«Миға шабуыл» (үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қойылады)
I. «Қаңқа» тобына қойылатын сұрақтар
1) Бұлшықет қандай топтарға бөлінеді?
2) Жалпақтабандылық дегеніміз не?
3) Жалпақтабандылықтың алдын алудың тиімді әдісін ата.
4) Жалпақтабандылықтың әсерінен адамда қандай өзгерістер болады?
II. «Бұлшықет» тобына қойылатын сұрақтар
1) Жалпақтабандылықты қалай анықтауға болады?
2) Дене сымбатың бұрылуы дегеніміз не?
3) Адамда дене сымбаты бұзылған кезде қандай жағдайлар орын алады?
4) Дене сымбатының бұзылуынан адамда қандай аурулар пайда болады?
«Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің» - топ басшыларына тапсырма. Әр топтың топ басшылары зерттеп келген тақырыбына сипаттама береді.
I топ «Жалпақ табандылықты қалай анықтауға болады?»
II топ. «Дене сымбатының бұзылуынан болатын аурулар»
III. Білгенге маржан (жаңа сабақ өткен тақырыптарға шолу)
1. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы
2. Сүйектің құрылысы, құрамы
3. Бұлшықет
4. Сүйек, буын аурулары
1) Тірек-қанқа, ағза мүшелерінің бір қалыпты сақталуын қамтамасыз етеді;
2) Дененің барлық қозғалыстары сүйек пен бұлшықет арқылы өтеді;
3) Қорғаныш қызметін атқарады;
4) Сүйек қан жасауға қатысады;
5) Қаңқа денеге пішін беріп тұрады.
«Адам қаңқасы» бар слайд.
Органикалық заттар сүйекке иілгіштік және серпімділік, бейорганикалық заттар қаттылық, мықтылық қасиет береді.
Сүйектің құрылысына тоқталу.
3. Бұлшықет – адам сымбаттылығының негізі. Бұлшықеттер – бұлшықет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады. Бұлшықеттердің негізін – көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғыры құрайды. Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан қанқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі. Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай біріңғайсалалы, көлденеңжолақты және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Біріңғайсалалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын астарлап жатады. Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.
Сүйек пен буын аурулары жайында түсінік беру.
IV. Топтық тапсырмалар (бекіту).
«Қаңқа» тобының тапсырмалары.
Тірек-сызбамен жұмыс.
Сәйкесін тап.
Бассүйек, қол-аяқ сүйектерін бір-бірімен ажыратып сәйкес әрпін белгіле.
1. Бас сүйек
А. Саусақ сүйектері, тоқпан жілік, иық белдеуі, кәрі жілік
2. Қол қанқасы
В. Ми сауыты, шүйде сүйегі, төбе, самай сүйегі
3. Аяқ қаңқасы
С. Қабырға, төс, омыртқа
4. Тұлға қаңқасы
Д. Толарсақ, асықты жілік, сан, башпай сүйектер, табан
«Бұлшықет» тобына тапсырмалар.
1. Сөйлемдерді толықтырыңдар. «Сандар сыры»
Ересек адамның қаңқасында .... ден астам сүйектер бар. Адамда омыртқалардың саны 33-34, .... мойын омыртқа, .... арқа омыртқа, .... бел омыртқа, .... сегізкөз омыртқа, .... құйымшақ омыртқалар.
2. Сүйек, буын, сіңір шыққанда қандай алғашқы көмек көрсетеміз?
V. Сергіту сәті (Оқушыларға «Қара жорға» биіне билету арқылы буындарына қозғалыс жасатқызу.
VI. Қорытынды (Сабақты қорытындылау тест жұмысын орындайды
VII. Бағалау (Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау)
VIII. Үйге тапсырма. «Дене еңбегі мен дене шынықтырудың тірек-қимылына әсері» реферат жазу.