kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тема: "?ыл?анжапыра?ты ?сімдіктер мен ?ыл?анжапыра?ты ормандарды? таби?атта?ы ж?не адам шаруашылы?ында?ы ма?ызы."

Нажмите, чтобы узнать подробности

 ?ыл?анжапыра?ты ?сімдіктер мен ?ыл?анжапыра?ты ормандарды? таби?атта?ы ж?не адам шаруашылы?ында?ы ма?ызы.

О?ушылар?а ?ыл?анжапыра?ты ?сімдіктер туралы т?сінік беру.   ?ыл?анжапыра?ты ормандарды? таби?атта?ы ж?не адам шаруашылы?ында?ы ма?ызымен таныстыра отырып, о?ушыларды?  танымды?  ?абілетін,  о?у материалдарын толы? ме?герту ?абілетін арттыру

Білімділік, жан-жа?тылы?, тап?ырлы?, ізденімпазды? да?дыларына т?рбиелей отырып, ?з ойын айта отырып, ?згені де ты?дай білуге, ал?ан білімін ?мірге ?олдана білуге т?рбиелеу.

Биология  6, слайд

?ара?ай, шырша, самырсын ж?не ?зге де ашы?т??ымды ?сімдіктерді? халы? шаруашылы?ында?ы ма?ызын біледі.

?ткен та?ырыптан с?ра? ?ою, ??гімелесу;

Сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету

О?уды ж?не о?ыту ?шін ба?алау

Ынтыма?тасты? ж?не топта?ы бірлескен ж?мыс;.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тема: "?ыл?анжапыра?ты ?сімдіктер мен ?ыл?анжапыра?ты ормандарды? таби?атта?ы ж?не адам шаруашылы?ында?ы ма?ызы."»


Биология 6


Сабақтың тақырыбы

Қылқанжапырақты өсімдіктер мен қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы.

Сабақтың мақсаты,міндеті

Оқушыларға қылқанжапырақты өсімдіктер туралы түсінік беру. Қылқанжапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызымен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қабілетін, оқу материалдарын толық меңгерту қабілетін арттыру

Оқыту нәтижелері

Білімділік, жан-жақтылық, тапқырлық, ізденімпаздық дағдыларына тәрбиелей отырып, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.

Сілтеме

Биология 6, слайд

Негізгі идеясы

Қарағай, шырша, самырсын және өзге де ашықтұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызын біледі.

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Өткен тақырыптан сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқуды және оқыту үшін бағалау

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;.

Ресурстар

Плакаттар, постер, дидактикалық материалдар.

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, топқа бөлу(1-3 дейін санау арқылы топқа бөлу), мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

4.Үйге тапсырма









Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады

Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді

Оқушыларды топқа бөлу:

Оқушыларды топқа

арқылы бөледі

Топтарға бөлінеді

Білу

  1. Кәдімгі қарағай туралы не білесің?

( Жарықсүйгіш өсімдік, тік өсетін діңінің биіктігі 20-40 м-ге жетіп, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндердің діңі жуандап, сәл аласа болып келеді).

  1. Қылқанжапырақтылардың тамыры туралы не білесің?

( Кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ұзын жанама тамырлар өте ұсақ тамыршаларға тармақталады. Сөйтіп ұсақ тамыршаларда микориза түзіледі. Қарағай тамырымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтағы кейбір өсімдік сіңіре алмайтын органикалық заттарды сіңіруге көмектеседі. Өздері өсімдік тамырынан қажетті заттарды пайдаланады. )

  1. Қылқынжапырақтылардың шайырлы жолдары дегеніміз не?

( Көпшілігінің қабығында және сүрегінде шайырлы жолдары болады. Олар өзекті астарлайтын жасушалардан бөлінген шайыр, эфир майы толған созылыңқы жасушааралық кеңістіктен тұрады. )

  1. Қарағай бұтағының бүрлерінің ерекшелігі?

(Қарағай бұтағында әртүрлі бүрлер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Олар көктемде пайда болатын, үлкендігі 5 миллиметрден аспайтын қызғылт түсті аналық бүрлер. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер аталық бүрлер деп аталады. )

  1. Қылқанжапырақты өсімдіктердің тұрмыста және шаруашылықтағы маңызы?

( Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді.)

Тақырыптың басты идеясын табады

Түсіну

1-топ. Қылқанжапырақтылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.

2-топ. Ашықтұқымды өсімдік - қосмасақшалы қылша туралы түсінік.

3-топ. Орманның маңызы және орманды қорғау.

Топта талдап түсіндіреді.


Қолдану

Биологиялық диктант.

  1. Қылқанжапырақты өсімдіктер фотосинтез процесі нәтижесінде .......... түзіп, оны өзінің қоректенуіне жаратады. (Органикалық заттар).


  1. Қылқанжапырақтылар .......... бөліп, .......... газын бойына сіңіреді.

(Оттегін бөледі, көмірқышқылды сіңіреді).


  1. Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат ........ бөлінеді. (фитонцид )


  1. Қылқанжапырақтылардан шайыр, эфир майы, дәрі-дәрмектер дайындалып, ............ қолданылады. ( медицинада ).



  1. Ашықтұқымдылар өскен жердегі қар және нөсерлі жаңбырдың суы табиғаттағы ......... реттейді. (су айналымын).



  1. Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді .............. алынады. (жасанды талшық).



  1. Ашықтұқымды өсімдіктердің тамыры тереңге бойлайтындықтан, топырақты ....... сақтайды. (эрозиядан).



  1. Қағаз жасауға қажетті шикізаттар - ............ сүректері. (балқарағай, қарағай).



  1. ............ қыста жұмсақ қылқанын түсіріп тастайды. (Сібірлік балқарағай).

Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады. Оқушылар тапсырмаларға жауап береді.


Талдау

Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қояды.

Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді

Салыстырады, сараптайды

Жинақтау

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін.

Тест сұрақтары:

  1. Балқарағайдың сүрегінен медицинада қолданылатын қай өнім алынады?

А) Йод; В) Спирт;

С) Қышқыл; Д) Эфир майы.


  1. Қылшадан алынатын дәрі?

А) Эфедрин; В) Аспирин;

С) Моксонидин; Д) Глюкагон.

  1. Балқарағайдың қай бөлігінен малазық дайындап, үй жануарларына береді?

А) Сүрегінен; В) Жапырағынан;

С) Тамырынан; Д) Қабығынан.

  1. 1 га орман жылына неше тоннаға жуық көмірқышқыл газын сіңіреді?

А) 20; В) 5; С) 10; Д) 30.


  1. Тұқымның сыртын қаптаған жидек тәріздес ашық тұқымды өсімдік?

А) Қылша; В) Масақша;

С) Тұқымша; Д) Тамырша.


  1. Қосмасақшалы қылшаның биіктігі?

А) 20-40 см; В) 10-15 см;

С) 15-25 см; Д) 15-40 см.


Жауаптары: 1) В. 2) А. 3) Д. 4) С. 5) А. 6) Д.



Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды

Бағалау

Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.

Критерийлер бойынша бағалайды


Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?

Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға стикерлерге жауап жазу арқылы білдіреді.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Бейсекеева Гульмира Манатбековна

Дата: 20.04.2016

Номер свидетельства: 320648


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства