kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тірек-?имыл аппаратыны? ма?ызы ж?не ?ызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

б?л материал ашы? саба?7bgh,k,klmdfsklmf,lzsdvcmvkjnfjkbvm,lxc/z.;xc\ds\mkjdnjkvnjhc mvc,..,x.,lzkmdklsjfnjknd 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тірек-?имыл аппаратыны? ма?ызы ж?не ?ызметі»

Сабақ кезеңдері

Оқытушының іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

Ұйымдастыру


Саламатсыздар ма, бүгінгі сабақта кім жоқ екенін белгілеп алайық. Көңіл -күйлеріңіз қалай?

Кезекші сабаққа келмеген студентті белгілетеді.


Психологиялық ахуал (2 минут)

Топ мүшелері бір-біріңізге жақсы сөздер айтып, сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық.

Студенттер бір-біріне жақсы тілектер айтып, көңілдері көтеріледі.

Үй тапсырмасын тексеру (8 минут)

Жаңа сабақ бастамас бұрын, үй тапсырмасын тексеріп нені меңгергенімізді білейік.

«Ой қозғау»

1.Тақтаға топ басшылары шақырылады.

Олар «мәрмәр қобдишадан» сұрақ алып 1 минут ішінде жауап берулері керек.

2.Ендігі кезек топ мүшелерінде.

Оларға интербелсенді тақта арқылы сұрақтар қойылады. Жауабын білетін топ мүшелері алдарына қойылған белгілерді көтереді. Кім бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр жауапқа 1 фишкадан алады.

Сұрақтарға жауап беру.

Топ басшылары сұрақтарға жауап береді. Оқушылар ойларын жинақтайды.

Әр жауапқа 1 фишкадан алады.


Жаңа сабақ

(10 минут)

Енді дәптерге бүгінгі күннің жадын жазамыз.

Сабақтың тақырыбы: «Тірек-қимыл аппаратының маңызы және қызметі»

«Миға шабуыл».

(Сұрақтар қойылады).

1.Тірек-қимыл мүшелеріне не жатады?

2.Тірек-қимыл мүшелерінің қызметі қандай?

3.Адам мен жануар қаңқасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

4.Қалай ойлайсыңдар адамның сүйектері пішініне, мөлшеріне байланысты қандай топтарға бөлінеді?

5.Ұзын сүйектерге қандай сүйектер жатады?

6.Қысқа сүйектерге қандай сүйектер жатады?

7.Жалпақ сүйектерге қандай сүйектер жатады?

(Жаңа сабақты түсіндіру).

Міне, мектептен алған білімдеріңіз бойынша жауап бердіңіздер, енді интербелсенді тақтаға қарап жаңа сабақты зейін қойып тыңдаңыздар.

Тірек-қимыл жүйесінің маңызы:

  • ағза мүшелерінің бір қалыпты сақталуын қамтамасыз ететін тірек қаңқасы болады;

  • денені қозғалысқа келтіреді;

  • қорғаныштық қасиет көрсетеді;

  • қан жасауға қатысады.

Пішініне қарай:жалпақ(жауырын,жамбас,бет, жақ); ұзын (жіліктер); қысқа(білезік,алақан, саусақ, толарсақ, табан сүйектері); аралас (омыртқа).

Байланысуына қарай: қозғалмайтын (бас, жамбас);аз қозғалатын (омыртқа); еркін қозғалатын (аяқ-қол сүйектері қабырғалар).

Тұлға-омыртқа жотасы+көкірек сарайы.

Омыртқа- 33-34;7 мойын,12 кеуде,5 бел,5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ.Омыртқа жотасының иіні: мойын, арқа, бел, сегізкөз.

Көкірек сарайы: қабырғалар, төс сүйегі.

Бас сүйектері: ми сауыты (1 маңдай,2 самай,2 төбе, 1 шүйде және тор сүйегі), бет бөлімі (Жұп- жоғарғы жақ, мұрын, көз-жас, таңдай, төменгі мұрын кеңсірігі.Тақ- төменгі жақ,желбезек,тіл асты сүйегі).

Құрамы:бейорганикалық заттар-50% су, 22 % минералды заттар-қаттылық, беріктік қасиет, органикалық-12% нәруыз тектес зат, 16% май-серпімділік, иілгіштік қасиет береді.

Сүйекқап жасушаларының әсерінен жуандайды,шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен ұзарады.

Студенттер күннің жадын, сабақтың тақырыбын дәптерге түсіреді.

Сұрақтарға 8-сыныпта алған білімдерін еске түсіріп жауап береді.


Мағынаны тану

(20 минут)

Енді әр топқа жаңа ақпарат жазылған үлестірмелер, жеке студенттер үшін тапсырмалар беріледі. Топ мүшелері ақпаратпен танысып, топта талқылайды, содан кейін постер құрып және оны ортаға шығып қорғау керек.

1.Жеке танысады (2 минут)

2.Топта талқылау (3 минут)

3.Постер құру (5 минут)

4.Сыныпта қорғау (10 минут)

Бағалау (2 минут)

Бақылайды,бағалайды.Формативті бағалау (фишкалар-дың саны арқылы бағалау).

Алған фишкаларының санын айтады.

Рефлексия (2 минут)

1.Сіз өзіңіз үшін жаңадан нені білдіңіз?

2.Сізге бәрінен бұрын не ұнады?

3.Сіз үшін не жеңіл болды?

4.Сіз үшін не ауыртпалық тудырды?

5.Сіздің қиыншылықтарыңызды шешуге не көмектесті?

6.Сіз бұрын істей алмайтынды қазір істей аласыз ба?

7.Сізге қай жерінде көмек қажет етілді?

8.Бұл тапсырманы басқа топ үшін қалай өзгертер едіңіз?

9.Сізде қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Студенттер таратып берген стикерлерге өз ойларын жазады.


Үйге тапсырма

(1 минут)

Тірек-қимыл аппаратының маңызы және қызметі


Сабақ жүргізген оқытушының

аты-жөні

Оқу орны

Тобы

Дәрісхана №

Бейсенова Минаим Бимахановна

Маңғыстау гуманитарлық колледжі

МДБ-11

106 кабинет

Сабақ тақырыбы

Тірек-қимыл аппаратының маңызы және қызметі

Жалпы мақсаты

Білімділік: Суденттерге тірек-қимыл аппаратының маңызы мен қызметі туралы ақпаратты тереңінен меңгерту.

Дамытушылық:Студенттердің танымдық қабілетін, білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін, игерген тәжірибелік дағдыларын арттыру және нығайту.

Тәрбиелік:Жаңа технологияны игере отырып, қаңқа мен бұлшықеттің дамуына дене жаттығуларының, қимыл- қозғалыстың маңызын түсіндіру арқылы оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Міндеттер:

Жаңа тақырыпты студенттердің білімі арқылы бастау.

Тірек-қимыл аппараты туралы білімдерін жетілдіру.

Студенттердің өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасап, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр қайсысын қамтуға жағдай жасау.

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, белсенділікті арттыру.

Студенттердің қызығушылығын ояту.

Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Оқытушы үшін оқу нәтижелері

Студенттердің бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығуы.

Оқытушы студенттерді оқуға бағыттап отыру.

Студенттердің өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.

Студенттер анатомия не оқытатынын біліп түсінеді. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.

Студенттер үшін оқу нәтижелері

1.Студенттер тіршіліктің пайда болуын біліп түсінеді. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады.

2.Өткен материалдарды еске түсіру.

3.Тақырыпта өткен терминдерді үш тілде оқып үйренеді.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Студенттердің өмірден алған білімдеріне, білетініне сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы студентке жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Көрнекіліктер топтамасы, флипчарттар, слайд, үлестірме қағаздар, тесттер.

Оқыту әдіс-тәсілдер:

АКТ, СТО, жеке жұмыс, топтық жұмыс

Дерек көздері:

Набидоллина Ш.С. "Бастауыш мектеп жасындаы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы", интернет ресурстары.

Сабақ түрі

Ашық сабақ

Сабақтың әдісі

Түсіндірмелік, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, ЖИГСО, Блум таксономиясы

Сабақта қолданылатын модульдер

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, сыни тұрғыдан ойлау,талантты және дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту,оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.









Берілген сүйектерге «+» белгісін тиісті бағанаға қойыңыздар


Сүйектер

Бас сүйектері

Иық белдеуі, қол сүйектері

Жамбас белдеуі,аяқ сүйектері

1

Асықты жілік




2

Башпай сүйектері




3

Бұғана




4

Білезік сүйектері




5

Саусақ сүйектері




6

Ортан жілік




7

Жауырын




8

Жамбас сүйектері




9

Толарсақ сүйектері




10

Тоқпан жілік




11

Шынтақ сүйегі




12

Шыбық (садақ) сүйек




13

Шүйде сүйегі





Сызықтық диктант

Дұрыс жауапқа «+», ал қате жауапқа «-» таңбасын қойыңыздар.


1.Мойын омыртқаның саны-9

2.Мешел ауруы Д дәруменінің жетіспеуінен болады.

3.Қаңқаның дамуына С дәрумені әсер етеді.

4.Буын құздама ауруынан зақымданады.

5.Ұзын сүйектер жілік деп аталады.

6.Жамбас сүйектері қозғалмалы байланысқан.

7.Скалиоз-омыртқа жотасының бір бүйіріне қисаюы.


























«МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК





«Бекітілді»

ПЦК жетекшісі ________Таумурунова М.Е.

« » _________2015 ж.










Ашық сабақ тақырыбы: «Тірек-қимыл аппаратының

маңызы және қызметі»










Дайындаған: Бейсенова М.Б.-биология,

анатомия пәндерінің

жоғары санатты оқытушысы,

І деңгей.













Ақтау-2015 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тірек-?имыл аппаратыны? ма?ызы ж?не ?ызметі

Автор: Бейсенова Минаим Бимахановна

Дата: 29.09.2016

Номер свидетельства: 346711


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства