kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тама?тануды? ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сыныпты? биология п?нінен арнал?ан "Тама?тануды? ма?ызы. Та?амды? ?німдер ж?не ?оректік заттар: н?руыздар, майлар, к?мірсулар,витаминдер, су, минералды т?здар" атты ашы? саба??а арнал?ан та?ырыпты? жоспар. саба?ты? ма?сатын о?ушылар ?здері алып шы?ады. саба? жалпы сын-т?р?ысынан ойлау технологиясыны? кейбір элементтерінен ??растырыл?ан. ?осымша м?лімет ретінде кара?андыда жасырын ш?жы? жасайтын цех ж?нінде видиоролик ?ойылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тама?тануды? ма?ызы»

8-сынып

Күні: 17.02.16

Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар. Тағам денсаулықтың аса маңызды факторы. Тағамдық өнімдердің экологиялық маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тағамның маңызын, құрамын, қызметін, адам өміріндегі ұлттық тағамдарды пайдаланудың денсаулықты нығайтудағы рөлін, ұлттық мақал-мәтелдердің денсаулықты, салауатты өмір салтын қалыптастыруды дұрыс жолға қоюдағы маңызын айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу туралы түсінік беру, дені сау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Кітап көрмесі, кестелер, деңгейлік тапсырмалар, видио ролик.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңберге тұрады. Бірінің алақанына бірі қояды да кезек кезек сәттілік тілейді. (2мин)

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген деңгейлік тапсырмалардың орындалғанын бақылау. 1- оқушыдан сұрап, қалғандарының жұмысын жинап алу. Жалпы үй тапсырмасы бойынша «Иә-жоқ» ойын түрінде өткізу

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құралды барометр деп атайды (жоқ, спирометр)

Кеңірдек көмейдің жалғасы ма? (ия)

Лейкоциттер микроптарды жоймайды (жоқ)

Тынысалу мүшесіне ауатамырлар ене ме? (ия)

Ауа танау тесіктері арқылы ауыз қуысына бара ма? (жоқ)

Альвеоланың диаметрі 10 см (жоқ 0,2-0,3 мм) (6 мин)

Қызығушылығын ояту:

Мақалдарды аяқта:

АС - АДАМНЫҢ АРҚАУЫ

ІШІП ТОЙМАҒАН, жалап тоймайды

Ас тұрған жерде, АУРУ ТҰРМАЙДЫ

АС ҚАДІРІН, тоқ білмейді

Дастарқанда наны жоқтың, ТАМАҒЫНЫҢ СӘНІ ЖОҚ

ЕТ ЕТКЕ, СОРПА БЕТКЕ

Балалар қалай ойлайсыңдар, не себепті біз осы мақал-мәтелдерді еске түсірдік? (Сабақтың тақырыбын алып шығу мақсатында) Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай аталады екен?(5мин)

Миға шабуыл:

Тақырыпқа байланысты кластер жасаңдар (2мин)

Мағынаны тану:

Видионы көрсету және оқушыларға тамақтануға байланысты слайд көрсету. (4мин)

СЕРГІТУ СӘТІ

Қаңқалар биі. 2 мин

Ой қозғау:

Ал енді балалар сендер слайд арқылы тамақтанудың маңызы мен тағамдық өнімдер жайлы теориялық бөлімде танып білдіңдер. Сұрақтарың бар ма?

Ендеше балалар қазір біз сендермен тағамдық өнімдердің құрамдарына назар аударып солар арқылы жұмыс жасаймыз.

  1. «Нәруыздар» тобы табиғи өнімдержайлы не айта аласыңдар

  2. «Көмірсулар» тобы фастфут өнімдер жайлы не айта аласыңдар

Балалар ойлануға 2 минут. Содан соң жауап бересіңдер. Егер интернет желісін пайдаланамыз десеңдер қысылмай пайдалануға болады. Ал енді алдарыңа қойылған тағам өнімдерін екі топ ізденіс жасаған жұмыстарыңа байланысты бөліп тастаңдар. «Нәруыздар» тобы табиғи өнімдерді, ал «Көмірсулар» тобы фастфут өнімдерін екі жаққа бөліңдер. (оқушылар алдарына қойылған өнімдерді бөле бастайды) 4 мин

Интервью

Әр топ балалары тақырыпқа байланысты бір-біріне сұрақтар қояды, толықтырады. (7 мин)

Жеке-дара жұмыс

Балалар сендер қазір әрқайсың «Менің денсаулығым, өз қолымда» тақырыбына байланысты эссе жазасыңдар 5 сөйлем. 2минут ішінде

Рефлексия:

Өткен сабаққа кері байланыс жасау. Оқушыларға А4 парағы таратылады, соларға сұрақтардың жауабын жазады.

  1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

  2. Бүгін сабақта сен үшін не қиын болды?

  3. Бұл қиындықты сен ненің көмегімен еңсердің?

Бағалау

Оқушыларға берілген бағалау парақтары жиналып бағасын қоямын 1 мин

Үй тапсырма

43 мазмұндау, Алтынай, Еркін, Рустам «Тамақтанудың маңызы реферат жасап әкелесіңдер» Төлеубай, Ержан, Серік тест тапсырмаларын құрастырасыңдар 10 сұрақ 4 жауаптан тұратын. 3 мин












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тама?тануды? ма?ызы

Автор: Турсунгожина Арайлым Слямбек?ызы

Дата: 01.04.2016

Номер свидетельства: 313368


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства