ІІ. Үй тамсырмасын тексеру: сабақтың мазмұнын сұрау; дәптерлерін тексеру; өткен такырыптар бойынша сұрақтар қою.
ІІІ. Жаңа сабақ
Көбею мүшелері гүл жеміс тұқым арқылы жүзеге асады. Гүл дегеніміз- көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын,түрі өзгерген, қысқарған өркен.
Гүл бөлімдері: гүл сағағы, гүл табаны, күлте жапырақшалары, тостағанша жапырақшалары, аналық, аталық.
Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсас гүлдің жіңішкерген жері.
Гүл табаны – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарға жағындағы кеңейген жері.
Тостағанша – көбінесе, жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады.
Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады.
Тостағанша мен күлте жапырақшаны гүл серігі деп атайды.
ІV. Бекіту. Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер. ГС – гүлсағақ, ГТ – гүлтабан, Т – тостағанша, К – күлте, А – аталық, Ж – аналық.
Гүлдің дәл ортасында орналасқан.
Тозаң деген не?
Гүлсеріктің ішкі бөлігі?
Үлпекке айналған бөлігі?
Жәндіктер қоректенеді?
Шірне бөлетін бөлігі?
Жабысқақ сұйықтық бөледі?
Ұшы ілмешекке айналған бөлігі?
Хош иісі шығаратын бөлігі?
V. Қорытындылау. Тақырып бойынша сұрақтар қою.
VІ. Үйге тапсырма. § 20, мазмұндау
VІІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқанына сай бағалау.