kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

СШ Туймекент

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биологиядан тапсырмалар жинағы  Балаларға тапсырма беру арқылы биологиядан білімдерін жетілдіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«СШ Туймекент»

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

1-есеп.

Орта жастағы үйеңкі ағашының тамырлар жиынының салмагы 5 кило делік. Ал ағаш тамырының 1 кило салмағының тыныс алуына 1 кило оттегі жүмсалатын болса, үйеңкінің тамыры 1 айда, 1 жылда қанша оттегін қажет етер еді?

Топырақтың ауа өткізгіштік қасиетін қалай жақсартуга болады?

2-есеп. Өсімдіктердің тамыры топыраққа қалай әсер (оң, теріс) етеді?

3-есеп (сабақ, өркен тараулары бойынша).

1 түп қайың бір тәулікте 60 кило су буландырады. Мектеп ауласындағы 15 түп қайың 1 тәулікте қанша су буландырады? Шелектің сыйымдылығы Юкило болса, 15 түп қайың 1 тәулікте неше шелек су буландырады?

4-есеп. Бір тәулікте адам тыныс алуға 430 г оттегін жүмсайды. 1 га орман 1 сағатта 200 адамға жетерлік оттегін бөледі. Яғни 1 гектарлық орман 1 сағатта қанша салмақты оттегін ауаға бөледі?

5-есеп (гүл, жеміс тараулары бойынша).

Жоңышқаның бір гүлшогырында 8 кило шірне болады.

  1. Балара 500 г шірне жинау үшін неше гүлшоғырға қонуы тиіс?

  2. Балараның жемсаушасына 0,02 г гүл шірне сыятыны мәлім болса, ол
    500 г шірне жинау үшін гүлге неше рет үшып келуі керек ?

.6-есеп (жапырақ тарауы бойынша).

10 колорад қоңызы 1 айда (30 күн) картоптың 200 см2 ауданына тең жапырағын жеп қояды. 1 дәрнәсілі 50 см2 ауданына тең жапырақты қүрта-ды. 1000 колорад қоңызы 1 айда картоп жапырагының қандай ауданын қүрта-ды? Осынша аудандагы жапырақтарды неше дернәсіл жеп, қүртар еді?


7-есеп. ДНҚ молекула үзіндісіндегі нуклеотидтердің реті мынадай:

Т-А-А-Т-Г-Г-Ц-Т-А-А-Ц-Ц-Т-А-Г

1-тапсырма.

1-деңгей: екінші тізбекті қүрастырып, осы ДНҚ үзіндісінің үзынды-ғын анықгаңыздар.

2-деңгей: екінші тізбекті құрастырып, осы ДНҚ үзіндісінің молеку-лалық массасын есептеңіздер, егер бір нуклеотидтің орташа молекула-лық массасы 300-ге тең болса.

3-деңгей: екінші тізбекті қүрастырып, осы ДНҚ үзіндісіндегі өр нуклеотидтің пайыздық үлесін анықгаңыздар.

8-есеп. Инсулин гормоны 51 амин қышқыл қалдықгарынан түрады.

Тапсырмалар

І-деңгей: инсулин нәруызының биосинтезіне қатысатын а-РНҚ неше нуклеотидтен түрады?

2-деңгей: Осы нәруызды кодтайтын ДНҚ молекуласының үзіндісі неше нуклеотидтен қүралған?

3-деңгей: инсулиннің биологиялық маңызы қандай және оны кодтайтын ДНҚ үзіндісінің ұзындығы қанша?

9-есеп. Нәруыз (белок) молекуласында мынадай аминқышқылдары бар: тирозинфенилаланин-цистеин-серин-лейцин-аланин. Мыналарды анықтау керек: а) осы аминқышқылдардан синтезделген РНҚ; ә) РНҚ-дан синтезделген ДНҚ.

10-есеп. «Орақ пішінді анемия» ауруымен ауырған адамдардың қанындағы эритроциттер орақ пішінді болады. Бүл нәруыз гемоглобинінде 300-ге тарта аминқышқылдары болады. ДНҚ-ның тізбегіндегі коды (үзінді).

АЦЦТГГААЦАЦГТГТАГГТТАТ

Мыналарды анықтау керек: а) ДНҚ триплетін; ә) ДНҚ-дан синтез-делген РНҚ; б) РНҚ-дан коделенген аминқышқылын.
















Генетикалық есептер


  1. Томат өсімдігінде сабақтың күлгін түсі, жасыл түске қарағанда, ал тілік жиекті жапырақтар, бүтін жиекті жапырақтарға қарағанда доминантты. Кестеде өсімдіктерді шағылыстыру схемасы көрсетілген, ата-ана формаларының генотиптерін табыңыздар.

Ата-ана формаларының белгілері

Ұрпақтардағы өсімдіктер саны

Күлгін, тілік

Күлгін, бүтін

Жасыл, тілік

Жасыл, бүтін


жиекті

жиекті

жиекті

жиекті

1. Күлгін, тілік х күлгін, тілік

258

95

100

28

2. Күлгін, бүтін х жасыл, тілік

117

120

125

119

3. Күлгін, тілік х жасыл, бүтін

98

0

0

0

2. Төменде көрсетілген жағдайларға қатысты, ата-аналарының және олардың балаларының

генотипін анықтаңдар (генотиптерді келесі белгілерді пайдаланып жазыңыздар: А -

доминантты ген, а – рецессивті ген):

А) Ашық түсті әйел мен қара түсті еркектің бес баласы бар, олардың барлығы да қара шашты.

Генотиптері: Әкесі ------- шешесі -------- баласы ----------

Б) Көк көзді еркек пен қой көзді әйелдің бес баласы бар, олардың екеуінің көзі көк.

Генотиптері: Әкесі ------- шешесі -------- баласы -------------

В) Қара шашты әйел мен еркектің төрт баласы бар, олардың екеуінің шашы ашық сары.

Генотиптері: Әкесі ------- шешесі -------- баласы --------------

  1. Теңіз шошқаларында қара түсті анықтайтын ген (R), альбинизм геніне (r) қарағанда доминантты. Ал қылтан жүнді белгі – алелі (D), биязы жүнді белгі алеліне (d) қарағанда доминантты. R және D бір-біріне тәуелсіз гендер болып табылады. Қара, қылтан жүнді теңіз шошқасын, қылтан жүнді альбинос шошқасымен шағылыстырылды. Нәтижесінде жоғарыда аталған белгілері бойынша, төмендегі қатынаста ұрпақтар пайда болады: 13 қара, қылтан жүнді; 16 қылтан жүнді альбинос; 6 қара биязы жүнді және 5 биязы жүнді альбинос. Ата-аналарының генотипін анықтаңыз?

  2. Адамда кездесетін катаракта, мылқаулық және үстіңгі жақ сүйектерде күрек тіс пен сойдақ тістің болмауы бір-бірімен тіркеспей тұқым қуалайтын рецессивті белгілер болып табылады. Егер ата-аналарының біреуі барлық 3 жұп ген бойынша гетерозиготалы, екіншісі гомозиготалы сау болса, ол отбасында 3 кемістігі бар баланың дүниеге мүмкін бе?

  3. Тұқым қуалайтын Тэя-Сакс ауруын рецессивті ген анықтайды. Аурудың негізгі белгілері: көздері көрмейді және ақыл-есі кем. Нәрестелер арасындағы бұл аурудың жиілігі 1 миллион адамның 10-ны. Харди-Вайнберг теңдеуін пайдалана отырып генофондтағы гетерозиготалардың жиілігін табыңыздар?

5. Басқа популяцияда А1А1 генотипінің жиілігі 0,25, ал А1А2 генотипінің жиілігі 0,45-ке тең

болса, онда Харди-Вайнберг заңы бойынша А2А2 және А2А2 генотипті организмдер

арасындағы шағылысу жиілігі қандай болуы керек?

6. Көл бақа популяциясында 1680 қара дақты (доминант) 320 ашық реңді дақты кездеседі. Кездесу жиілігі мен

гетерозиготалы қара дақты түрі бақа санын анықтау.

















Терминдер мен түсініктердің анықтамалары:


  1. Организмнің ұрықтанған жұмыртқадан өмірінің соңына дейін жеке дамуы.

  2. Өсімдіктің тұқымында дамитын қоректік ұлпа.

  3. Басқа түрлердің популяцияларынан биологиялық бөлінген, жалпы морфофизиологиялық белгілері бар, табиғи жағдайда бір-бірімен шағылыса алатын, географиялық және экологиялық ұқсас популяциялық бірлік.

  4. Тірі және өліп біткен организмдердің классификациясын, сипатын, жеке түр және топтар арасындағы туыстық байланыстарын анықтауға арналған биология бөлімі.

  5. Тіршілік үшін күресуде өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған ортасына сәйкес қолданылатын түсі мен түрі.

  6. Организмде белгілі қызмет атқаратын клеткалар жиынтығы (құрылысы, түзілуі және қызметі ұқсас), клеткааралық заттар және басқа құрылымдар.

  7. Организмдердің өзара қатынасы және олардың қоршаған ортадағы бірлестігі туралы оқып-үйрену ілімінің бөлімі.

  8. Тірі материяның, әртүрлі систематикалық топтарының, организмдердің эволюциялық жеке органдар мен олардың жүйелерінің тарихи дамуы.

  9. Морфология, физиология және организмдердің генотипінде жүріп отыратын прогрессивті өзгерістері бар тірі табиғаттың бағытталған және қайтымсыз тарихи дамуы.

  10. Құрылыс бірлігі ядросы, ядролық қабықшасы мен хромосомалық аппараты бар клеткалары болатын организмдер.

  11. Жануарлар дүниесінің экологиясын, өмір сүру процестерін, құрылысын, алуан түрлілігін зерттейтін ғылыми ілім.

  12. Түр түзілу процестерін, жануар организмінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын зерттейтін ілім.

  13. Тірі организмдердің қызметін, оның процестері мен зат алмасуын, қоршаған ортаға бейімделу механизмін және басқаларды зерттейтін ілім.

  14. Азоттық кейбір органикалық қосылыстарын және гормондарды, минералды тұздарды, суды тасымалдайтын өткізгіш ұлпа. Ол өсімдіктің тамырынан жерүсті бөлімдеріне бағытталады.

  15. Осьтік органдар комплексі жоқ жануарлар.

  16. Жалаңаштұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тамыры мен сабағының екінші ретті жуандауы жүретін түр түзетін ұлпаның бірретті клетка қабығы.

  17. Дамып жетілмеген ұрықтың дәніндегі (тұқымдағы) өсімдіктің алғашқы жапырағы.

  18. Личинканың ересек особқа (организмге) айналу процесіндегі организмнің күрделі түр түзілуі.

  19. Жапырақтардан қоректік заттар жиналатын және қолданылатын жерлерге фотосинтез өнімдерін тасымалдайтын өткізгіш ұлпа.

  20. Эволюция барысында өзара бейімділік:

А) бірлесіп тіршілік ететін тірі организмдердің әртүрлі формаларының;

Б) бір организмнің (особьтің) әртүрлі органдарының.

21. Лихенология , бриология , гельминтология , батрахология , герпентология , орнитология , актиномицеттер ,

гифа , Грам әдісі оң, Грам әдісі теріс, коферменттер, мезофильдер, сапрофиттер, инбридинг, морганида,

Оперон, хиазма, транслокация.



















Тапсырмалар


1. Жануарлар қорегі әртүрлі. Берілген 10 қоректенуші-жануарларға сәйкес қорегін табыңыз? Кестеге әр санға сәйкес келетін әріптерін жазыңыз.

Қоректенушілер: Қорегі:

  1. шаншар (личинкасы) а –көбелектің личинкасы

  2. көбелек б - қан

  3. маса в - қи

  4. жауын құрт г – терінің үстіңгі эпителиі

  5. тля д - нектар

  6. балауыз көбелегі е - жемістер

  7. гага-үйрегі ж - балықтар

  8. жарғанат з - өсімдік шырыны

  9. қоңыз и – органикалық қалдықтар

  10. кене к – балауыз


Қоректенушілер:

Қорегі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



2. Қоянның белгілі бір түрі өте кең географиялық ареалды (таулы, құрғақшылық аудандары бар) мекендейді деп ойлайық. Таңдамалы түрде де олардың тері-жүндерінің ұзындықтарын өлшеу нәтижелері төмендегі деректерді берді (мм):

9,7,8,8,9,11,12,10,10,10,9,9,10,10,10,11,9,10,11,10,13,14,15,15,15,16,17,16,15,14,18,15,15,15,14,16,15,15,14,15

Сұрақтар:

А) Осы белгі бойынша вариациялық қатар түзіңіздер.

В) Қатарды график түрінде өрнектеңіздер.

С) Популяциядағы осы белгінің өзгергіштік деңгейіне сұрыптаудың қандай формасы әсер ететінін анықтаңыздар.


3. Балықтар класына тән белгілер мен кейбір ерекшеліктерін анықтаңыздар. (+, -)


Белгілері

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

Қабыршақтарының құрылысы қарапайым



Жұп қанаттары көлденең орналасқан



Ауыз құрсақ жағында орналасқан



Жүрегінде артериальды конус болмайды



Несеп клоакаға шығарылады



Торсылдағы жоқ



Ішегінде спиральды қақпағы болмайды



Тыныс алу механизмі жақсы жетілген



Құйрық жүзбе қанаттары тең айырлы және тігінен орналасқан



Іштей ұрықтану



Желбезек қақпақшалары жоқ



Аналықтары саны аз болып келетін, ірі жұмыртқаларын қабықшаға салады



Жүрегінде артериалық конустың орнында қолқа буылтығы болады



Сырттай ұрықтану







4. Кестеде келтірілген гормондардың қайсы бездерден (А) бөлінетінін, олардың атқаратын қызметтері (В) мен химиялық топтарын (Б) анықтап, жауаптарыңызды кестеге енгізіңіздер.


Гормон

А

Б

В

А. Бездер

Б. Хим. табиғаты

В. Қызметтері

Тимозин




1. Бүйрек үсті безінің боз қабаты

1. Белок

1. Қандағы глюкозаның деңгейі мен қысымды жоғарылатады

Адреналин




2. Аналық без

2. Пептид

2. Қандағы глюкозаның дейгейін жоғарылатады

Глюкагон




3. Қалқанша без

3. Аминдер

3. Әйел адамының ағзасындағы соңғы жыныстық белгілерді қалыптастырады

Экстроген




4. Тимус

4. Стероидтар

4. Биологиялық ритм жұмысына қатысады

Мелатонин




5.Қалқанша маңы бездері

5. Гликопротеиндер

5. Жыныс (аталық және аналық) бездерінің бөлінуін арттырады

Кальцитонин




6. Аталық бездер

6. Май қышқылдары

6. Қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылатады

Паратгормон




7. Ұйқы безі

7. Катехоламин

7. Т-лимфоциттер мөлшерін арттырады

Лютининдеуші гормон




8. Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты


8. Сперманың түзілуін қолдайды

Андрогендер




9. Эпифиз


9. Бүйректегі Na+ реабсорбциясын арттырады

Минералокортикоидтар




10. Гипофиз


10. Қандағы кальцийдің деңгейін төмендетеді

Простагландин






11. Жергілікті реттегіш



  1. Бас миы бөлімдеріне тән олардың қызметтерін анықтаңыздар.


Бас ми бөлімдері

Қызметтері

Сопақша ми

А. Бас пен дененің бұрылуы кезінде пайда болатын бағдарлау рефлекстері

Ми көпіршесі

Б. Ағзаның себепті мінез-қылықтары мен қорғану реакциясын реттейді (шөл, қорқыныш, ашулану)

Мишық

В. Дененің кеңістіктегі жағдайын және ерікті қимылын бақылайды.

Г. Мойынды қозғалту рефлексі мен вестибулярлы рефлекстерге қатысады.

Ортаңғы ми

Д. Қорғаныш, ас қорыту, жүрек, тыныс алу және қан тамырлары рефлекстерін реттейді.

Таламус

Ж. Қозғалыс аймақтары ерікті қимылдарды реттейді.

Гипоталамус

З. Ағзадағы зат алмасу мен ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Үлкен ми сыңарлары

Е. Ұйқы мен сергектіліктің алмасуын қамтамасыз етеді.

И. Қуану мен ауруды сезіну процестеріне қатысады.













Есептер

1. Төменде жоғары сатылы және төменгі сатылы өсімдіктер өкілдері және оларға тән мүшелер тізімі көрсетілген.

Өсімдіктер аттары: 1.көкек зығыры, 2.сфагнум, 3.лиана, 4.каулерпа, 5.қырықбуын, 6.тисс, 7.қарағай, 8.хлорелла, 9.арша, 10.плаун, 11.улотрикс, 12.эфедра, 13.кладофора, 14.маршанция.

Мүшелері: 1.таллом, 2,ризоидтар, 3.архегонии, 4.өскінше, 5.спорофит, 6.көктемгі өркен, 7.сабақ, 8.спорангий, 9.аталық бүрлер, 10.аналық бүрлер, 11.өркен, 12.антеридии, 13.қауашақ, 14.гаметофит, 15.дің, 16.тамыр, 17.жапырақ, 18.сорустар, 19.тозаң, 20.тұқымбастама.

Жоғарыда аталған өсімдіктердің қандай топтарға жататынын анықтап, оларға тән мүшелерді анықтаңдар. Жауаптарыңды кестеге жазыңыздар.


Балдырлар

Мүктер

Папоротниктер

Жалаңаштұқымдылар

Өсімдіктер





Мүшелері






2. Адам жүрегі орташа есептеп минутына 70 рет жиырылса, әр жиырылған сайын 2 қарыншадан

150 см3 қан айдайтын болса, 1 сағатта, 1 тәулікте қанша қанды айдайды?

3. Бір оқушы бір тәулікте қанша ауа жұтады?

4. Жасөспірім балалар 1 тәулікте 3500 ккал энергия жұмсайды екен. Осындай мөлшерде кеткен энергияны толықтыру үшін тамақтану керек. Адам 1 күндік астың 25% - ын таңертең, 40% - ын түсте, 20% - ын кешке қабылдайтын болса, сәске астың мөлшері қанша болу керек және сәске астың құндылығын есептеңіздер.

Азық-түлік

Мөлшері грамм

Қуаттылығы Ккал

Нан

100

220

Май

10

66

Ірімшік

15

57

Сүт

100

61

Қант

20

749

Айран

100

30

Печенье

40

1667

Бәліш

60

135

Кестені пайдаланып сәске астың құндылығы 525 ккал болу керек болса, сәске астың қандай тағам жеу керек екенін құрастырыңдар.

5. ДНҚ молекуласының бір тізбегі берілген:

А – А – Г – Т – Ц – Т – А – Ц – Г – Т – А – Т ........

а) ДНҚ молекуласының екінші тізбегін толықтырыңыз;

ә) ДНҚ молекуласының қандай қасиетіне сүйенгеніңізді түсіндіріңіз;

б) Осы тізбектің ұзындығы нешеге тең (әрбір нуклеотидтің ұзындығы 0,34 нм-ге тең болғанда)?

в) Осы тізбектегі нуклеотидтердің % мөлшерін есептеңіз.



























Олимпиадалық тапсырмалар І-тур

1. Шырша бүршігінің басты осінде «бүркемелі қабыршақ» орналасқан. Ал тұқым орналасқан қабыршақтар («тұқымдық қабыршақтар») бүркемелі қабыршақтардың «қойнынан» («жапырақтың қойны» - оның сабаққа бекіну орыны) өседі. Тұқымдық қабыршақ не болып табылады?

А) түрі өзгерген өркен В) түрі өзгерген жапырақ С) гомологы жоқ түзіліс

2. Зоонозды ауруға жатпайтыны:

А) аскаридоз және трихинеллез С) трихинеллез және аусыл

В) шешек және аусыл Д) аскаридоз және шешек

3. Фотобионт қына ағзасын келесімен қамтамасыз етеді:

А) сумен және минералды заттармен С) органикалық заттармен және оттегімен

В) сумен және органикалық заттармен Д) тек органикалық заттармен

4. Қандай әдіс арқылы сүтқоректілер оттегінің жетіспеушілігіне бейімделеді?

1) қарқындылау тыныс алу

2) қандағы гемоглобиннің жоғары құрамы

3) оттегіге жоғарырақ ұқсас гемоглобин түрлерін қолдану

4) оттегіні бұлшықетте миоглобин көмегімен жинау

Жауаптың дұрыс нұсқасын таңдаңыз:

А) 1,2,3 в) 2,3,4 с) 1,2,4 д) 1,2,3,4

5. Өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюіне қатысады:

А) зооспоралар в) экзоспоралар с) өркен бөлімдері д) гаметалар

6. Қырықжапырақтылар көбейеді:

А) тұқыммен в) желмен с) спорамен д) тек вегетативті жолмен

7. Инфузорийлердің жыныстық процессі алып келеді:

А) екі ағзаның біреуге қосылуына

В) аналықтан жаңа дарақтардың түзілуіне

С) генетикалық материалмен айырбасталуына

Д) тіршілік циклының келесі деңгейі түзілуіне

8. Адамның қандай мүшелері ішектің өсіндісі ретінде тарихи қалыптасқан?

1) асқазан асты безі 3) өкпе 5) омыртқа

2) қалқанша безі 4) бауыр 6) хорда

Дұрыс жауабын таңдаңыз:

А) 1,4 в) 1,2,4 с) барлығы д) 1,3,4 е) 1,2,3,4,6

9. Келесіде не артық?

А) жоғарғы жақ с) таңдай сүйек

В) төменгі жақ д) желке сүйек

10. Тіршілік циклында жыныстық ұрпақтың доминанттылығы байқалады:

А) сцифоидтарда с) алтысәулелі маржандарда

В) гидроидтарда д) сегізсәулелі маржандарда

11. Жаңа жасушаларды түзу жолымен ағза ұлпасының өсуі – бұл:

А) дифференциация с) ісіну

В) пролиферация д) индукция

12. Гипоталамус келесінің бөлімі болып табылады:

А) сопақша ми В) аралық ми с) таламус д) орталық ми

13. Қан тобы В (3) адамдар үшін донор бола алатыны

А) тек В (3) в) В (3) және АВ (4) с) О (1) және В (3) д) О (1) және А (2)

14. Өкпе күре тамыры құйылады

А) оң қарыншаға с) сол қарыншаға

В) сол жүрекшеге д) оң жүрекшеге

15. Қандай сипаттамалар барлық моллюскалар үшін жалпы болып табылмайды?

А) мантия болуы с) бөлу мүшелері - бүйрек

В) көбі гермафродиттер д) жүрек төрт бөлімнен тұрады

16. Толық емес түрлену арқылы даму келесілер үшін сипатты емес:

А) қоңыздар в) таракандар с) цикадтар д) шегірткелер

17. Минералды тыңайтқыштардың атауына қандай элемент кірмейді?

А) N в) Р с) К д) Са

18. Овогенез – бұл:

А) аналық жасуша дамуы с) аналық жасушаның фолликулдан шығуы

В) ұрықтану д) аналық безден жатырға жұмыртқа жасушасының тасымалы

19. Біржасушалы ағзалардың тіршілік етуін ашқан:

А) К.Линней в) А. Ван Левенгук с) С.Р. Гук д) И.И. Шмальгаузен

20. Эндемизмге қарама-қарсы қойылады:

А) стенобионттылық с) космополитизм

В) эврибионттылық д) эвридемизм

21. Онтогенез процесінде эмбрионалды мүшелердің қайсысы амфибияда болмайды:

А) сарыуыз қапшығы с) қағанақ

В) ұрық қабығы (хорион) д) ұрық қабықшасы (аллантоис)

22. Лизосомаларды зерттеу үшін жасушалардың қандай түрі ең көп мүмкіншілік береді:

А) бұлшықет жасушасы с) фагоцитирлеуші ақ қан жасушасы

В) жүйке жасушасы д) өсімдік жапырағы жасушасы

23. Гомойотермия келесі үшін сипатты:

А) шөпті бақа с) жалаңаш жертесер

В) үлкен сары шымшық д) сауытты қолтырауын

24. Антиген танытушы жасушалар келесіні белсендіреді:

А) дендритті жасушалар с) Т- лимфоциттер

В) В – лимфоциттер д) макрофагтар

25. Жатыр қабырғасына плацентарлы ұрықтың имплантациясы келесі деңгейде өтеді:

А) бластула в) нейрула с) гаструла д) паренхимула

26. Қанның ұюы процесіне келесі витамин қатысады:

А) D в) К с) С д) Е

27. Рибосомалардың үлкен саны, келесіні түзуге мамандандырылған жасушаларда бақыланады:

А) липидтерді в) полисахаридтерді с) ақуыздарды д) глюкозаларды

28. Жыныстық гормондар және бүйрек үсті безі қабығының гормондарының жалпы биосинтетикалық бастаушы заты.

А) инозит в) лецитин с) фосфатидилхолин д) холестерин

29. Биолог өсімдік ұлпасының кесегін ұсақтатып, қоспаны центрифугирледі. Ол тұнбадан пробиркаға кейбір органеллаларды көшірді. Органеллалар Со2 сіңіріп, О2 бөлді. Мүмкін, бұл органеллалар болып табылатыны:

А) хлоропластар в) рибосомалар с) ядро д) митохондриялар

30. Өкпелердің құрылымдық-функционалды бірлігі – бұл:

А) бөлік в) сегмент с) ацинус д) бөлікшелер

31. 1 – қан тобындағы адамдарда келесі антиденелер мен антигендер байқалады:

А) агглютиногендер А және В, альфа және бета агглютининдері

В) агглютиногендер болмайды, альфа және бета агглютинині

С) В агглютиногені және бета агглютинині

Д) А агглютиногені және альфа агглютинині

32. Жайлы дем шығарудан кейін дем тартуға болатын ауа көлемі атауы:

А) дем тартудың резервті көлемі с) тыныс алу көлемі

В) дем шығарудың резервті көлемі д) қалдық көлемі

33. Х және У белгілерімен таңбаланған сұйықтығы бар екі ыдыс алынды. Олардың құрамында екі түрлі ерітілген зат бар, әрбіреуінің концентрациясы 0,2 М. Әр ыдысқа қызыл қан денешіктері бар қан тамшысы құйылды. Х ыдысындағы денешіктер ісініп, кейбіреулері жарылып қалды, ал У ыдысындағы денешіктер сығылып, тыржия бастады. Бұл ақпараттың негізінде жасалған жорамалдардың қайсысы шынайырақ:

А) Х сұйықтығындағы ерітілген заттың концентрациясы қызыл қанды жасушалардағыдан жоғарырақ

В) У сұйықтығындағы ерітілген заттың концентрациясы қызыл қанды жасушалардағыдан жоғарырақ

С) У сұйықтығындағы ерітіндінің ионды күші қызыл қан денешіктерінің сығылуының себебі болды

Д) қызыл қанды денешіктерге ерітілген заттың диффузиясы У сұйықтығында қызыл қанды денешіктердің сығылуына жауапты болды.

34. Жүректің систоласы кезінде қанның ең төмен қысымы келесі үшін сипатты:

А) оң қарынша в) сол қарынша с) оң жүрекше д) сол жүрекше

35. Лимфатикалық тамыр арқылы сөл ұлпалардан және мүшелерден тікелей келесіге өтеді:

А) үлкен қанайналым шеңберінің көк тамыр арнасы

В) үлкен қанайналым шеңберінің қызыл тамыр арнасы

С) кіші қанайналым шеңберінің көк тамыр арнасы

Д) кіші қанайналым шеңберінің қызыл тамыр арнасы

36. Адамның ағзасының құрамына кіретін Шванн жасушалары келесіні түзеді:

А) жүйке ұлпасы

В) борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы

С) тығыз талшықты дәнекер ұлпасы

Д) ретикулярлы дәнекер ұлпасы

37. Адам бас миында қанша қарынша бар:

А) 4 в) 3 с) 5 д) 2

38. Жыныс бездері келесі гормондарды өндіреді:

А) экстрогендер с) статиндер

В) либериндер д) троптылар

39. Көлденең-жолақты талшықтар бұлшықетті ұлпаларға тән. Олар келесіні қамтамасыз етеді:

А) көздің алмасының бұрылысы

В) лимфатикалық тамырлардың қабырғасының жиырылуы

С) көздің қарашығының тарылуы

Д) көздің қарашығының ұлғаюы

40. Талшықты шеміршек келесіні түзеді:

А) қабырғаның шеміршекті бөлігі с) құлақ қалқаны

В) омыртқааралық диск д) көмей үсті

41. Көз алмасындағы жарық оның келесі элементтерінен өтеді:

А) көз айнасы – көз жанары – көз қарашығы – алдыңғы камера – шыны тәрізді денешік – көздің

торша қабығы

в) көз айнасы – алдыңғы камера – көз қарашығы – көз жанары – шыны тәрізді денешік – көздің

торша қабығы

с) көз айнасы – алдыңғы камера – көз жанары – көз қарашығы – шыны тәрізді денешік – көздің

торша қабығы

д) көз айнасы – көз қарашығы – көз жанары – алдыңғы камера – шыны тәрізді денешік – көздің

торша қабығы

42. Овуляция келесі уақытта өтеді:

А) сары дененің бұзылуы с) ұрықтану

В) сары дененің пайда болуы д) фолликулдың үзілуі

43. Пісіп жетілу кезінде, жемістегі өтетін өзгерістер (түсі, құрылысы және химиялық құрамы) келесімен шақырылады:

А) атмосферадағы СО2 құрамымен

В) күннің ұзақтығының өзгеруімен

С) этиленнің жемістегі синтезімен

Д) жемістегі индолсірке қышқылының концентрациясымен

44. Төменде келтірілгендерден өсімдіктер үшін қажет емес минералды элементтер:

А) калий в) магний с) кальций д) қорғасын

45. Нитраттың қайта қалпына келуі:

А) өсімдіктермен іске асады

В) митохондрияда өтеді

С) нитрогеназа ферменттерімен катализденеді

Д) азоттың фиксациясы процессі ретінде белгілі

46. Цианобактериялар мен басқа да балдырлардың топтары арасындағы айырмашылықтар келесіден білінеді:

А) цианобактериялар тек теңіздік ортада байқалады

В) цианобактерияларда әрқашан күйдіргіштері болады

С) цианобактериялар ешқашан диплойдты болмайды

Д) цианобактериялар фотосинтез үшін H2S әрқашан қолданады

47. Диатомды балдырлар кремниилі сауыт жармасының (эпитека-гипотека) матрицасын түзу арқылы жыныссыз жолмен көбейе алады. Осының нәтижесінде жаңадан түзілген жармалардың көбі өлшемде азайып, ақыр аяғында жасушаның өмірге икемсіз кіші өлшеміне алып келеді. Бұл мәселе келесі жағдайда шешіледі:

А) өлшемі жаңа кремний жармасының түзілуіне дейін үлкейетін жынысты көбею зиготаға бастама береді

В) конъюгация жолымен (екі кішкентай жасуша құрамының бір үлкенге қосылуы)

С) екі кішкентай кремний жармасының бір үлкенге қосылуы жолымен

Д) төрт кіші кремний жармасының бір үлкен кремний жармасына қосылуы жолымен

48. Гүлді өсімдіктердегі дамушы ұрықтың энергия көзі болып табылатыны:

А) гаплоидты эндосперм с) тұқым жамылғысынан өтетін жарық

В) төсеніш қабат д) триплоидты эндосперм

49. Тілдің артқы дәмді қабылдайтын баданасының үштен бірі танитын дәм:

А) тәтті в) қышқыл с) тұзды д) ащы

50. Төменде келтірілген анатомиялық құрылымдарда, жарғанат тышқандардың қанатына гомологиялы болып табылатыны:

А) акуланың арқа жүзбе қанаты с) адам қолы

В) балықтың құрсақ жүзбе қанаты д) көбелектің қанаты

51. Полиптардағы регенерация келесі бөлінудің арқасында іске асады:

А) тері-бұлшықет жасушалары с) жүйке жасушалары

В) аралық жасушалары д) мезоглея

52. Дифференциация кезінде:

А) жасушалар өзінің генетикалық ақпаратының біршама бөлігін жоғалтады

В) көпжасушалы ағзаның әр жасушасында уақыт бірлігіндегі тек бір жасушаның экспрессиясы өтеді

С) прокариоттардың түрлі штаммдары түзілуі мүмкін

Д) бір уақытта берілген жасушалардың гендерінің тек бөлшегі ғана активті

53. Гендердің тіркелуінің дәлелі болып табылады:

А) екі ген бірге бір гаметада орналасқан

В) берілген ген арнайы фенотиппен байланысқан

С) мейоз кезінде гендер ыдырамайды

Д) бір ген екі белгіге әсер етеді

54. Аталған дәнді дақылдар культурасынан Алдыңғы Азияда пайда болатыны:

А) құмай в) тары с) жұмсақ бидай д) жүгері

55. Прокариоттық жасушада болмайды:

А) сыртқы мембрана в) рибосома с) ДНҚ д) цитоқаңқа

56. Күкірт келесіде болады:

А) ақуыздар в) майлар с) көмірсулар д) нуклеин қышқылдарында

57. Иттерде салбыраушы құлақ тік тұрушы құлақтан доминанттырақ.. Салбыраушы құлақ екі итті будандастырғанда, салбыраушы құлақты 14 дарақ және тік тұрушы 4 дарақ алынды. Будандастырған дарақтардың генотиптері келесідей болды:

А) АА х АА, в) Аа х АА, с) Аа х аа д) Аа х Аа

58. Ағзаның бейімделуі(Дарвин бойынша) келесімен өлшенеді:

А) қайта көбею үшін тірі қалатын, ұрпақтарының санымен

В) ол қызықтырған серіктестер санымен

С) оның физикалық күшімен

Д) оның өмірінің ұзақтығымен

59. Дарақтардың саны қатты азайтылғанда, оқшауланған популяция үшін потенциалды қауіпті болып табылатыны:

А) генетикалық алуан түрлілікті жоғалту

В) іріктеп будандасу тенденциясы

С) мутацияның азаюы

Д) Харди-Вайнберг заңының бұзылуы

60. Аталған сүтқоректілердің арғы атасы ортақ болатыны:

А) сойдақ тіс (морж), ақ дельфин (белуха), стеллер сиыры

В) керік, жылқы, тапир

С) гну-антилопасы, зебра, сүйелші

Д) нерпа, афалин-дельфині, ламантин

61. 1-қатардағы консумент болып табылады:

А) жирен орман құмырсқасы с) қабыршы-қоңыз

В) қарағайлы кескіш д) орман барылдағы

62. Шошқа солитерінде асқорыту жүйесінің болмауы салдары:

А) морфофизиологиялық прогресс с) биологиялық регресс

В) морфофизиологиялық регресс д) идиоадаптация

63. Аталған шыбын-шіркейдің қайсысы таскөмір кезеңінен белгілі:

А) қоңыздар в) құмырсқалар с) көбелектер д) біркүндіктер (поденкалар)

64. Қандауырша келесі жүйелік топқа жатады:

А) омыртқасыздар с) бассүйексіздер

В) желбезексіздер д) аяқсыздар

65. Температура деңгейіне байланысты ареалдың түрлі бөлігіндегі сүтқоректілердің бір немесе жақын түрінің дене өлшемі өзгеруінің заңдылығы келесі түрде тұжырымдалған:

А) Аллен ережесі с) Харди-Вайнберг заңы

В) Бергман ережесі д) Н.И.Вавиловтың гомологиялық қатарлар заңы

66. Қай бауырымен жорғалаушыларда дабыл жарғағы болмайды:

А) қолтырауын в) кесіртке с) тасбақа д) жылан


ІІ-тур

1.Орыс биологтарының қайсысы, не үшін және қашан (онжылдық дәлдігінде) жоғарғы халықаралық ғылыми марапат – Нобель сыйлығының иегері болды?

Ғалым

Қашан?

Не үшін?







2. Сізге гүлдің Са(5) Со(5) А(5) G(2) формуласы берілген. Келтірілген мәліметтерді қолданып, кестені толтырыңыз:


тұқымдас

жеміс

өкіл




Тұқымдас: F – ноқаттылар, L – лалагүлділер, R – раушангүлділер, S - паслендылар

Жеміс: а – ноқат, b – қорапша, c – сүйекшелі жеміс, d – жапырақ тәрізді жеміс, e – бұршаққын, f – алма, g- жидек

Өкіл: v- жержаңғақ, w- ирис, x – қырыққабат, y – бадам, z – темекі

3. Зазеркальеге саяхаты кезінде Алиса қандай тағамдарды қабылдай алды? Егер есіңізде болса, бұл елдегі барлық объектілер мен заттар өзінің айналадағыдай шағылысуына айналады.

А) ақуыздар в) майлар с) көмірсулар д) нуклеин қышқылдары

4. Ялмез ғаламшарындағы әрбір жануарда екі емес үш хромосома жиынтығы болады. Осы кезде будандасуға екі емес үш дарақ қатысады. ААа х Ааа х ааа будандасуы кезінде қандай генотиптер және қандай қатынаста пайда болады? Фенотип бойынша ыдырау қандай болады?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
СШ Туймекент

Автор: Балабаева Айкумис

Дата: 02.05.2017

Номер свидетельства: 412637


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства