kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Плаундардың құрылысы, көбеюі, дамуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

плаундардың құрылысын таралуын көбеюін сипаттап ажырата білу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Плаундардың құрылысы, көбеюі, дамуы.»

Сабақ: биология

Мектеп: Ақсуат ЖББНОМ

Күні: 20.01.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Табылдиева Гульсая Куанышкалиевна

Сынып:6

Қатысқандар саны:4

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы: Плаундардың құрылысы,көбеюі,дамуы,табиғаттағы адам өміріндегі маңызы.

Сабақ негізделген оқу мақсаты: Плаундардың құрылысын,таралуын,көбеюін сипаттап,табиғаттағы маңызын анықтап ажырата білу.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар істей алады:

Плаундарды ажырата алады,құрылысын сипаттай біледі.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Плаундардың көбеюін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар істей алады:

Плаундардың табиғаттағы,адам өміріндегі маңызына баға береді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

.


Плаун,спора,спорангий,шоқпарбас плаун,жылысқы т.с.с

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер


Талқылауға арналған сұрақтар:

Плаундарды неліктен жылысқы деп атайды?

Сіз неліктен… екенін айта аласыз ба?

Плаундардан көмір қалай пайда болғанын айта аласыз ба?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Плаундардың адам ағзасына пайдасы бар деп ойлайсыз ба?

Алдыңғы оқу:


Қырықбуындардың құрылысы табиғаттағы маңызы.

«Меннен-сұрақ,сізден-жылдам жауап» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы

Амандасу.

Ұйымдастыру.Психологиялық ахуал орнату.



Ортасы

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақты ашу.

«ЖИГСО» әдісі арқылы жаңа тақырыпты өздігіннен меңгерту,ресурс тарату,постер қорғау.

Қосымша ақпарат беру


Плакат, маркерлер магнит,суреттер, кеппешөптер кітап,компьютер.

Аяқталу

«Жуан-жіңішке» сұрақтар арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып өз жауаптарын айтады.

Бағалау: критерий бойынша бағалау.

Үйге тапсырма: тақырыпты оқып,қызықты деректер жинап келу.

Рефлексия. «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы өз ойларын білдіреді.


Кітап,тақта, бағалау парағы т.с.с







































Ақсуат жалпы білім беретін негізгі орта мектебі







Ашық сабақ

Тақырыбы:



«Плаундардың құрылысы,көбеюі,дамуы,табиғаттағы адам өміріндегі маңызы».



















Өткізген: Табылдиева Г.К.







2016-2017 оқу жылы











































Сабақта қолданылатын әдістер

Әдістің атауы

Әдістің сипаттамасы

1

Автобус аялдамасы

Әр топқа әр түрлі бір-бір ұғым беріледі, 2 минут ішінде әр топ өзінің берілген ұғымына анықтама мен сипаттама береді. 2 минуттан кейін топтар орындарын ауыстырып, барған тобындағы ұғымға қосымша сипаттама немесе түсініктеме жазады. Осылайша әр топ басқа топтардың тапсырмаларын орындап, өзінің орнына қайтып келеді. Өзінің тапсырмасына басқа топтардың жазған сипаттамаларын оқып, соның негізінде өздеріне берілген ұғымның анықтамасы мен сипаттамасын жазады.

2

Галереяға саяхат

Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Белгіленген уақыт ішінде топтар тақырыпқа сай слайд немесе постер жасайды. Уақыт аяқталған соң топтар бір-бірімен алмасып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді және жұмысқа «екі жұлдыз, бір тілек» жазады. Топтар айналып келіп өз орындарына келгенде жұмыстарына жазылған екі жұлдыз бен бір тілекті оқып, айтылған тілектер бойынша түзету немесе түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

3

Блиц-кездесу

Әріптесіңіз екеуіңіз, біреуіңіз тақтаға, ал екіншіңіз қарама-қарсы жаққа қарап отырыңыз.

Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді (дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар – мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.

4

Он сұрақ

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

5

Әліпби желісі

Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады.

6

Константинополь

Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.

өте жақсы: 10 және одан да көп сөз

жақсы: 8 және одан да көп сөз

жаман емес: 6 және одан да көп сөз

7

Құпия зат

Берілген сурет бойынша оған 5 сұрақ қою. Бұл не? деген сұрақ қоюға болмайды.

8

Серпілген сауал

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

Мысалы,

“Джимми, Сандраның жауабы туралы сен не ойлайсың?”

“Сандра, Карлдың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”

“Карл, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”

9

Сұрақты ұстап ал

Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

10

Лездеме

Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:

  1. Конверттен бір сөзді бір рет алу

  2. Сөздің өзін атамай түсіндіру

  3. Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!

11

Конверт-сұрақ

2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

12

9 ромб

Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал соншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.

13

Тақырыптық теннис

Топта үш оқушы болады: 2 ойыншы, 1 төреші. Тақырып берілген соң ойыншылар кезекпен-кезек сол тақырып бойынша негізгі сөздерді айта бастайды. Ойын бір ойыншы тоқтағанға дейін жұргізіледі. Төреші әр ойыншының айтқан сөзін жазып, есеп жүргізіп отырады.

14

Showdown

Өздік жұмыс:

Сыныптастарыңыз үшін 5 сұрақ жазыңыз (әрбір карточкаға бір сұрақ жазып, жауаптарын артында көрсетесіздер).

Басқа топпен карточкаларды алмасыңыз.

4 адамнан тұрады топтар :

·көшбасшы сіздің топқа берілген сұрақты оқиды.

Топтың қатысушылары жауаптарын планшетке жазып, үлкен саусағын жоғары көрсетеді, ол олардың дайын екендігін білдіреді.

·Көшбасшы белгі бергенде, барлығы жауабын ашады. Топтағы түсініспеушілікті талқылаңыз (егер де келісімге келмесеңіздер, онда сыныптың қалғандарына өтініш білдіру қажет).

15

Бірге ойлаймыз

· көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.

· мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;

· осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;

· талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.

16

Жадыны дамытамыз

Қорытынды немесе бекіту сабақтарында қолдануға ыңғайлы әдіс. Тақтаға тақырыптың/тараудың негізгі сөздері жазылады. Оқушыларға 2 минут беріледі. Осы уақыт ішінде олар сөздерді жаттау қажет, сонан соң қағазға сол сөздерді жазу керек.

17

Тақырыптық түйінді сөздер

Екі шеңбер сызып, біреуіне оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздер мен тақырыпқа қатысы жоқ сөздерді араластырып жазады. Оқушы екінші шеңберге негізгі сөздерді тауып жазу керек.

18

Ойлан, бірік, бөліс

Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).

19

Бірге ойлаймыз

Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және «Қолыңды көтер/1 адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі.

1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліңіз, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз.

2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі.

Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.

20

Бірге ойлаймыз

1. Топтарға бөліңіз. Әр топ топ мүшелерінің санына қарай өз мүшелеріне 1-ден 4-ке дейін немесе 5-ке дейін нөмір береді.

2. Мұғалім сұрақ қояды, ойлануға уақыт белгілейді және одан кейін “Бірге ойлаймыз” – деп айтады.

3. Оқушылар тұрады және сұрақты ауызша талқылау үшін үстелдің орта тұсында түйісе, еңкейеді.

4. Барлығы жауапты білгеннен кейін, өз орындарына отырады да, сынып дайын деп айтады.

5. Санды таңдау үшін зырылдауықты айналдырады (немесе 1-ден 4-ке немесе 5-ке дейін кез келген санды атаңыз). Әр команданың тиісті оқушысы үстелден планшет пен қаламды алып, жауап жазады да, орнынан тұрады. Бұл тыныштықта орындалады.

6. Командаға бір мезетте жауаптарын көрсетуге белгі беріңіз. Әрбір дұрыс жауап үшін ұпайларын есептейсіз.

21

Қатесін тап

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болып табылады.

3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

22

Тыңдайтын үшбұрыштар

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

(Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).

23

Сұрақтары бар қорап

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

24

Күту уақыты

Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы балалар барлығы бірдей бір бағытта және жылдам ойламайды – күту оқушыларға өз ойларын жинақтауға және қойылған сұрақ төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.

Күту уақытының 2 үлгісі:

Мұғалім айтады, одан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін кідіріс жасайды.

Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына ықпал еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді.

25

Бағдаршам

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Мысалы:

·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.

26

Көршіңе әңгімелеп бер

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;

· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;

·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

27

Басбармақ

Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

28

А Ә Б В

Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.

29

6 қалпақ

Қызыл қалпақ – Түйсік

Менің түйсіктік реакциям қандай?

Менің түйсігім маған не дейді.

Өз ойларыңды жазыңыз.

Ақ қалпақ - Фактілер

Менде қандай ақпарат бар?

Маған қандай ақпарат алу қажет?

Білетіңізді ғана жазыңыз.

Сары қалпақ - Позитив

Жағымды тұстары қандай болды?

Оның артықшылығы қандай?

Маған не ұнайды?

Оң тармақтарын жазыңыз.

Қара қалпақ - Жағымсыз

Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?

Қандай проблемалар бар?

Маған не ұнамайды?

Жағымсыз тармақтарды жазыңыз.

Жасыл қалпақ - Креатив

Менде қандай идеялар бар?

Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?

Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз.

Көк қалпақ - шолу

Мен не аштым?

Тағы не ашылған жоқ?

Мен оны қалай аша аламын?

Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз.

Көк қалпақты барлық топтан кейін кері байланысты алу үшін пайдаланыңыз.

30

Стикерлер тобы

Бұл қалай жұмыс істейді:

1. Әрбір топқа жұмыс парағы берілді. Сұрақ/тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді қосу қажет (2 минут ішінде).

2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары оған өзінің стикерлерін іледі.

3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі.

31

Крестиктер-нөлдіктер

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

32

Кезбе тілші

Белгілі бір тақырып туралы жаңалықтар топтамасын жасау қажет.

1-оқушы:

телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі)

2-оқушы:

Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.

3-оқушы:

Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

4-оқушы:

Тілші сұхбат алатын куәгер.

33

Джиксо әдісі

Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Осы тапсырма төңірегінде топ оқушылары бір-бірімен әңгімелеседі, талқылайды. Сонан соң топ оқушылары басқа топтарға бір-бірден бөлінеді, сонда жаңадан құрылған топта бастапқы топтардан бір адам болуы қажет. Жаңадан құрылған топ мүшелері бір-біріне өзінің мәліметтерін айтады. Уақыт аяқталғаннан соң оқушылар өз топтарына қайтып барады.

34

Зияткерлік карта

Бұл әдісті қорытынды сабақта қолданылған тиімді. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріліп, топ оқушылары сол тақырып бойынша тірек сызба дайындап, оны қорғайды.

35

Жуын-жіңішке сұрақтар


36

Кубизм


37

Түртіп алу



«Блум кубигі»



Оқыту бағдарламасындағы «Сыни ойлау» модулін оқыту тренингтерінде Блум өлшемдерін таныстыру ерекше орын алады.

Педагогикалық техникалардың ішіндегі Блумнің таксономиясы негізінде құрылған «Блум кубигі» тәсілі педагогтарды оқытудағы тиімді тәсілдердің бірі.

Тренингтің өту барысы: кубтың әр жағына «Не үшін?», «Түсіндір», «Атап бер», «Ұсын», «Ойластыр», «Бөліс» атты тапсырмалар жазылған.

Тренер кубикті тыңдаушыларға қарай лақтырады. Кубикті ұстап алған тыңдаушы белгілі бір тақырып аясында кубиктің қырындағы тапсырманы басшылыққа ала отырып,сұрақ ойластырады. Оны топ ішінде талқылау,ойластыру арқылы жүзеге асыруға болады. Кейін топ кубикті келесі топтқа лақтыру арқылы өз сауалдарын жолдайды.

Ал кубикті ұстап алған топ сұраққа жауап беріп,өздеріңе түскен тапсырма негізінде сұрақ ойластырады.Тренинг осы бағытта жалғаса береді.

Өйткені «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп қарастырылады. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі.

Бұл тренингтің нәтижесінде педагогтар Блум өлшемдеріңе сай сұрақтарды ойластыру және оған сәйкесті келетін жауаптарды айта білу дағдыларын жетілдереді.



















































Табылдиева Гульсая Куанышкалиевна 20.01.2017 жыл

Химия-биология пәнінің мұғалімі

Ақсуат ауылы

«Плаундардың құрылысы табиғаттағы адам өміріндегі маңызы» тақырыбындағы сабақ бойынша рефлексивтік есеп.

Мұғалім жазбасы

Жаңа заман жаңашыл ұстаздарды талап етуде.Ал жаңашыл ұстаз дегеніміз кім,оның жаңашылдығы неде? Әрине оның сабағында.Сабаққа жаңалық енгізу,ақпараттандыру түрлендіру арқылы біз оқушылардың сапалы білім алуына,жеке сапалық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасаймыз.Сондықтан да әр мұғалім өз сабағына жауапкершілікпен қарап,тиімді ұйымдастыруы керек.

Дәстүрлі сабақтардан оқушының барлығы бірдей белсенді қатыса бермейтін.Жаңа үлгідегі сабақтар оқушылардың қызығушылығын арттыруға , белсенді араласуға ,өз пікірін еркін білдіруге,оқушыларды бағалауға тиімді.

Мұғалім сабақты құрар алдында терең ойланып оқушыларға пәні бойынша тиімді сабақ әдістерін пайдалану керек деп ойлаймын.

Билогия пәні бойынша 6 сыныпқа қысқа мерзімді жоспар бойынша сабақты өткіздім.

Сабақтың тақырыбы «Плаундардың құрылысы табиғаттағы адам өміріндегі маызы».

Сабақтың мақсаты: Плаундардың құрылысын,түрлерін,ерекшеліктері мен табиғаттағы адам өміріндегі маңызына сипаттама беру. Басқа өсімдіктерден айырмашылығын ажырата білу.

Бұл сабақта оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бірнеше әдістерді пайдаланып сабақ өткіздім.Сабақ өткізбес бұрын оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.Көңіл күйлерін көтеруге жақсы болды.Жақсы психологиялық ахуал орнағаннан кейін сабақтың ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушыларды түгендеп,үй тапсырмасын «Меннен сұрақ,сізден жылдам -жауап» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып,жауап берді.Оқушылардың барлығы да белсенді араласты.Барлығы 4 оқушы болатын.Өткен «Қырықбуындардың құрылысы олардың табиғаттағы маңызы» тақырыбынан әртүрлі сұрақтармен жауап алынды.Оқушыларды бағалау үшін тақтаға бағалау критерииін іліп қойдым.Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырды.Жаңа сабақты ашу мақсатында оқушыларға сөзжұмбақ өткіздім.Сөзжұмбақтың сұрақтары өткен тақырыптардан алынды.Сөзжұмбақты шешкен кезде жаңа сабақтың тақырыбы ашылды.Сабағымыздың келесі кезеңінде «ЖИГСО» әдісі бойынша оқушыларға мәтінмен жұмыс берілді Тақырыпты 4 бөлімге бөліп 4 оқушыға тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар постер қорғау үшін тірек сөздер мен керекті құралдар бердім.Оқушылар жаңа сабақ бойынша өз ойлары мен пікірлерін сурет,сөздер арқылы постер арқылы жақсы түсіндірді.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізді деп ойлаймын.Оқушыларға тақырыпты түсініп оқуға қосымша уақыт берілді және жеке,топтық жұмыстар орындалды.Жаңа сабақ бойынша оқушылар өз ойларын айтқаннан кейін мен қосымша мәліметтер айтып дәптермен жұмыс жасалынды.Компьютерден слайд арқылы плаундардын суреттерін көрсеттім,тақтадағы суреттерді пайдаландым және кеппешөптер арқылы плаундардың құрылысына сипаттама бердім.Сабақтың бекіту кезеңінде оқушыларға жуан-жіңішке сұрақтар дайындаттым және дәптерлеріне сұрақтарын жазып бір-біріне сұрақтар қойып жауап алынды.Сабақ соңында үйге тапсырма тақырып бойынша хабарлама жазуға тапсырма бердім.Оқушылар өздерін бағалады мен өз пікірімді білдіріп қорытынды бағасын қойдым.Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар рефлексия жасады.Оқушылар өз пікірлерін «Мен не үйрендім,не ұнады,қандай қиындықтар болды?» деген сауалдарға пікірлерін стикерлерге жазып нысанаға ілді.Бұдан оқушыларға сабақтын жақсы ұнағандығын білдім.Сабағымның мақсатыма жеттім деп есептеймін.Әртүрлі тапсырмалар мен әдістерді қолданып сыни тұрғыдан ойлау технология элементтерін пайдаландым.Суреттерді,АКТ-ны,керекті құралдарды тиімді пайдаландым деп есептеймін.Менің өзімнің дұрыс түсінбеген жерім - ол сабақ барысында бағалау критерииі екенін түсіндім.Келесі сабақтарда бағалау әдісін дұрыс пайдалануға тырысамын.Қысқа мерзімді жоспар құруда сабақ мақсатын нақты қоюды,Блум таксономиясын басшылыққа алуды,сабақта бірнеше әдіс пайдалануды үйреніп келемін.

Болашақта сабақ жоспарын құруда оқушыларға тақырып бойынша тиімді жағын ескеріп,тиімді әдістерді пайдалануды есепке аламын.




























































Пайдаланылған әдебиеттер: Биология оқулығы 6,7 сынып,энциклопедия, «Ұстаз» журналы.










































































































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Плаундардың құрылысы, көбеюі, дамуы.

Автор: Табылдиева Гульсая Қуанышқалиевна

Дата: 14.04.2017

Номер свидетельства: 409133

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) ""Плаундардың құрылысы, көбеюі және дамуы. Плаундардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы" сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "plaundardyn_k_u_rylysy_kobieiui_zh_nie_damuy_plaundardyn_tabig_attag_y_zh_nie_ad"
    ["file_id"] => string(6) "384023"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485420431"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Презентация для урока 6 класса "Плаундарды? ??рылысы, к?бейуі ж?не дамуы "
    ["seo_title"] => string(80) "priezientatsiia-dlia-uroka-6-klassa-plaundardyn-k-u-rylysy-kobieiui-zh-nie-damuy"
    ["file_id"] => string(6) "161313"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422200532"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Презентация для урока 6 класса "Плпундарды? ??рылысы, к?бейуі ж?не дамуы "
    ["seo_title"] => string(80) "priezientatsiia-dlia-uroka-6-klassa-plpundardyn-k-u-rylysy-kobieiui-zh-nie-damuy"
    ["file_id"] => string(6) "161298"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422199808"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства