kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тыныс алу м?шелері: ауа тасымалданатын жолдар мен ?кпе.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен, Кусаинова Меруерт М?рат?ызы, 27 а?пан 1973 жылы д?ниеге келдім. Балалы? ша?ым Ж?мысшы ауылында ?тті. ?ке – шешем ?арапайым адамдар. ?кем 1997ж. мамырды? 15-ші ж?лдызында елу жасында ?айтыс болды. Анам Балкен – зейнеткер.

   Мен 1 – сынып?а ?ндіріс орта мектебіне ?абылданып, жалпы орта білімні? толы? курсын алып шы?тым.  Білім н?рімен сусында?ан  мектептен  1990 жылы ая?тап К?кшетау Мемлекеттік Университетіні? т?легі болып ?абылдандым.Химия ж?не биология факультетіні? студенті болдым.

    ?стазды? жолды негізгі Ж?мысшы орта мектебінде химия ж?не биология  п?ніні? м??алімі ретінде бастадым.  жылды? ішінде неше т?рлі ?ызы? о?и?алар, ?р алуан ?ылы?ымен т?нті еткен о?ушылар саны ?аншама десе?ші – ай. Мектепте ?ткізілетін  іс - шаралар?а мені? де о?ушыларым ?зіні?  та?па?тарын м?нерлеп о?ып,  сахналы? к?ріністерге де ?атысады білді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тыныс алу м?шелері: ауа тасымалданатын жолдар мен ?кпе. »

Биология пәнің

мұғалімі: Кусаинова М.М.

Сілтеме

Сабақ жоспары

Сыныбы: 8 сынып

Сабақ-42

Күні

Сабақтың тақырыбы

Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар мен өкпе.

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарынқалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілеттерін жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Ас қорыту жүйесінде азықтық заттардың қызметін мен танысып, гастрит және басқа ауру тудыратын себебтермен қуресудің тиімді жолдарын үйреніп, өз денсаулықтарын күтуді үйренеді.. АКТ-ны пайдалануды біледі; Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді.

Сабақтың түрі:

Білімді меңгерту, шығармашылық сабағы


Әдіс тәсілдері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдай ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау,оқытуда АКТ пайдалану, сұхбат, әңгіме-сұхбат, кітаппен жұмыс, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс.

Дерек-көздері:

Биология 8 сынып. Ғаламтор.

Қажетті құралдар

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, тыныс алу жүйесінің құрылысының суреттері.

Түйінді идеялар

Мұрын қуысы,жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар, өкпе, өкпеқап сұйықтығы,альвеола (өкпе көпіршіктері), диффузия, көкет.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.

Кезеңдері


а)Амандасу, түгендеу

б)оқушылардың сабаққа қатысуын мен дайындығын тексеру

в)Сыныпты топқа бөлу

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын сұрау

"Тез жауап "

1.Жүрек инфарктіне себепші не?

Жауабы: Темекі тарту,алкоголь.Темекі тартатын және алкоголь ішетін жас адамның тамырлары тромбпен бекітіліп,тамыр өткізгіштігі нашарлайды.

2.Алкогольді жүйелі түрде пайдаланудың нәтижесі қандай?

Жауабы: Жүректің бұлшық ет жасушаларында зат алмасудың бұзылуы,нәруыздар мөлшерінің азаюына және майдың көп жиналуына апарып соғады.

3.Қан кетудің неше түрі болады?

Жауабы: Үш түрі:капиллярлық, артериялық, веналық.

4.Капилярлық қан кетуде көрсететін алғашқы көмек қандай?

Жарақатты йодтың спирттегі ерітіндісімен(5%) өңдеп,таза дәке таңғышын салу керек.

5.Веналық қан кету дегеніміз не?

Жауабы: Қою түсті вена зақымданғанда болады. Алғашқы көмекке йод ертіндісімен өңдеп қысатын таңғыш таңу керек.Ол көмектеспесе дәрігерге апару керек.

6.Артериялық қан кету дегеніміз не?

Жауабы: Ашық алқызыл түстіқаның жарақаттан атқылап ағуымен ерекшеленеді.

Семантикалық карта "Мағынаны айыру."

Мазмұны

Қан құрамы

Қан жасушалары

Қан тамырлары

Қан аурулары

1

Артерия



+


2

Лимфа

+




3

Гемоглобин




+

4

Эритроцит


+



5

Гемофиля




+

6

Тромбоцит


+



7

Фагоцитоз


+



8

Капиллярлар



+



3.Жаңа сабақ

Тыныс алу дегеніміз- организм мен сыртқы орта арасында оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы мен байланысты жүретін газ алмасу процесі.

Мұрын қуысының құрылысы-ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпилелий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды.


Тыныс алу жүйесі


Мұрын қуысы Өкпе

Жұтқыншақ Көмей Кеңірдек Ауа тамырлары


Мұрын қуысының қызметі


Ауаны жылытады Тозаңдарды ұстап

қалады

Ауа ылғалданады Микробтарды жояды


Мұрынның ішкі құрылысы


Шырышты қабық Қантамырлар

Кірпікшелер Шырыш бөлетін

жасушалар

Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм.

Көмекей



Дыбыс сіңірлері Дыбыс қатпарлары

Дыбыс саңылауы

Кеңірдек - ұзындығы 10-15 см және 16-20 жартылай шеміршекті сақинадан тұрады.Ауа тамырлары екіге бөлініп, ұштары екі өкпеге жалғасады.

Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады.



Өкпенің құрылысы


Ауа тамырлары Ауа көпіршігі

Сыртқы сірқауыз Қантамырлар


Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады.  



Сурфактанттың қызметі



Ауа көпіршектерін көпіршектердің жабысып тұрақтандырады қалуын сақтайды

Тіреуіштік қасиет Оттекті тасымалдауға

береді әсерін тигізеді

Өкпедегі газ алмасуды сыртқа тыныс алу дейді. Ұлпалардағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.Артериялық қан веналық қаңға айналып, қуыс веналар арқылы жүрекке, әрі қарай қанайналымның кіші шеңберіне өтеді.күні бойы адам пайдаланатын оттек пен көмірқышқыл газының мөлшері дене белсенділігіне және денсаулық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Тыныштық күйінде ересек адамға, шамамен, минутына 300 см3 оттек қажет.Өкпеде бұлшық ет ұлпалары жоқ, сондықтан олар өздігінен жиырыла алмайды. Тыныс алу қозғалыстары, негізінен, қабырғааралық бұлшық ет пен көкеттің жиырылуы арқылы қамтамасыз етіледі.

Көкет дегеніміз – кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөлетін күмбез тәрізді бұлшық етті перде.тыныс алғанда, қабырғаарлық бұлшық еттер жиырылып, қабырғаларды көтереді, көкет жайпақтанып, құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түсереді.Нәтижесінде, кеуде қуысының көлемі артып, өкпеқап қуысындағы қысым төмендейді. Осы кезде өкпе кеңейіп, ондағы қысым атмосфералық қысымнан төмендейді де, атмосфералық ауа өкпеге барады.Тыныс шығарғанда, тыныс алу бұлшық еттері босаңсиды, қабырғалар басылады, көкет көтеріліп күмбезденеді, кеуде қуысының көлемі кішірейеді.

Өкпенің көлемі де кішірейіп, ондағы қысым жоғарлап, атмосфералық қысымнан сәл артып, ауа окпеден шығарылады.

Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16 – 18 тыныс алу қозғалыстарын жасайды.

4.Жатты-

ғулар

Оқулықпен жұмыс

Cәйкесін тап”.

А.кілегейлі қабықша 1.Көмейге тамақты жібермейді

Ә.Өкпе көпіршіктері 2.Кірген ауаны жылытады, ылғандырады,заласыздандырады.

Б. Өкпе 3.Мұрын қуысының ішкі қабатының бетін қаптайды.

В .Бөбешік 4.Өкпенің сыртын қаптайды.

Г.Көмей 5.Ішінде дыбыс сіңірлері бар.

Д .Кеңірдек 6.Өкпедегі газға қанға өткізеді.

Е.Плевра 7.Көмейден кейін орналасады.

Ж.Мұрын қуысы 8.Альвеолдар орналасқан мүше

Дұрыс жауабын табыңыз:

  • Өкпе көпіршігін бітейді

  • Ауаны оттегімен қамтамасыз етеді

  • Оттекті тасымалдайтын нәруыз

  • Мұрынның сезімталдығын төмендететін ауру

  • Жүрек – қантамырларын тарылтады

  • Артерия қаны қандай газбен қаныққан?

Жауаптары: 1- темекі, 2 – оттек, 4-түтін смоласы, 5 – гемоглобин, 6 – өсімдіктер, 7 – тұмау

Ойлан, тап!”

Адам бір рет тыныс алғанда қанша ауа жұтады?

Кеңірдек шеңберінің саны қаншы?

Дыбыс қай жерден шығады?

Газ алмасу деген не?

Тыныс алуға қандай бұлшықеттер қатысады?

Тыныс алу орталығы қай жерде орналасқан?

Оттегі қайда сіңіріледі?



5. Қоры

тынды

Тест тапсырмалары:

1.Адам бір рет тыныс алғанда қанша көлем ауа жұтады?

А.500см2 В. 250 см2 С.300 см2 Д.400см2 Е.450см2

2.Тыныс алу мүшесіндегі болатын қауіпті ауру?

А.қатерлі ісік В.демікпе С.туберкулез Д.өкпе қабынуы Е.тұмау

3.Тыныс алу қиындап, булықтыратын ұстамалы ауру?

А.демікпе В.ауаның жетіспеуі С.пәле Д.тұмау

4.Ауа құрамы неден тұрады?

А.инертті газдардан В.су буы С.әр түрлі газдардан Д.оттек, СО2, азот Е.көмір қышқыл газынан

5.Тыныс алу, тыныс шығару қалай реттеледі?А.өкпе арқылы В.жүйке жүйесімен С.реттелмейді Д.гуморальды Е.тыныс алу жолдары арқылы

6.Ауа құрамында қанша пайыз оттек болады?

А.12% В.16% С.18% Д.21 % Е. 25%

7.Адамның негізгі тыныс алу мүшесі?

А.мұрын В.өкпе С.кеңсірік Д.қолқа Е.кеңірдек

8. Тыныс алу орталығы мына мүшелердің қайсысында орналасқан:А.өкпе В.сопақша мида В.мишық

9.Мына тұжырымдардың қайсысы мұрын қуысындағы сілемейлі қабықшаның қызметіне тән емес:

А.ауаны жылытады және дамылдайды В.микробтарды тұтып, зарарсыздандырады С.газ алмасуға қатысады.

10.Өкпені қаптап тұрады:

А.өкпе сіріқауызы В.кірпікшелі эпителий С.безді эпителий

Жауаптары: 1.А 2.А 3.А 4.А, Д, Е 5.Д 6.Д 7.А 8.А 9.С 10.А

6.Бағалау

Әр топ басшысы баға береді және мұғалім қорытындылайды

7.Рефлек

сия

    • Маған сабақ ұнаған жоқ,
      уақытым босқа өтті
      Сабақ маған ұнады,
      әлі де ізденуім керек
      Сабақ маған қатты ұнады,
      жақсы түсіндім деп ойлаймын

8.үйге

тап-ма

§42



Мұғалім: Кусаинова Меруерт Муратовна

Сынып 8 пән химия Сабақтың тақырыбы: §47 «Қышқылдар, алынуы, аталуы, қасиеттері»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі болып келетін қышқылдар класымен, олардың жіктелуі мен номенклатурасымен таныстыру. Зерттеу әдісі арқылы қышқылдардың қасиеттерін анықтау және индикаторлар туралы түсінік беру, қышқылдармен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.

Міндеттері: Білімділік: Қышқылдардың формуласын құрастыруға және оларды атауға үйрету. Қышқылдардың құрамын физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу.

Дамытушылық: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, уақытты үнемдей білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: биология, экология

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қышқылдардың формуласы, тірек-сызбанұсқалары, аскорбин қышқылының таблеткалары, лимон, тұз және күкірт қышқылы ерітінділері, индикаторлар, Zn, Cu, Петри табақшасы, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Ой шақыру.

  1. Сұрақ-жауап әдісі:

- Біреуі оттек болып келетін бинарлы қосылысты қалай атайды?

- Ауа қандай газдардың қоспасы?

- Сутекке сипаттама беріңдер.

- Сутек қайда кездеседі?

- Сутекті қандай заттардан алуға болады?

- Сутек қандай заттармен әрекеттесе алады?

1.Сутектің химиялық таңбасы: Беу) Не Тау) Cu Жау) Si Тәу) Н

2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?

ал)25% ол)32% бел)24% ел)92%

3.Сутекті ең алғаш алған ғалым? біз) Ломоносов күз) Менделеев

сіз) Кавендиш жүз) Лавуазье

4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:

көк) түтінді газ дік) су тудырушы шөк) қопарғыш газ бүк) су тасушы

ІІІ. Жаңа сабақ.

Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, осы заттар арасында қандай байланыс бар? (алма, лимон, айран, аскорбин қышқылының дәмдері қышқыл болады). Күнделікті өмірде қолданылып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Қышқылдармен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, жаңбырдың суы ол таза көрінгенімен, оның құрамында еріген көптеген заттар бар. Жаңағы айтқан ауадағы кездейсоқ газдар суда еріп қышқылдар түзеді де, қышқылдық жаңбыр ретінде жерге түседі, ал ол табиғатқа және адамдарға өте зиян. Біздің ағзамызда да қышқылдар бар (асқазанда – тұз қышқылы, аминқышқылдары ақуызды түзеді, ал олар біздің бұлшық еттерімізді түзеді). Егер орманда құмырсқаның илеуінің жанында көп отырып қалсаңдар, құмырсқаның шаққан жерлері көпке дейін ашиды. Себебі, құмырсқа тек шағып қана қоймай, жараға құмырсқа қышқылын жібереді. Үйде салат жасағанда, консервілегенде сірке қышқылы, лимон қышқылы қолданылады. Сонымен, қышқылдар біздің айналамызда жиі кездеседі. Әр бір адам жас ерекшелігіне қарамай саяхаттануды ұнатады. Бүгін мен сендерді «Қышқылдар әлеміне» шақырамын. Барлықтарымыз поездға отырайық, сендер жолаушы боласыңдар, ал мен бағыттаушы боламын. Алдарыңда тұрған дәптерлерің бүгін «Жолаушы күнделігі» болсын. Әрбір станцияда нені көріп, бақылағандарыңды осы күнделіктеріңе жазып отырасыңдар. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбын күнделіктеріңе жазып алыңдар: «Қышқылдар, алынуы, аталуы, олардың қасиеттері».

Сонымен, «Таныстыру» бекеті

Тапсырма № 1

Осы бекетте тұратын кейбір «тұрғындардың» аттары берілген. Оқулықтарыңдағы 91 беттегі № 10 кестені және тірек сызбаларды қолдана отырып, мына қышқылдарды ата және неге олай аталатынын түсіндіріп көріңдер.

HCl, H3PO4, H2S, H2SO4

(егер қышқылдың құрамында оттек болса, онда ортада тұрған қышқылдың атымен, ал егер оттексіз болса онда сутекпен байланысқан атомға «сутек» деген сөзді қосып оқиды).

М: қышқылдардың формулаларына мұқият қараңдаршы қандай ұқсастық бар? (Н атомы бар) сутекпен байланысқан қалған қалдықты қышқыл қалдығы деп атайды. Олардың валенттілігі байланысқан сутек атомдарының санына байланысты (кестемен жұмыс).

М: Өткен тақырыптан мырыш пен хлорсутек арасындағы реакцияны еске түсірейікші. Бұл реакцияның типі қандай? (метал атомы сутектің орнын басады)

Сонымен:

1. қышқылдар құрылысының ұқсастығы неде?

2. металдармен әрекеттескенде сутекті қандай атомдар орынбасады?

3. сутекпен байланысқан атомды немесе атомдар тобын қалай атайды?

Қышқылдар дегеніміз метал атомдарымен орынбасуға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.

М: қышқылдардың құрамында сутек саны әртүрлі болуына байланысты, оларды бірнегізді – HCl, HNO3, екінегізді – H2S, H2CO3, үшнегізді – Н3РО4 деп жіктейді. Қышқыл қалдығының валенттігі сутек санына байланысты (кестемен жұмыс).

Тағы қандай белгісі бойынша жіктеуге болады? (оттекті және оттексіз)

«Дәм тату» бекеті:

М: алдарыңда тұрған аскорбин қышқылы мен лимонның дәмін татып көріңдер. Бұл заттардың құрамында қышқылдар бар. Неге «қышқылдар әлемінің» «тұрғындарын» қышқылдар деп атайды?

Бірақ, кейбір қышқылдардың дәмі қышқыл болмайды, мысалы, салицил қышқылының дәмі – тәтті, ал никотин қышқылының – ащы. Көбіне барлықтары қышқыл болады.

Қышқылдарды алу:

Бейметал оксидтерін суда еріту арқылы:

SO3 + H2O = H2SO4

H2 + Cl2 = 2HCl

«Техника қауіпсіздік ережесі»

Бүгін химия сабағында бірінші және соңғы рет сендер бір заттың дәмін мұғалімнің рұқсатымен ғана татып көрдіңдер. Негізі химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде: № 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»! № 2 «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдар күйдіргіш болып келеді (тәжірибемен көрсету). Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-к ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.

Қышқылдармен жұмыс істеу ережесімен таныстық енді ары қарай жүре беруге болады.

«Тәжірибе» станциясы

«Қышқылдар әлемінің» «тұрғынымен» кездескенімізді қалай білеміз?

Тәжірибе № 1

Алдарында тұрған сынауықтарға біреуіне – фенолфталейн, екіншісіне – метилоранж, үшіншісіне – лакмус қағазын салыңдар. (оқушылар тәжірибе жасап қорытындыға келеді). Қышқылдар ерітінділерінде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды.

Осы әлемнің «тұрғындары» кіммен дос екен?

Тәжірибе № 2

Сынауықтағы қышқылдардың біреуіне – мырыш, екіншісіне – мысты салыңдар. Не байқадыңдар? Реакция теңдеулерін жазады.

  • Металдармен

  • Метал оксидтерімен

  • Негіздермен

  • Тұздармен



ІV. Бекіту

Тапсырма № 1

Қышқылдарды тауып, аттарын атаймыз:

NaOH ; H2CO3 ; MgO ; Ba(OH)2 ; HSO4; HCl

Тапсырма № 2 Қышқылдарды таңда

HCl Na2SiO3 HSiO K2CO3 K2CO3 HNO HCO FeS FeCl2

Есеп шығару»

1. Массасы 8 г күкірт (IV) оксидін сумен әрекеттестіргенде неше грамм күкірт қышқылы түзіледі?

2. 5 моль күкірт қышқылының массасын есептеңдер.

3. 196г ортофосфор қышқылының зат мөлшерін есептеңдер.

4.Массасы 84г Са(ОН)2 бейтараптау үшін 85%-дық, тығыздығы 1,46г/мл азот қышқылынан қанша (мл) қажет?

V.Үйге тапсырма: §

VІ. Бағалау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тыныс алу м?шелері: ауа тасымалданатын жолдар мен ?кпе.

Автор: Кусаинова Меруерт М?рат?ызы

Дата: 29.10.2015

Номер свидетельства: 245462


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства