kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?йек сын?анда ж?не буын шы??анда к?рсетілетін ал?аш?ы ж?рдем.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: С?йек сын?анда ж?не  буын шы??анда к?рсетілетін ал?аш?ы ж?рдем.

Саба?ты? ма?саты:

1.О?ушыларды   с?йек сын?анда,буын шы??анда  к?рсетілетін ж?рдем т?рлерімен таныстыру.

2.О?ушыны? саба??а белсенділігін арттыру ма?сатында ойлау, с?йлеу ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.

3.О?ушыларды   адамгершілікке, бас гигиенасын таза ?стау?а т?рбиелеу

Саба?ты? типі:Жа?а саба?  

 Саба?ты? ?дісі:  иллюстративті баяндау. тірек-сызба ??ру.                                     

Саба?ты? п?н аралы? байланысы:   медицина             

 Саба?ты? к?рнекілігі: электронды о?улы?,сызбан?с?алар

Саба?ты? барысы: 

І. ?йымдастыру б?лімі.

Амандасу, т?гендеу,

Саба? ма?сатымен таныстыру.

ІІ. ?й тапсырмасын с?рау

А) Б?йге (С?ра?тар?а жауап)

?) Тірек – сызбалар ар?ылы с?ра?тар?а жауап

ІІІ. Жа?а саба?

С?йек сын?анда ж?не  буын шы??анда к?рсетілетін ал?аш?ы ж?рдем.

  • С?йекті? сынуы
  • Сі?ірді? созылуы
  • Буынны? шы?уы
  • С?йекті? сынуы
  • Сі?ір  созыл?анда, буын шы??анда ж?не  с?йек сын?анда к?рсетілетін ал?аш?ы ж?рдем

ІV. Биологиялы? диктант

  • .. жері шыдатпай ауырып, ісіп кетеді.
  • .... ?те ?ауіпті, ?йткені с?йектер ?са?талып кетеді.
  • Ая?....,.... ?атты ауырып,.... Ісініп,?оз?алмай ?алады.
  • С?йекті? бітіп ?айта ?алпына келуі с?йекті? сырт?ы... байланысты.
  • .... ауыртады, сын?ан жер домбы?ып іседі.

ТЕСТ

1.Адам ?а??асы ?анша с?йектен т?рады?

А) 160    б) 206   в) 250

2. Омырт?а жотасы ?анша омырт?адан т?рады?

А) 40-45   б) 25-30    в) 33-34

3. Омырт?а жотасы неше б?ліктен т?рады?

А) 6   б) 8    в) 5

4. Сада? с?йек ?ай жерде орналас?ан?

А) ая?та   б) ?олда   в) мойын омырт?ада

5. Жалпа? ?шб?рышты с?йек ?алай аталады?

А) б??ана   б) жауырын  в) ?абыр?а

6. С?йекті? ?оз?алмалы байланысы ?алай аталады?

А) буын   б) омырт?а  в) тобы?

7. Ш?йде (?ара??с) б?лігі ?ай жерде орналас?ан?

А) т?л?а с?йегінде  б) бас с?йекте  

 в) т?с с?йегінде

8. С?йекті? ??рамында ?анша % органикалы? заттар бар?

А) 20 %  б) 30 %  в) 10 %

9. Адамны? ?а??асы неше жас?а дейін ?седі?

А) 22-25 жас   б) 15-20 жас   в) 30-35 жас

10. С?йекті зерттейтін ?ылым ?алай аталады?

А) эндокринология  б) ортопедия

 в) орнитология

Тест жауаптары:

1.Б

2.В

3.В

4.А

5.Б

6.А

7.Б

8.Б

9.А

10.Б

?йге тапсырма:

§25, §26  та?ырыпты мазм?ндау

«С?йек ж?не буын ауруларыны? т?рлері» туралы ша?ын ээсе жазу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?йек сын?анда ж?не буын шы??анда к?рсетілетін ал?аш?ы ж?рдем.»

8 - сынып.
Сабақтын тақырыбы: Қанның ұюы. Тромбоциттер
Сабақтың мақсаты:
1. Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру.
2.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
3.Қан ұюы туралы қосымша мәліметтер ізденуге қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Электрондық оқулықпен жұмыс, сұрақ - жауап, баяндау
Сабақтың пән аралық байланысы: Валеология,. Химия, матем.
Сабақтың көрнекілігі: сызба - нұсқа, тірек - сызба
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қан құрамына кіретін заттар?
2. Қанның қызыл жасушаларын қалай атаймыз?
3. Эритроциттер қайда түзіледі?
4. Ақ қан түйіршіктерін қалай атаймыз?
5. Фагоцитозды ашқан кім?
6. Лейкоциттер қайда бұзылады?
7. Лейкоциттер не арқылы қозғалады?
8. Оттегін тасымалдайтын нәруыз?
9. Ядросы жоқ қан жасушасы?
10. Қандағы түссіз сұйықтық?
Жауаптары:


1. плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
2. эритроцит
3. сүйектің қызыл кемігінде, көкбауырда
4. лейкоцит
5. И. Мечников
6. көкбауырда
7. жалғанаяқтар
8. Гемоглобин
9. эритроциттер
10. плазма

Миға шабуыл
Тақтаға тест ілінеді. Екі топ жарысып қайталау сұрақтарға жауап айтады.
Болжау стратегиясы
1. Жұмбақтар:
Тарам - тарам бірғалам.
Айқыш, ұйқыш шырғалаң,
Толғанағыс тоқтаса,
Жоғалады бар адам.
(Қантамыр)
Жанды мотор сынбайды.
Күні - түні тынбайды,
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерде тыңдайды
(Жүрек)
2. Тақтадағы қан жасушалары суреттері арқылы жұмбақ жасырылады, ондағы қанның ұюындағы тромбоциттердің іс - әрекеттерінің суреттері арқылы оқушылар жаңа сабақта не айтылатынын шамамен болжап айтады
ІV. Жаңа сабақ
Тромбоциттер немесе қан пластинкалары - қанның ең кішкентай, түссіз, ядорсыз формалдық элементтері. Олар сүйек кемігінде түзіледі, мөлшері 2 - 4 мкм, дұрыс емес дөңгелек пішінді. 1мм қанда 180 - 350 мың тромбоцит болады. Тіршілік ұзақтығы шамамен 7 күн. Тромбоциттердің негізгі қызметі - қанның ұю және қан кетуді тоқтату процесінде қатысу.
Тірек - сызба нұсқалармеп жұмыс
Тромбоциттер – қан пастинкалары; қанның өте ұсақ ядросыз элементтері, олар жасуша түзінділері болмауы да мүмкінТромбоциттердің мөлшері тәулік ішінде ауытқып отырады: олар күндіз көп, түнде аз болады. Олар көкбауырда бұзылады. Тромбоциттер қанның ұю үрдісінде маңызды рөл атқарады, демек, қан тамырлары зақымданғанда ағзаны қансыраудан сқтауға жәржемдеседі. Нәруыз қан мен ұлпааралық сұйықтықтарда судың керекті мөлшерде таралып отыруын реттейді. Қанның құрамына әр түрлі заттар өне бойы түсіп тұруына қарамастан, оның құрамы үнемі тұрақты болады., өзгермейді. Оның себебі артық заттар зәршығару мүшесі, өкпе, тері арқылы сыртқа бөлініп отырады.
Қанның ұюы. Жарақаттанған жерден алғаш қан аққанымен, аздан соң ақпайтын болады. Себебі, қандағы ерітінді күйіндегі ақуыз талшығы фибрин талшығына айналады.
Қан тамырлары жарақаттанғанда тромбоциттер жарғақшасының бұзылуы нәтижесінде протромбин бөлініп, талшықты фибринге айналдырады. Фибрин талшықтары қан тамырының жарақатталған жерлерін торлайды. Торланған фибрин талшықтарына қанның қызыл түсті жасушалары – эритроциттер шырмалады да, іркілдек зат – қанұйық түзеді. Тромбоциттер тағы серотонин деген зат бөліп шығарады.
Қанның ұюының бейімделгіш маңызы бар, тамырлар зақымданған жағдайда организмді қансыраудан сақтайды. Сонымен қатар тамырларда айналатын қанның ұйып қалмауы да өте маңызды. Дені сау адамның ұсақ тамырлары жарақаттаған кезде қан кету 3 - 4 минутта тоқтайды. Бұл тамырлардың тарылып, жарақат шетіне жабысып қалатын тромбоциттердің бірігуіне байланысты.
Сонымен қанның ұюы организмнің қорғаныш реакциясы ретінде оны қансыраудан және жарақатқа ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды.
V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ой козғау : Биологиялык диктант
Организмнің ішкі ортасы деп... айтады. Қан организмдегі... ұлпаға жатады. Қан жасушаларына..,....,... жатады. Эритроциттің қызметі... тасымалдау. Лейкоциттер организмге түскен... өзіне сіңіріп қорытады. Қан жасушалары... жасалады.

Көп нуктенің орнына қоятын создер: сүйек кемігінде, дәнекер. лейкоцит, эритроцит, тромбоцит, қан, лимфа, жасуша сұйыктығы, О2, бөгде заттарды.
2. Кесте толтырылады.

Үйге тапсырма: Тақырыпты мазмұндау

Бағалау.



Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы:§28. Қанның құрамы мен қасиеттері.Эритроциттер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушыларды организмнің ішкі сұйық орталарымен таныстырып, алған білімдерін тиянақтап, одан әрі лабораторияларда өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қан ауруларының алдын – алуға, тазалық сақтауға, адамгершілігі мол азамат болуға, алғырлыққа үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі:
І Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу
- сыныптың тазалығын тексеру
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Зардап шеккен адамға басқа адамның қан беруі оны өлімнен аман алып қалады. Ойланып, түсіндіріп беріңдер:
а) неліктен көп қан жоғалтқан адам қайтыс болады?
ә) адам өміріңдегі қанның қандай маңызы бар?
Сұхбаттасу барысында қанның организмдегі ең маңызды сұйықтық екені туралы қорытынды жасаймыз. Себебі ол түрлі қызмет атқарады: оттек пен қоректік заттарды тасымалдайды, ыдырау өнімдерін шығарады, организм әрекетінің гуморальдық реттелуін жүзеге асыруға қатысады.

Қан неден тұрады? Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшеді.

ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздері мақсат қояды.
Жұппен жұмыс. Әр топқа мәтін беріледі.
Қан – қан плазмасынан және формалы элементтерден тұрады. Формалы элементтерге – эритроцит, лейкоцит, тромбоцит (қан пластинкасы ) жатады.
Қан плазмасы – қанның барлық 55 – 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90 - 92 % судан, 7 – 8 % нәруыздан, 2 % глюкоза, май, минералды тұздардан тұрады.
Қан плазмасының нәруыздары глобулин (организмдерді бактериялардан қорғайды. Альбумин (плазмадағы су мөлшерін реттейді). Фиброноген (қанның ұюына қатысады.)
Плазма – су - 90 - 92%
- глюкоза – 0, 12%
- май – 0, 7 - 0, 8%
- тұз – 0, 9%
- сүт қышқылы
- ферменттер, гармондар
- нәруыз – 7 - 8% - альбуминдер (4, 5% )
- глобулиндер (1, 7 - 3, 5%)
- фибриногендер (0, 4%)
Фибриногендер – қанның ұюына қатысады.
- құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын – қанның сарысуы
(сыворотка) дейді.
Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0, 04% - дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги) қалады.
Қан жасушалары – эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері)
- лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)
- тромбоциттер (қан пластинкалары)
Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты
4, 5 – 5 л. Қанның құрамы – плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі.
Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр – қызыл қабаты қан жасушалары.
Қанның құрамы - қан плазмасы және қан жасушалары
• Қанның құрамы плазмадан,
• қызыл және ақ жасушалардан тұрады.
• Қан жасушаларына – эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады
Эритроцит – қанның қызыл түйіршіктері. Диаметрі 7 – 10 мкм – ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді. Жетілгендерінде ядро болмайды. 1 мм ³ қанда 4, 5 – 5 млн эритроцит болады. Эритроцитте қанға қызыл түс беретін гемоглабин болады. Гемоглабиннің негізгі қызметі оттекпен көмірқышқыл газын тасымалдау. Эритроциттің тіршілік ұзақтығы 120 күн. Гемоглабин оттегімен қосылып оксигемоглабин түзеді.
Гемоглобин оттектен басқа иіс газымен қосылып, карбоксигемоглабин түзеді.
Адамның эритроциттерінің диаметрі 7, 5 мкм, қалыңдығы 1 - 2 мкм. Қанның 1 мм3 - де шамамен 4, 5 – 5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм3 қанында 6 - 7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (латынша «haіma» – гемоглобиннің құрамында темір бар нәруызы жоқ бөлігі, «globus» – нәруызды бөлігі) байланысты. Гемоглобин – қанның қызыл түсті пигменті.
Гемоглобин құрамында темір (гем) және нәруыздық бөліктер (глобин) кіреді.
- қанның 1мм көлемінде 4, 5 - 5млн эритроцит бар.
- олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді. Бұл эритроциттердің бетін 1, 5 есе үлкейтеді
және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді.
- орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.
- сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.
- бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
- қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды.
Нв + О2 = НвО2 (оксигемоглобин)
1. Қандағы эритроциттер санының кемуінен, гемоглобин мөлшерінің азаюынан.
2. Адамнан көп қан кеткен жағдайда.
3. Интоксикацияда.
4. В12 витаминінің жетіспеуінен де болады.
Мәтінді жұппен талқыланады. Сынып екі топқа бөлініп, бір – біріне өз мәтіндері бойынша түсіндіреді. Түсіндіріп болған соң, тапсырмаларды орындайды.
№1 тапсырма. Эритроциттерге тән қасиеттерді таңда.
1) Қызыл қан жасушалары;
2) 1 мм2 қанда олардың 6 – 8 мыңы бар;
3) 1 мм2 қанда олар 4, 5 – 5 млн болады;
4) Сүйек кемігінде түзіледі;
6) Қызметі – қанды ұйыту;
7) Тіршілік ұзақтығы – 120 тәулік;
8) Ядролық жасушалар;
№2 тапсырма. Мәтіндегі бес қатені тап, олардың астын сызып, дұрыс жауаптарын сәйкес рамкаларға жаз.
Эритроциттер – қызыл қан жасушалары. Олар өте кішкентай. 1мм2 қанда олардың 10 млн болады. Бұл – өз беттерінше қозғала алмайтын, шар пішіндес жасушалар. Жасушалардың ішінде нәруыз бен мыстың қосындысы - гемоглобин бар. Эритроциттер көкбауырда түзіліп, сүйек кемігінде бұзылады. Олардың негізгі қызметі - нәрлі заттарды тасымалдау.
Проблемалық сұрақ
Тұрмыстық газ бен пештегі отын толық жанбаған кезде түзілген иіс газы гемоглобинмен берік химиялық қосылыс түзеді. Осы газбен ұзақ уақыт тыныс алғанда, адам неліктен өліп кетеді?
Қорытынды: Тест жұмысы
1. Қан жасушаларын ең алғаш көрген және «қан шарлары» деген атауды берген ғалым? (А. Левенгук)
2. Плазма деген не? (қанның сұйық бөлігі)
3. Гемоглабин деген не? (қанның қызыл пигменті)
4. Қан айналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (Гемотология)
5. Организмнің ішкі ортасына не жатады? (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа )
6. Қанның 1 мм³қанша эритроцит болады? ( 4, 5 – 5 млн)
IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: §28. оқу, 105 беттегі кесте толтыру
V Бағалау. Оқушылар оқу парақтарының ұпай санымен бағаланады.


















Сабықтың тақырыбы: Лейкоциттер. Фагоцитоз теориясы. 
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға лейкоциттердің құрылысы мен қызметін 
меңгерту. 
 Білімділік: Лейкоциттердің адам ағзасында атқаратын қызметі, оның 
топтарға бөлінуін, фагоцитоз қандай құбылыс екендігін үйрету.
 Дамутышылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында 
тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды 
пайдалану, ойлау қабілетін дамыту.
 Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін пайдаға асыра отырып 
білімдерін нығайту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ақпараттық оқыту , сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ойындар.
Көрнекілігі: Иинтерактивті тақта, ойындар, суреттер.
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі . 
2. Үй тапсырмасын сұрау. 
3. Жаңа сабақ 
4. Ойын сұрақтарына жуап беру
5. Сабақты қорытындылау. 
Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылардың сабаққа назарын аударып, оқу құралдарын түгендеу. 
Үй тапсырмасын сұрау.

1. Қандай сұйықтықтар ағзаның ішкі ортасын құрайды? 
2. Қанның құрамында қандай жасушалар бар? 
3. Эритроциттер қандай қызмет атқарады? 
4. Қан плазмасының қан сарысуынан қандай айырмашылығы бар? 
5.Эритроциттердің құрылыс ерекшелігі неде? 
6. Қанның құрамы неден тұрады? 
7. Гемоглобиннің өзіне тән ерекшеліктерін ата? 
8. Қан плазмасы құрамында қандай заттар болады? 
9. Қан ағзада қандай қызмет атқарады? 
10. Оксигемоглобин дегеніміз не? 
Жаңа сабақ. 
Лейкоциттер – ядросы бар және белсенді қозғалатын ақ қан жасушалары. Яғни амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Адамның 1 мм қанында 4-9 мың әртүрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит т.б) лейкоциттер бар. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді. 
Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. 
Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде айырша безде және көкбаурда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында аздау, тамақтанғаннан кейін көбейед. Тіршілік ету ұзақтығы 2-5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттерде көкбауыр мен бауырда жойылады. 
Қызыметі. Лейкоциттер амеба тәрізді жалған аяақтарынең көмегімен қозғалады. Лейкоциттер қылтамырдың қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып Жасушалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай өтеді. Әсіресе дененің зақымданған жеріне көп жиналады Бактериялар цитоплазмаға енген соң лизосоманың көмегіменолар ериді. Лейкоциттердің өздері де бұзылады.
Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген атақты физиолог ғылым И.И.Мечников. 
Кім тапқыр ойыны.
Мына фагоцитоз құбылысы суретіндегі сандарды сөйлетейік. 
Эстафета. Тақтаға үш қатар етіп , сұрақ жазылған қағаздар ілінеді. Ең жоғары жағының ортасына бір карточка артық ілінеді, оның тұсына жалауша ілінеді. Төменнен жоғары қарай карточкамен жұмыс істейді. ? 
1. Лейкоциттердің құрылысы нешеге бөлінеді? 
2. Жұқпалы аурулар неден болады. 
3. Лейкоциттердің құрылысы неде? 
4. Фагоцитоз мәні неде? 
5. Фагоцитоз құбылысын кім ашты? 
6. Түйіршіксіз лейкоциттерді атаңдар? 
7. Түйіршікті лейкоциттерді атаңдар? 
8. Фагоциттер дегеніміз не?
9. Лейкоциттер қалай қозғалады?
10. Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес нешке бөлінеді?

Сабақты қортындылау.
Рефлекция

Үйге тапсырма: § 29 мазмұндау. Кесте толтыру. Бағалау.









































Сабақтың тақырыбы Иммунитет, иммунитет түрлері ЖИТС

Сабақтың   мақсаты: Иммунитет, иммунитет түрлері жөнінде оқушыларға

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жасалынған дидактикалық тапсырмалар

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Үй жұмысын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІІІ. Пысықтауға арналған тапсырмалар
IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма беру. Қорытындылау.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырғаннан кейін  3 қатарға бағалау парақтары  беріледі:.                        

                   Үй жұмысын тексеру.
І.    Фронтальдық жұмыс. Сұрақтар:
1. Ағзаның ішкі ортасы.
2. Қанның құрамы.
3. Қан жасушалары.
4. Қанның қызыл түсті пигменті.
5. Адам ағзасында  қанның мөлшері.
6. Оксигемоглобин дегеніміз не ?
7. Қан құрамындағы қант.
8. Қан ағзада қандай қызмет атқарады ?
9. Қанның құрамындағы ерімейтін тұз.
10. Микробтарды жойып жіберетін жасуша.
11. Қанның үйюына қатысатын нәруыз
12.Қанның үйымауынан болатын ауру
13. Тромбоциттердің саны
14. Лейкоциттердің саны
15. Эритроциттердің саны.

 ІІІ.  Оқушылардың ғалымдар туралы қосымша ақпараттарын тындау,
        (  алдын-ала тапсырма берілген).

Жаңа сабақ.
а ) Мұғалім иммунология, иммунитет, иммунитет түрлері жөнінде түсінік береді.
Соныменең   :  сенің иммундық жүйең сенің организміннің  жасушаларын басқа жасушалардан ,( мысалы бактериялардан,)  сенің организіміне түссе, онда ақ қан түйіршіктері оларды ажыратадыда, шабуылдай бастайды. 
Иммунитет- ағзаның түрлі жұқпалы аурулар мен әр түрлі бөгде денені қабылдамауға 
қарсы тұру қасиеті.     
                                                  Иммунитеттің түрлері




табиғи, туа   біткен                                                            жасанды


адмдар және жануарлардың белгілі                 егер организмге түрлі биологиялық препа-
бір түріне тән.Мысалы:  адамдар  ірі қара      раттарды енгізсе пайда болатың иммунитет
ның ауруымен ауырмайды- жылқының          ол микробтың бір түріне ғана арналады.
мақасымен, иттің, шошқаның обасымен        Бұл иммунитет тұрақсыздау, мысалы бұ-
ауырмайды.                           зауға  парафит ауруына жасалған иммунитет
   6 айға дейін сақталады.

Антидене, антиген, лимфациттер деген түсініктерді  оқушылардың естеріне салу.

   б) Қан туралы ертедегі түсінік. 
Адамдар көптеген уақыттар бойы қанды құдыретті, қасиетті күш ретінде таныды. Қанмен бір-біріне адал анттарын берісті. Қазақта «қан жылап тұрып айтты» деген сөз бар, бұл да қанның құдыретіне байланысты айтылған сөз қолданысты. Ежелгі гректерде құдайларына құрбандыққа қан апаратын дәстүр болған. Гректер қанды «жан» тасымалдаушы ретінде таныды. Гиппократ жүйке ауруына шалдыққандарға дені сау адамдардың қанын ем ретінде ішуді ұсынған. Ол дені сау адамдардың қаны таза болады деп есептеген.
Қанды ертеректе дәрілік сусындар қатарына жатқызып келді. Ержүрек және ақкөңіл адамдардың қандарын құю адамдарды ұлы батыр қылады деген теріс пікірде болған. Мысалы, Рим папасы Иннокентий VIII қартайған кезінде үш жас өспірімнің қанын өзіне құюды бұйырған, соң өкінішке ұрындырып, Рим папасы да, жас өспірімдер де өлген. Ал Франция ханшайымы Мария Медичи (XVII ғ.) кәрілікке қарсы қан ішіп отырған, бірақ одан оған ешқандай ем қонбаған.
Адамдар қан айналым және жүрек қағысы туралы білсе де, оның себебін түсіндіре алмады. Аристотельдің бұдан 2300 жыл бұрын «Қан мен жылу жүректе түзіледі» деген оғаш пікірі ғылымда XX ғасырдай дұрыс делініп келді.
Мигулэю Сервет Везалий еңбектерінің негізінде кіші қанайналым жолын  1553 жылы ашты. Уильям Гарвей 1628 жылы «Жануарлар қаны мен жүрек қозғалысына анатомиялық зерттеу» еңбегінде қанайналымды толық түсіндіріп берді. 
Қан топтары-    І,ІІ,ІІІ,ІV  78-кесте қан топтарының үйлесімі.
Донор-өз еркімен қан беретін адам
Реципиент-қанды қабылдайтын адам.
ЖИТС-жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы. Қоздырушы –
вирус,  лимфоциттерді зақымдайтын вирус-  ИТВ- иммундық тапшылық вирусы  ВИЧ. Бұл аурудын пайда болғанына 20 жылдан асты, сондықтан
ЖИТС-ты ХХ  ғасырдын індеті деп аталады.  1983 жылы ен алғаш рет 
Францияда содан кейін АҚШ-да алынып сипатталды.  Бұл вирус антиденелерді жасайтын қан лимфоциттерін тандап жойады.

Пысықтауға арналған тасырмалар :
1.   Табиғи және жасанды иммунитетке мысалдар келтіру;
2.    ЖИТС ауруын алдын алаалу жолдары---- үлестірме парақтар таратылады
3.    Қимыл белсенділігі-күн бойына сергектіктің қуаты—
    оқушылар өз ұсыныстарын   жасайды.

Бағалау .
Үй тапсырмасын беру:       Иммунитет түрлері .      №  1-2  сәйкестігін табу. 













Сыныбы: 8 сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Қанайналым мүшелері»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар және олардың құрлысы, қызметтерімен танысу.
Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, тест сұрақтары, көрнекіліктер көрсету, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: «Жүректің құрылысы», «Қан тамырларының типтері», «Қанайналым» деген кестелер, жүректің құрастырмалы үлгісі, суреттер, ғалымдардың портреттері, электронды оқулықтан үзінділер,, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І – Ұйымдастыру.
ІІ – Үй тапсырмасын тексеру.
«Жылдам және дұрыс» сұрақ - жауап.
1. Қан ағзада қандай қызмет атқарады?
2. Фагоцитоз қандай құбылыс, «фагоцит» қандай жасушаға жатады?
3. Иммунитет дегеніміз не?
4. Қан топтары.
5. Лимфоциттер қандай қызмет атқарады?
6. Қанайналым дегеніміз не?
7. Эволюция барысында омыртқалы жануарлардың ішінен, балықтардан сүтқоректілерге дейін,жүректің құрылысы қалай өзгерген?
8. Тромбоциттер мен қанның ұю үдерісі.
9. Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
10. ЖИТС - тен қалай сақтануға болады?
ІІІ – Жаңа тақырып.
Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін
Дәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)
Жүректің орташа салмағы:жаңа туған нәрестеде – 20г. ер адамдарда – 350г. әйел адамдарда – 250г.Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады.
Жүректің құрылысы: 2 жүрекше 2 қарынша. Тұтас қалқа арқылы екі бөлікке бөлінеді.
Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады.
Оң жақ жүрек бөлігінде үш жақтаулы қақпақша.
Сол жақ жүрек бөлігінде қос жақтаулы қақпақша (митральды).
Жақтаулы қақпақшалар тек қарынша жаққа қарай ашылады. Бұған бір ұшы – қақпақша жақтауына, екінші ұшы қарынша қабырғасын бекіген сіңір жіпшелері себеп болды.
Жүрек қуыстарынан қанның ағу бағыттары:
қан жүрекшеден қарыншаларға қарыншадан артерия қантамырларына қарай ағады.
Сыртын дәнекер ұлпасынан тұратын жұқа қабық перикард қаптайды.
Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады: 1.Эпикард 2.Миокард 3.Эндокард
Жүректің сыртын қаптайды Ішкі қабатын және жүрек қақпақшаларын түзеді
Көлдденең бұлшық ет ұлпасынан түзілген
Қан тамырлар түрлері: Артерия (қызылтамыр)-қанды жүректен мүшелерге ұлпаларға таратады
Капиллярлар (қылтамыр)-барлық мүшелерді торлайды, қан баяу аққандықтан қабырғалары арқылы ұлпаларға оңай өтеді
Вена(көктамыр)-мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды
Тұжырымдау
Жүрек төрт қуысты.
Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады.
Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады.
Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады: эпикард, миокард, эндокард.
Қан тамырлар: артериялар, веналар, капиллярлар.
ІV – Бекіту.
1. Жүректің құрылысын атап беріңдер.
2. Жүрек немен қапталған? Жүрек қабынан бөлінетін сұйықтықтың қандай маңызы бар?
3. Терминдермен жұмыс.
1. _______________ қанайналым жүйесінің орталық мүшесі.
2. Жүректің қабырғасы ___________________ тұрады.
3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар ___________ деп аталады.
4. Ең ірі артерия қантамыры - ______________ деп аталады.
5. ______________ қабырғалары жақсы жетілген.
6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін ___________ реттейді.
7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне кедергі______________ жасайды.
8. Жүректегі_____________ қанды тек бір бағытта өткізеді.
9. Жүректегі қақпақшалар_________________ қабатынан түзілген.
10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты____________ деп аталады.
Жауабы:
1. Жүрек - қанайналым жүйесінің орталық мүшесі.
2. Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады.
3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар артериялар деп аталады.
4. Ең ірі артерия қантамыры - аорта деп аталады.
5. Сол жақ қарыншаның қабырғалары жақсы жетілген.
6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін жақтаулы қақпақшалар реттейді.
7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне айшық қақпақшалар кедергі жасайды.
8. Жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытта өткізеді.
9. Жүректегі қақпақшалар эндокард қабатынан түзілген.
10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты миокард деп аталады.

«Құпия сандар»
Мына сандардың мағнасын аш..
90 % Қандағы судың мөлшері
300 г Жүректің салмағы
120 күн Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы.
0, 9 % NaCI қандағы мөлшері
4, 5 - 5 млн 1ммі эритроциттер саны
6 - 9мың/мм3 Лейкоциттер саны
5 литр Ағзадағы қан мөлшері
VI – Үйге тапсырма: § 36. Сұрақтарға жауап беру.
Жүрек құрылысының суретін салу.
VII – Бағалау.













































Сабақ тақырыбы: Қантамырлары. Қанайналым шеңберлері.
Сабақтың мақсаты. Қан айналымның организм үшін маңызын түсіндіру.
1. Білімділік: Оқушыларда білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
2. Тәрбиелік: Ғылыми дүние танымын, адамгершілік қасиетін, көзқарастарымен сенімін қалыптастыру.
3. Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушының танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін т.б. қалыптастыру. Сабақтың көрнекіліктері. Таблицалар, муляж (жүрек құрылысы) , слайдтар

І. Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Кім жылдам» - сұрақтары.
1. Қан жасушаларын ата? 
2. Ересектерде қанша литр қан болады?
3. Қан беруші адам?
4. Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
5. Қанның ұюына әсер ететін дәрумен?
6. Қанға қызыл түс беретін жасуша?
7. Жүрек қабырғасы қанша қабаттан тұрады?
8. Ересек адамның жүрегінің салмағы?
9. 1 мм³ қанда неше лейкоцит болады?
10. Қанның 1 мм³ қанша эритроцит болады?
2. Биологиялық диктант.
І-топ.
Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді аяқтаңыз.
Қан – ағзадағы ............ ұлпаның бір түрі.
(дәнекер)
Қанның құрамы ............. және оның ішінде қалқып жүретін ................... тұрады. (плазма) (жасушалардан)
Қандағы ерітінді күйіндегі нәруыз талшығы ерімейтін ................. талшығына айналады. (фибрин)
Фибрин талшығына эритроциттер шырмалады да, іркілдек зат .............. пайда болады. 
ІІ. Термин сөздермен жұмыс.
1. Донор – 5. Рецепиент - 
2. Гемоглобин – 6. Лейкоцит -
3. Эритроцит – 7. Оксигемоглобин -
4. Плазма – 8. Тромбоцит –
ΙΙ.Жаңа білімді меңгерудің жоспары.
Қан айналым шеңберін түсіндіруде арнайы жасақталған таблицаны , жүрек муляжын , перфокарта т.б пайдаланып түсіндіру.
Жануарларда алғаш рет қанайналым жүйесі-буылтық құрттарда пайда болған.Жануарлардың қанайналым жүйесі 2- бөлінеді.
Қанайналым жүйесі:ашық қанайналым және тұйық қанайналым 
жүйесі жүйесі болып бөлінеді.
1. Ашық қан айналым жүйесі –буынаяқтыларда(шаянтектестер, өрмекшітектестер, жәндіктерге) тікентерілер және желілілерден қабықтыларға ғана тән.
2. Тұйық қанайналым жүйесі-омыртқасыз жануарлардан тек буылтық құрттарға және қабықтылардан басқа желілілердің бәріне тән. Қанайналымның орталық мүшесі-жүрек.Омыртқасыздардың жүректері денесінің арқа тұсында орналасса,ал омырқалы жануарлардың жүрегі денесінің құрсақ жағында орналасады.
Қанайналым дегеніміз-организмде зат алмасуды қамтамасыз ететін қан тамырлары жүйесінде қанның үнемі айналыста болып тұруын қанайналым деп атаймыз.
Қанайналым жүйесінің сызбанұсқасы:
Жүрек-Қантамырлар-Салатамыр- Қылтамыр- Көктамыр
Қан – сұйық дәнекер ұлпасы болса,ал қантамырлар біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасына жатады.Салатамыр қаны-деп оттекпен тотыққан қанды айтады.Көктамыр қаны –деп көмір қышқыл газымен тотыққан қанды айтады.
Қанайналым шеңберлері 2-ге бөлінеді:
Үлкен қанайналым шеңбері және кіші қанайналым шеңбері
Қанның қызметі:


1. Оттекті тасымалдаушы.
2. Көмір қышқыл газдан тазартушы.
3. Қоректендіруші.
4. Гармондарды тасымалдаушы.
5. Гуморальды реттеуші.
6. Дене температурасының тұрақтылығын сақтаушы.
7. Мүшелерді байланыстырушы.
8. Қорғаныштық қызмет атқарушы.
9. Қан-тіршілік көзі.


Оқушылардың оқулықтарын пайдаланып түсінгендерін жинақтау үшін оқулықпен жұмыс істеу. Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға «Ой қозғау» сұрақтарын қою.
1. Қанайналудың маңызы қандай?
2. Қан қандай ұлпаға жатады?
3. Фибриноген нәруызы қайда кездеседі?
4. Плазманың құрамында неше пайыз су болады?
5. Эритроциттер қайда түзіледі?
6. Опсигемоглобин дегеніміз не?
7. Эритроциттің өмір сүру ұзақтығы?
8. Қандай қан көктамыр қаны деп аталады?
9. Қанның ядролы жасушасы?
10. Қандай қан салатамыр қаны деп аталады?
11. Қанға инсулин бөлетін без?
12.Қан қысымының жоғарылауы?
Үйге тапсырма беру: §36 мазмұндау. Кесте толтыру. Бағалау.















Сабақтың тақырыбы: §38. Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген көз – қарасын, білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіру.
Көрнекіліктер: « Жүректің құрылысы», «Қан айналым жүйесі»
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі..
Эпиграф. Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен.

І. Суреттер қан айналымы шеңберін көрсетіп, анықтама бере отырып, мазмұның сұрау.
ІІ. Жаңа сабақ меңгеру кезеңі.
1. Жұмбақ.
Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды.
(Жүрек – сердце)

Тарам – тарам бір ғалам,
Ақыш – ұйқыш шырмалған.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам.
(қан тамыры – кровеносный сосуд)

Қан қысымынан болатын аурулар.
Гипертония --------Инфаркт ------------------------Инсульт ----------------Гипотония
көтерілуі -------Өлі жүрек бұлшық еттері ------Миға қан құйылу -------Төмендеуі
Мектебіміздің мейірбикесі бүгінгі сабақ қонағымыз, қан қысымы өлшеу құралымен таныстырып, бір оқушының қан қысымын өлшеп тексеру.
Қан кеткенді алғашқы көмек түрлерімен таныстыру. Мысалы: Ата – бабамыз қанды киіз күйдіріп басу.
Қан аурулары:
Қан аздық (анемия) Ақ қан – қанда лейкоциттердің шамадан тыс көбейуі
1. Темірдің жетіспеуі
2. Қансырау
3. Тамақтан темірді сіңіре алмау.
Жүрек – қан тамыры жүйесі ауруларынан қаупін тудыратын факторлар.
1. Жүйке жүйесінің зорығуы.
2. Аз қимылдау.
3. Дұрыс тамақтанбағанда.
4. Алкоголь және никотиннің әсері.
5. Гигиеналық талаптарды сақтамағанда.
Алдын алу шаралары:
1. Жеке бас гигиенасын, күн тәртібін сақтау.
2. Тиімді тамақтану.
3. Зиянды әдеттерден аулақ болу.
4. Денені шынықтыру.
«Ақша жоғалтсаң – ештеңе де жоғалтпағаның, уақыт жоғалтсаң көп нәрсені жоғалтқаның, денсаулығыңды жоғалтсаң – бәрін жоғалтқаның» - демекші оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауын, бірінші байлық – денсаулық екенін ұмытпайық.
Үйге тапсырма беру: §35 123 – 125 беттер
Бағалау.













































Сабақтың тақырыбы:§ 27. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Сабақтың мақсаты:
1. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызымен таныстыру.
2. Оқушылардың организмнің ішкі ортасы саласы бойынша білімдерін толықтыру.
3. Жауапкершілікке, қоршаған ортаға саналы көзқараста болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: жаңа технология элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы
Организмнің ішкі ортасы. Организмнің барлық жасушалары мен ұлпаларының қалыпты тіршілігі үшін сыртқы ортадан оттек пен қоректік заттар үнемі түсіп отыруы керек, сондай – ақ организмнен алмасу (ыдырату)
өнімдері сыртқа шығарылуы тиіс. Бұл міндетті организмнің ішкі ортасы атқарады. Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, қан мен лимфа түзеді. Ол өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын сақтайды. Сөйтіп, организмнің барлық мүшелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.
Жасуша мембраналары арқылы заттардың түсуі мен шығарылуы таңдамалы, тек ерітінді түрінде жүреді. Ұлпаларда жасушалар аралығында жасушаларды қоршап тұратын сияқты ұлпа сұйықтығы болады. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі – плазмадан түзіледі. Сонымен қатар оның құрамында жасуша тіршілігінің әрекеттеріне қажет барлық заттар еріген күйінде болады. Оттек пен қоректік заттар майда қан тамырлары – капиллярлар арқылы ұлпа сұйықтығына, одан жасушаға өтеді. Зат алмасу нәтижесінде жасушада түзілетін су, көмірқышқыл газы және басқа да өнімдер алдымен ұлпа сұйықтығына, одан кейін сыртқы ортаға шығарылуы үшін капиллярға түседі.
Организмде ұлпа сұйықтығы үнемі қозғалыста болады, ол қан тамырлары арқылы жаңартылады.
Қан дәнекер ұлпасына жатады және аралық ішкі орта болып табылады. Біздің денеміздің барлық мүшелері қан үздіксіз ағатын қан тамырларының тығыз торымен шырмалған. Қан тамырлар арқылы жылжып, мүшелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, жасушааралық сұйықтық құрамының тұрақтылығын сақтайды. Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері 5 л, бұл, шамамен, оның денесінің 7 % - ын құрайды.
Қан сұйық бөліктен – плазмадан және онда қалқып жүретін формалы элементтер: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттерден тұрады.
Қан үздіксіз қозғалыста болып, бірқатар маңызды қызмет атқарады:
- Тасымалдау қызметі – жасушаларға асқорыту жолынан, сондай – ақ олар қорға жиналатын мүшелерден түсетін қоректік заттарды жеткізеді.
- Гуморальдық қызметі – қан гормондар мен басқа биологиялық белсенді заттарды тасымалдайды, олар арқылы әр түрлі мүшелер мен жүйелердің жұмысының гормондық реттелуі жүреді.
- Жылуреттеу қызметі – қан дененің тұрақты температурасын сақтайды.
- Қорғаныш қызметі – қан лейкоциттері ауру тудыратын микроорганизмдерді зиянсыз етеді; тромбоциттер қаннаң ұюын қамтамасыз етеді; иммунитет қан антиденелеріне (антитела) байланысты.

Лимфа ұлпа сұйықтығынан түзіледі және ақшыл сарғыш түсті сұйықтық болып табылады. Химиялық құрамы бойынша ол қан плазмасына ұқсайды, бірақ нәруыз мөлшері екі есе аз болады. Лимфа 95 % судан тұрады, сонымен қатар оның құрамында минералды тұздар, майлар, глюкоза, ал формалы элементтерден – лимфоциттер бар.

3. Сабақты қорытындылау. Оқулықтың соңындағы тапсырмалармен жұмыс.
Үйге тапсырма: § 27 мазмұндау.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
С?йек сын?анда ж?не буын шы??анда к?рсетілетін ал?аш?ы ж?рдем.

Автор: Актанова Асима Байбатыровна

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298215


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства