kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Талас ?зеніні? экологиялы? жа?дайы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Талас ?зені, ?зен ж?йесіні? ерекшелігі туралы білім беру;

Дамытушылы?: Саба?та ?з ойларын на?ты, д?л жеткізе білуге, салыстыра білуге да?дыландыру ж?не ойлау ?абілетін дамыту ?з беттерінше ж?мыс істеуге да?дыландыру.

Т?рбиелік: Экологиялы? білім бере отырып, жас  ?рпа?ты ту?ан жерімізді? су ресурстарын ??ыпты пайдалану?а, ?ор?ай білуге т?рбиелеу.

Саба? т?рі: д??гелек ?стел

Саба? типі: т?сіндіру, с?ра?-жауап, ?з бетімен ж?мыс жасау, картамен ж?мыс.

Саба? к?рнекілігі: презентация, ?зен суреттері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Талас ?зеніні? экологиялы? жа?дайы. »

Сабақтың тақырыбы: Талас өзенінің экологиялық жағдайы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Талас өзені, өзен жүйесінің ерекшелігі туралы білім беру;

Дамытушылық: Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдыландыру және ойлау қабілетін дамыту өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Экологиялық білім бере отырып, жас ұрпақты туған жеріміздің су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дөңгелек үстел

Сабақ типі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жасау, картамен жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: презентация, өзен суреттері.

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.

Сабақтың эпиграфы: Ы. Алтынсариннің «Өзен» тақпағымен бастау.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп шашыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған,

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рахат тауып басылады.


Құрметті де қадірлі ұстаздар және оқушылар! Бүгін сіз бен біз болып ауданымыздың Талас өзенінің экологиялық жағдайы туралы сөз қозғасақ. Оның ластануына жол бермеу үшін қандай жағдайлар жасау керектігі туралы ойланып көрсек.

Су жер бетіндегі өте ғажап, маңызы зор минерал. Ол табиғатта үш күйде кездесетін бірден бір зат (сұйық, қатты, газ). Ішкі судың бірнеше түрлері бар: өзендер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, бөгендер мен каналдар. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мыңнан астам өзен бар. Оның 7-ң ұзындығы 1000 км-ден асады (Ертіс, Тобыл, Есіл, Орал, Сырдария, Іле, Шу). Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Талас өзенінің ұзындығы 661 км.

Қазақстан өзендер жүйесінің 2 ерекшелігі бар:

1-ші :өзендердің жасы әртүрлі:

А) Жазық өзендер ескі, себебі өзен аңғарлары кең, тереңдік эрозиясы баяу, ал бүйірлік эрозиясы күшті болып келеді.

Ә) таулы аймақ өзендері жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Олардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу.

2-ші: өзендердің әркелкі таралуы.

Жазықтарда өзен жүйесінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын-шашын мол түсетін орманды дала. Дала зоналары өзенге бай.республикамыздың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км-ге 4-6 км, оңтүстік шөлді аймақта 0,5 км келеді. Тауларда 4-6 шк, биік тауларда 16-18шк-ге жетеді.

Өзен суының шығыны және жылдық ағыны.

Өзеннің су шығыны дегеніміз- өзеннің су қимасыарқылы бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Ол текше метр есебімен өлшенеді. (м3/сек) Қазастан бойынша ең мол сулы өзен Ертіс. Олардың орташа су шығыны 880 м/сек, Сырдарияда 703 м/сек. Талас өзенінің жылдық орташа су ағымы Тараз қаласы тұсында секундына 27,4 м3. Өзен бойында, Тараз қаласынан 10 км жерде Киров бөгені, сағасынан 197 км жерде Юбилейный, 275 км-де Жінәлі, 280 км-де Қазақбай бөгендері және Талас –Аса каналы салынған.

Қазақстанда 168 бөген бар. Ірілері :Бұқтырма, Қапшағай, т.б.

Өзендердің қоректенуі: Қазақстанның өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық, жер асты суларымен қоректенеді. Жазық бөліктері өзендер негізінен қар, жаңбыр суларымен қоректенеді. Қар, жаңбыр суымен қоректенетін өзендер, орманды дала, дала зонасының өзендері Есіл мен Тобыл жатады. Қазақстанның таулы аймақты өзендері қар суымен және мұздықпен қоректенеді. Қар суымен қоректенетін өзендерге негізінен – шөл және шөлейт зоналарының өзендері Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай, Сарысу жатады. Біздің өлкеміз өзендерге бай. Судың сапасы ластану деңгейі үнемі бақылауға аланып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер температура әртүрлі болуы мүмкін. Жамбыл фосфор зауытының лас сулары Талас , Аса өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынып отыр. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы мемст 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады.

Су ластануының алдын алу:

Суы аз немесе қалдықсыз оқшауланған су айналымдық және аралық тазалау немесе суды салқындатып қайнататын іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу, бұрынғы кеңес одағындағы барлық өндірістік кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету үшін табиғи су көздерінен жылына 10 млд текше метрге жуық су алынатын және оның әртүрлі дәрежеде былғанған 90% айналып келіп су қоймаларына қайтарылады.

Қалдық көлемін азайтып, сусызданған қалдықты немеесе былғайыштардың койырланған ерітіндісін жер қойнына көму технологиясын жетілдіру;

Өндіріс және тұрмыс қалдықтарымен былғанған сулардытазалау әдістерін жетілдіру,

Өсімдіктерді аурудан және түрлі зиянкестерден, егістіктерді арам шөптерден қорғауды қамтамасыз етуші биологиялық және басқа да агротехникалық шаралардың пәрменділігімен қолданыс аясын кеңейте отырып ауыл шаруашылығы өндірісі, орман шаруашылығын шектен тыс химияландыруға тоқтау салу.

Сен білесіңбе? айдарында оқушылардың Талас өзені туралы білетін аңыз әңгімелерін сұрау.

Сұрақ-жауап

Бүгінгі менің өз ойым...

Қазақстанның жер-жерінен келген хаттарына, қызықты тапсырмаларына жауап беру. «Қызық хат»

№ 1 хат. Каспий алабынан. Өзендер туралы ақын жазушылардың өлеңінен, әнінен үзінді оқу.

№ 2 хат. Арал теңізінің тұрғындарынан. Су туралы мақал-мәтелдер айт. (Көлдің көркі құрақ. Таудың көркі бұлақ. Сулы жер нулы жер.Судың да сұрауы бар.)

№ 3 хат. Балқаш-Алакөл алабынан. Су туралы жұмбақ жасыр. (Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен. Жазда ағамын, қыста қатамын. Ағынды тұйық қос көл бар, Бірі тұщы бірі ащы. Осы екі көл сұлудың қос сырғасы сияқты.)

№ 4 хат. Солтүстік Мұзды мұхит алабынан. (өзен туралы қандай ән білесің?) (Арыс жағасында, Есіл ағады, Ақ жайық)

Қорытынды:

Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Су байлықтарын сақтау бүкіл халықтың ісі екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су ресурстарын қорғайға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заіды құжаттардың бірі –ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған «Су кодексі». Мұндағы көрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері – халықтың экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғалу мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Талас ?зеніні? экологиялы? жа?дайы.

Автор: Нурманова Айгуль Куйчибаевна

Дата: 13.04.2015

Номер свидетельства: 200952


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства