kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Адалды? пен ?ділдік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ашы? саба?ты? жоспары  Міндеттері :о?ушылар?а адалды? туралы   ааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааDJААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААААА

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Адалды? пен ?ділдік»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп М.Жұмабаев атындағы орта мектеп Күні 10.03.2016ж. №23-24

Тақырыбы: Адалдық пен әділдік

Құндылық:ақиқат

Қасиеттер: шыншылдық, әділдік, адалдық.

Мұғалім: Қасымбаева К.А сыныбы 5а оқушылар саны 5а-20

Мақсаты: Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретінде мәнін ұғындыру.

Міндеттері: Адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру;

Оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу білктіліктерін дамытуға ықпал ету;

Оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа әрқашан да ақиқатты айтуға тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар дереккөздер)


Сабақтын барысы: .Сәлемдесу.

5 «Т»-ның сақталуын еске түсіру:тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштық.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену.»Жайлы ,баяу музыка қойылады.Ыңғайланып,отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларынызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарайбойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды ,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елесетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы ,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ,ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге жетті,көзіміз тек жақсыға қарап ,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің дененізден шығып,жан-жағынызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға ,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытща түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға ,жан-жануарларға ,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз; « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рақмет.

-Көз алдыңызға не елестеді?

-Қандай көңіл күйдесіз?

-Сізге жақын адамдардан кімді елестете алдыңыз?

Ескертулер



Жайлы ,баяу музыка






























Үй тапсырмасын тексеру Оқулықтағы «Ұстаздың шәкірттерін сынау» атты аңыз әңгімесін оқу,мазмұнын сұрау, сахналау,сұрақтар арқылы талдау

1.Ұстаз шәкірттерін қалай сынады?

2.Шәкірттің “өз ұрлығымды ішім біліп тұрады ғой”дегенін қалай түсінуге болады ?

3..Өз іс-әрекетіңе іштей қысылып, ұялған кезің болды ма?

Оқулықтағы «Ұстаздың шәкірттерін сынау» атты аңыз әңгімесі

Мұғалімнің сыйлығы . Ертегі «Адалдық » бейнекөрініс тыңдау,талдау.

1.Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Әділ болуға ұмтылу не үшін қажет?

3.“Адалдық-адамдықтың белгісі” дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Адалдық кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық ұғымдарымен неліктен қатар жүреді?


Ертегі «Адалдық » бейнекөрініс

Дәйексөз

« Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»

Ш.Уалиханов

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Неліктен ұстамдылықты ұстазға теңейді.?

Адал болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады.Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.

Ш.Уалихановтың өмірбаяны слайдтар көрсету

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1.Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан,ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады.Ол: « Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе,қарсы болмайды»,-дейді.Досыма үйінде ата-анасы ұрыспауы үшін,мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім,ал қазір олар мені пайдаланып жүр,ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым.Мен досымнан ажырағым келмейді.Сонда менің не істеуім керек?

2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары сізге белсенді оқушы ретінде Жаңа жыл мерекесіне жоба ойластыруға тапсырма берді.

Келесі күні сіз басыңыздағы идеямен кластас құрбыңызбен ой бөлістіңіз.Даярлық жиналысында кенеттен құрбыңыз қолын көтерді де ,сіздің идеяңызды өзінікі сияқты қылып айтып берді. Сізден қысылып қымтырылмады.Сіз не істер едіңіз?

3.Сыңарын тап ойыны.

1) **** -ардың ісі (адалдық)

2)*** қылышы кескен қол ауырмас. (әділет)

3)*** жүрген жерде ,*** жүреді. (адалдық, адамдық)

4)*** айтсаң-әдемі айтқаның (әділін)

5)Асылдың бірі - *** (адалдық)

6)Ала жіпті аттамағанның *** биік (абыройы)

7)*** сөздің зілі жоқ,

Көп көзінен өткен істің міні жоқ. (әділ)

4.Мына сөздерге өз ойыңша анықтама бер.

Адалдық-

Әділдік-

5.Үйіңе қонаққа достарың келді.Сен әділ болсаң олармен тортты қалай бөлісесің?

6. Сенің сыныптас досың сыныптағы бір оқушының сөмкесінен рұқсатсыз қаламын ұрлап алды.Осы әділдікке жата ма?



Ақ қағаздар

Топпен ән айту.

Әні А.Жұбановтікі
КӨГЕРШІН Сөзі Н.Баймұхамедовтікі

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің,

Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш – бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап.

  Қайырмасы.

  Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

  Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

КӨГЕРШІН

Әні А.Жұбановтікі
Сөзі Н.Баймұхамедовтікі

үнтаспа






















 Үйге тапсырма: “ Жомарттық ” қырғыз халық ертегісі оқу ,81 бет

“ Жомарттық ” қырғыз халық ертегісі ,81 бет

Сабақтың қорытынды сәті.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Та?ырыбы: Адалды? пен ?ділдік

Автор: Касымбаева Куляш Акимбаевна

Дата: 04.03.2016

Номер свидетельства: 302279


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства