Просмотр содержимого документа
«Саба? № 20. 11-с. Жаратылыстану – математика ба?ыты. Саба?ты? та?ырыбы. Тіршілік ?шін к?рес ж?не таби?и с?рыпталу»
Сабақ № 20. 11-с. Жаратылыстану – математика бағыты.
Сабақтың тақырыбы. Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу Мақсаттары. Білімділік: оқушыларға табиғи сұрыпталу - эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші, тіршілік үшін күрестің түрлері туралы түсіндіру.
Дамыту: эволюция ілімі туралы алған білімдерін әрі қарай дамыту, логикалық тапсырмаларды орындай отырып, ойлау, қорытынды жасау қабілеттері мен ғылыми сауаттылықтарың дамыту.
Тәрбиелік: қоршағаң ортаны аялай білуге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: өсімдіктер мен жануарлардың суреттері, электронды оқулық (өсімдікткр мен жануарлар эволюциясы), тіршілік үшін күрес - сызбанұсқалары. Бөлме өсімдіктері
Пән аралық байланыс: география, әдебиет, химия.
Әдебиеттер: 11 -сынып. Биология «Мектеп» Р. Сәтімбеков. Р. Әлімкулова. Ж. Шілдебаев. 2007 жыл. Дарвинизм. С.А. Пришвин. Ағзалар эволюциясы. А. С. Кузнецов.
І. Ұйымдастыру кезені. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығың теқсеру. ІІ.Жаңа сабақты менгеруге дайындық кезеңі.
№1-тапсырма. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Түр эволюциясының қозғаушы күштерін атандар.
ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ ҚОЗГАУШЫ КҮШТЕРІ
ҒАЛЫМ? Ч. ДАРВИН
ТІРШІЛІК ҮШІН КҰРЕС
ТАБИҒИ СҰРЫПТАЛУ
ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРГІШТІК
№2- тапсырма. Дискуссиялық өрнек.
Берілген сұрақтарға: келісемің не келіспеймін деп жауап беру.
Сұрақ. Қолдаң сұрыптаудың нәтижесі:
1. Адамның араласуымен жүреді ..................( келісемің)
2. Белгілі жоспары бар ....................... ( келісемің)
3. Белгілер табиғатта дәрменсіз .................... ( келісемің)
4. Егіншілікпен байланысты .................... ( келісемің)
5.Жана түр түзіледі ........................( келіспеймін)
6.Жаңа белгілер ағзаға зиян ..................... ( келісемің)
7. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді ................ ( келіспеймін)
ІІІ. Жаңа сабақты игеру кезеңі.
Табиғатта барлық даралар ұрпақ қалдыра ма? Пайдалы белгілері бар даралар қандай фақторлардың әсерінен сақталып, қалғандары жойылады? Осы сұрақтарға нақты жауаптар табу үшін Ч. Дарвин организмдердің көбеюін талдады.
КӨБЕЮ НӘТИЖЕСІ
АҒЗАЛАР ҰРПАҚ ҚАЛДЫРУҒА ТЫРЫСАДЫ
ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЕ БАСТАЙДЫ
ТЕК ҚОЛАЙЛЫ ОРТАҒА ТАП БОЛҒАНДА ҒАНА ӨСІП ӨНЕДІ
ҚАРҚЫНДЫ ОСУ ЫЛҒИ БОЛА БЕРМЕЙДІ
СОҒҰРЛЫМ ҚАРҚЫНДЫ ДАМИДЫ
ТҮРЛЕР НЕҒҰРЛЫМ КӨБІРЕК ҚЫРЫЛСА
№2.Табиғи сұрыпталу:
1. Тіршілік үшін күрес нәтижесі 6. Үздіксіз жүреді
2. Пайдалы белілер сақталады 7 Адамның ешқандай қатысы жоқ.
3. Ортаға бейімделеді 8 Популяцияда тепе- тендіқ сақталады.
4.Тепе- тендік сақталады 9 Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді..
5. Жаңа түрлер түзіледі.
№ 3. Жұмыс. Тіршілік үшін күрестің түрлері. Сәйкестендір.
ТІРШІЛІК ҮШІН КҮРЕС
ТҮРІШІЛІК КҮРЕС
ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН КҮРЕС
ТҮРАРАЛЫҚ ҚҰРЕС
КҮРЕС
1.Түраралық күрес бөлінеді: жыртқыштық------ паразиттік--------бәсекелестік. Әр бөлімғе анықтама бер.
2.Түрішілік күрес – оның ерекшеліктері .Жарық, қорек, аумақ, ылғал, жыныстас әріптес. Берілген суреттерде түрішілік күрестін қандай түрлері берілген?
3.Қоршаған ортаның жағдайымен күрес - жазық дала , биік тау, шөлді жер.
Сәйкестендір.
1)өсімдіктер кез келген мүшелеріне
су қорын жинайды,сабағы
шырынды, жасыл, ал жапырақтары түрін өзгерткен
2) ауа райы: суық, аңызақ желді, жер бедері таулы - жоталы
өсімдіктері аласа, жерге төселіп жатады
3) ылғал тапшылығынан өсімдіктер
бозғылт түсті, майда, жұмсақ киіздей түк басқан: себебі күн сәулесі мен судын булануынан қорғайды.
І\/. Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі.
Логиқалық ойлау кабинеті:
1. Бір жапырақ қалын орманда үзіліп түссе бұркіттін, бұғының, аюдың және қасқырдың іс- әрекеттері қандай болады? Сәйкестендір.
Жауабы: көреді, естиді, сезеді, бәрі бір.
2. Жолжелкеннің жапырағы неге жерге жайылып өсуге бейімделген? Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер.
Сұрақ: тіршілік үшін күрестін кандай түрі байкалады? Дәптерге жаз.
Жолжелкеннің жапырағы жер бетінде жайылып өсіп басқа өсімдіктердің өсуіне кедергі жасайды. Бір жағынан топырақта дымқылдың сақталуына мүмкіндік беріп өзіне жағдай жасайды. Ал, топырақта дымқыл артығырақ болса, жапырағын аздап көтереді.
3.Сөйлемді толықтыр. Шыршалы ормандарда өсетін шөптесін өсімдіктердің гүлінін түсі ақ болуы не себепті?
Жауабы: шыршалы ормандарда көленкелі, жарық аз. Ала көленкелі жерде бунақденелілер ақ түсті тез байқайқап, тозаңдандырады. Өсімдік тұқым шашып, ұрпағын жалғастырады.
Математика кабинеті. Есеп шығару.
Есеп: Көкнәр өсімдігінің бір қауашығында 3000 жүық тұқым жетіледі, бір түп көкнәрда 10 қауашақ дамыса, 1 жылда қанша тұқым жерге шашылуы мүмкін.
Зерттеу кабинеті.
1.Берілген бөлме өсімдігін зертте. 1. Табиғи сұрыпталу нәтижесінде қандай қасиеттер пайда болды. 2. Тіршілік үшін күрес түрлерін анықта.
1) түраралық 2)түрішілік 3) абиотикалық
2.Берілген жануарлардың қоршаған ортасың өзгерткен жағдайда тіршілік үшін күресті калай жүргізеді?
1.Құрлықта ақ аюдан үлкен жыртқыш жоқ.
Оның салмағы 1000 килограмға дейін барады. Олар олжасын іздеп Арктиканың мұзды
жазығын кезеді.
2.Азияның ақтөсті аюы ормандарда өмір сүреді.
Ол жаңғақ, жидек, жәндіктермен қоректенеді.
Сұрақ:
Биологиялық прогреске жетеалама? Жауабынды түсіндір. Ақ және азиялық аюлардың мекен ортасың.