kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?тан тыс сайыс саба?-Жас биолог (интеллектуалды? сайыс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я, Амирханова Назира Комекбаевна учитель биологии Шетская СОШ село Унирек, Шетского района, Карагандинской области. Я окончила в 2012 году биолого-географический факультет имени Е.А Букетова. Специальность: биология образовательное. Я очень люблю свою профессию. Семейное положение: замужем.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?тан тыс сайыс саба?-Жас биолог (интеллектуалды? сайыс)»

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Үңірек ауылы, Шет жалпы орта білім беру мектебінің биология пәнінің мұғалімі Амирханова Назираның 6,7,8,9 сыныптар арсында өткізген сайыс сабағы.

Жас биолог-интеллектуалдық сайысы

Сабақтың тақырыбы: Жас биолог

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың сабақта алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Шығармашылық қабілеттерін, білімге қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелілігі: салауатты өмір салтына, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сабақтан тыс сайыс сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ойын

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

Жүргізуші:

Амандасу.

Топқа бөлу, топ өздерін таныстыру.

І-топ: Алғырлар

ІІ-топ: Тапқырлар

Жүргізуші:

Сайыс кезеңдері:

І.Мақал-мәтелдер

ІІ.Жұмбақ шешіп көр!

ІІІ.Ең...Ең...Ең...

IV.Генетикалық есептер

V. «Биологиялық эстафета» ойыны

І кезең «Мақал-мәтелдер» оқушылар мақал-мәтелдің екінші жолын тауып 10 ұпайдан жинайды.

1. Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,

Құлағы жоқ,көзі саудың ақылы озады

2. Саусағы ұзын – бишi болар,

Құлағы үлкен – күйшi болар.

ІІ кезең «Жұмбақтар» жұмбақтардың шешімін тауып 10-ұпайдан жинайды.

Қос қабыршақ қабысып,

Қарбызға тұр жабысып. (Құлақ)

Бар жұмысы ермегі.

Талмай қанат қағады.

Еңбекті қош көрмейді,

Жат ыдысты бағады.

(Шыбын)

Қыс кезінде ұйықтап жатар,

Жаз мезгілі думан ашар.

(Шыбын)

Аспанда ақ сары құс шу салады,

Жабысып тақыр жерден су алады.

Адамнан су алған тым өзгеше

Дуылдатып денеңе у салады.

(Безгек масасы)

Гүл ұшып гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады.

(Көбелек)

Ұзын-ұзын ұзардай,

Ұзыннан аққан сулардай.

Ағаш атқа мінгізіп,

Ұзартып қойған мұнардай.

(Өрмекші)

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.

(Құмырсқа)

Сырты орман,

Алды жазық құрлықты,

Араласаң,

Табасың жетi құдықты. (Бас)

Көрмеген ешкiм,

Дәмiн татып.

Қара орман асты,

Ұйыған қатық. (Адамның миы)

Жағасы құрақ,

Мөлдiр суат. (Көз)

Таппайтын тағат,

Тығулы сағат. (Жүрек)

ІІІ кезең Ең...Ең...Ең...

Өсімдіктер әлемі (алғырлар)

Ең кішкене гүл – Әнжүр ағашының гүлі. Оны тек микроскоппен ғана көруге болады.

Ең ұзақ жасайтын өсімдік – Аустралияда өсетін Сигас ағашы. Шамамен 12-15 мың жыл өмір сүреді.

Жер бетіндегі ең ұзын өсімдік – Бразилия орманында өсетін «Оңтүстік Америка сары лениясы» атты өсімдік. Ұзындығы 1800 метрге жетеді.

Дүниедегі ең биік ағаш? ( Эвкалипт, 155 метр)

Ең ұзақ жасайтын ағаштар? ( Емен, 2000 жыл, қайың, терек 150 жыл)

Дүниедегі ең үлкен жеміс? ( Асқабақ)

Әлемдегі ең қауіпті саңырауқұлақ-Боз арамқұлақ

Әлемдегі ең тез өсетін шөп-Бамбук (күніне 1м өседі)

Ең қысқа өсімдік. ( Балықоты, ұзындығы 0,5 см ені 0,3 см)

Жапырағы қурамайтын өсімдік – Анголада өсетін ангола ағашы. Жапырағы 100 жыл өтсе де, қурамайды.


Жануарлар әлемі (тапқырлар)

Ең ірі адам тектес маймыл ( Горилла)

Әлемдегі ең ұзын жануар ( Керік)

Дүние жүзіндегі ең үлкен ит (АҚШ – Геркулес – 1 м/128 кг)

Әлемдегі ең ір құс-Африка түйеқұсы

Әлемдегі ең ауыр жылан-Анаконда (200 кг)

Әлемдегі ең үлкен өрмекші-Құс жейтін өрмекші (228 см)

Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)

Әлемдегі ең жылдам қозғалатын құс-Ителгі (200 км/с)

Әлемдегі ең жылдам ұшатын бунақденелілер-Инеліктер (9км/сағ)

Дүние жүзіндегі ең үлкен тышқан (Капибара – 140 см/66 кг)


Оқушылар сұрақтарына ойланып жауап бергенше

Әлемдегі ең улы жеті жануар туралы қызыты деретер оқып беремін.

1.Улы бақа - ол ешкімді шақпайды және тістемейді. Бірақ оның уы батрахоносин деп аталатын ең қауіпті удан да 250 есе күшті және барлық денеге таралады. Оны ұстаған адамның денесі жансызданып қалуы мүмкін. Егер абайсыздан жұтып қоятын болса, адам бір минутқа жетпей өліп кетеді. Ұзындығы небәрі 2 см болатын кішкентай ғана сарғыш келген ағаш бақасы Америка құрлығының Колумбия аймағындағы ормандарда тіршілік етеді. Қолмен ұстап көргенде терісінің үстіндегі 400 түрлі сілтілік у теріге таралады. Егер у қанға араласса, адам бір минутқа жетпей өліп кетеді. Бір ғана құрбақаның үстіндегі у 30 мың тышқанды немесе 150 адамды улай алады.

2. Жапония сегізаяғы - көк сақиналы сегізаяқтың уы тетродотоксин уынан 10 мың есе улы және жанды денені үш минутта өлтіреді.

3.Кубомедуза жанды денені бес минутта өлтіреді. Үнді және Тынық мұхиттарында кездеседі.

4.Ең улы тайпан жыланы Тайпан (Oxyuranus Microlepidotus) бір шаққандағы уы 100 адамды өлтіре алады. Австралияда тіршілік етеді. Кобрадан 100 есе, қара мамбо жыланынан 50 есе күшті улы жылан.

5.Ең улы лейурус сарышаяны Ұзындығы 5-6 см, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста тіршілік етеді. 1 мг уы 15 мың тышқанды өлтіреді. Адамды бір сағатта өлтіреді.

6.Ең улы өрмекші Сиднейлік лейкопаутинды өрмекші (Sydney funnel-web) Австралияда тіршілік етеді. Дене тұрқы 3-4 см, 1 мг уы 10 мың тышқанды өлтіреді. Адамды бір сағатта өлтіреді.

7. Ең улы кесіртке Аризона улы кесірткесі (Halodurma Suspectum) Мексика мен АҚШ-тың Аризона штатының құрғақ және шөлді далаларын мекендейді. Адамды шаққанда дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, өліп кетуі мүмкін.

IV. Генетикалық есептер:

Алғырлар

Қызанақ жемісінің домалақ (В)пішіні алмұрт пішіндіден, ал қызыл түсі (С) сары түсінен басым.Домалақ қызыл қызанақ пен алмұрт пішінді сары қызанақты будандастырса,Ғ1,Ғ2-ні тап
Ж: Ғ1- біркелкі ВвСс; Ғ2 – 9(ВС)/3(Вс)/3(вС)/1(вв)

Тапқырлар

Қой бүлдіргенінің екі сорты бар. Бірінің жемісінің түсі қызыл (доминантты гомозиготалы) және мұртшасы (рецессивті) бар, ал екіншісінің жемісінің түсі ақ (рецессивті) және мұртшасы жоқ (доминантты). F1-ы тап?
Ж: F1 – қызыл, мұртшасы жоқ

V. «Биологиялық эстафета» ойыны

Бұл кезеңде слайдта берілген сөз бойынша оқушылар әрбір әріпке биологиялық термин сөздер құрастыру керек

Анатомия

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, осыман сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ендігі кезекті әділ-қазылар алқасына берейік.

Марапаттау



























Шет жалпы орта білім беру мектебі


















Жас биолог

(интеллектуалдық сайыс)










Өткізген: Амирханова Н.К







2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Саба?тан тыс сайыс саба?-Жас биолог (интеллектуалды? сайыс)

Автор: Амирханова Назира Комекбаевна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279680


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства