kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тема:"Астың асқазанда қорытылуы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Асқазандағы астың қорытылу үрдісін түсіндіру, асқазан сөлінің бөлінуінің реттелу жолдары, ас қорытуға қатысатын сөл, ферменттермен, тұз қышқылымен таныстыру және олардың ас қорыту кезіндегі рөлін, сілекейдің маңызын ашу.

  1. Оқушыларды топпен ойындар ойнату арқылы ұйымшылдыққа баулу,

тірек-сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету, танымдық деңгейін көтеріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  1. Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметін зерттеген ғалымдардың

еңбектерін құрметтеуге; әр оқушының өз денсаулығына, оқушылық міндеттеріне сапалы түрде ықыласпен қарауға тәрбиелеу.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Биология оқыту әдістемесі 

Үлестірме материалдары

Жаңа сабақты түсіндіру

Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, «Сиқырлы шаршы» немесе «Sudoku» күрделенген тапсырмасы

 Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда  АКТ-ны  пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тема:"Астың асқазанда қорытылуы"»

Уақыты:22.02.18

Биология


Мұғалім:Келимбердиева С

Сынып:8 ә

Сабақ тақырыбы:

Астың асқазанда қорытылуы.


Жалпы мақсат:

Асқазандағы астың қорытылу үрдісін түсіндіру, асқазан сөлінің бөлінуінің реттелу жолдары, ас қорытуға қатысатын сөл, ферменттермен, тұз қышқылымен таныстыру және олардың ас қорыту кезіндегі рөлін, сілекейдің маңызын ашу.

  1. Оқушыларды топпен ойындар ойнату арқылы ұйымшылдыққа баулу,

тірек-сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету, танымдық деңгейін көтеріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  1. Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметін зерттеген ғалымдардың

еңбектерін құрметтеуге; әр оқушының өз денсаулығына, оқушылық міндеттеріне сапалы түрде ықыласпен қарауға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Биология оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, «Сиқырлы шаршы» немесе «Sudoku» күрделенген тапсырмасы

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.


Шарлардың түстері арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

А) «Білім биржасы» ойыны. Сыныптағы оқушыларды топқа бөлемін. Тақтаға түсті конверттер ілінеді. Әр конверттің ішіне деңгейлік сұрақтар салынған. Сұрақтарға берілген жауаптары толық болмаса сары түсті, дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап қызыл түсті, дұрыс негізделген жауап жасыл түсті акция немесе фишкалар беріледі.

І деңгей сұрақтары.

1. Ересек адамның тісінің саны қанша? (32)

2. Үстіңгі жақ сүйекте неше күрек тіс бар? (4)

3. Астыңғы жақ сүйекте неше ит тістер болады? (2)

4. Астыңғы жақ сүйекте неше кіші азу тістер болады? (4)

5. Астыңғы жақ сүйекте неше үлкен азу тістер болады? (6)

6. Жас балаларда неше сүт тіс болады? (20)

7. Астыңғы жақ сүйектегі үлкен азу тістердің неше түбірі болады ? (2)

8. Үстіңгі жақ сүйектегі үлкен азу тістердің неше түбірі болады? (3

9. Тістің құрылыс қандай ? (қаптамасы, мойыны, түбірі)

10. Тістің сүйекке ұқсас тығыз затын не дейді ? (дентин)

11. Сілекей бездерінің қандай түрлері бар? (2 шықшыт, 2 тіл асты, 2 жақ асты)

12. Ауыз қуысында шықшыт, тіл асты, жақ асты бездерінен басқа бездер бола ма?

(микроскопиялық бездер)

13. Тістің қандай ауруларын білесің? (тісжегі)

14. «Баланың тісі жетіде түседі» деген нақыл сөз нені аңғартады? (6-7 жастан бастап

сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер шығады)

ІІ деңгей сұрақтары.

1. Тіс қаптамасы немен қапталған? (жылтыр кіреукемен немесе эмальмен)

2. Шайнау дегеніміз не? (тағамды механикалық өңдеу)

3. Шайнау қандай әрекет? (рефлекстік)

4. Тістің түбір аймағы немен жабылған? ( цементпен)

5. Эмаль қандай қызмет атқарады? (тісті үйкеленуден сақтайды, бактериялардың енуінен сақтайды)

6. Шықшыт безінің өзегі қай жерге ашылады? (ұрттың сілемейлі қабығына)

7. Жақ асты және тіл асты бездерінің өзегі қай жерге ашылады? (тіл астына)

8. Жануарлардың сілекей бездерінің қызметін кім зерттеген? (И.П.Павлов)

9. Сілекей дегеніміз не және құрамы қандай? (тұтқыр, түссіз сұйықтық және 98-99%

су, 1% органикалық және бейорганикалық заттар )

10. Жұту дегеніміз қандай әрекет? (рефлекстік)

11. Сілекейдің бөлінуі не арқылы реттеледі? (вегетативті жүйке жүйесінің

парасимпатикалық және симпатикалық бөлілімдері арқылы реттеледі)

12. Ас қорыту процесінде шайнау қандай рөл атқарады? (ас ұнтақталады,

майдаланады, сілемеймен дымданады, ас түйіртпегін қалыптастырады)

13. Жұту орталығы қайда орналасқан? (сопақша мида)

14. Сілекей безінен қандай ферменттер бөлінеді? (птиалин н/е амилаза, мальтаза)

15. Тіс гигиенасын қалай сақтау керек деп ойлайсың?

ІІІ деңгейдің сұрақтары.

1. Адамда шайнау аппараты неліктен жануарларға қарағанда нашар дамыған? (аспаздық өңделген тағамды пайдаланымыз)

2. Жұтқыншақ, өңеш, асқазанның сілемейлі қабығы неліктен зақымдануы мүмкін?

(нашар шайналған және кесек күйінде жұтылған астан)

3. Ауыз қуысында ас қалай өзгереді? (ас механикалық өңделіп қана қоймай, сілекей

құрамындағы ферменттердің әсерінен химиялық ыдырауға ұшырайды)

4. Тіл қандай мүше және қандай қызмет атқарады? (Сілемейлі қабықпен жабылған,

тамыры мен жүйкелері көп, қозғалмалы бұлшық етті мүше. Тіл шайнау

процесінде асты қозғалтады, сөйлеу және дәм сезу мүшесі, тағамның сапасын

анықтауға және оны жұтқыншаққа жылжытады.)

5. Орыстың физиолог ғалымы И.П.Павлов сілекей бездерінің қызметін зерттеу үшін

не істеген?

6. Бактерияларды қай нәруыз жояды? (лизоцим)

7. Мальтаза ферменті қандай қызмет атқарады? (дисахаридтерді глюкозаға дейін

ыдыратады)

8.Крахмалды мальтозаға немесе мия қантына дейін ыдыратытын фермент (птиалин).

9. Ауыз қуысындағы жара дененің жарасына қарағанда неліктен тез жазылады?

(лизоцимге байланысты)

10. Жұту қалай жүзеге асады? (Тағам түйірі тіл түбіріне ауысқанда жұту қозғалысы

рефлексті түрде пайда болады. Тіл түбірі рецепторларынан қозу сопақша мида орна-

ласқан жұту орталығына өтеді. Ол жерден жұтқыншақ бұлшық еттеріне барады)

11. Сілекей ауызға тағам түскенде ғана емес, тағамды көргенде де бөлінетінін И.П.Павлов қандай рефлекс деген? ( шартты)

12. Егер жануардың тілі мен ауыз қуысының сілемейлі қабығынан шығатын жүйкелері зақымдалса, сілекей бөліне ме?

13. Егер жануардың тілден шығатын жүйкесі зақымданса, жұту жүзеге асады?

14. Неліктен нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм сезіледі?

15. «Ауру ауыздан кіреді», «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді » деген сөздер қандай мағынада айтылған? ( ауру тістер ішкі мүшелерге зардабын тигізеді)

Ә) Сәйкесітілік тестісі.

1. Тіл А. Шықшыт, тіл асты, жақ асты

2. Ерін Ә. Қозғалмалы бұлшық етті мүше

3. Сілекей бездері Б. Астын ыстық-суығын тез сезеді

4. Эмаль В. Тіс ұяшықтарына цемент арқылы бекиді

5. Тіс мойны Г. Тіс сауытының жылтыр кіреукесі

6. Дентин Д. Сілекей нәруызы

7. Тісжегі Е. Орталығы сопақша мида орналасқан

8. Жақ асты безі Ж. Асты қозғалтады, жұтқыншаққа жылжытады

9. Муцин З. Дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады

10. Жұтудың И. Қоректік заттардың ас қорыту жүйесінде

механикалық және химиялық өзгеріске ұшырауы

11. Мальтаза К. Сүйекке ұқсас тығыз зат

12. Лизоцим Л. Микробтардың әсерінен дентиннің бұзылуы

13. Амилаза М. Өзектері тіл астына ашылады

14. Сілекей Н. Сілекей құрамында зиянсыздандыратын қасиеті

бар нәруыз

15. Ас қорыту О. Тұтқыр, түссіз сұйықтық

П. Крахмалды мальтозаға дейін ыдыратады

1-Ә, Ж, 2-Б, 3-А, 4-Г, 5-В, 6-К, 7-Л, 8-М, 9-Д,10-Е, 11-З,12-Н, 13-П, 14-О, 15-И.

Б) «Қазымыр оқушы» ойыны. Оқушылардың өздері бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Қай оқушы көп сұрақ қойса, сол оқушы «Қазымыр оқушы » атанады.

Мағынаны тану

1. Асқазан. Асқазан сөлінің құрамы мен қызметі.

Иісі жоқ, түссіз сұйықтық Мөлшері мен құрамы тағамға,оның

химиялық құрамына байланысты.

Тәулігіне Рефлекстік

2-2,5л. бөлінеді. Нейрогуморальды

Су 97-98 % Минералды тұздар 0,5 %

Құрамы

Пепсин Тамақтың температурасы 370 С , Химозин

қышқыл орта крек.

Нәруызды аминқышқылдарына Сүтті ірітеді.

дейін ыдыратады.

2. Күрделі рефлекстік сөл бөліну 1,5-2 сағатқа созылады. Қалыпты жағдайда асқазан

секрециясы тамақ ішкеннен кейін 4-11 сағат бойы жүреді.

Шартты рефлекс. Шартсыз рефлекс.

1.Тамақ ішуге дайындалу. 1. Тамақ ауыз қуысына түскенде тілде

2. Тағам туралыәңгімелеу. және ауыздың сілемейлі қабығында

3. Тамақтың иісін сезу. орналасқан дәм сезу жүйкелерінің

4. Тамақты көргенде. ұшын тітіркендіреді.

2. Қозу сопақша мидың ас қорыту

орталығына өтеді.

3. Ол жерден асқазан бездеріне өтеді.

Қатпарлар түзеді, Ә Әрбір мм–неде,

асқазанның жалпы 100 қарын бездері

ауданын ұлғайтады. орналасады.

Тамақтың оның қабырғасымен

жақсы жанасуына әсер етеді.

Қарын бездерінің түрлері.

Ең басты бездер- қоршайтын бездер- қосымша бездер-

асқазан сөлінің тұз қышқылын сілемей

ферменттерін

бөледі

4. Сабақты бекіту, қорытындылау.

А) «Бақытты сәт» ойыны.

Ойынның жүру барысы. Сынып топтарға бөлінген, әр топтың топ басшысы және атауы болады.

І гейм. «Бой сергіту». Топтарға 10 сұрақтан беріледі.Қай топтың жауабы бірінші дайын болса, сол топ жауап береді, егер жауап қате болып шықса, басқа топтардың жауап берулеріне болады.

1. Астың қорытылуы қай мүшеден басталады? (ауыз қуысында)

2. Асқазанда ас қанша уақыт болады? (4-11 сағат)

3. Астың қорытылуына қандай сөл әсер етеді? (асқазан сөлі)

4. Тәулігіне асқазан сөлінің қанша мөлшері бөлінеді? (2-2,5 л.)

5. Асқазан сөлі қандай зат? ( иіссіз, түссіз сұйықтық)

6. Асқазан сөлінде қандай ферменттер болады? (пепсин, химизин)

7. Пепсин қандай қызмет атқарады? (нәруыздарды ыдыратады)

8. Химозин қандай қызмет атқарады? ( сүтті ірітеді)

9. Пепсин,химозиннен басқа тағы қандай ферменттер болады? (ана сүтінің майын ыдырататын ферменттер )

10. Ферменттер белсенді әсер ету үшін тамақтың температурасы қанша болу керек? (37С болу керек)

ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар». Топ мүшелері бөшкеден нөмірлері бар шарлар алып шағады. Жүргізуші әр нөмірге сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, топ басшысы жауап береді.

1. Асқазан сөлінің бөлінуінің қандай жолдары бар? (рефлекстік, нейрогуморальдық)

2. Рефлекстік сөл бөліну жолдары неше түрге бөлінеді? ( шартсыз, шартты)

3. Асқазанның шартты сөл бөлуі дегеніміз не? (тағамды көргенде, иісін сезгенде)

4. Асқазанның сілемейлі қабығында қандай гормон түзіледі? ( гастрин)

5. Сілемейлі қабық қандай қызмет атқарады? ( асқазанның жалпы ауданын едәуір ұлғайтады)

ІІІ гейм. «Жұмбақтас». Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген топ ұтады.

1. Асқазан неше қабаттан түзілген? (3 қабат: сыртқы-дәнекер, ортаңғы- бұлшық ет, ішкі- сілемейлі)

2. Асқазан сөлінің көп бөлінуі гастрин гормонына әсер ете ме? (гормонның тез түзілуіне әрі сіңуіне әсер етеді)

3. Неліктен асқазан сөлі асқазанды қорытып жібермейді? (асқазанның сілемейлі қабығының жасушаларында –антипепсин деген ерекше зат өндіріледі, ол пепсиннің сілемейлі қабықпен жанасқан кезінде әсерін басып тастайды )

ІҮ . « Сен-маған, мен-саған ». Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

Ү гейм. «Көсемдікке ұмтылу». Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді.

1. Асқазан сөлі дегеніміз не? (асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық)

2. Пепсин дегеніміз не? (асқазан сөлінің ферменті)

3. Химозин дегеніміз не? ( фермент)

4. Тұз қышқылы неден түзіледі? ( бездерден)

5. Тұз қышқылы қандай қызмет атқарады? (Талшықты асты жұмсартады,

ферменттердің белсенділігін арттырады, микробтарды залалсыздандырады)

6. Тәбет ашатын сөл деген не? (шартты рефлекске байланысты сөл бөліну)

7. Тәбет ашатын сөл деп кім атаған? (И.П.Павлов)

8. Гастрин дегеніміз не? (асқазанның сілемейлі қабығындағы гормон)

9. Сілемейлі қабықтың әрбір ммқанша қарын безі орналасқан? (100)

10.Қарын безінің басты безі не бөледі? (асқазан сөлінің ферменттерін)

11. Қоршайтын безден не бөлінеді? ( тұз қышқылы)

12.Қарын безінің қосымша безінен не түзіледі? (сілемей)

Бағалау парағындағы топтардың қорытынды ұпайлары шығарылады. Ең көп дұрыс жауап берген топ жеіске жетеді.

Ә) 5 топқа жекелеген тапсырмалар таратылады.

А тобына. Асқазан сөлі сызбакестесін толтырыңдар.

Ә тобына. Асқазан сөлінің құрамы сызбакестесін толтырыңдар.

Асқазан сөлінің

құрамы

Б тобына.

В тобына. Тұз қышқылының ытқаратын қызметі сызбакестесін толтырыңдар.

Г тобына. Асқазан сөлінің рефлекстік бөліну жолдарының сызбакестесін толтырыңдар.


Сергіту сәті

Сергіту сәті «Кел, билейік!»

Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен  жасайды

Ой толғаныс


БББ кестесі


Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайдыӘр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады.

Үйге тапсырмасын беру

Мазмұндау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тема:"Астың асқазанда қорытылуы"

Автор: Келимбердиева Сымбат Нитзамадиновна

Дата: 09.11.2018

Номер свидетельства: 484553


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства