kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары 2 сынып, д?ниетану "Су. Суды? ?асиеті"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділігі: Суды? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ы туралы ??гімелеу. ?р т?рлі т?жірибелер н?тижесінде суды? ?асиеттерімен о?ушыларды таныстру. Су туралы ?ылыми т?сінік беру. Дамытушылы?ы: О?ушыларды? ?з ойларын жуйелі т?рде баяндауын, т?сініп о?уын, ойлауын, есте са?тау ?абілеттерін дамыту. О?ушыларды? бай?а?ышты?ын, білім ??марлы?ын дамыту, ?р т?рлі де?гейлік тапсырмалар бере отырып, оларды шы?армашылы? ізденіске баулу. Т?рбиелілігі: Экологиялы? т?рбие беру ж?не ?ор?ау міндетіміз екенін білу. ?азіргі та?да адамзат ауасын ж?тып, суын ішіп отыр?ан таби?ат ананы ?ор?ап аялау?а ?йрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары 2 сынып, д?ниетану "Су. Суды? ?асиеті" »

"№ 45 бейімделген орта мектебі" КММ















Тақырыбы: Су. Судың қасиеті. 












Сынып: 2 "А"

Мұғалімі: Бапаева Д.Д

2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: Су. Судың қасиеті. 
Мақсаты:

Білімділігі: Судың адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгімелеу. Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың қасиеттерімен оқушыларды таныстру. Су туралы ғылыми түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың байқағыштығын, білім құмарлығын дамыту, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелілігі:
Экологиялық тәрбие беру және қорғау міндетіміз екенін білу. Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап аялауға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас 
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, көрнекілік 
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі 
Көрнекі-құралдар: интерактивті тақта, оқулық, су және сүт құйылған ыдыстар, үлестірмелі-қима қағаздар, тақырыпқа сәйкес суреттер мен слайдтар, мақал – мәтелдер, глобус. 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды психологиялық дайындау.

Мұғалім:

А) – Балалар, сәлеметсіздер ме? Бүгін мен сендермен өзгеше сабақ түрін өткізгелі отырмын! Өйткені, сабағымызға көптеген мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Сондықтан да, сабақ барысында өздеріңді еркін ұстап білігендеріңді қысылмай айта беріңдер.

Мұғалім келіп отырған қонақтардың мақсатымен және балалардың өздерін еркін отырып сабаққа қатысуларын айтып өтеді.

Мұғалім:

- Ал балалар, енді сабағымыздың басында балалар келісі шарт жасап алайық.

КЕЛІСІМ ШАРТ:

  1. Тәртіп

  2. Сыйластық

  3. Бірлік

  4. Белсенділік

  5. Тыңдай білу

  6. Ойды толық жеткізу

  7. Уақытты үнемдеу

Слсйдттан келісім шарт ашылып мұғалім қорытындылайды.

Мұғалім:

- Мінекей осы келісім шартты біз өз сабағымызда орындап отыруға тиіспіз. Келістік қой! Тамаша!

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Мұғалім: - Оқушылар казір сендерге жұмбақтар беріледі. Қай топ жауабын дұрыс тапса, сол топ жұмбақ шешуіне сай таптың атын иеленеді.

II. Ой шақыру:
Жұмбақтың шешуін табу арқылы топқа бөлу. Жұмбақтың жаубын тапқан топтың аты сол жұмбақ жауабымен байланысты болады.
1.

Сынаптай жылтырап,
Биіктен сырғыйды.
Ән салып былдырлап, 
Іздейді ылдиды. (бұлақ) І топ
2.

Көп бытыра қорғасын,
Көбейтіп жердің олжасын. (жаңбыр) ІІ топ
3.

Жапалақтап жауады,
Жердің бетін басады. (қар) ІІІ топ

Мұғалім: - Сонымен сыныбымыздағы топтардың аттары. "Бұлақ","Жаңбыр" және "Қар".

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарлау.

Мұғалім: - Сонымен балалар мына өлең жолдарына зер салып көрелік. Мағынаны табу: поэзия минуты арқылыбүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашу, яғни сумен байланысты екенін аңғарту. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаныемес пе,
Су жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
(М.Хакімжанова)

Мқғалім:

- Бұл өлең жолдары не туралы?
Ия су -демекші балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Су. Судың қасиеті". Сендермен біз бүгін судың адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгімелесеміз. Әр түрлі тәжірибелер нәтижесінде судың қасиеттерімен танысамыз. Суға ғылыми түсінік береміз.

III. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі.

Мұғалім: - Балалар"Миға шабуыл" жасап көрейік.

Слайдтта: «Біз не білеміз?»

(Топпен жұмыс мұнда ойланып жұмыс жасау керектігі айтылады). Таблица толтыру. Оқушылар суға байланысты өз білгендерін кестеге толтырып жазады.

Мұғалім: - Тапсырманы орындап болсаңдар балалар жұмыстарыңды мына жерге әкеліп орналастырыңдар. Әр топтан бір оқушы шығып жасалған жұмысы бойынша қорытынды жасаңдар. (Бірінші бітірген топтың оқушысы жасалған схеманы тақтаға іліп қорғайды. Басқа топтың оқушылары толықьтырады).

Ескерту: Балалар бір топтың айтқанын екінші топ толықтыруға тырысыңдар.

IV. Жаңа сабақ:

Судың қасиеті

  1. __________________

  2. __________________

  3. __________________

  4. __________________

  5. __________________

2. Тапсырма «Тәжірибе» . Мұғалімнің жасауымен көрсетіледі. Қорытындысын балалар өздеріне жазып алады.

Судың қасиетіне байланысты тәжірибелер жасалады.

1.Сүт пен суды салыстыру. Судың ішіне қызыл, сары, жасыл, сары жолақшалармен салыстырылады. Бұдан судың түссіз екендігін бақаймыз.

2. Екі ыдыс аламыз, олардың біреуіне сүт, екіншісіне су құямыз. Сұйықтығы бар ыдысқа кез келген затты салып көреміз. Сүттен бұл зат көрінбейді, ал судың ішінен айқын көрінеді. Бұдан судың мөлдір екендігін байқадық.

3. Шұңғыл ыдысқа, стақанға, табақшаға су құй. Әр ыдыстағы су сол ыдыстың пішінін алады. Бұдан судың тақты пішіні болмайтындығы анықталды.

4.Су құйылған ыдыстағы суды басқа бос ыдыстарға құю арқылы судың ағатындығы байқалды.

5. Судың дәмін және иісін иіскеп көру арқылы судың иісінің және дәмінің болмайтындығы аныталды.

6. Екі су құйылған ыдысқа тұз және қант салынады. Тұз бен қант еріп кетеді. Бұдан судың еріткіш қасиеті бар екендігі анықталды.

7. Келесі ыдысқа саз салынып араластырылады. Мұнда судың лайланып, Су біраз тұндырылған соң саз ыдыстып түбінде шөгіп тұратындығы байқалады. Бұдан табиғатта суда ерімейтін де заттар болатындығы анықталды.

Судың күйі

  1. __________________

  2. __________________

  3. __________________

  4. __________________

  5. __________________

Оқулықпен жұмысжасау. Оқулықтың нөмірі 41-42-шы беттерін ашып «Су. Судың қасиеті» тақырына назар аудару. Оқушылар мәтіндегі 3 –ші тәжірибені өз беттерімен оқып шығу ұсынылады.

Слайд: «Ойлан және бөліс!»

Мұғалім: Судың 3 күйіне байланысты мағлұмат беріледі.

  1. Топ оқушыларына берілген тапсырма. (Балалар суды тегіс жерге құйып көреді, су аға бастайды) Бұдан судың сұйық болатындығы айтылдаы.

  2. Үстелдің бетін дымқыл сулы дәкемен сүртіп көрейік, немесе суға малынған зат біраздан соң кеуіп қалатындығын байқаймыз. (Колбадағы суды қыздыру арқылы буға айналуын тәжірибе барысында көрсетеміз). Бұдан су буланадытындығын байқаймыз Және газ түрінде болатындығы анықталды.

  3. Күн суытқан кезде су қатып мұзға айналады. Өзендер мен көлдердің бетін мұз басады. Аспандағы бұлттар да мұз қиыпшығына айналады. Олар бірігіп қарға айналып жерге түседі. Бұдан судың қатты (қар, мұз) күйінде болатындаған байқауға болады.

Қосымша малұмат.

Мұғалім: Балалар мына жерде сендерге қосымша мағлұмат бар екен. Назар аударып корейікші.

Слайд:
Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді. Адам денесінің жалпы салмағының жартысынан астамы судың үлесіне тиеді. Жер бетінің 4/3 астамын су алып жатыр.

Сергіту сәті:

Аспанда жүрер бу болып,

Жерге түсер су болып.

Сай-салаға сарқырап,

Көлшіктерді толтырар. (Су)

V. Жаңа сабақты бекіту. (Тапсырмалармен жұмыс)

Тапсырма:

Слайд: «Мен не үйрендім?»

Дәптермен жұмыс: №16 бет.

Бірінші тапсырма: Судың қасиетіне жататындардың астын сыз. (мөлдір, түссіз, иісі жоқ, еріткіш, сүзіледі, пішіні жоқ)

Екінші тапсырма: Дұрыс пікірді бағыттаушы сызықты қос.

Ерігенде - мұздың суға айналуы

Қатқанда - судың мұзға айналуы

Буланғанда - судың буға айналуы

Слайдтта: Сұрақтар. (Балалар жауаптарын ламинатқа жазып бірінші мұғалімге кейн бір-біріне көрсетеді. Дұрыс жауап слайдтан көрінеді)

  1. Судың қасиеттерін ата. (аққыш, жабысқақ, жұққыш, пішінсіз)

  2. Судың түсіне байланысты қорытынды жаса. (түссіз)

  3. Табиғатта су қалай кездеседі. (су, бу, мұз)

Тпоқа тапсырма «Ойлан еске түсір»

Сұрақ: Мына белгілер нені білдіретінін түсіндер. Үш топқа үш тапсырма беріледі. Судың күйлерінің белгілерін ата. (су, қар, мұз).

  1. Топ су

  2. Топ бу

  3. Топ мұз, қар

Тапсырма: «Мақал жалғастыру».
Мақсаты: түсіп қалған сөзді тауып айту.

Слайд: «Мақал жалғастыру».
1. Таулы жер бұлақсыз болмас,
... жер құрақсыз болмас. (сулы)
2. Сөздің басы – құлақ,
... басы – бұлақ. (судың)
3. Азған елде намыс жоқ,
... жерде қамыс жоқ.(сусыз)

VII. Қорытындылау:

Ой жалғау: Оқушылардың ең алғаш жасаған жобаларына толықтыру жасаай отырып қорытынды жасайды.

Мұғалім: Сонымен су: түссіз, иіссіз, дәмсіз, сұйық, пішіні жоқ болып келеді. Сонымен қоса табиғатта сұйық, бу және мұз күйінді кездеседі.

  • о

  • VI. Үйге тапсырма:

1 топ. Мәтінді оқу.

2 топ. «Су» тақырыбында мақал-мәтелдер жазып әкелу.

3 топ. «Судың үш күйі» тақырыбына жұмбақ құрастырып әкелу.

VIII. Бағалау: Топбасшысы өз тобындағы балалардың қатысуынпа байланысты балдық көрсеткішпен бағалайды.

№ топсырма

Қатысушылары

Балдар

1 топсырма



2 топсырма



3 топтапсырма



Әр бағаға түсінік беріліп отырады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба? жоспары 2 сынып, д?ниетану "Су. Суды? ?асиеті"

Автор: Бапаева Динара Даулетаровна

Дата: 20.01.2015

Номер свидетельства: 158720


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства