Просмотр содержимого документа
«Шала ж?не т?рленіп т?рленіп дамитын буна?денелілер »
7- сынып. Биология.
Күні айы бекітемін
Сабақтың тақырыбы: Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары: тура қанаттылар, тең қанаттылар және қандалалар. Толық түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары: қабыршақ қанаттылар, инеліктер, қатқылқанаттылар (қоңыздар), қосқанаттылар, жарғаққанаттылар.
Сабақтың мақсаты: 1. Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерімен, тіршілік әрекеттерімен таныстыру.
2. Оқулықты пайдалана отырыпөз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру .
3.Табиғаттың сәні , бунақденелілерге оң көзқараспен қарауына
ықпал жасай отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар, электронды оқулық.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру; 2. Үй тапсырмасын тексеру; 3.Жаңа сабақты түсіндіру; 4. Бекіту кезеңі; 5. Үй тапсырмасы; 6. Бағалау кезеңі.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Биологиялық диктант.
Бунақденелілер не себепті жеке класс ретінде қарасытырылады?
Бунақденелілердің құрылсын сипаттап жаз.
Бунақдененлілер неше класс тармағына бөлінеді, атап кет.
Қандай бунақденелілерді білесін? Мысал келтіре отырып, құрылыстарына қысқаша тоқталып кет.
Бунақденелілер даражыныстылар, жыныс диморфизмi байқалады. Жыныс диморфизм -бұл аталық пен аналықтың көлемi, формасы, дене түсiндендегi айырмашылықтары. Айырмашылықтар өте айқын болуы мүмкiн, мысалы, аналықта аяқтар, қанаттар, айқын ерекшеленген басы болмауы мүмкiн.Ұрықтануы iштей. Аналықтар ұрықтанған жұмыртқалар салады. Кейбiр насекомдарда партеногенез немесе“таза ұрықтану” құбылысы кездеседi. Мұндай түрлердiң көптеген ұрпақтары тек аналықтардан ғана тұрады: аталықтар болса - өте сирек кездесетiн құбылыс.
Бунақденелілер дамуы екi жолмен жүредi:
1. Толық түрленiп даму – қосқаннаттыларға, жарғаққанаттыларға, қаттықанаттыларға тән. Толық түрленiп даму келесi схема бойынша жүредi: жұмыртқа - дернәсiл - қуыршақ - ересек түр (имаго). Дернәсiл құрылысы мен мiнез-қылығы жағынан ересек насекомдарға ұқсамайды. Дернәсiл қарқынды қоректенедi, бiрнеше рет түлегеннен соң қозғалмайтын қуыршаққа айналады. Қуыршақта мүшелердiң қайта құрылымы жүрген соң, оның iшiнен ересек насеком шығады.
Метаморфоздың маңызы. Метаморфоз ювенильдi және ересек түрлер арасында бәсекелестiктi төмендетiп түрлi аймақтарды мекендеп, түрлi қорек қорларын пайдалануға мүмкiндiк бередi. Мысалы, инелiк желбезекпен тыныс алып, су насекомдарымен қоректенсе, ересек инелiктердiң қорегi құрлық насекомдардан тұрады және олар трахеямен тыныс алады. Көбелектердiң жұлдыз құрттары қорек ретiнде негiзiнен жыпарықтарды пайдаланады және олардың ауыз аппараттары кемiргiш типтi, ал ересек көбелектер гүлдiң шырынымен қоректенедi, ауыз аппараттары сорғыш типтi.
2. Шала түрленiп даму тiкқанаттыларға, тарақандарға, дәуiттерге тән. Шала түрленiп даму келесi схема бойынша жүредi: жұмыртқа - дернәсiл- ересек түр (имаго). Жұмыртқадан ересек насекомға ұқсас, бiрақ кiшi көлемдi, қанаттары және жыныс жүйесi толық дамымаған дернәсiл шығады. Дернәсiл өсiп, бiрнеше рет түлегеннен соң ересек насекомға айналады.
Бунақденелілердің маңызы.
Биосферада: Гүлдi өсiмдiктердiң негiзгi тозаңдатқыштары. Өсiмдiк қоректi пайдаланып, оны жануар ақуыздарына – басқа жануарлар қорегiне айналдырады.Биосфераның санитарлары.
Шаруашылық саласында: Жоғары өсiмталдығы мен биосалмағы оларды қорлар үшiн күресте адамның бәсекелесiне айналдырады (олардың iшiнде көптеген зиянкестерi бар). Қансорғыштар үй жануарларының өнiмдiлiгiн азайтады. Адамда жұқпалы және инвазионды аурулар қоздырғыштарының тасымалдаушылары болып табылады