Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қалқанша бездің қызметін анықтауға үйрету. Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік:Қалқанша бездің құрылысы, ағзадағы қызметі, адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру. 2.Дамытушылық: Дүниетанымдарын кеңейту,логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік: Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, ұқыптылыққа , әдепті болуға тәрбиелеу. Балалар ережені есімізге түсіріп,сыныптың тәртібін сақтап,оқып білуге талаптанып,тыныштықты орнатып тазалықты сақтап,бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік | Ресурстар: (материалдар, көздері) 5Т –ережесі. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық |
Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)Тыныштық сәті.Су асты патшалығына ойша саяхат.Баяу әуен қойылады. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет! (Оқушылардан қандай сезімде болғандарын сұраймын.) | Ескерту |
2.Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау) Жаңа сабақ: Мойында көмекейдің алдыңғы жағында пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын қалқанша без орналасканы-ол ақиқат. Оның массасы — 15—30 г. Ол біркатар гормондар бөліп шыгарады -ол сүйіспеншілік. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалык заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге катысады-дұрыс әрекет жасайды Ұлпалардың бөлінуіне, жүйке және жүрек іс-әрекетінің козуын күшейтуге қатысады. Тироксин кұрамына йод кіреді. Йодтын жетіспеушілігі калканша бездін қызметін бұзады.Қалканша бездің кызметі бұзылган кезде адамда өр түрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда калканша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы, жүрек іс-әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Адам енжар болып, ойлауы мен сөйлеуі баяулайды. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді. Ол гормонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты. Егер. тамақта йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады Бұл ауру суы мен топырак құрамында йод жетіспейтін аймакта кездеседі. Сондыктан йодты ауру адам йодты калий жене натрий арқылы алады. Адам тәулігіне тамақпен бірге 0,15—0,20 мг йод алуы керек. Біздің республикамызда йодтың тәуліктік мөлшерін толтыру үшін йодталған тұз, йодталған су, йодталған нан сатылады. Эндемияльщ зоб ауруының белгілері: калканша бездің 1 кг-ға дейін ұлгайып өсуі, жүйкенің жоғары козғыштығы байкалады, адам ентігіп калады. Бұл аурумен ауыратын адам балык тағамдарын, теңіз кырықкабатын (ламинария) пайдаланып, тағамға йодталған тұз косуы керек. Окушылар мен балабакша балалары йодомарин ішуі керек. Балаларда калқанша бездің кызметі жеткіліксіз болғанда ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары кыртысының кызметі бұзылады, есу және жыныстық жетілу тоқтайды Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдары-нан арылуға болады- сонда ішкітыныштық орнайды. Қалқанша бездің кызметі шамадан тыс жоғарыласа және организмде гормондар артык мелшерде болса, зат алмасу’ қарқындылығы артады, жүрек кағуы жиілейді, жүйке жүйесінің козуы жоғарылайды. Адам көп тамак ішсе де, катты арыктайды. Сонымен катар өте ашуланшак, катты терлегіш болады. Көз карасы: бейжай болса да, көзі бадырақкөз болады Тироксин бөлінуі мен синтезін гипофиздің алдыңғы бөлігінін гормондарының бірі реттейді. Егер тироксин жеткілікті болса, гипофиз гормонынын мөлшері кемиді де, организмнің калыпты кызметі камтамасыз етіледі. Бұл кезде зат алмасу карқындылыгы, ұлпалар мен мүшелердің оттекті пайдалану денгейі артады,қиянат жасалмайды. 1. Қалқанша без қызметінің бұзылуы организмде қандай өзгерістер туғызуы мүмкін? 2. Микседема ауруының белгілері қандай? 3. Эндемиялық зоб белгілерін ата 4. Кретинизмді емдеуге, алдын алуға бола ма? 5. Қалқанша без қайда орналасқан? 6. Оның массасы қанша? 7. Тироксин деген не? 8. Қалқанша бездің қызметі жоғарыласа, гормондар артық мөлшеорде болса қандай өзгеріс болады? 3.Үй тапсырмасы. 1.Деңгейлік сұрақтарға жауап жазу (49 бет) 2.§ 9 Биология 8 сынып,47– 49 беттерді оқу. 4.Сабақтың қорытынды сәті: Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе біз мойында көмекейдің алдыңғы жағында пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын қалқанша без орналасканы-ол ақиқат Оның массасы — 15—30 г. Ол біркатар гормондар бөліп шыгарады -ол сүйіспеншілік екенін білдік. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалык заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге катысады-дұрыс әрекет жасайды. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдары-нан арылуға болады- сонда ішкітыныштық орнайды. Бұл кезде зат алмасу карқындылыгы, ұлпалар мен мүшелердің оттекті пайдалану денгейі артады,қиянат жасалмайды.Бүгінгі өтілген тақырып сендерге үлкен ой салар деген ойдамын.Оқушылар сабақтан алған жақсы әсерлеріміз бен қасиеттерімізді жүрегімізде сақтап қояйық.Дұрыс әрекет арқылы өз денсаулықтарыңызды күтулеріңізді сұраймын. | |