kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғаттағы су.Бұл және тұман

Нажмите, чтобы узнать подробности

Осы сабақ барсында оқушылар бұлттың түзілу себептерін,жауын-шашынның қалай пайда болатынын түсінеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғаттағы су.Бұл және тұман»

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Бұлт және тұман

Мақсаты Балалардың ауа мен су жайлы білімін ұштау; балаларға ауаның жер бетіне қалай таралатынын түсіндіру.

Топпен сайысу арқылы табиғаттағы су,бұлт және тұман

Күтілетін нәтиже Осы сабақ барысында оқушылар бұлттың түзілу себептерін, жауын-шашынның қалай пайда болатынын түсінеді.

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".

Қолданылатын әдіс-тәсілдер Кім жылдам, Жигсо, миға шабуыл, ББҮ кестесі, топтастыру, ыстық орындық

Қолданылатын ресурстар: А3 форматы, маркерлер, стикерлер, интербелсенді тақта

І.Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу кезеңі (Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.)

ІІ. Психологиялық дайындық

Самал желі биледі. (қолдарын жоғары көтеріп қимылдатады)

Қабат-қабат бұлт келді, (қолдарын сермейді)

Жауын-шашын төгілді.(аяқтарымен тарсылдатады)

Үлкен-кіші көңілді. (құшақтарын ашады)

Оқушыларды үш топқа бөлемін

I топ «Су»

II топ «Бұлт»

ІІІ топ «Тұман» болып бөлінеді

Мұғаліммен сәлемдеседі. (Шеңбер құрып, психологиялық ахуал жасайды.)

ІІІ. Өткенді қайталау Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл»

І «Су тобына»

1. Ауа бізге не үшін керек?

-Ауа бізге тыныс алу үшін керек.

2. Ауа жылынғанда қайда көтеріледі?

- Ауа жылынғанда жеңіл тартып жоғары көтеріледі

ІІ «Бұлт» тобына

1.Ауа қалай қозғалады?

-Ауа түрлі жылдамдықпен қозғалады.

2.Жел дегеніміз не?

- Ауаның жер бетімен қозғалысын жел деп айтамыз.

ІІІ «Тұман» тобына

1. Желдің маңызы қандай ?

Желдің пайдасы мөлдір, түссіз, иіссіз, көзге көрінбейді, Егер жел болмаса жауын-шашын бұлт түзілген жерде ғана жауар еді.

2. Желдің соғуы қалай аталады?

Желдің соғуы самал жел, күшті жел, дауыл

Үй тапсырмасын қортындылау «толықтыр»

Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын ..... не дейді?

Желдің күшін пайдаланып ... не алуға болады?

...... – желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал.

ІҮ. Жаңа сабақ Ертегі

Мұғалім оқушылармен саяхатқа шығыпты. Бір кезде мұғалім балаларға үлкен бұлтты көрсетті. Жаңбыр жауайын деп тұр деді. Бұл уақытта тау үстінде жылы жел демалып жатты. Ол жеңіл, нәзік. Ал орман жақта салқын жел аңдып тұрды. Ол үлкен, суық.Күн ысыған сайын жылы жел жеңілдей береді. Қатты ыстықтан ұшып кетеді. Осыны тосып жатқан салқын жел атқып шығады. У-у-у-у-у-у-у! Деп салқын жел жылы жел жатқан жерге жайғасады. Бұл әдеттегі жағдай. Бір жел кетсе, екіншісі орнын басады екен. Қараңдар, суық жел бұлтты құшақтап алып аспанда ұшып жүр. Ол бұлтты құшақтаған бетте бұлт қоюлана түсті де, көбейе бастады. Бұлтты құрайтын тамшылар суық желден қорқып, екі екіден құшақтаса бастады, одан сайын тоңып олар тағы қосылды, қатты қорыққандықтан олар қосыла берді. Ауырланған тамшылар жерге түсті. Сөйтіп, жаңбыр жауды. Балалар үйшіктің астына тығылды. Ыстықтан әбден шөлдеген гүлдер жаңбырға қатты қуанды.

Жаңбырменен жер көгерер . 

Батаменен ер көгерер деген халық даналығы содан қалса керек

Қандай табиғи құбылыстарды білесіңдер? (жаңбыр, қар, бұршақ, мұздақ жауды, күн бұлттанады, тұман түседі) плипчартпен жұмыс істеу

-Бұлар қалай пайда болады?

Мәтінді оқыту мәтінмен жұмыс слайдтар арқылы түсіндіру

1-ші топ «Су тобына » Су. Судың күйлері туралы

2-ші топ «Бұлт тобына» Су табиғи байлық дәлелде

3-ші топ «Тұман тобына » Бұлттардың түрлері

Ү. Сергіту сәті (Жұмбақтар шешу)

І топ Су тобына ІІ топ Бұлт тобына

Қоя алмайсың байлап

Табаны тым тайғақ (мұз) Шашылды көктен ақ моншақ

Желіні толы сүт Жоғалды бірден тапқанша ақ (Бұршақ)

Жерге тамса құт ( Бұлт,жауын)

Мөлдіреген жүзімді Әуеден күбі түсті

Қозғап едім үзілді (Шық) Күбінің түбі түсті (күннің күркіреуі)


Бар ма жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа)

ІІІ топ Тұман тобына

Жүйрік өзі тұлпардан Қанатсыз бұлт маңып барады

Ұшқыр көзі сұңқардан Көзінен жас тамып барады (Бұлт)

Күні түні жүйткиді

Кең далада бір тарлан (жел)


Тiршiлiк аусар тек,

Ұстасаң қауқар жоқ,

Айналам қоршау көк,

Одан асқан кәусар жоқ. (Ауа)

ҮІ. Дәптермен жұмыс Сәйкестендіру

Судың булануы  будан суға 

Судың қатуы  судан мұзға

Судың еруі мұздан суға

Судың алмасуы  судан буға

ҮІІ. Сабақты қорыту:

Жер бетінде ең көп таралған зат  (Су)

Жердің қандай бөлігін су алып жатыр?  (төрттен үш бөлігін)

Су неше градуста қатады?  (0 градустан төмен түссе)

Табиғат байлығы не?  (Су)

Адам ағзасының бүкіл салмағының қанша бөлігі су (жартысынан көбі)

Бұлттың түрлері ? (шарбы,будақ қабаат )

Бағалау

Бағалау критер

Өзін өзі және топпен бағалайды

Рефлексия көңіл күйлерін сабақтан алған әсерлерін бөліседі






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Табиғаттағы су.Бұл және тұман

Автор: Аятхан Бейбитгуль

Дата: 11.01.2017

Номер свидетельства: 377909


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства