Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Қызықты биология » атты кешімізге қош келдіңіздер!
«Қызықты биология » атты сайысымызда 3-топ өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып,тапқырлығы мен қасиеттерін көрсетпекші. Қошеметпен сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1-ші «Маржан» тобы , топ басшысы Көмек Дана,
2ші «Жапырақ» тобы, топ басшысы Сағынғалиқызы Жазира,
3ші «Қызыл Маржан»тобы, топ басшысы Қайсахметова Шұғыла.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:
Мектебіміздің директоры Ордабаева Баля ханым
Директордың тәрбие жөніңдегі орынбасары:
ДИЖО Садуллина Лаура апай
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
І. “Таныстыру”
ІІ. “Жұмбақтар сайысы ”
ІІІ. “ғажайып жетілік ”
ІV. “ ойлан тап”
V. “сөз жұмбақтар
VI. “Жәшік сиқыры”
Білімді мыңды жығады, Білікті бірді жығады.
Алдағы білім шыңына Ең білімді топ шығады- дей,келе
І кезең «Таныстыру» кезеңінде әрбір топ өз Атауларын,эмблемасын,ұранын айтады. Ең жоғары ұпай,
10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
Жүргізуші: 1-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
ІІ кезең. «Жұмбақтар» сайысы.
3 топ мүшелері берілген жұмбақтардың шешуін тауып, ұпай жинайды.
Әрбір жұмбақтың дұрыс жауабы 10 ұпайға тең келеді. Ұпайы аз топтаң бастаймыз,егер жауап бере алмаса қарсы топтары жауап бере алады
1.Тұщы су оның тұрағы,
Өзгеріп пішіні тұрады.
“Аяғының” саны көп,
Бірақ, жоқ оның құлағы.
(Амеба)
2.Левенгукке Алла сыйлап бір бақты,
Үлкейтетін құрал ойлап ол тапты.
Шынысы бар біреу ғана құрсаулы,
Бірнеше есе үлкейтеді ол затты.
(Лупа)
Жасушаның кей түрінде болады,
Бірте-бірте іші суға толады.
Артық суын сыртқа төгіп болған соң,
Қайтадан ол тұщы суды сорады
(Жиырылғыш вакуль)
3.Қалың қабық жасушаны қаптайды,
Сол арқылы тіршілігін сақтайды.
Желмен, сумен басқа жерге таралар,
Түпкілікті бір орнында жатпайды.
(циста)
4.Көзшесімен жарықты ол сезеді,
Талшығымен судың ішін кезеді.
Ас қорыту вакуолі болмайды,
Тереңірек ойланып көр ол жайлы.
(Жасыл эвглена)
Бағана пішін, қалың табан – түр басқа,
Жылжымайды, бекінеді жартасқа.
Бір орнынан табылады керегі,
Өзі келіп ауызға түсер қорегі.
(Актения.)
Бұл жасуша қорек ұстар құралы,
Сыртқы қабат оның-дағы тұрағы.
Жауы келсе жақын тартып жанына,
Жіпшесімен дәлдеп тұрып “ұрады”.
(Атпа жасушасы)
Тұщы суда мекен етіп тұрады,
Өзі жыртқыш, жемін аулар қырағы.
Табаны бар – бұл белгісі келесі,
Іші қуыс, қос қабатты денесі. (Гидра)
Жасушалар атпалы – өлтіреді өз жауын,
Бұдан басқа көп жасуша өз алдына бір қауым.
Неше түрлі жасушадан құралған,
Дәл тауып айт, сыртқы қабат атауын.
(эктодерма)
Тітіркену – тіршіліктің өзегі,
Сол арқылы бәріне де төзеді.
Денесіне тиіп кетсе бір нәрсе,
Бұл жасуша оны бірден сезеді.
(Жүйке жасушасы)
10.Пішіні оның қолшатырға ұқсаған,
Еркін жүзу тән қасиет дәл соған.
Жиегінде бар көптеген шашағы,
Қуыстағы суын артқа шашады.
(медуза...)
Ұқсайды ол бұтағы көп ағашқа,
Көрінеді көзге ерекше оғаш та.
Бірақ тағы ағаш емес жануар,
Ойлан-дағы шешуін сен тауып ал.
(маржан.)
2-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
ІІІ. «Ғажайып жетілік»
Бұл тур бойынша ұпай санын (5,10,15) таңдау арқылы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi
Терминдер 5 10 15
Өлең-жырлар 5 10 15
Мақалдар 5 10 15
Жұмбақтар 5 10 15
Сандар 5 10 15
Өсімдіктер 5 10 15
Жануарлар 5 10 15
3-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
ІҮ. «Ойлан тап»
Бұл бөлімде берілген әріптерден өсімдікке және жануарларға қатысты сөздерді құрастырып жазу керек. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға тең
3-топ:т,р,ұ,қ,п,а,қ,л,ж,г,и,д,р,а,ы,м (тамыр,гидра, жалпақ құрт)
4-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
V. кезең: Сөзжұмбақтар сайысы
Барлығы 3 сөзжұмбақ беріледі. 3 топтың әрқайсысы 3 сөзжұмбақтан шешеді. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға тең. Топты ортаға шақырып интерактивті тақтаға сөз жұмбақты шешіп жауабын жазу.
Сұрақтары 1-ші топ.
1. 1892 жылы вирустарды ашқан орыс ғалымы кім тегін жаз?
(Д.И. Ивановский)
2.1735 жылы организмдерді жүйелеп, класқа, типке жіктеп, бинарлық номенклатура бойынша атауды ұсынған,
«систематиканың атасы» аталған ғалым кім?
(К.Линней)
3.Пішіні тұрақсыз біржасушалы қарапайым
(амеба)
4. Бір жасушалылардың қолайсыз жағдай туғанда қорғану үшін түзетн заты (Циста)
5.Біржасушалылардың көбею жолы
(бөліну)
6.Гидра денесінің сыртын қаптап жауып жататын қабат
(эктодерма)
2-ші топтың сөз жұмбақтарының сұрағы.
Гидраның жыныссыз көбею жолы
(бүршіктену)
2.Гидраның ауыз тесігінің айналасында орналасқан қорегін ұстауға қатысатын өсінділердің аты.
(Қармалауыш)
3.Гидраның қорғануға, қорегін аулауға қолданатын жасушаларының аты (атпа)
4.Гидра денесінің затқа бекінетін жағының атауы
(табан)
5. Ішекқуыстылардың пішіні қолшатырға ұқсайтын өкілі
(медуза)
6. Ішекқуыстылардың теңіздерде арал түзетін түрі
(маржан)
3-ші топтың сөз жұмбақтарының сұрағы
Маржан полиптерінің ішінде жеке тіршілік ететін өкілі
(актиния)
Ішекқуыстылар денесінің сыртқы қабаты (эктодерма)
Ішекқуыстылардың тұщы суда кездесетін түрі (гидра)
Ішекте өмір сүретін паразиттер не деп атайды? (эндопаразиттер)
Кірпікшелі кебісшенің ядро саны (екеу).
Бақа ішегінің артқы ұшында тіршілік ететін көп ядролы, біржасушалы қарапайым (опалина)
5-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
3 топтың ішінең ұпайы аз топ келесі турға қатыспайды.
VІ. кезең: “Жәшік сиқыры”
Бұл бөлімде берілген кардон әріптерді үстіне кейіп: сұрақтарға үстеріндегі кардондағы әріптермен сөздерді құрастырып жазу керек. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға тең
Топ
Ө
З
е
к
Д
і
ң
т
Сабақтың орталық бөлімі.(өзек)
Ағаш сабағын не деп аталады (Дің)
Түссіз (мөлдір), жас сабақтардың сыртын қаптайды (Өң)
Тышқаның үйі (ің)
Оқушы бағасының ең төмені (екі)
Ақпараттың 80-90% қандай мұшемен қабылдаймыз (көз)
2. Топ
Ж
қ
ы
у
Ұ
л
п
а
Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын не дейді? (Ұлпа)
Тұқымның өнуі үшін қажет. (жылу)
Денесі бақалшақтантан тұратын жәндіктер (Ұлу)
365 күнді не деп атайды (жыл)
Арам адамдының синонимы қалай атайды (қу)
Тау-тастың тасасы не деп атайды (ық)
6-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Сонымен бүгінгі «Қызықты биология» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!
Сабақ тақырыбы: «Қызықты биология» сыныптан тыс шара
ІІІ кезең. Ғажайып жетілікІV кезең Ойлан тап
V кезең. Сөзжұмбақтар сайысыVІ кезең. Жәшік сиқыры