kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?зін-?зі тану» п?німен интеграциялан?ан биология п?ні саба?ыны? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: : О?ушылар?а анализатор т?сінігін на?тылауды, адам ?міріндегі анализаторларды? ма?ызы туралы т?сінік бере отырып, ?иянат жасамау ??ндылы?ыны? м?нін ашу.

Саба?ты? міндеттері:

1.О?ушыларды иіс сезу  ж?не д?м сезу м?шелер ж?йесіні? ??рылысымен таныстыру негізінде жауапкершілік ?асиетіні? таби?атын ??ындыру.

2.О?ушыларды?  ?ткен саба?та ал?ан анализаторлар туралы білімдерін жетілдіре  отырып, ?ам?орлы?  ?асиеттерін дамыту.

3.О?ушыларды  жеке   бас гигиеналарын са?тау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?зін-?зі тану» п?німен интеграциялан?ан биология п?ні саба?ыны? жоспары»

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған биология пәні

сабағының жоспары


Мектеп:Балтасап Н.М. Мерзімі: 30.11.15ж

Мұғалім:Нығызбаева Ж.Ж..Сынып: 8 Оқушы саны:6

Тақырыбы:Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және оладың анализаторлары.

Құндылық:Қиянат жасамау Қасиеттер: тазалық, жауапкершілік, қамқорлық


Сабақтың мақсаты: : Оқушыларға анализатор түсінігін нақтылауды, адам өміріндегі анализаторлардың маңызы туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушыларды иіс сезу және дәм сезу мүшелер жүйесінің құрылысымен таныстыру негізінде жауапкершілік қасиетінің табиғатын ұғындыру.

2.Оқушылардың өткен сабақта алған анализаторлар туралы білімдерін жетілдіре отырып, қамқорлық қасиеттерін дамыту.

3.Оқушыларды жеке бас гигиеналарын сақтауға тәрбиелеу.


Ресурстар: (материалдар, көздері)




Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

5Т талап,тәртіп,тыныштық,тазалық,татулық

Тыныштық сәті .Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай түзу отыруларыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзімізденгі мазасыздықты сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалаайық,балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз, қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л... ш ы ғ а р...(жаймен 9-10рет).



Ескерту








Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Үй тапсыриасын тексеру: 1.С ұрақ –жауап арқылы өткен тақырыпты пысықтаймыз.

1. Сезім мүшелерінің шеткі бөлімдері-рецептор.

2.Анализатор деген ұғымды енгізген адам ?

3.Адам көзбен сыртқы ақпараттың қанша пайызын алады.

4.Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік –

5.Көздің қосымша мүшесі – сары дақ

6.Есту мүшесі - құлақ

7.Төс, балғашық, үзенгі ортаңғы құлақта орналасқан

8.Адамның дауысынан оның жан-дүниесіндегі өтіп жатырған құбылысты ажырата аламыз ба? Байқасақ, оған деген қарым –қатынасымыз қандай болмақ?

9.Тері сезім мүшесіне жата ма?

10.Қандай дәрумен жетіспесе көз ауырады.

11.Дыбыс толқынының таралу жолын түсіндір


Жалпы дыбыс ауа тербелісі дейміз. Сіздің аузыңыздан шыққан ауа тербелісі келесі адамға жетеді. Осы жеткен тербеліс оның жүрегіне жету үшін үнемі жақсы сөздерді айтуға тырысыңдар. Сөйлеу- адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Естеріңізде болар «Бір ауыз сөз» әні , онда сөз қасіретті тияды, әлемге әйгі етеді, ұран болып самғайды, бақыт болып ұшады деген сөздер арқылы сөз құдыретін тануға болады. Жақсы, ізгі сөз тек адамның жақсы, ізгі ойынан пайда болады, олар әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты, сөз арқылы біз адамның ойына әсер етеміз, сол сөздің әсерінің нәтежесінде адамда ой туындайды. Сондықтан біздің ниетіміз таза, ойымыз ізгі, сөзіміз жақсы, ниетіміз түзу болуы керек.

Ізгі ниет, ақ көңілмен берілген сөз-жақсы істің бастауы болады.

Сіздің жан дүниеңізден шыққан ой, сөз, іс-әрекет ол адамның жүрегіндегі нұрды қозғап, сол ортада әдемі үйлесімділік туғызады.


«Ұқсақтық пен даралық» стратегиясы


мүшелер

Құрылыс ерекшеліктері

ұқсастығы

гигиенасы

көз




құлақ




Бағалау: оқушылар бірі-бірі тексеріп, бағалап отырады.

III. Жаңа материалды оқыту: (1-2мин).

Алдымен оқушылардың сезім мүшелері туралы тақырыпқа қызығушылығын арттыру мақсатында көздерін байлап «Кім сезгіш» ойынын ойнаймыз.

Алдарына ащы құрт, тәтті конфет, ерлер мен әйелдер әтірлері, және тб. заттар беріледі.

Оқушылар тез арада көздері жабулы күйінде әр затты сипап сезу, иіскеп сезу және дәм сезу мүшелері арқылы заттардың атауларын табулары қажет.

Осылайша кімнің сезгіш екендігін анықтайық,сонымен бірге бүгінгі сабақтың тақырыбына шығамыз.

Мақсатын бірге айқындаймыз.


1)«Әткеншек» стратегиясы. (12мин).

Әр топқа тапсырма беріледі, постерлерге түсіреді.Негізгісін дәптерге жазу. Белгілі бір уақыт беріледі. Сол уақыт өткеннен кейін жұмыстар алмастырылады. Әр топ өз ойларын қосады.

2)«Галерея» стратегиясы: постер қорғау .(2-3мин). Бағалау

Табиғат аясында демалу , лирикалық, классикалық музыка тыңдау , музыкалық аспаптарда ойнай білу пайдалы дейді, Сен қалай ойлайсың? Осындай демалыс саған рухани ләззат сыйлай ала ма? Осы сәтте сенде қандай ойлар туады деп ойлайсың?

Балалар жауабы:

Мұғалімнің қортынды сөзі:

-үнемі жақсы, ізгі сөздер естуге, әдемі музыка тыңдауға ұмтылыңыздар – құлақтарыңызға қиянат жасамайсыздар.





Сезім мүшелеріне қиянат жасамау- өзіңе байланысты қиянат жасамау-

-Өтірік айту,дөрекілік,тұрпайы өлең айту –тілге қиянат

Жаман сөз есту-құлақтарыңа қиянат

Жамандыққа қарау-көздеріңе қиянат

Жаман иістерді искеу-мұрныңа қиянат

Жаман қылықтарды жасау-тілге қиянат

Жағымсыз ойлар-бүкіл Әлемге қиянат

Өзгелер жайлы жаман ойлау,оларға жамандық тілеу-бұл өзіңнің шынайы табиғатыңа қиянат

Қиянат жасаудан бас тарту-адамның өзін-өзі кемелдендіруге жасаған алғашқы қадамы

Өзің сезім мүшелеріне қандай қамқорлық танытасың?

Жан-дүниесі ізгілікке толы адам өзінің тілмен,іс-әрекетімен,ойымен айналасындағы қоршаған ортада қандай өзгерістер жасай алар еді?

Адамның бойында қандай қасиеттер басым болған кезде ол ізгі істерді жасайды?

Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы сөздер айтып жүрсіңдер?

Өзің жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласың?

3)Сезім мүшелері туралы кім көп мақал-мәтел біледі?(2-3 мин)

Ел құлағы елу.

Естіген құлақта жазық жоқ.

Мұрның барда бір сіңбір.

Ат ерінді келеді, ер мұрынды келеді

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ.

Басқа пәле тілден,

Өнер алды қызыл тіл.

YI. Сергіту сәті: оқушылардың көздерін жауып дыбыстарды анықтау.(слайдтар су ағысы, машина дыбысы, табиғат аясында).(1мин)


Y. Сабақты бекіту:(2мин)

1)«Ыстық картоп» стратегиясы: оқушыға мұғалім бір сұрақ қояды да қолындағы картопты оған лақтырады, ол қағып алып қойылған сұраққа тез әрі нақты жауап беруі керек. Кідірсе қолы күйіп қалады. Жауап бергеннен кейін ол келесі оқушыға жалғастырады. Осылайша сұрақтар қойыла береді.

1.сипап сезу дегеніміз не?

2.тағамды қабылдауға қандай сезім мүшелері қатысады?

3.иіс сезу рецепторлары қайда орналасқан?

4.тіл ұшының сезетін дәмі(тәттіні).

5.сипап сезу арқылы нені анықтайды?

YI. Сабақты қортындылау: 4 жол өлең құрастыру.(3мин)

Рефлексия: Не білдім? Не үйрендім? (2мин)

Бағалау.

Үй тапсырмасы: 1.П. 21оқып келу, 2.Тірек сөздер: тіл, адам, мұрын,ауа т.б. ала отырып аңыз әңгіме, ертегі құрастыру.

Қортындылау.

Сабақтың қорытынды сәті:

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. (жай музыка ойналады)

Тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді жүректерімізге сақтайық.

Сабақ аяқталды. Рақмет.


Мұғалім Атыгулова А.С.


Директор Адамов Х.Б.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?зін-?зі тану» п?німен интеграциялан?ан биология п?ні саба?ыны? жоспары

Автор: Атыгулова Анар Самархановна

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288710


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства