kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? т?рлері, ??рылысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Саба?ты? т?рлері, ??рылысы

Саба?ты? ма?саты: саба?ты? ат?аратын ?ызметін, оны? жалпы ??рылысын о?ушы санасына жете т?сіндіру, о?ушыларды? ой-?рісін ке?ейту, функционалды? сауаттылы?ын арттыру.

Саба?ты? міндеттері:

  • саба?ты? м?нісін, ?сімдік ?шін ма?ызын, ат?аратын функциясын т?сіндіру;
  • адамны? т?л?а ретінде дамуын, ?ылыми д?ниетанымын байыту, таби?атты аялау?а, ?ор?ау?а т?рбиелеу;
  • п?нге, та?ырып?а байланысты ?ызы?ушылы?тарын дамыту. 
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? т?рлері, ??рылысы»

Нығманова АС.

Павлодар қаласы

№ 29 ЖОМ

6 сынып Тақырыбы: Сабақтың түрлері, құрылысы

Сабақтың мақсаты: сабақтың атқаратын қызметін, оның жалпы құрылысын оқушы санасына жете түсіндіру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, функционалдық сауаттылығын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

  • сабақтың мәнісін, өсімдік үшін маңызын, атқаратын функциясын түсіндіру;

  • адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын байыту, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу;

  • пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: АКТ, электронды оқулық, қол әйнек, әртүрлі өсімдіктердің сабақтары (қарағаш, үйеңкі, терек, жөке, итмұрын, қарақат т.б)

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік әдіс, нұсқаушы-ойға түсіруші әдіс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, келмей қалған оқушыларды белгілеп, психологиялық ауалын қалыптастыру, топқа бөлу,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

І топ

  1. Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады, ішкі құрылысы бойынша дәлелдеп беріңдер.

  2. Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІ топ

  1. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады?

  2. Өсу бүршігі мен гүл бүршіктерінің айырмашылықтарын талдаңдар.

ІІІ топ

  1. Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды, қызметі қандай?

  2. Бүршіктер нешеге бөлінеді?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Жоспар:

  1. Сабақ және оның түрлері

  2. Сабақтың ішкі құрылысы

  3. Топтық жұмыс






Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек.








Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы төрт қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.





Сабақ мынадай қызметтер атқарады:

1) қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;

2) сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;

3) көбеюге қатысады;

4) органикалық заттар қорға жиналады;

5) өсімдіктердің жоғары жағының аумағы бұтақтану арқылы артады;

6) вегетативтік көбею.


ІV. Топтық жұмыс (оқулықпен жұмыс істейді)

І топ

Түрі өзгерген жерүсті сабақтары(өсімдік түрлері)

ІІ топ

Түрі өзгерген жерасты өркендері - тамыр- сабақ

ІІІ топ

Түрі өзгерген жерасты өркені түйнек – картоп


V. Сергіту сәті

«Буратино ойыны» Оқушылар мұрынның үшімен «күн» салады (бастары әрі бері қозғалады), «сәбіз» салады (бастары жоғары төмен қозғалады), «ағаш» салады (бастары әрі бері қозғалады).

V. Бекіту.

Сабақ дегеніміз не? Оның қандай түрөзгерістері бар? Құрылысы қандай? Атқаратын қызметі ше?Қызметі, ұқсастығы мен айырмашылығы

№ 12 зертханалық жұмысты орындайды

VI. Бағалау

VII. Рефлексия

Бүгінгі сабақтан не білдім?

Тағы нені білгім келеді?


VIII. Үй тапсырмасы. §18. оқу, А. Б. С. Деңгей.









12-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Сабақтың ішкі құрылысымен танысу.

Мақсаты: Сабақтың ішкі құрылысын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап, оның қабаттарын бір-бірімен салыстырып зерттеу.

Құрал-жабдықтар: қарағаш, емен, терек ағаштарының 20 см ұзындықтағы жас өркендері, ұлғайтқыш қол әйнегі, ағаштың жуандау (2-3 жылдық) діңінің көлденең кесіндісі (қалыңдығы 5-8 см).

Жұмыстың барысы:

1. Әр түрлі ағаштардың (қарағаш, емен, қайың, терек, тал, т. б.) жас бұтақтарынан (ұзындығы 20 см) сыртқы қабығының түсіне, қабығын жарып бұртиып шыққан (шұбарланған) жасымықшаларына, оның пішініне көңіл аударып, лупамен қарап суретін салыңдар.

2. Кез келген ағаштың көлденең кесіндісінен сабақтың ішкі құрылысының қабаттарын ажырату. Әр қабаты қанша көлемді алып жатқандығын (калыңдығын) ажыратып, түсіне көңіл аудару. Өзек жасушаларының ерекшеліктерін бақылап көру.

3. Оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.






 Нәтижесі: 1) сурет бойынша 2) Бос орындарды толтыр:



















Қорытынды: Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігі

анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.

Қабық

Камбий

Сүрек

Өзек






1. Сабақты жуандатып өсіреді. 2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі. 3. Органикалық заттар қорға жиналады. 4. Су мен минералды заттар қозғалады. 5. Тін талшықтары орналасқан. 6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. 7. Қабық пен сүректің арасында орналасады. 8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба? т?рлері, ??рылысы

Автор: Ныгманова Айжан Сергеевна

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298158


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства