kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?йекті ж?не шеміршекті балы?тар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? саба?ты? та?ырыбы: С?йекті ж?не шеміршекті балы?тар. Б?л саба?ты ал?анда?ы ма?сатым  о?ушыларды? балы?тар жайлы білімдерін арттырып, мекен ету ортасымен таныстыру, ?оша?ан ортаны, таби?атты аялай білуге т?рбиелеу болды. Балаларды? саба??а  деген ?ызы?ушылы?тары арт?анын к?рдім. Саба??а толы? ?атысты, ж?не о?ушыларды? белсенділіктерін бай?адым. Саба?та сын т?р?ысынан ойлау  технологиясыны? бірнеше  элементтерін ?олдандым. Соны?  ішінде  "Венн диограммасы", "Балы? аулау", "Мозаика", "Адас?ан с?здер" ?діс- т?сілдерін ?олдандым. ?ткен та?ырыппен ж?не алда?ы та?ырыптармен байланыстыратын с?зж?мба?тар ?ойылды. Оны? не ?шін ?ойыл?аны айтылып, ай?ындалып кетті.айма?ты?, жергілікті, компаненттері айтылып кетті. картамен ж?мыс болды. п?наралы? байланыстар да болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?йекті ж?не шеміршекті балы?тар»

Сынып: 7 «А» Күні:06.02.2016ж Сабақтың тақырыбы: Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті және сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері. 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға шеміршекті және сүйекті балықтар туралы түсінік беру, білімдерін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін, зейінін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, қосымша құралдар, карта , слайдтар

Пән аралық байланыс: география, экология , әдебиет

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

-Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?


Сұрақтар: «Балық аулау» стратегиясы. 
1.Қандай жануарларды желілілер деп атайды? 
2.Желілілердің қандай тип тармағы бар? 
3.жақсүйексіздер дегеніміз не.? 
4.Денелерінің температурасына қарай жануарлар нешеге бөлінеді?

5. Омыртқалылар ұрығының дамуына байланысты қалай бөлінеді?

6. Минога қандай жануар?

7. Дене температурасы тұрақты омыртқалылар?

8. Қағанақ дегеніміз не?

 

ІІІ. Жаңа сабақты таныстыру:

Сөз жұмбақ шешіп қызығушылықтарын ояту:

1 .Ұшып жүрген гүл көрдім, Қонғанда ұстап үлгердім. (көбелек)

2. Еңбегі қатты, Елегені тәтті. Тіршілік нәрін, Гүлдерден тапты. (ара)

3. Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)

4. Отырмайды, тұра алмайды, Түзу жолда бұраңдайды. (жылан)

5. Ит сияқты пішіні, Ұнатпайды кісіні. (қасқыр)

- Иа, жұмбақтың жауабында кездескен жануарлардың қайсысымен біз алдыңғы сабақта таныстық. (көбелек, ара) Ал қалғандарымен ендігі сабақтарда танысамыз.(түлкі, жылан, қасқыр)

- Ал енді келесі жұмбақты шешесіңдер. Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы да осы жұмбағымызбен байланысты:


Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды. (Балық)

- Дұрыс айтасыздар, бүгін біз жануарлар әлемінің бір түрі – балықтармен танысамыз. Балықтар қайда тіршілік етеді? - Суда. - Судың қандай түрі бар, есімізге түсірейікші? Мұхит Теңіз Өзен Көл . Картадан көрсетейік . Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан Республикасында (картадан көрсету) Ал, біздер осы Қазақстан Республикасының қай қаласында тұрып жатырмыз? ШҚО Курчатов қаласында қандай судың түрі бар, білеміз бе? Ертіс өзені . Онда мынандай балықтар кездеседі екен. Шортан, шабақ, алабұға, теңге балық, мөңке.

Ендеше бүгін біз шеміршекті және сүйекті балықтар класына тоқталамыз.


Балықтарға жалпы сипаттама. Балықтар – сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. «Балықтың жаны – суда» деген халық даналығы соның айғағы.

Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі мекендейді. Ал Қазақстанда 180 түрі тіршілік ететіні мәлім. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология деп аталады.

Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек, құрсақ және дара арқа жүзбеқанаттары орналасқан. Құйрық бөлімінде сыңар құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтар мен қапталған. Желбезекпен тыныс алады. Жүрегі 2камералы, қан айналу шеңбері - біреу, миының құрылысы қарапайым. Балықтың иіс сезу, сезім, есту, көру,(өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Сүйекті балықтарда алғаш қуық пайда болды.

Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады мыс - акулалар. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары да кездеседі. Балықтардың адам үшін қажетті белоққа бай тағам көзі. Балық майы - балық бауырынан алынатын сұйық май. Мөлдір қызыл - күрең түсті, өзіне тән иісі сұйықтық. Құрамында А және Д витаминдері көп болғандықтан мешел, тыныс алу, асқазан көз ауруларын емдеуге пайдалы. Балықтардың майы таза күйінде сәбилерге ішкізеді кейде басқа дәрілердің құрамына енгізеді.
Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді.

Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде 750-дей түрі бар. Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар(скаттар) және тұтасбас (химера) балықтары жатады.


Сүйекті балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ пайда болған. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, кейде түрлі дыбыстар шығаруға қатысады . Зәр шығару жүйесі — -екі бүйрек, екі несепағар жүйесі. Миы шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші әрі қарапайым. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бір – бірімен түрлі дыбыстар шығару арқылы байланысады.
3. Түрлері: 
Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар: 
1. Сәулеқанаттылар , негізгі отрядтары – 
• бекіретәрізділер  (қортпа, бекіре, жеңсік албырт)
• майшабақтәрізділер (майшабақ, түлкі балық) 
• албырттәрізділер  (кета, нерка, құнысбалық)
• сетінектер ( сетінек, найл)
• көзауықтар  (тілбейне қалқаны)
• тұқытәріздестер  (Аққайран, мөңке, қаракөз, табан, ақмарқа, сазан, қаяз)

2. Қалаққанаттылар , негізгі отрядтары – 
• қостынысты балықтар  
• саусаққанатты балықтар (латимерия) 


1. Адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра. 
Хабхат............................. 
Батан............................. 
Кеңөм............................... 
Азанс............................. 
Іебрек.............................. 
Нартош............................ 

Бақша...............................

Қайранқа...........................

2 Сөзжұмбақ шешу



3. Венн диаграммасы

Алдарындағы қағазға Шеміршекті және Сүйекті балықтардың айырмашылығы, ұқсастығын жазып тақтаға шығып қорғап шығады.


4. «Мозайка» ойыны арқылы қорытындылау.
- әр оқушы бүгінгі сабақтан ойына түйген ойларын айтады. 

1. Кг 14тоннадан асатын
Көрген адам қашатын
Білесің бе? Қандай балық қарағым
(Акула)

2.20000- нан астам түрі бар
Байқап жемесең тұтылар
Қорқытатын құты бар
Балықтың бір түрі бар
(Сүйекті балықтар)

3.«С» әрпінен басталар
«Қ» әрпін қойсаң ай атымен жанасар
Білесіңдер бұл қай балық балалар
(Сазан)

4. Ыбырайдың мысалында кездеседі
Аққуменен, шаянменен тілдеседі
Көл ғана оның мекені
Балықтың ол төресі
(Шортан)


5.Кері байланыс «Даналық ағашы»

Балаларға түсті жапырақтар беріледі . Жапырақтарды Даналық ағашына жапсырады.

Үйге тапсырма : Шеміршекті және сүйекті балықтар.


Бағалау. Бағалау парақшасы арқылы бағалау.









Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мекетебі»КММ















Сүйекті және шеміршекті балықтар класы

Ашық сабақ





Биология пәні мұғалімі

Кулбекова АА







2016 жыл





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
С?йекті ж?не шеміршекті балы?тар

Автор: Кулбекова Айнур Аблаевна

Дата: 23.03.2016

Номер свидетельства: 309133


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства