kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы : "Г?л,оны? ??рылысы мен ма?ызы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ашы? саба? 6 сынып?а арнал?ан. Та?ырыбы: "Г?л, оны? ??рылысы мен ма?ызы"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы : "Г?л,оны? ??рылысы мен ма?ызы"»




«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№3 Қарабалық орта мектебі»ММ









Ашық сабақ


Тақырыбы:« Гүл,оның құрылысы мен маңызы»

6 - сынып


















Биология пәнінің мұғалімі: Сакиева М.Д.





Қарабалық кенті 2015 – 2016 оқу жылы





Күні:16.02.2016 ж

Сыныбы:8

Пән:биология

Cабақтың тақырыбы: Ас қорытудың маңызы.Ас қорыту жүйесі:ас қорыту жолы,ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,асқазан,ішек;ас қорыту бездері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ас қорыту мүшелерінде қоректік заттардың қорытылу туралы түсініктер беру.

Дамытушылық:Оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу,ізденіске жетелеу.

Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Тамақтану гигиенасы.Ішек – қарын ауруларын алдын алу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, тірек-сызба, «Ас қорыту мүшелерінің», суреттері үлестірме материал сурет сызбасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Амандасу.

2.Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

3.Түгелдеу.

ІІ. Үйтапсырмасынтексеру.

  1. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар:нәруыздар,майлар,көмірсулар,витаминдер,су,минералды тұздар.

  2. Тағам – денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы.

  3. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

ІІІ. Жаңа сабақ өту.

Ауыз қуысындағы астың қорытылуы.

Ауыз қуысы — төменгі жағынан — бұлшық етпен, алдыңғы жағынан — тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және жұмсак таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жүмсақ таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады. Тандайдоғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар.

Ауыз қуысында жұп сілекей бездері сілекей сөлін бөледі.

Ауыз қуысында коректік заттар тіл және сілекейдің қатысуымен, тіс арқылы шайналып, сілекей құрамындағы ферменттер әсерінен қорытыла бастайды. Егер нанды көбірек шайнасак, тәтті дәмі сезіледі. көмірсулардың сілекейдегі ферменттерәсерінен ыдырауына байланысты. Ас ауызқуысынанжұткыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң қарынға түседі. Жұткыншақ тыныс алу жолдарымен қатысады. Асты жұтқанда, бұл жолдар жабылады.







Қарында ас 3-10 сағат аралығында, қарын сөлінің әсерінен корытылады. Онда, ең алдымен, нәруыз қорытылып, ыдырайды. Қарын сөлінде нәруызды корытатын, ферментті белсендіретін тұз қышқылы бар.


Нәруызды ыдырататын пеп­син ферменті үшін қышқылдан басқа карындағы қызу 38—39°С-ка тең болуы . Сондықтан тамақтану гигиенасын сактамаса, астың қорытылуы өзгеріп, қарыннан қыжылдау сезіледі, Қарында ас қорытудың өзгеруі үнемі ыстық немесе өте салкын және құрғак тағамдарды жиі ішуден болады.

Бауырдан бөлінетін өт — сарғыш жасыл түсті. Өттің әсерімен май ұсақ тамшыларға ыдырап, тез қорытылады.

Бауыр — ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауырда өттен басқа организмнің тіршілігі үшін қажетті көл зат түзіледі. Бауыр мүшелердің тіршілігінен пайда болған организмдегі улы заттарды залалсыздандырып отырады. Сондықтан бауырды "организм лабораториясы" деп те атайды. Зат алмасудын бұзылуынан өт қабында түрлі тастар, кұм пайда болып, өттін, түтікшеден ағуына кедергі жасайды .

Ұйкы безі мөлдір түсті сөл бөледі. Ұйқы безінің сөлі сілтілі орта болғандықтан, онын құрамындағы майды, нәруызды, көмірсуларды қорытатын ферменттердін әсер етуіне қолайлы жағдай туады.Ұлтабар ұшында астың негізгі қорытылуы аякталады. Қоймалжың ас ботқасы аш ішектің келесі бөліміне өтеді де, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектің бойында толып жатқан түтікше бездерден бөлінетін сөлдің әсерінен болады.Ішек сөлі қоректік заттарды - нәруызды,майларды, көмірсуларды ерігіш күйге айналдырады.

Астың сіңуі. Аш ішектің астары кедір-бұдырлы бүр-тіктермен қапталған. Бүртіктердің астында қылтамырлар мен лимфа тамырлары орналасады. Бүртіктердің аш ішектегі асты сіңіріп (сорып) алатын көлемі 4—5 ма-ден 400—500 м2-ге дейін болады. Аш ішектегі қорытылған коректік заттардың ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға өтіп, майдың ерітінділері негізінен лимфаға сіңеді.

Астың тоқ ішекте қоры­тылуы. Аш ішекте қорытылмаған заттар ток ішекке өтіп, жиналады.

Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы қан та­мырлары арқылы қанға өтеді. Сөйтіп, қорытылмаған қалдық заттар тығыздалып, тік ішекке түседі. Одан соң нәжіс болып организмнен сыртқа шығарылады.





Тамақты өте кеш ішу және құрғақ тағамдарды жиі пайдалану асқазанның ауруы шалдықтырады.. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек.

Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көруге, сөйлесуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Acішкеннен кейін ауызды сумен шайып, тістердің астың калдығынан тазартып отыру керек.

Ішек-қарын аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар қайнатылмаған су ішкенде, жуылып, тазартылмаған көкөніс пен жемістер жегенде, лас ыдыстар мен кір қолдан жұғады. Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп, организмді уландырады. Әсіресе қантышқақ (дизентерия), іш сүзегі, тырысқақ өте қауіпті ішек-қарын аурулары болып табылады. Бұл аурулармен ауырғанда — ішектің жұмысы бұзылып, дененің қызуы көтеріледі. Бұл қауіпті ауруларды шыбындар мен тарақандар таратады. Олар тамақ үстінде жорғалап жүріп, түрлі микробтар мен ішек құрттарының жұмыртқаларын жұқтырады. Бұл бунакденелілер өте жылдам көбейеді де, жан-жаққа таралады. Сондықтан үйдін маңайын, қораны үнемі таза ұстау керек. Азык-түліктің артығын арнаулы жәшіктерге, жабылатын шыны ыдысқа немесе жылтыр қағаздарға салып сақтаған жөн. Тамақтанған сонтамақтың қалдықтарын үстел үстінен жинап, ыдыс-аяқты тазалап жуып, шкафта сақтайды. Ac қалдығын сақтайтын шелектің бетін жақсылап жауып, күнделікті тазартып, жуып отыруды ұмытпау керек.

Сергіту сәті

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Биологиялық диктант.


1.Ас қорыту -------------------------------------- басталады.


2. ------------------------------------------ ас қорыту және тыныс алу жолдарымен қиылысады.


3.Қарынның пішіні --------------------------- немесе қапшық тәрізді.


4.Ас қорыту жолының ұзын бөлігі --------------------------------------.


5. Тоқішектіңқабынупроцесі -------------------------------------- депаталады.


Керекті сөздер:алмұрт,ауызқуысынан,ашішек,аппендицит,жұтқыншақ.





V. Үйге § 43,158 – 163 беттердіоқу, Ас туралы 5 мақал – мәтелжазыпкелу.








Биология ашық сабағына сараптама 16.02.2016ж

Ашық сабақтың мақсаты:инновациялық технологияларды қолдана отырыпдарынды балалармен жұмыс жасау.

Сабаққа интерактивті тақтаны қолдану арқылы өтті.

I.Сабақ оқушылардың көңіл- күйлерімен амандасудан басталды.

II.Үй тапсырмасына берілген сұрақтар:

1.Тамақтанудың маңызы.тағамдық өнімдер және қоректік заттар:нәруыздар,майлар,көмірсулар,витаминдер,су,минералды тұздар.

2.Тағам – денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы.

3.Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

Осы тапсырмалар оқушыларға презентация жасау арқылы қорғауға берілді.

Оқушыларға тақырыптық презентация жасауға берген себебім:білімдерін толығырақ пайдаланып,сабаққа деген ізденістерін,қызығушылығын ояту,өз беттерімен жауапкершілікті сезіну және интерактивті тақтамен жұмыс.

III.Жаңа сабақтың тақырыбы :Ас қорытудың маңызы.Ас қорыту жүйесі:ас қорыту жолы,ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,асқазан,ішек;ас қорыту бездері (сілекей бездері,асқазан бездері,ұйқыбез,бауыр,ішек бездері).

IV.Жаңа сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға ас қорыту мүшелерінде қоректік заттардың қорытылу туралы түсініктер беру.

2.Оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу,ізденіске жетелеу.

3.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Тамақтану гигиенасы.Ішек – қарын ауруларын алдын алу.

V.Жаңа сабақты бекіту:

Биологиялық диктант.

Оқушылар жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беріп,өз – өздерін тексеру әдісін пайдаланылды.Бағалау критерийі интерактивті тақтада көрсетілді.

Тәрбиелік мақсатына келетін болсам: тамақтану гигиенасын айта отырып оқушыларға тамақтанудың алдындағы гигиена ережелерін ұстанудың арқасында әр түрлі ішек - қарын ауруларынан сақтануға болатыны туралы айтылды.


VI.Бағалау

Сабақ жан – жақты,материалдар сабаққа сай пайдаланылды.














1.Тағамдық өнімдер және қоректік заттар:нәруыздар,майлар,көмірсулар,витаминдер,су,минералды тұздар.

Ержанова Жанардың тақырыптық презентациясын қорғауы.




2.Тағам – денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы.

Токушева Ырысжанның өз тақырыбы бойынша презентация.







3.Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

Битенова Мөлдірдің тақырыптық презентациясы.












Оқушылардың жаңа сабаққа арналған презентациялары.

























































«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№3 Қарабалық орта мектебі»ММ













Жалпы құқықтық

білім берудің

сабақ жоспары








Сынып жетекшісі:Сакиева М.Д.












Қарабалық кенті 2015 – 2016 оқу жылы









«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

№3 Қарабалық орта мектебі»ММ












Құқықтық білім мектебі жұмыс жоспары

6 сынып












Сынып жетекшісі:Сакиева М.Д.














Қарабалық кенті 2015 – 2016 оқу жылы


















Күні:3.12.2015ж

Пән: Биология және өзін – өзі тану пәні

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:Гүл,оның құрылысы мен маңызы.№14 зертханалық жұмыс.

1.Біліктілігі: Оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру.

2. Тәрбиелік:Оқушыларды әсемдікке,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, гүлдің суреттері

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру (1 мин)

1.1 Оқушылармен амандасу.

1.2 Сабақта болмаған оқушыларды түгендеу

    1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру


II.Тыныштық сәті (2 – мин)Орманға саяхат

Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.

Қазір біз бірге орманға саяхатқа барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жағыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыңыз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.

III.Үй тапсырмасын тексеру

Сабақты сұрақ-жауап әдісімен сұрау(5 –7 мин)

1.Өсімдіктің қай мүшесі «жасыл асхана» деп аталады?

2.Жапырақ туралы кімнің өлеңдерін білесіңдер?

3.Жапырақ туралы не білеміз?

4.Жапырақтың түрлері?

5.Жапырақтың сабаққа орналасуы?



IV.Жаңа сабақты түсіндіру(20-25)

Дәйек сөз
«Гүл» дегенің жүрегі ғой даланың.
Сұлулығы туған жердің қаланың,


Гүлбөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады (35-сурет). Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра)).

Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметінебайланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады. Меңдуана, қоңыраугүлде тостағанша бір-бірімен тұтасып, жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады. Кейбір өсімдіктердің тостағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады (көкнәрда). Гүлі қураған кезде күлтесімен бірге түсетіндері де піскен жемістерінде бірге сақталатындары да бар (баклажан, бұрыш, құрма және т.б.). Жануарлар арқылы таралуға бейімделген, итошағанның тостағанша жапырақшасының ұшы иіліп, ілмешекке айналған.

Күлте – тостағаншажапырақшаларданкейінорналасады. Күлтежапырақша лары бір-біріменбірігіпкеткендерге: інжугүл, қоңыраугүлжатады. Бірікпейжекеорналасатынкүлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.

Күлтетүбіндегіжіңішкергенжердетәттішірнебөлетіншірнеліктерорналасады. Күлтеніңхошиісі, тәттішірнесі, ашық реңдері гүлдітозаңдандыратынбунақденелілердіеліктіреді.

Естеріңдеболсын! Шірнеліктер – гүлтабанында, аталықжіпшесініңтүбінде, аналықжатынында да болады.

Бунақденелілершірнеліктішеңбер, нүкте, сызықша-жолақтарсияқтыбелгілеріарқылыажыратады. Күлтеніңашықреңітікелейтүскенкүнсәулесінің қызуын бәсеңдетеді. Аталық пен аналықтықызыпкетуденсақтайды. Ішкіжынысмүшелерінжаңбырсуынан, шықтамшыларынанқорғайды.

Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте (36-сурет) тек тостағанша жапырақшалары болып, күлте жапырақшалары болмайды (қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ, лалагүл, інжугүл).

 Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер дейді (тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі)




Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады (38-сурет). Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі.

Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі (38-сурет). Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.

Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.

Аналықтың мойныаузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т. б.

Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әрбір аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жемісжапырақшаларынан түзіледі.


Енді осы гүл туралы аңыз да бар. Бағзы замандарда ата – бабамыз қызғалдақ гүлін жұлмаған.Себебі, қызғалдақты дұшпанға қарсы соғысқан батыр бабаларымыздың жерге тамған қанынан пайда болған гүл деседі. Сондай - ақ, «қызғалдақ» - қызыл + қан – дақ деген үш сөзден құралған. Уақыт өте келе бұл атау қысқарып қызғалдақ деп аталып кеткен деседі. Биологтардың айтуынша қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар, яғни жан дүниесі таза, рухы биік адамдар іспеттес. Расында адам қызғалдақ гүлінің арасын аралап бірнеше сағат жүрсе, бойында ерекше қуат пайда болып серпіп қалатынын сезінеді. Жапон ғалымдары арнайы микротолқын қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдікті зерттей отырып, олардың жаны, рухы бар деген тұжырымға келді. Құтыда өсіп тұрған қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда, әлгі аппаратқа: Маған қауіп төніп келеді! Қауіп жақындады! Төнді! Өлдім! – деген жазу басылып шыққан. Ғалымдар гүлдің діріл қаққанын аңғарған. Бұдан  біз өсімдіктердің де жаны бар екенін түсінеміз,яғни тіршілік етеді.

Дұрысгүлмен бұрысгүл. Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе – дұрысгүл (алма, итмұрын, мақта және т. б.).




Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл (соя, үрмебұршақ, сәлбен және т. б.).

14 зертханалық жұмыс(5 –мин)

Гүл құрылысын зерттеу


IV.  Жаңа сабақты бекіту  (3 –мин)

Біліміңді тексер.

І. Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).

1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.

2. Тозаң ұясы бар.

3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.

4. Үлпекке айналған бөлігі.

5. Жәндіктер қоректенеді.

6. Шірне бөлетін бөлігі

7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.

8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.

9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.

10. Хош иіс шығаратын бөлігі.


V. Үй  тапсырмасы: § 20 71 – 74 беттерді оқу.(1 –мин)

VІ. Топпен ән айту (1-мин)

1. Дала гүлі лала гүл

Жанға жұпар бола біл,
Гүл төресі жұлынып
Қалдың қайда тығылып

  1. Көз тартатын Бөрте гүл
    Кербезденген ерке гүл
    Біз сіздерді жинаймыз 2 рет
    Үлкендерге сыйлаймыз

  2. VІІ. Бағалау























3.12.2015ж

Биология және өзін – өзі тану ашық сабағының сараптамасы.

Ашық сабақ биология сабағына өзін – өзі сабағы кіріктірілді.

Сабаққа интерактивті тақтаны қолдану арқылы өтті.

1.Сабақ оқушыларды түгендеп,өзін –өзі пәні сабағынан тыныштық сәтімен басталды. 2.Үй тапсырмасын сұрақ – жауап әдісімен тексерілді.

3.Жаңа сабақ дәйек сөзімен басталды.Жаңа сабақтың тақырыбы :Гүл,

оның құрылысы мен маңызы және №14 зертханалық жұмыс.

4.Жаңа сабақтың ортасында өзін – өзі сабақтың кіріктірілуімен ,

интерактивті тақтадан гүлдердің видео көрінісімен «гүл туралы аңыз» оқылды.

5.№14 зертханалық жұмыс орындалды.Зертханалық жұмысқа оқушыларға гүлдің аппликациясы берілді.

6.Өзін – өзі тану сабағынан оқушылар гүл туралы ән айтты.

7.Оқушылар жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беріп,бірін – бірі тексеру әдісі пайдаланылды.Бағалау критерийі интерактивті тақтада көрсетілді.

8.Бағалау.

9.Сабақ жан – жақты,материалдар сабаққа сай пайдаланылды.



















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы : "Г?л,оны? ??рылысы мен ма?ызы"

Автор: Сакиева Молдир Даулетбековна

Дата: 29.05.2016

Номер свидетельства: 331116


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства