kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар және агроценоздар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Экологические факторы среды обитания поурочное планирование для 10 классов. Антропогенный фактор - вся деятельность человека с оружающей средой

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар және агроценоздар.»

17 орта мектеп









Тәрбие сағат



Тақырыбы: «Ұстазым менің ұстазым»

Өткізген: Сарсенов М.Т

Сыныбы: 10«А»



















Жаңаөзен қаласы

2013/2014 оқу жылы













Тақырып: §21. Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар және агроценоздар.

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушылардың тіршілік ортасы, экологиялық факторлар және агроценоздар туралы білімдерін кеңейту.

ә)дамытушылық:оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін,өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

б)тәрбиелік:оққушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге үйрету, олардың туған жерге деген мейірімі мен ықыласын тудыру және арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, оқулық,дидактикалық карточкалар, реферат, видеокөрініс,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушы кезең: а) Оқушылармен салемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу,құрал – жабдықтарды тексеру

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау:

1) Антропогендік факторлар ұғымы нені білдіреді?

2) Адамның табиғатқа ықпал етуін неше кезеңге бөледі?

3) Аймақтың экологиялық мәселелердің қандай ерекшеліктері бар?

4) Экологиялық дағдарыстың,экологиялық апаттан қандай айырмашылықтары бар?

5) Мониторинг деген ұғым нені білдіреді?

6) Өздерің тұрған жерде қандай жергілікті экологиялық мәселелер бар деп

ойлайсыңдар?

7) Экологиялық апат дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

8) Қазіргі ғаламдық деңгейдегі жағымсыз антропогендік факторларды

атаңдар.

1.Слайд

2.Слайд

3.Слайд



4.Слайд

5.Слайд

6.Слайд

7.Слайд



8.Слайд. Семей полигонындағы ядролық жарылыс.

9.Слайд.Семейдегі Абай ауданындағы ядролық жарылыс жүргізілген жерден көрініс

10.Слайд.Семейдегі жаңа туылған баланың денесіне екінші баланың бір жамбас бөлігі бірігіп туылған.ол баланың төрт бүйрегі бірдей жұмыс жасап тұрған..







11.Слайд.Қызылорда облысындағы бас пішімі бұзылған миы толық емесқоянжырық , құстамақ пішінді кеміс болып туылған бала

12.Слайд.Тартылған Аралда қалған кеме.

13.Слайд.Байқоңыр ғарыш аймағында ұшырылған зымырандар ауадағы азон қабатын жұқартуда.





















14.Слайд.

15.Слайд.













IV.Үйге берілген тапсырманы бекіту.

16.Слайд

Ойын: «Мені қуып жет». (1 минут).

V. Жаңа сабақты түсіндіру.

17.Слайд



1. Су-тіршілік ортасы. Су көптеген организмдер үшін ең қолайлы орта болып саналады. Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы – гидробионттар (грекше “hydor”-су, “biontos”-тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі – судың қалың қабаты (пелигиаль грекше “pelagos”-теңіз). Бұл қабатты тіршілік ететін органимзмдерді пелагостар деп аталады. Екіншісі – су түбі (бенталь грекше“benthos” – терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін организмдер бентостар деп аталады. Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсақ организмдерді (фитопланктондар мен зоопланктондарды)

планктондар (грекше “planktos”- қалқып жүретіндер) деп атайды. Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ірі организмдерді (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.) нектондар (грекше “nektos”-жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ организмдер нейстондар (грекше“heustos”- жүзетіндер) деп аталады.


2. Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерешеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін организмдер – аэробионттар (грекше “aer”-ауа) деп аталады. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді террабионттар (латынша “terra”-“жер”) деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін организмдер денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай организмдерде арнайы тыныс алу мүшелері пай да болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес организмдерде қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілері қалыптасқан.


3.Топырақ-тіршілік ортасы.Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера(грекше “podos”-аяқ) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі қабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар,құрттар және т.б.) тіршілік етеді.Топырақ көптеген организмдердің тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін организмдер – педобионттар деп аталады.


4.Организм – тіршілік ортасы.Организмнің де тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол, температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету қаупі және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігінен, тіршілік кеңістігінің шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер тобын – эндобионттар (грекше “endon”- ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар (селбесіп тіршілік ететін), комменсалдар және т.б. деп

бөледі.


Экологиялық факторларды үш топқа бөледі:


  1. Абиотикалық ( грекше “a”- керісінше, “biotikos”- тірі) (бейбиотикалық) фактор – қоршаған орта факторларының жиынтығы. Оған климаттық, атмосфералық, топырақ, жер бедері, су, жарық, температура және т.б. факторлар жатады.


2. Биотикалық факторларға тірі организмдердің бір-біріне немесе табиғи бірлестіктердегі организмдердің бір тобының екінші тобына әсер етуі жатады. Бұл факторлар тірі организмдердің бірге тіршілік етуімен және өзара қарым-қатынасымен ерекшеленеді.

3. Антропогендік (грекше “anthropos”- адам) факторлар –адамның іс-әрекетінің табиғатқа тікелей әсер етуін нақтылай түседі.


Организмдердің орта факторларына бейімделуі. Организмнің тіршілігіне экологиялық фактордың ең қолайлы әсерін – оптимум (латынша “optimum” – ең қолайлы) ережесі деп атайды. Жеке организмдерге немесе олардың популяцияларына бір мезгілде бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл кезде факторлардың бірі екінші фактордың әсерін күшейтіп немесе әлсіретіп жіберуі мүмкін. Мұны өзара әсе етуші факторлар ережесі деп атайды. Мысалы, қолайлы температуралық жағдайда организмнің ылғалдылыққа және қорекке төзімділігі арта түседі.


Агроценоз (грекше “agros” – егістік, “koinos”- жалпы) ауыл шарушылығы өнімдерін алу үшін адамның іс-әрекеттері арқылы реттеліп отыратын тірі организмдер бірлестігі. Агроценоздардың өзіне тән белгілер бар. Біріншіден – тірі организмдердің түр құрамы аз, екіншіден – экологиялық тұрғыдан тұрақты емес, үшіншіден – заттардың айналымы толық емес, төртіншіден – биологиялық өнімділігі жоғары, бесіншіден – тікелей адамның қатысуымен реттеліп отырады. Сонымен қатар агроценоздар өздігінен қалпына келе алмайды және өзіе-өзі реттей алмайды. Кейде зиянда организмдердің немесе аурулардың әсерінен агроценоздар жойылып кетуі де мүмкін. Агроценоздарға егістіктер, бау-бақшалар, қолдан жасалған жайылымдар, су қоймалары , қолдан отырғызылған жасыл желекті алқаптар және т.б. жатады.





V.Жаңа сабақты бекіту.

1. Қандай тіршілік орталары бар?

2. Экологиялық факторлардың түрлерін атаңдар?

3. Агроценоз ұғымы нені білдіреді?

VІ.Үйге тапсырма:§21.Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар және

агроценоздар. 2012/2013 ж.ж Халықаралық және Қызыл кітабына тіркелген өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің санын анықтау.

122-127 беттер.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Тіршілік ортасы, экологиялық факторлар және агроценоздар.

Автор: Сарсенов Мухтар Турарович

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416355


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства