kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тыныс алу м?шелеріні? ??рылысы мен ?ызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?н аты: Анатомия,физиология  ж?не балалар  гигиенасы

Тобы: ШТ-131

К?ні: 9.02.15ж
Саба?ты? та?ырыбы: Тыныс алу м?шелеріні? ??рылысы ж?не ?ызметі
Ма?саты:
Білімділік:
   Тыныс алу ж?йесіні? ма?ызы, тыныс алу м?шелеріні? ??рылысы мен ?ызметі туралы жа?а білім, т?сінік беріп, ??ымдар ?алыптастыру
Дамытушылы?: Ойлау ?абілеттерін дамыту, ?з бетінше ізденуін ?алыптастыру. Саба??а белсенділіктері мен ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Т?рбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылы??а т?рбиелеу
Саба?ты? т?рі: теориялы? саба?

Саба?ты? типі: Жа?а білім игеру саба?ы
Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, с?ра? – жауап

 Саба?ты? технологиясы:жобалау технологиясы
Саба?ты? к?рнекілігі: Интерактивті та?та,слайдтар, муляж, тірек сызба н?с?алары
П?наралы? байланыстар:   химия, салауаттану, экология,медицина
Саба?ты? барысы:
І
?йымдастыру. Амандасу, кезекші есебін ты?дау.О?ушыларды? назарын    саба??а аудару.
ІІ. ?й тапсырмасын с?рау:

 1 кезе?:Б?йге

1.      Ж?ректі? о? жа? ?арыншасынан басталып → ?кпеге →          ж?ректі? сол жа? ж?рекшесімен ая?талатын ?анайналым ше?бері

2.       ?ай ?антамыр оттекпен ?аны??ан? Себебі біз не ар?ылы тыныс аламыз?

3.      М?шелер мен ?лпалардан к?мір?ыш?ыл газына, зат алмасу ?німдеріне, гормондар?а ж?не т. б. ?аны??ан ?анды ж?рекке тасымалдайтын ?антамыр?

4.       ?андай да болмасын ауруды? алдын алу ?шін ?р адам нені са?тап, ?стану ?ажет?

5.      Ешбір техникамен алмастыру?а болмайтын моторлы ?ызмет ат?аратын м?ше?

6.      К?птеген ?лпаларды? жиынты?ынан не ??ралады? Мысалы б?лшы?ет ж?не д?некер ?лпасынан т?ратын ?анайналым .........

7.       Ж?рек кемістігі (порок) ж?рек ?а?па?шаларыны? за?ымдануынан болатын ж?рек-?антамырларны? ….?

8.       Д?некер ?лпасыны? с?йы? т?ріне немесе а?заны? ішкі ортасына не жатады?

9.      ?анайналым ж?йесі дегеніміз не? ?андай м?шелер жатады?

10.    ?антамырлары неше топ?а б?лінеді?

11.  Ж?рек неше ?уысты, ?абыр?асы неше ?абаттан т?рады?

12.   Артерия ?абыр?аларыны? ыр?а?ты тербелісі ?алай аталады? ?алай білуге   болады.

13.   Мынау ?андай ауруды? белгілері: бас ауырады, ж?регі айниды, ??ла?ынан шу кетпейді, тама??а т?беті тартпайды, ж?ректі? жиырылуы бірде жиілеп, бірде б?се?дейді.

14.  Ж?ректі? сол жа? ?арыншасынан басталып → дене жасушаларына → ж?ректі? о? жа? ж?рекшесімен ая?талып,   ?анды б?кіл денеге таратып, ?айтадан ж?рекке ?келетін ?анайналым ше?бері 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«тыныс алу м?шелеріні? ??рылысы мен ?ызметі »

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы

Гуманитарлық- педагогикалық колледжі






БЕКІТЕМІН Директордың оқу-әдістеме

істері жөніндегі орынбасары

___________ А.К. Мамбетова

«___»_______2015 ж







Тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі

Тобы: ШТ-131



Пәні: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы







Оқытушы : Нурметова.Д.А







Ақсукент-2015 жыл



Пән аты: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы

Тобы: ШТ-131

Күні: 9.02.15ж
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі
Мақсаты:
Білімділік:
  Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдар қалыптастыру
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білім игеру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың технологиясы:жобалау технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар, муляж, тірек сызба нұсқалары
Пәнаралық байланыстар:   химия, салауаттану, экология,медицина
Сабақтың барысы:
І
Ұйымдастыру. Амандасу, кезекші есебін тыңдау.Оқушылардың назарын    сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1 кезең:Бәйге

  1. Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → өкпеге → жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталатын қанайналым шеңбері

  2. Қай қантамыр оттекпен қаныққан? Себебі біз не арқылы тыныс аламыз?

  3. Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайтын қантамыр?

  4. Қандай да болмасын аурудың алдын алу үшін әр адам нені сақтап, ұстану қажет?

  5. Ешбір техникамен алмастыруға болмайтын моторлы қызмет атқаратын мүше?

  6. Көптеген ұлпалардың жиынтығынан не құралады? Мысалы бұлшықет және дәнекер ұлпасынан тұратын қанайналым .........

  7. Жүрек кемістігі (порок) жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын жұрек-қантамырларның ….?

  8. Дәнекер ұлпасының сұйық түріне немесе ағзаның ішкі ортасына не жатады?

  9. Қанайналым жүйесі дегеніміз не? Қандай мүшелер жатады?

  10.  Қантамырлары неше топқа бөлінеді?

  11. Жүрек неше қуысты, қабырғасы неше қабаттан тұрады?

  12. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады? Қалай білуге   болады.

  13. Мынау қандай аурудың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді.

  14. Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып → дене жасушаларына → жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталып, қанды бүкіл денеге таратып, қайтадан жүрекке әкелетін қанайналым шеңбері

2.кезең. Бас қатырғыш

1 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. Қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?

Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360рет

360*24сағ.=8640литр, яғни 1тәулікте 8640литр қан айдайды.

2 есеп. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70рет жиырылып кеңейетін болса, 1 сағатта және1тәулікте қанша рет соғады?

Жауабы: 60*70=4200рет, яғни 1сағ.4200рет.

4200*24сағ=100800рет немесе

1тәулікте 100800рет.

3есеп. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?

Жауабы: 60мин*2=120рет, яғни 1сағ. 120рет.

120*24=2880рет, яғни 1тәулікте 2880рет.

Сергіту сәті: видеоролик

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспар:
1. Тыныс алудың маңызы

  • Тыныс алу мүшелерінің құрылысы

  • Тыныс алу мүшелерінің қызметі

  • Өкпенің құрылысы мен қызметі.

  • Тыныс алу мүшелері аурулары және аурулардың алдын алу

1 слайд
Тынысалу деп  организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады.Адам аштыққа, шөлге, ұйқысыздыққа шыдай алуы мүмкін бірақ, адам ауасыз бір минутта өмір сүре алмайды. Биологиялық тұрғыда тыныс алу дегеніміз мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тыныс алу кезінде оттегін қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы(бұлшық еттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсауға тікелей байланысты
Энергия ағзалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттегі жұмсалады. Ағзада оттегінің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттегін қабылдайды, ыдырау өнімдері ағзадан сыртқа шығарылады. Тыныс алу мүшелері, қан айналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Ағзалық заттардан энергия босау үшін оттегі қажет.





















2 слайд

3 слайд



Мұрын қуысының құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті - шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар сілекейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Сілемейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып, одан әрі өтеді. Қан жасушалары - лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тыныс алу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.
Көмекей - мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін сілемейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3сыңар, 3жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. көмекейдің артқы жағында 3жұп майда шеміршектер болады.
Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.
Адам дем шығарғанда дыбыс саңлауы тарылып, дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербетуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршектің үлкен үшкір түйіні жұтқыншақ шодыры деп аталады. Ер адамдарда көмекейдің орташа ұзындығы 44мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақсүйектері қатысады.
Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12см, ал диаметрі 15-18мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен - бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.
Кеңірдек 5-ші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлары өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауа тамырлық тармақшалар деп аталады. Альвеоланың диаметрі 0, 2 - 0, 3мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады.
4-5-6-слайдтар «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы» бейнеленген суреттер Өкпе – кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпімді, кеуекті мүше. Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе болады:

  • Оң жақ өкпенің жүлгелері – үш бөлікке

  • Сол жақ өкпені екі бөлікке бөледі.

Екі өкпенің біріне – бірі қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, ауатамырлары, жүйкелер  өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпеқап қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да астарлықпен астарланады. Астарлық қабаттарының арасында астарлық қуыс болады, онда ауа болмайды. Өкпе көпіршіктері серпімді болғандықтан, тыныс алғанда созылады. Өкпе көпіршіктері жүйке жүйесімен тығыз байланысты.

Тынысалу қозғалыстары – тынысалу және тынысшығару арқылы жүзеге асады. Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді. Көкет – диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі.Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен ауатамырлардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады.

Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді. Көкет күмбезденіп, қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады. Жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және құрсақтың бұлшықеттер қысылып жиырылады. Тынысалуға қабырғааралық еттер белсенді қатысса – «көкіректі» тынысалу типі ал көкет белсенді қатысса «құрсақты» тынысалу типі дейді.

Өкпедегі газ алмасу –тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79 % – азот, 21% – оттек, 0,03 % – көмірқышқыл газы және т.б. болады. Тынысалу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттегі – қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді. Оттегін тасушы – гемоглобин.

Ұлпалардағы газ алмасу – ұлпа жасушаларындағы оттегінен артерия қанындағы оттегінің мөлшері көп болады. Оттегі қылтамырлардың қабырғаларынан жасушаларға өтеді де, оландың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Ұлпаларда қан оттегін беріп, көмірқышқыл газына қанығады.

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу үш кезеңнен тұрады :

  • сыртқы (өкпелік)

  • газдардың қан арқылы тасымалдануы.

  • ішкі (ұлпалық) газ алмасу деп аталады.

  • . Тынысалу мүшелерінің аурулары және оның гигиенасы. Атмосфералық және өндірістік шаң-тозаң болады.   Атмосфера шаң-тозаңы кен орындарынан көтеріледі, одан шыққан газ, түтін, шөп, тоғай өртенгенде пайда болған түтін, күл; құмды жерде желмен көтерілетін және қала көшелерінен, жерден көтерілген шаңдар; өндірісте болатын шаң-тозаңдар әртүрлі завод-фабрикалардан, шахталардың қалдықтарынан көтеріліп шығады. Шаң тынысалу жолдарын жыбырлатып, тітіркендіріп, жөтелтіп, түшкіртеді. Шаңда ауру тудыратын әртүрлі микробтар болуы мүмкін. Егер жұмыс орнында шаң-тозаң болса, мұрын бітіп, даусы қарлығады, кейде өкпе ауруымен ауруы да мүмкін. Шаң-тозаң болған жерде түрлі ауру тарататын микробтар болады, мысалы, туберкулез, тұмау және т.б.

  • Өкпені жарақаттайтын ауру – туберкулез. Туберкулез (латынша «tuberculum» - төмпешік) – микроскоппен ғана көрінетін туберкулез таяқшасы микробы қоздыратын жұқпалы ауру. Туберкулез таяқшасы адам ағзасында өте тез көбейеді. Ағзадан тыс жерде көбеймейді, бірақ қараңғы, ылғалды, жылы жерде ұзақ сақталады. Даладағы шаңның ішінде 3-14 күнге дейін тіршілік етеді. Туберкулез ауруы ұлпаларды жансыздандырады. Өкпе қатайып беріштенеді. Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы 37-37,7 градусқа дейін көтеріңкі болады. Тамаққа тәбеті тартпайды, жөтеледі, ұйықтағанда терлей береді, қаны азайып, жүдейді, қан түкіреді.

  • Күтіну шаралары: витаминді, қуатты тамақ ішу; бойды таза ұстау; таза ауада көп серундеу; дәрігер белгілеген дәрілерді уақытында ішу.

  • Мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының қабынуын тұмау  деп атайды. Тұмау – бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең тараған  қауіпті жұқпалы ауру. Асқынғанда басқа аурулардың тууына себепші болады. Аурудың дене қызуы көтеріледі, түшкіреді, жөтеледі, тамақтың иісін, дәмін сезбейді. Иіс, дәм сезу мүшелеріне қатты әсер етеді. Мұрын қуысындағы капилляр қантамырларының қабырғалары кеңейіп, кілегейлі қабықшадан сұйық заттар көп бөлінеді. Тұмаумен ауырғанда гигиенаны сақтау керек: а) ыдыс-аяқ, төсек-орынды бөлектеу; ә) бөлмені ауық-ауық тазалау; б) желдеткішті ашып, таза ауа кіргізу; в) жатып демалу және т.б.; г) терең тыныс алу; д) спорт, дене шынықтыру, дене еңбегімен шұғылдану.

  • Ұзаққа созылатын тұмау сырқатты әртүрлі әсерден де (мысалы, даладағы шаң, түтін, улы заттар, бұлт және ауарайының түрлі құбылыстары) болады. Сонымен қатар, тұмауға зат  алмасудың дұрыс болмауы мен дәрумендердің жетіспеуі де себеп болады.

  • Тынысалу мүшелерінің ауруларына туберкулез бен тұмаудан басқа ауа тамырларының, өкпенің қабынып, тыныс демікпесі, мұрын қойнаулары, жұтқыншақ, көмекей аурулары (синусит, тонзиллит, фарингит) жатады. Бұл аурулармен ауырған адамдар тез арада дәрігерге көрініп, тек дәрігер емдеуі тиіс.

  • Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше. Оның себебі мұрын қуысындағы толып жатқан иірімдер болады. Олар ауаны жылытады және ауадағы микробтарды ұстап қалады. Суық күндері суық тиіп аурудан сақтайды. Ауызбен тыныс алғанда суық ауадан тістің кіреукесі бұзылады. Сондықтан мұрынмен тынысалу тісті бұзылудан, түрлі тынысалу мүшелерінің ауруларынан қорғайды.

  • Ірі қалаларда өнеркәсіп орындарынан, автокөліктерден бөлінетін улы газдар да ауаны ластайды. Ол үшін өнеркәсіпте қалдықсыз технологияны енгізу, тазартқыш қондырғылар орнату қажет.

  • Сынып бөлмесінің де ауасының тазалығын қадағалап отырыңдар. Үзіліс кезінде терезені ашып желдетуді ұмытпаңдар!
    4.Жаңа материалды бекіту:

Полиглот

Тақтада берілген әріптерден бүгінгі сабақта пайдаланылған  сөздер  құрастыр және оның орыс тіліндегі,  қазақ тіліндегі, ағылшын тіліндегі баламасын айт.
5.Қорытындылау.(білім бағалау)

Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау
6.Үйге тапсырма:
Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы

Оқытушының қолы:__________________Д.А.Нурметова

Пән бірлестік төрайымы:­­___________Г.А.Отарова









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
тыныс алу м?шелеріні? ??рылысы мен ?ызметі

Автор: Нурметова Дилбар Авазхановна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168448


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства