Білімділік: Зең саңырауқұлақтарының тіршілігін, түрлерін, құрылысын, бір - бірінен айырмашылығын, биологиялық маңызын теориялық, практикалық тұрғыдан меңгерту. Дамытушылық: Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, тәуелсіз ойлауына, өз идеяларын ұсына білуге ықпал ету.
Тәрбиелік:Адамгершілікке, жауапкершілікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекі құралдары: Интерактивті тақта, , оқулық, слайдтар, үлестірме қағаздар, микроскоп, микропрепараттар, мукор, аспергил, пеницилл зең саңырауқұлағы. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сергіту сәті «Жылы лебіз». Оқушыларды түрлі – түсті гүлдер үлестіру арқылы топқа бөлу. Раушан гүлінің ашылуы, қозғалып өсу бейне материалын көрсету.(Әуенмен) Оқушылар сабаққа назарын аударып, бір - біріне қарама - қарсы тұрып жылы лебіз сыйлайды. Түрлі – түсті гүлдер таңдау арқылы 4топқа бөлінеді. Бейнематериал әуенін тыңдап, оқушылар топтық бірлесу, гүлдің қозғалып өсу, ашылуын көрсетеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы топтарға сурет, суретті слайдтар арқылы беріледі. Слайдтар (1, 2, 3, 4) оқушылардың компьютерінде сақталған. Оқушылар топпен талқылап, тақырыптарын қойып, диалог жүргізіп, қорытындылайды. 4 - топтың слайд тақырыптары:
4. Біржасушалы саңырауқұлақтар. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы орындайды, топ пікірлесіп, диалог қалыптастырып, үй тапсырмасын қорытындылайды. Топ оқушылар бір - бірінің дұрыс жауабын тыңдап, өзара диалог қалыптастырып бағалау жүргізеді.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Білу Интерактивті тақтадан зең саңырауқұлақ түрлерін көрсету. Оқушыларға сұрақ қою. Тақтадағы суретті көрсетілімдер және бүлінген тағамдар(нан, алма, қызанақ) туралы не білесіңдер? Күнделікті өмірде кездесе ме? Оқушылардың жауабын тыңдап, жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Жаңа сабақтың тақырыбы айтылады. Жаңа сабақта кездесетін терминдік ұғымдармен жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға оқулықтан теориялық білім қалыптастыру тапсырмасы беріледі. Оқушылар өз ойларын түсіндіреді. Өзара диалог жүргізеді. Жаңа терминдік ұғымдарды дәптерге жазып алады. Оқулық бойынша жаңа сабақтың мазмұнын түсінеді.
Микроскоптан көрінген зең саңырауқұлағы
мукор
Ой толғаныс Әр топ ноутбук арқылы «wwwYoutube. com»cайтынан «Гриб мукор» бейне материалын көреді. Әр топ өзара бейне материал бойынша түсінік жүргізіп, талқылайды, білімдерін кеңейтеді. Оқушылар берілген сайттан бейне жазбаларды қарап, жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейтеді. Топ өзара қорытындылайды. Ғаламтормен жұмыс Топ оқушылары шапалақ соғу арқылы бағалау жүргізеді. №33 зертханалық жұмыстың тақырыбы: Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу.(Оқулықта 197-198 беттер ) Оқушылар жұппен жасаған микропрепараттарын, дайын микропрепараттарды микроскоппен көріп, интерактивті тақтадан оқушылар анықтаған, зең саңырауқұлақтарын көрсетеді. Суретке түсіріп сақтайды. Оқушылар дайындап көрген препараттарын мұғалімге тексерту мақсатында интерактивті тақта арқылы оқушыларға көрсетіп, қорытынды жасайды. Зертханалық жұмыс дәптерлерін толтырады. Мұғалім зертханалық жұмыс қорытындысы бойынша оқушыларды бағалайды. IV.Жаңа сабақты бекіту:
«Сұрақтар стратегиясы» Әр топ сұрақтар беріп, жауап қайтару арқылы жаңа сабақты пысықтайды. 1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?(микология ХIХ ғ. п. б.) 2. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректiк қор затының атауы?( гликоген) 3. Талшығы бар спораның атауы?( зооспора) 4. Споралар түзiлетiн орын?(спорангий) 5. Нан ашытуға пайдаланылатын саңырауқұлақ?(қантты) 6. Көгiлдiр зең саңырауқұлағының атауы?(пеницилл) 7. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ?( аспергилл) 8. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемiстi денесi неден тұрады?( Қалпақ, түбiртек) 9. Саңырауқұлақтың өсiмдiкпен селбесуi?(микориза) 10. Қалпақшалы қызыл түстi улы саңырауқұлақ?( шыбынжұт)
V.Бағалау Оқуды бағалау Мұғалім сабаққа белсенділік танытқан оқушыларды бағалайды.
Мұғалім топтық және жұптық жұмыстарды, жеке оқушыларды бағалайды. Бағалау мақсатында критерилері бар бағалау парағы оқушыларға беріледі. 1 - қосымша да көрсетілген Топ басшылары сабақ кезеңдерінде белсенділік танытқан оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.
VI. Үйге тапсырма: §59 оқу,190-191 беттер
Зертханалық жұмыс бойынша анықтаған зең саңырауқұлақтарының суреттерінен слайдтар дайындау. Жұмбақтар құрастыру. Зең саңырауқұлақтары туралы қызықты сұрақтар құрастыру. Оқушылар үй тапсырмасымен танысады. Рефлексия 2 мин Оқушылар сабақ туралы өз ойларын, пікірлерін білдіру керек. Оқушылар стикерлерге өз ойларын жазады.