Просмотр содержимого документа
«Т??ыл ауылыны? балы? шаруашылы?ын дамыту ж?не ?ор?ау»
Конференция сабағы
Тұғыл ауылының балық шаруашылығын дамыту және қорғау
Сәлеметсіздер ме бүгінгі конференциямызға келіп отырған көрермендер және ұстаздар. Бүгінгі конференциямыздың тақырыбы: «Тұғыл ауылының балық шаруашылығын дамыту және қорғау»
Көл жатыр жарқыраған шарайнадай,
Аққу оны сындырды абайламай.
Сәнің бөлек, Зайсан көл, әнің бөлек,
Келбетің құлпырады қалай – қалай.
Көк майсасы – ғажайып гүлді кілем,
Ақша бұлттар, Зайсанның түндігі ме ең?
Бірін – бірі айқай – шу естімеуші ед
Мұнда үнсіздік
Сөйлесер бір – бірімен.
Тып – тыныш,
Көлдің маңы абат қандай,
Тұнықтыққа арнайы жаратқандай.
Сұлулықтың ғажайып иран - бағы,
Жаныңа жұмақтан нұр таратқандай – дей келе бүгінгі конференциямызды бастаймыз.
Құрметті көрермендер осы конференцияға бір ауыздан жиналып ауыл тұрғындары, экологтар және кәсіпкерлер мен Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің журналистері балық шаруашылығын дамытып, қорғауға ат салысуға келіп отыр.
Енді балық шаруашылығын бастамас бұрын ауыл тұрғындары бізді Зайсан көлінің тарихы, географиялық жағдайы, көлдің ихтиофаунасы мен таныстырып кетпекші. Тұрғындар арасында тарихшылар, географтар, биологтар бар екен. Сөз басын Зайсан көлінің тарихына берсек.
Зайсан көлінің тарихы
Зайсан - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аудандарының бірі, облыстың оңтүстік – шығысындағы – Сауыр мен Тарбағатай тауларының солтүстік сілемдерімен, Зайсан қазан шұңқырының оңтүстік жағында құрылған. Ертеректе жаудан қашып,азып –тозып келе жатқан бір тайпа ел осы көлді кездестіріп,неткен жайсаң жер-деп таңырқап,көлдің жағасына қоныстаныпты.Кейін Жайсаң сөзі-Зайсан болып өзгеріп кетіпті. Біздің жыл санауымыздың VIғасырындағы Түрік дәуірінде Зайсан көлін «Бейне теңіз деп атаған» екен.1717жылы Иван Калмыков басқарған бірінші орыс экспедициясы Зайсан көліне келіп көлді Қызыл-Пу,кейіннен-Корцан деп атаған.
Толқынның шулап жатуына байланысты Хунь-Хоту-Нор және Хошту-Нор,қытайлар «Қоңыраулы көл» деп атаған.Зайсан көлі Алтай мен Сауыр Тарбағатай аралығындағы қазан шұңқырда зжатыр.Бұл ағанды көл,оған бірнеше кішігірімөзендер келіп құяды,олардың ең ірісі-Қара Ертіс.Зайсан-тұщы көл,қыста қатады,жазда ериді.Суының температурасы 26градусқа дейін көтеріледі.
Елдос жарайсың, рахмет! Біз зайсан көлінің тарихын білдік. Кезекті сөзді географтарға берсек.
Зайсан көлінің географиялық аумағы
Зайсанға Қара Ертіс, Көкпекті, Жарма, Кендірлік өзендері құяды да, Ертіс (Ақ Ертіс) ағып шығады. Өзеннің жалғасы көл табанындағы ені 2 км, тереңдігі 10 м-ге дейін баратын ұзынша ор түрінде байқалады. Су режимі Қара Ертіспен байланысты.
Жазда таудағы қар ерігенде көл деңгейі көтеріледі. Қыста төмендейді. Су деңгейінің маусымдық ауытқуы 1 – 2,5 м. Ең төмен деңгейі сәуірдің басында байқалады. Ертістегі Бұқтырма СЭС-і салынғанға дейін көл айдынының аумағы 1788 км², ұзындығы 111 км, ені 30 км, орташа тереңдігі 4 – 6 м (ең терең жері 10 м) болатын. Бөгет салынғаннан кейін көл Бұқтырма бөгеніне қосылып кетті. Көлемі артып, жаға сызығының пішіні өзгерді. Соңғы жылдары көлге құятын Қара Ертіс өзенінің суын Қытайда шамадан тыс пайдалану салдарынан Бұқтырма бөгенінің деңгейі төмендеп, аумағы кішіреюде. Қосылатын су мөлшері бұдан әрі азая берсе, Зайсан көлі бөгеннен оқшауланып, бұрынғы табиғи қалпына қайтып оралуы мүмкін.
Ельдар берген мағлұматыңа рахмет, сен бізге өте керекті дерек айттың. Енді биолог зерттеушілерді тындасақ.
Зайсан көлінің ихтиофаунасы.
Бүгінгі күні Зайсан көлінің ихтиофаунасы 21 түрден тұрады, оның ішінде 16 түрі байырғы немесе жергілікті балықтар болса, 5 түрі жерсіндірілгендердің қатарына жатады, яғни ол 24% құрайды. Әсіресе, бекіре, ақбалық, таймень, көксерке, табан, аққайран, сазан, т.б. көптеп ауланады. Табан, көксерке, алабұға, торта балықтарының таралу аумағы өте кең болып, көлдің барлық акваториясына жайылған, ал шортан көбінесе балық аулауға тыйым салынған жерлерде көп шоғырланған. Аққайран мен мөңке балықтарының бірнеше түрі шөптесін сияқты биотоптарда көбінесе өзендер шығанақтары мен жағалауларында кездеседі. Ал саны жағынан аз, сазан, қарабалық, нәлім сияқты балық түрлері сирек кездеседі. Бүгінгі күні жемдік қорға көлдегі табан балығы басымдылығының біраз азаюы салдарынан сазан, қарабалық, нәлім сияқты бағалы балықтар үшін өз санын көбейтуге мүмкіншіліктер туып отыр. Кәсіптік мәні жағынан төмен таутан мен торта балықтары саны жағынан көп емес. Көл маңында бірнеше балық кәсіпшілігімен айналысатын ауылдар (артельдер) бар. Суына ондатр жерсіндірілген. Көл айдыны кеме қатынасына пайдаланылады.
Ақжан жарайсың, бұл берген дерегің сабақ барысында бізге керек болады.
Бүгінгі таңда осы Зайсан көлімен тығыз байланыста тұрған тұғыл ауылымыз жайлы, ауылымыздағы басты шаруашылық балық шаруашылығын қалай дамытуға болады, балықтар құрып кетпес үшін қандай шаралар атқару керектігін айтпас бұрын, ең алдымен балық сөзіне анықтама берсек.
1.Сонымен «Балық дегеніміз не?» осы сұраққа жауап берсек...
Жауабы: Балық – сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде дүние жүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі бар. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология деп аталады.
2.балық аулаумен айналысатын адамды қалай атаймыз?
Жауабы: балықшы
3. Енді осы балықтармен біз не істей аламыз?
Жауабы:барі жұмыла жауап береді.
Балық
Енді осы балықтарды өңдеу, тауар, азық бұл сөздердің барлығы біздің нақтылап айтқанда осы Тұғыл ауылының тұрғындарының өмірімен өте тығыз байланысты.
1.Ал осы балықтарды кім өңдейді?
Жауабы: әрине балықшылар
2.Балықшылар көлдің басынан балықты аулап алғаннан соң, оны кімге әкеледі?
Жауабы: балықты қабылдайтын кәсіпорындарға, бұл жерден біз балықпен айналысатын кәсіпкерлер бар екенін көреміз.
3.Ал біздің ауылда ірілі, ұсақты кәсіпорындар бар ма?
Жауабы: Бар, олар: ТОО «Санжар», КМЗ ЖШС Мясо комбинат, Зайсан Балық, Әйгерім
Жақсы, енді осы кәсіпорындар басшыларынан алынған журналистер сұхбаттарын тыңдасақ. Видео (Тұғыл ауылының ірі кәсіпкері Мешинбаев Серік ағамыздың берген сұхбаты)
Жақсы балалар Бізде Тұғыл ауылында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар аз емес бар екен ия..... Енді осы Серік ағамыз берген сұхбатынан не ұқтыңыздар?
Жауабы:
Балықты күніне жазды мезгілде 2рет, қыста 1 рет ауланады.
Мекеме бойынша 1жылда 1200т балық ауланады. Оның 60т көксерке, қалғаны табан жіне басқада балықтар.
Зайсан көлі бойынша аулауға тыйым салынған балық түрлері: бекіре, ақбалық, нәлім т,б
Мекемелерге өкімет тарапынан көрсетілетін көмек жоқ.
Балық аулаған қыста қиын.
Қытайдың леска аулары зиянын тигізеді, бұл ауларды қолдануға тыйым салынып келеді. 2006жылдан бері тоқтатылып келе жатыр.
Лицензия дегеніміз өкімет тарапынан берілетін квота.
Уылдырық шашатын уақытта балық аулауға тыйым салынған. Ол 45 күн болады. Мамыр айының 1 – нен маусым айының 15 – не дейін, немесе 15 сәуірден – 1 маусым аралығында.
Жақсы.
Енді біздің конференциямызға келіп отырған кәсіпкерлерге сөз берсек.
Кәсіпкерлер: енді бүгінгі таңда Тұғыл ауылында жұмыс істеп жатқан кәсіп орындардың басшыларының сұхбатын тындап білдік. Енді мен сіздерге өзіміздің дамытайық деген ойымызды ортаға салғым келіп отыр. Мысалы біз, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша, бұл бағдарламаны барлықтарыңыз естіп біліп жатқан шығарсыздар, яғни өкіметтен біз белгілі бір сомада ақша алып, кейіннен 3 жылдан сон оны несие тұрінде қайтарамыз. осы қаражатты алып тұғыл ауылынан дайын өнім шығаратын кәсіп орын ашқымыз келіп отыр. Яғни дайын дегеніміз мысалы түтінге ұсталынып пысырылған балықтар, балықтан жасалған тұшпара, манты, котлет, кептірілген балықтар, фарш дайын. Енді бұрын Совет өкіметі кезінде осы Тұғыл ауылында «Рыбный день» деген күн болған екен. Сол сияқты қазіргі уақытта ауылда сондай күнді белгілеп мектеп, балабақша, ауруханаға дайын өнімдерімізді таратып тұрушы едік. Сонымен қатар жаңағы кәсіп орынға тиесілі дүкен ашып, таза осы өнімдерді сатушы едік. Бұл әрине кәсіп орын болғандықтан тек қана осы ауылмен шектеліп қалмаймыз сонымен қатар қалаларға, басқа елдерге экспортқа шығарамыз. Бұл еңбіріншіден біздің өзімізге пайдасын тигізеді, екіншіден жаңағы өткен жолы Тұғыл ауылының әкімінің есебін тыңдауға барған кезде, ауылда 86 әлеуметтік төмен жағдайда отырған отбасы бар екенін білдік. Осы ауылдағы әлеуметтік төмен 86 отбасын жұмыспен қамтушы едік, сонымен қатар ауылда адамдардың басқа жерлерге көшуін азайтушы едік. Осы арқылы біз Тұғыл ауылының бюджетін жақсартып ауылдың көркеюінеде бір үлесіміз тиюші еді. Мысалы Тарбағатай ауданының бюджетінің 35% - ын осы Тұғыл ауылы толықтырады екен. Енді осы кәсіп орынды ашу үшін бізге де көп балық қажет, ал ауылда балық шаруашылығын дамытып отырған кәсіпорындар жалғыз біз ғана емесқой қалған 6 кәсіп орынбар. Ал қазіргі кезде зайсан балығының құрып бара жатқанын өзіміз көріп отырмыз. Осыған байланысты мен ойлаймын ауылдың балық шаруашылығын дамытуға экологтардың да, басқа да осы көлдің жағдайына жауапты құзіретті органдарда шаралар атқару керек.
Жақсы отырағой. Көлдің жағдайына жауапты орган аймақтағы балық инспекциясының атынан келіп отырған _____ сөз бермес бұрын мына бейне сюжетті көріп алсақ.
Қазақстан телеарнасынан көрсетілген видео көрсетіледі.
Балық инспекциясы
Енді жаңағы бейне сюжеттен көріп естідік, аймақтағы балық инспекциясы дұрыс жұмыс атқармайды диді. Осыған байланысты не айтасыз. Өзінің жауабы. Балық шаруашылығын дамытуда және қорғауда браконьерлерде зор үлесін тигізуде. Біз қазіргі таңда өте белсенді қарқынмен жұмыс атқарсақта заңсыз балық аулайтын браконьерлерге тосқауыл қоя алмай отырмыз. Ол енді ең біріншіден адамдардың өздерінің сана сезімдеріне де байланысты деп ойлаймын.
Ауыл тұрғындары қосылады. Біз мына браконьерлерге қарсы ауыл ішінде жарнамалық плакаттар ілінсе бұл адамдардың сана сезіміне әсер етеді деп ойлаймыз. Мысалы: жолдың шетіне «Браконьерлік ұрлық жасаумен тең» немесе «Браконьерлікке қарсымыз» деген плакаттар ілініп тұрса ол адам сол жолдың бойымен неше рет өтсе сонша рет ол сол плакатты көреді, ол адам сосын мен неге түнделетіп өмірімді қауіп – қатерге тігіп балық аулаймын, сол тапқан ақшам бәрібір нан мен шайымнан аспаит, мен неге ел қатарлы мекемелерге жұмысқа кіріп көппен бірге балық ауламаимын деп кішкене болсын ойланады деп ойлаймыз.
Енді құрметті экологтар сіздерге сөз беріледі ауылымызда балық шаруашылығ одан әрі дамыту үшін, Зайсан көлінің балығы құрымас үшін сіздер қандай шаралар атқарасыздар.
Экологтар.
Енді бағанадан бері Зайсан көлінің жағдайын тыңдадық, кәсіпкерлердің де сөзін тыңдадық, жаңағы көрсетілген бейне сюжетті де көрдік. Енді осы бойынша айтатын болса, қазіргі таңда Зайсан көлінің аймағындағы басқа ауылдарды былай қойып,шынын айтқанда өзіміздің ауылда жазды күні жағаға барсақ ыңғай 66, басқа да жеңіл көліктерді, дамба үстінде кілем жуып жататынын көреміз. бұлай істеу арқылы біз Зайсан көлінің ластануына себепкер болып отырмыз.Тіпті оны айтпағанның өзінде жағаға барсақ толған мусор, оны ешкім жинамаиды. Бұл осы келге ұшып келетін құстарға зор зиянын тигізеді. Былай адамның тілімен айтқанда шашылған лас жерде кімнің жүргісі келеді. Бұл бір. Екіншіден қазіргі уақытта, бағана Серік ағаның берген сұхбатында да естідік қытайдың «леска» аулары қолданылуда. Бұл әрине балықшыларға ақшасы жағынан арзан болғанымен Мына Зайсан көлінің экологиясына өте үлкен зиянын тигізіп жатыр. Себебі, мысалы бұрын жіп аулар қолданылғанғой жыртылып қалса оны қайтадан сол жыртылған жерді тоқуға болады, ал мына қытайдың аулары тоқуға келмиді, яғни бір рет ғана пайдалануға арналған. Сол себепті жыртылған ау қайтадан қолдануға жарамайтын болғандықтан оны балықшылар қайтадан үйге әкелмейді, сол көлдің үстінде немесе жағағаға лақтырып кетеді. Ал бұл шірімейтін зат. Ол ана көлдің түбіне барғанда ол бір емес, екеу емес жүздеген аулар жиналады. Ал көлдің түбінде бәрімізге белгілі балықтарға жем шөп болатын өсімдіктер өседі. Бұл жаңағы жиналған аулар бұл өсімдіктердің өсуін тежейді. Қазақ айтадығой «Балдырлы көлде балық көп» деп. Ал жаңағы өсімдіктер өспегендіктен балықтар басқа қорегі бар жерге ауады. Сол себепті жіп аулар қолдану керек, себебі олар судың түбіне барғанда шіріп кетеді, яғни экологиялық таза заттар болып табылады.
Бұрынғы кезде өзіміздің апа – аталарымыздан естуші едік мезгіл сайын балықтарға көлдің бетінде жем шашылады деп, қазіргі уақытта ондайды естігенім емес.
Енді біз тек Зайсан көлін қорғаумен ғана шектелмей, бағана бейне сюжеттен тындағанымыздай Зайсан көлінің балығының құрып кету қаупін болдырмас үшін ондағы балықтарды көбейтуіміз керек.
Көбейтуге байланысты менің айтқым келіп отыр.(Мұхаммет) Қазіргі уақытта мына табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Зайсан көлінің балықтарын көбейту мақсатында 2011 жылы бекіре балықтарының шабақтарын шашты. 2011ж күзінде ақ балық шабақтарын шашты. Ол жыл сайын жаңағы шабақтардың өсу қарқыны бақылауға алынып отырады. Оның қаншасы өлді, қаншасы тіршілігін жалғастыруда дегендей.
Жалпы Балық өсірудің не екенін айтып кететін болсам
Балық өсіру– балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын бір саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі.
Табиғи суда өсіру
Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, тыран, сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах, форель, бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар.
Биологиялық жолмен өсіру
Балық өсірудің әдістерінің биологиялық негіздерін және биотехникасын зерттейтін ғылым саласы. Ол биология, ихтиология, балық физиологиясы, гидробиология сияқты ғылымдарға негізделген.
Қорытынды
Құрметті қатысушылар енді бағанадан бері өз пікірлерімізді, ойларымызды ортаға салып жатырмыз, енді осыдан қандай қорытынды шығарасыздар.
Ең бірінші Зайсан көлінің экологиясын жақсартуымыз керек. Ол үшін көлдің суына кілем, көлік жүүды, жағасына мусор лақтыруды болдырмауды қатаң түрде қадағалауымыз керек. Осыған байланысты айыппұл төйлеу шараларын ұйымдастыру керек. Көл жағалауларында «Қоқыс лақтырма! _____ айппұл» деген белгілерді қою керек. Бұны балық инспекциясы мен табиғатты қорғау полициясы қатаң түрде қадағалау керек.
Әрбір мекеме 3 ай сайын көлде сенбілік жұмыстарын жүргізуге белгілі бір күн арнау керек.
Балық инспекциясы қытайдың леска ауларын пайдалануды тоқтатуға шаралар жасау керек.
Адамдардың сана сезімін көтеру мақсатында Балыққа байланысты мерекелік шаралар ұйымдастыру керек.
Балықтар уылдырық шашатын кезде көл бетінде қатаң тексеру жүргізу керек. Себебі бұл балықты көбейтуге ең маңызды процесс кезі.
Аулануға тыйым салынған балықтардың ауланбауын әр кез қадағалау керек.
Құрметті ауыл тұрғындары, балықшылар, көлдің жағдайына жауапты құзіретті органдар барлығымыз жұмыла осындай шараларды атқарсақ Тұғыл ауылының балық шаруашылығын дамытып және қорғай аламыз деген қорытындыға келеміз.