Просмотр содержимого документа
««Таби?ат бізді? досымыз!» »
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат біздің досымыз!»
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Адам баласының қоршаған ортаға тигізетін түрлі әсерлерін оқушыларға жете түсіндіру. Ә) Дамытушылық: Табиғатты, яғни қоршаған ортаны қорғауда оқушылардың білімдерін дамыту. Б) Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге, туған өлкенің өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғауға, аялауға үйрету. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, ойын элементтерін пайдалану. Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру, аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жаңа технология әдістерін пайдалану, сызба - нұсқа, слайд.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2. «Бір сөз-бірнеше ұғым»
3. «Суреттер сөйлейді»
4. «Адамның табиғатқа әсері»Венн диграммасы.
6.Постер қорғау.
5.Қорытынды.
1.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын тексеру.Топқа бөлу.Топқа ат қою.
2. «Бір сөз-бірнеше ұғым»Оқушыларға тақырыпты ашуға мүмкіндік беру.Берілген сөзге туыстас мағына табу.
Табиғат
Адам
3. «Суреттер сөйлейді».Табиғат туралы суреттер беріледі.Оқушылар сол сурет туралы өз ойларын айтады.Оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін тану.
4. «Адамның табиғатқа әсері».Венн диграммасын құру, адамның зиянды және пайдалы іс-әрекеттерін көрсету.
Пайдалы
Зиянды
5.Постер қорғау. «Табиғат біздің досымыз.»Оқушылар табиғатқа қандай көмек көрсету керек,табиғатқа қиянат жасау секілді пайдалы кеңестер мен өз ұсыныстарын ұсыну.
6. Қорытынды.Оқушыларға қорытынды жасап, қосымша материалдар ізденуге уй тапсырмасын бер.