альвеолалармен аяқталады. Кеңірдек пен бронхиола да сілемей бөлетін тербелмелі эпителиймен жабылған. Кірпікшелер сілемей мен микроорганизмдерді жұтқыншаққа бағыттайды да,сонда жұтылады.
Өкпе кеуде қуысында орналасқан шымыр,кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген 3 бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды,ал ішкі ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан.Өкпенің сырты жұқа қабықшамен-екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен (плевра) жабылған. Өкпеқаптың сыртқы жапырақшасы кеуде қуысының ішін астарлайды, ал ішкі жапырақшасы бүкіл өкпені қаптайды. Өкпеге кіретін бронхылар тармақталып,бронх ағашын түзеді,бронх бұтақшаларының ұшында альвеолалар-өкпе көпіршіктері болады. Альвеолалар диаметрі 0,2-0,3 мм,тереңдігі 0,6-0,3 мм,ауаға толы өкпе көпіршіктері. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийдентұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған. Капиллярлар мен альвеолалардың жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді.
Қорытындылау.
1. Тыныс алу жүйесінің қызметі неге байланысты?
2. Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
3. Тыныс алу жүйесінің қандай мүшесінде газ алмасу жүреді?
4. Тыныс алудың мәні неде?
5. Көмейде дыбыс қалай түзіледі?Дыбыстың күші мен жуан-жіңішкелігі неге байланысты?