kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тама?тануды? ма?ызы. Та?амды? ?німдер ж?не ?оректік заттар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аманиязова Айгерим Омаровна Ман?ыстау облысы, Бейнеу ауданы "К?йкен орта мектебі" ММ- сіні? биология п?ні м??алімі. Тама?тануды?  ма?ызы. Та?амды?  ?німдер ж?не ?оректік заттар 8- сынып         

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушылар?а  тама?тануды? адам  ?міріндегі  мы?ызы туралы білім  беру.

Т?рбиелік: о?ушыларды ізденімпазды??а,таби?атты аялау?а,д?рысы тама?тану?а т?рбиелеу

Дамытушылы?: о?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейту

К?тілетін н?тиже: Жа?а саба?ты толы? ме?герген б?секеге ?абілетті ш?кірт

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тама?тануды? ма?ызы. Та?амды? ?німдер ж?не ?оректік заттар. »




Сыныбы: 8"Ә" Күні: 12.02.2015

Сабақтың тақырыбы: §42 Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тамақтанудың адам өміріндегі мыңызы туралы білім беру.

Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа,табиғатты аялауға,дұрысы тамақтануға тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту

Күтілетін нәтиже: Жаңа сабақты толық меңгерген бәсекеге қабілетті шәкірт

Сабақтың барысҮй тапсырмасын тексеру
Ашық тест түрінде

Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу гигиенасы.

1. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын ата.
2. Өкпе бронхылар, өкпеқап ауруларын анықтап,емдейтін дарігер?
3. Инфекцияның негізгі кіреберіс қақпасы?
4. Тыныс алу ауруларының қоздырғышы?
5. Барынша терең тыныс алғаннан кейін шығарылатын ауаның
ең көп мөлшері дегеніміз не?
6. Адам қалыпты тыныс алу кезінде демді ішке тарту және
сыртқа шығару кезіндегі ауа мөлшері қалай аталады?
7. Адамның тыныс алу мушесіне зиянды заттардың бірі?
8.Жүрек тоқтап қалган жағдайда көрсетілетін алғашқы
көмек түрлері?

Сабақтың жүрісі:

  1. Тамақтанудың маңызы.

  2. Тамақтану режимі.

  3. Ұлттық тағамдардың адам денсаулығына әсері.

  4. Астан улану себептері (балаларды уланудан сақтандыру)

  5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Тамақтанудың маңызы

  • Адам организмінің қалыпты тіршілік әрекеттері үшін оның барлық жасушалары мен ұлпалары үнемі қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек.

  • Қоректік заттарды қажетсінуі, ең алдымен, организімнің энергетикалық шығынына байланысты. Тамақ құрлыс материалы ретінде, организм өсу үшін, жасушалардың жаңартылуына, ұлпалардың жойылған бөліктерін қалпына келтіруге, сондай ақ жұмсалған энергияны толықтыруға қажет



  • Қоректік заттар - нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер. Олар күнделіктті тамақ өнімдерінен алынады.

  • Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмдерге сіңімді заттарға ұсақталуы және ыдырау процесі асқорту деп атадады.

  • Ферменттер - нәруызтекті заттар. Олар асқорту жолында заттардың ыдырауы жүретін химиялық реакцияларды тездетеді. Бұл кезде фермент нақты бір затқа әсер етеді. Ферменттер асқорту бездерінде түзілетін асқорту сөлінің құрамында болады. Олар үш топқа бөлінеді: протезалар нәруыздарды аминқышқылдарына дейін ыдыратады, липазалар майларды глицелинге дейін және амилазалар көмірсуларды глюкозаға деін ыдыратады.

Астан улану түрлері

  • Химиялық немесе бактериялық емес уланулар азық – түлікке немесе дайын тамаққа улы заттардың (мыс, қорғасын, күшәла және оның тұздары) түсіп кетуінен немесе тамақты дұрыс сақтай алмаудан улы химикаттарға (гербицид, инсектицид т.б.) салдыр- салақ қараудан болады.



  • Бактериялық жолмен улану, микробтар түсіп, сапасы нашарлаған балық, ет, өнімдерін, жоғары температурада жақсы піспеген (шикі, қуырылмаған, қайнатылмаған) тағамдарды пайдаланудан болады

Бекіту тапсырмалары:

1- тапсырма

а) Ас қорыту жолын құрастыру (тірек-сызба құрастыру)

Су

Майлар

Минералды тұздар

Витаминдер

Көмірсулар

Нәруыздар

Қоректік заттар





















ІІ тапсырма. Қызықты тәжірибе.

Орындалуы: 2 оқушы ортаға шығады. Екеуіне бірдей кішкене

бөлке нан беріледі.1-ші оқушы 3-4 рет шала шайнап жұтады.

2-ші бала көбірек шайнап жұтады.

Сұрақ: Не байқадыңыздар?

Шайналған нан дәмді.Себебі ауыз қуысындағы сілекей бездерінен

бөлінетін сөл нанды көмірсуға ыдыратады.

Қорытынды : Балалар жақсы шайналған ас өте сіңімді, ондай астың

организмге пайдасы орасан зор болады.


ІІІ тапсырма
Кестені сәйкестендіріп толтыру


ІҮ тапсырма.

Әдепсіз өскен баладан,

Тәртіппен өскен тіл жақсы.

(«Денсаулық» сөзіндегі 9 әріпке мақал жазу)



Ү тапсырма.

Жабық тест

1. Қоректік заттардың құрамына қандай органикалық заттар кіреді:

а)Нәруыздар, көмірсулар; б)витаминдер, майлар;

ә)минералды тұздар

2. Адам денесіндегі судың орташа мөлшері:

А) 20-25%

ә)0,6-5,0%

Б) 60-65%

3. Адам өмірінде өзгеріссіз сіңірілетін заттар

А) Нәруыздар, көмірсулар; б) су

ә) минералды тұздар

4. Нәруыздың қажеттілігі тәулігіне

А) 80-90 г б) 100г

ә) 400-500г

5.Көмірсудың қажеттілігі тәулігіне

а)80-90г; б)100г

ә) 400-500г


ҮІ тапсырма.

Білегі күшті бірді жығады,

Білімі күшті мыңды жығады.(тікелей сұрақтар)

1. Неліктен бірден көп мөлшерде тамақ ішуге болмайды ?

(тағамды өте көп мөлшерде ішкен кезде асқазан толып кетеді. Бұл асқорыту процесін қиындатады және

бұзады, себебі бөлінетін ас қорыту сөлі тағамдағы барлық қоректік заттарды ыдырата алмайды).

2. Едәуір қолайлы тамақтану режимі қандай?

( Таңертеңгі ас 25%, түскі ас 40%, сәскелік ас% 15 , кешкі ас 20%).

3. Астан улану түрлері

(Астан болатын уланулар химиялық және бактериялық болып бөлінеді. Химиялық немесе

бактериялық емес уланулар азық – түлікке немесе дайын тамаққа улы заттардың (мыс, қорғасын, күшәла

және оның тұздары) түсіп кетуінен немесе тамақты дұрыс сақтай алмаудан улы химикаттарға (гербицид,

инсектицид т.б.) салдыр- салақ қараудан болады. Бактериялық жолмен улану, микробтар түсіп, сапасы

нашарлаған балық, ет, өнімдерін, жоғары температурада жақсы піспеген (шикі, қуырылмаған, қайнатылмаған)

тағамдарды пайдаланудан болады.

4. Қандай асқазан, ішек аурулары жиі кездеседі және олардың алдын алу шаралары қандай?

(Асқазанның қабынуы, қарын түйілуі, тоқ ішектің қабынуы (гастрит), артқы ішектің көк тамырының кемуі,

тырысқақ (холера),іш сүзегі, дизентерия, Боткин сырқаты, полиомиелит,асқазанның қышқылының көбеюі)

5. Ұлттық тағам түрлерін атаңыз?

(Жаубүйрек, жал-жая, қазы-қарта, қуырдақ, қара қуырдақ, ми палау, шыртылдақ, құйрық-бауыр, қазақша сорпа

айран, балқаймақ, қойыртпақ, құрт, шалап,ірімшік, қымыз, шұбат)

6. Біздің ата - бабаларымыздың денсаулығының мықты болу себептері

(таза тағам, экология, зиянды әдеттерден аулақ болуы, табиғатпен үйлесімділігі т.б.)

7. Шұбаттың емдік қасиеттері

(асқазан-ішек жолдары аурулары, тыныс жолдары аурулары, қант диабеті аурулары).

8.Сыбаға кімге беріледі?

(белгі бір себептермен келе алмай, дәм татпаған адамдарға беріледі. Ақсақалдарға,құда – жекжаттарға, туған-туыстарға,

алыстағы ұл-қыздарға т.б.).

9. Тамақты дұрыс тұтыну ғылымы?

(Диетология)


Үйге тапсырма:§ 42 Тамақтанудың маңызы.

Қорытынды:

Денсаулықты қорғайықшы, қорғайық,

Әдептен біз озбайықшы, озбайық!

Табиғатты қорғап, қоршап бәріміз,

2030- ға сыйлық етіп жолдайық!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тама?тануды? ма?ызы. Та?амды? ?німдер ж?не ?оректік заттар.

Автор: Аманиязова Айгерим Омаровна

Дата: 19.04.2015

Номер свидетельства: 203121


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства