Тыныс алу дегеніміз – организм мен сырт?ы орта арасында оттекті? еніп, к?мір?ыш?ыл газыны? шы?арылуымен байланысты ж?ретін газ алмасу процесі.Оттек органикалы? заттарды ыдырату?а ж?не тоты?тыру?а ?ажет, осы кезде энергия б?лініп, к?мір?ыш?ыл газы мен су т?зіледі.Оттекті? ?лпа?а еніп, к?мір?ыш?ыл газыны? шы?арылуы ?ан ар?ылы ?амтамасыз етіледі.?ан мен атмосфера арасында?ы газ алмасу тыныс алу м?шелерінде ж?реді.?кпедегі газ алмасу сырт?ы тыныс алу,?лпада,?ы газ алмасу ішкі тыныс алу.Тынышты? к?йінде ересек адам минутына 16-18 тыныс алу ?оз?алысын жасайды.
Просмотр содержимого документа
«Тыныс алуды? ма?ызы.Тыныс алу м?шелері. »
8 сынып. Биология
Сабақтың тақырыбы:Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелері:Ауа тасымалданатын жолдар және өкпе.Мұрын ,аңқа, жұтқыншақ, көмекей кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі.Өкпенің құрылысы және қызметі.Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу. Сабақтың мақсаты:
Тыныс алу туралы, тыныс алу мүшелері, олардың құрылысы мен маңызы, атқаратын қызметі туралы білімдерін жүйелеу.
Тыныс алу мүшелері құрылысы мен қызметі туралы білімдерін дамыту
Тыныс алу мүшелерін таза ұстауға,ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, өздік жұмыс, топпен жұмыс, тест жұмысы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
1.1 Оқушылармен амандасу, түгелдеу
1.2 Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру: Тестпен жұмыс.
1.Артериялық қысым қай кезде ең жоғары болады?
А) жүрекше жиырылғанда
Ә) қарынша жиырылғанда
Б) қарынша босаңсығанда
В) жалпы босаңсығанда
2. Қан қысымы қайсысында жоғары?
А) артерияда
Ә)венада
Б)капиллярда
В)артериоллада
3.қан ағысының жылдамдығы қайсысында жоғары
А)өкпе артериясында
Ә) қолқада
Б) капиллярда
В) венада
4.Капиллярдағы қан қозғалысының жылдамдығын көрсетіңдер:
А)0,5м/с
Ә)0,25м/с
Б)0,50м/с
В)0,5мм/с
5.Организмнің ішкі ортасын не құрайды?
А)лимфа,қан, ұлпа сұйықтығы
Ә)өт,қан,асқазан сөлі
Б)лимфа,қан, асқазан сөлі
В)зәр,өт,ұлпа сұйықтығы
6.Эритроциттер қайда түзіледі
А)бауырда, көкбауырда;
Ә)сүйектің қызыл кемігінде,көкбауырда
Б)лимфа түйіндерінде
В) лимфа түйіндерінде, сүйектің қызыл кемігінде
7.Лейкоциттер қайда түзіледі
А) сүйектің қызыл кемігінде
Ә) бауырда
Б) бауырда, көкбауырда;
В) лимфа түйіндерінде
8.Қанның ұюына не қатысады?
А)эритроциттер
Ә)лейкоциттер
Б)тромбоциттер
В)қызыл қан жасушалары
9.Дені сау адамның қан қысымы тең келеді
А)120/80 мм сын.бағ.
Ә)150/80мм сын.бағ.
Б)70/80мм сын.бағ.
В)110/70мм сын.бағ.
10.Қан кетудің неше түрі бар
А)2
Ә)3
Б)4
В)5
Жаңа сабақ: 1. Тыныс алудың маңызы.
2. Тыныс алу мүшелері,құрылысы мен қызметі
3. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу
Тыныс алу дегеніміз – организм мен сыртқы орта арасында оттектің еніп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі.Оттек органикалық заттарды ыдыратуға және тотықтыруға қажет, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі.Оттектің ұлпаға еніп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі.Қан мен атмосфера арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.Өкпедегі газ алмасу сыртқы тыныс алу,ұлпада,ғы газ алмасу ішкі тыныс алу.Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16-18 тыныс алу қозғалысын жасайды.