Просмотр содержимого документа
«Топсеруенді ?йымдастыру (6 сынып) »
«Меңдіқара ауданы әкімдігі
білім бөлімінің
Борков орта мектебі» ММ
Биология сабағында топсеруенді ұйымдастыру
Автор:
Аксенова Гульназ Серикболатовна
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ТОПСЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл мектепке жүктеледі. Әр мұғалім сабақты өткізуден тыс, әр оқушының ішкі жан дүниесін байытатын әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға тырысады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырудың бірі бұл сабақтан тыс жұмыс, олимпиадалар, топсеруен және тағы басқалары. Топсеруен – мектептегі оқу процесін шынайы өмірмен байланыстыратын, оқытуды ұйымдастыру формаларының бірі. Сабақ жүйесінде топсеруен бірнеше дидактикалық қызмет атқарады:
Топсеруен жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған теориялық білімін практикамен жалғастыру, бекіту.
Сондықтан оқушылардың танымдық белсендідігін арттыруда маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушылардың оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. Оқытуды топсеруен жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:
1. Кіріспе топсеруен. Ол сабақта күрделі тарауда тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады.
2. Ілеспелі топсеруен. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізіледі.
3. Қорытынды топсеруен. Ол күрделі немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді.
Барлық өткізілетін топсеруеннің ортақ құрылымы бар:
Кіріспе: тақырыбы және бағыт-бағдары айтылады.
Мақсат- міндеттері.
Оқушылардың жеке жұмысы (үлестірме тапсырмалар).
Оқушылардың қорытынды жұмысы (отчет)
Қорытындылау.
Топсеруен кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі. Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, кеппешөп жасау арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адам еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді.
Топсеруенге дайындалудың әдіс-тәсілдері
Топсеруенннің өз мақсатына жетуі үшін келесі ережелерді ұмытпау керек:
Топсеруен бұл жай ғана серуендеу емес, ол оқу жүйесінің міндетті бөлігі
Оқушыларды тек тыңдаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар белсенді жұмысқа кірістіру
Жаңа терминдерді көп қолданбау
Негізгі объектіге көңілін аударта білу
Уақытында топсеруенді аяқтау
Тақырыпты қорыта білу
Топсеруен жаңа білімдермен қатар, мұғалімге өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі.
Топсеруенге баратын топтарда 10 оқушыдан 40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут. Мұғалім алдын ала экскурсия болатын жерді көріп, оның білімге ықпалын анықтап, топсеруеннің мақсатын және міндеттерін, түрін және құрылымын анықтайды, оқушылар үшін мәселелік сұрақтар, тапсырмалар әзірлейді, топсеруеннің әдіс, тәсілдерін белгілеп, жоспар құрастырады. Жүретін жерлердің бағдарын жасап, қосымша көрнекіліктер және керекті жабдықтарды (өлшейтін құралдарды, блокнот, қарындаштарды, кеппешөпке арналған папкаларды, фотоаппаратты, компасты) әзірлейді, оқушыламен әңгімелеседі, қауіпсіздік ережелерін, өзін-өзі ұстау жөнінде айтады, экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама беріп, қалай, қайда қарау керек екенін, нені бақылау, жазып алу, суретке түсіру керектігін айтып, қалай жүру керектігін түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді.
Кіріспе әңгімеде мұғалім топсеруен мақсатын айтады, содан кейін оқушылар объектілерді қарап, тапсырманы орындауға кіріседі; сурет салады, жазады, объектінің ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен қорытынды жасайды. Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін демонстрациямен ұштастырады. Оқушылардың бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның соңында мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді, қорытынды әңгіме болады. Керек жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды. Экскурсия материалдарын кірістіріп сабақ өткізуге болады.
Мектепте өтетін топсеруен оқытудың тиімді формасы болғандықтан, оларды жиі өткізу керек, себебі ол өмірді тану дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін экскурсияларға тапсырмалар әзірлеп, нәтижелерін тексеріп отыру керек.
Топсеруен:
«Айналамыздағы өсімдіктер әлемі»
Мақсаты: мектеп учаскесі мысалында, өсімдіктердің алуан түрлерімен, өсімдіктердің тіршілік формаларымен және өсімдіктердің адам және табиғат өміріндегі маңызымен танысу.
Құрал-жабдықтар: қалам, дәптер, лупа
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Қауіпсіздік техникасы ережесімен таныстыру.
Мұғалім: Балаллар, табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережелерін білесіндер ме?ал, есімізге түсірейік!
Оқушылар: бұталар мен ағаштарды сындырмау. Гүлдерді жұлмау. Т.б.
Мұғалім: Жарайсындар!
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, айналаға көз тігіп қараңдаршы, бізді қоршаған таңғажайып әлем: ағаш, бұталар, гүлдер, жануарлар, аспан, күн қандай сұлу, әсем... бұл не?! Табиғат. Біздің өміріміз табиғатпен тығыз байланысты. Ойланып көріндерші, табиғат бізді тамақтандырады, киіндіреді, жылытады. Олармен жақын танысу мақсатында, біз бүгін табиғаттың бір бөлігі өсімдіктер әлемі жайлы сөз етеміз.
Өсімдіктерді зерттейтін ғылым неге Ботаника деп аталады?
Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?
Дәрілік өсімдіктер
Құрылыс материалы, отын
Адам мен малға азық
Сұлулық, әдемілік
Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай?
Оттегін бөлу
Көмірқышқыл газын жұту
Топырақты құнарландыру
Топырақты эрозиядан сақтандыру
Мектеп маңайында өсімдіктер түрі бірдей ме? Жоқ. Әртүрлі. Ерекшеліктері неде?
Мұғалім: Өсімдіктер тіршілік ұзақтығы бойынша
Көпжылдық
Екіжылдық
Біржылдық
Өсімдіктер бір-бірінен түсі, жапырағының, сабағының пішіні, жемісі бойынша ажыратылады. Оларды 3 топқа жатқызуға болады:
Ағаштар
Бұталар
Шөпті өсімдіктер
Мәдени өсімдіктердің жабайы өсетін өсімдіктерден айырмашылғы неде? Мысал келтіріндер.
Ойын-тапсырма. «Жапырақтарды іздестіру»
Әр топ тапсырма алып орындайды:
Пішіні әртүрлі үш сары жапырақты табындар;
Пішіні әртүрлі үш қызыл жапырақты табындар;
Пішіні әртүрлі үш жасыл жапырақты табындар;
Пішіні әртүрлі үш қызыл-қоңыр жапырақты табындар;
Ұша алатын тұқымды тап
Әртүрлі пішінді үш тұқымды тап
Жапырақсыз ағашты тап, ең жасыл жапырақты ағашты тап.
Тапсырма №1
Метеп маңайында қандай біржылдық және екіжылдық өсімдіктер өседі?
Ерекшеліктері неде?
Ағаш пен бұталар жапырағынан кеппешөп жасандар.
Тапсырма №2
Метеп маңайында қандай біржылдық және көпжылдық өсімдіктер өседі?
Ерекшеліктері неде?
Ағаш пен бұталар жапырағынан кеппешөп жасандар.
Тапсырма №3
Метеп маңайында қандай екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер өседі?
Ерекшеліктері неде?
Ағаш пен бұталар жапырағынан кеппешөп жасандар.
Тапсырма №4
Ағаш пен бұтаның айырмашылығы неде?
Дәрілік өсімдіктердің мектеп маңайында кездесуін анықта
Дәрілік өсімдіктерден кеппешөп жасаңдар.
Қорытынды.
Үйге тапсырма: топсеруен туралы қорытынды
Топсеруен:
«Өсімдіктер тіршілігіндегі күзгі құбылыстар»
Топсеруен мақсаты: оқу учаскесі мысалында, өсімдіктердің алуан түрлерімен, Өсімдіктердің тіршілік формаларымен және өсімдіктердің адам және табиғат өміріндегі маңызымен танысу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Қауіпсіздік техникасы ережесі
Кіріспе
Тапсырма
Қандай өсімдіктерді кездестірдіңдер?
Қандай өзгерістерді байқауға болады?
Күз мезгілінің келгенін қалай білуге болады?
Қандай өсімдіктерде жапырағы ерте және кеш түсетінін анықтандар.
Табылған жеміс-жидектерге, тұқымдарға көңіл бөліндер. Олардың құрылысы мен таралу ерекшеліктеріне назар аударындар.
Кездескен құс, жануарлардың тіршілігіне, немен айналысып жатқандарына көңіл бөліндер.
Ойын. Ия-жоқ.
Егер мұғалім дұрыс айтса, балалар шапалақтайды, егер қате болса, секіреді.
Ағаштар жүреді, секіреді.
Ағаштар тамырымен топыраққа бекінеді.
Қыста ағаштардың жасыл жапырағы болады
Ағаш сабағының ішкі қабатында шырыны болады.
Егер барлық ағаштарды жойса, жер шары одан да әдемірек болады.
Қорытынды.
Рефлексия. Бір-екі оқушы көргендерін баяндап береді.
Топсеруен.
Өсімдіктің қысқы тіршілігі.
Жапырағын тастаған ағаштар мен бұталар.
Мақсаты: қыс мезгілі кезіндегі өсімдік тіршілігіндегі өзгерістерін бақылау, сырты ортаның өсімдіктің тіршілігіне әсерін анықтау; оқушылардың өз бетімен бақылау дағдысын дамыту.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Қауіпсіздік техникасы ережесі .
Кіріспе
Тапсырма
Топсеруен кезінде бақылаған ағаш пен бұталардың атын атандар.
Үйеңкі, терек, қайыңның сабағының суретін салыңдар. Сабағында орналасқан бүршіктің орналасуына көңіл аударындар. Олардың қыстап шығуына не көмектесетінін анықтандар.
Мәңгі жасыл өсімдіктерді атаңдар. Ерекшеліктері неде?
Қысқы табиғатпен байланысты өлең жолдарын, жұмбақ, мақалды еске түсіріндер.
Ойын. Өз байқағыштығынды анықта. Мұғалім кез-келген қызықты табиғат бұрышын таңдап алып, оқушылардың бұл бұрышты қарап, содан не есінде қалғанын айтып беруін ұсынады.
Үй тапсырмасы:
Топсеруен.
Терезе алдындағы өсімдіктер әлемі
Мақсаты:бөлме өсімдіктеріне қызығушылықтарын қалыптастыру. Оқушыларға олардың әртүрлілігін, қоршаған ортаға тәуелділігін, адам өміріндегі маңызы мен рөлін көрсету. Оларды күту ерекшеліктерімен таныстыру. Эстетикалық сезімін тудыру.
Құрал-жабдықтар: жеке үлестірмелер, бөлме өсімдіктерін анықтайтын анықтамалар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Қауіпсіздік техникасы ережесі .
Кіріспе.
Үлестірме
Сынып:.......
Нұсқа 1
Тақырыбы: Терезе алдындағы өсімдіктер әлемі
Метептің бірінші қабатындағы бөлме өсімдіктерімен танысындар.
Олардың жалпы саның жазып алындар: .........................................
Кез-келген үш өсімдіктің жапырағының пішінің, жүйкеленуін, орналасуын анықтап жазындар:....................................................................
Жақсы өсіп тұрған өсімдіктердің санын анықтандар:......................
Сендерге белгілі бөлме өсімдіктерін күту тәсілдерін жазындар:
Кез-келген үш өсімдіктің жапырағының пішінің, жүйкеленуін, орналасуын анықтап жазындар:....................................................................
Нашар өсіп тұрған өсімдіктердің санын анықтандар:......................
Сендерге белгілі бөлме өсімдіктерін күту тәсілдерін жазындар: