kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ЗІН-?ЗІ ТАНУ" П?НІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАН?АН БИОЛОГИЯ САБА?Ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Тама?тануды? ма?ызы. Ма?саты: тама?ты? ма?ызы ж?не оны? ??рамы туралы білім беру; ас?орытуды? ма?ызын білу. О?ушылар?а «Азы? -т?лікті?», «Азы?ты? заттарды? » не екенін т?сіндіру, ас?орыту ж?йесінде азы?ты? заттарды? ?ызметін к?рсету. Міндеттері: 1.Организмдегі азы?ты? заттарды? р?лін к?рсету. Адам пайдаланатын тама? ерекшеліктерін ашып к?рсету. 2.О?ушыларда тама?ты? сапасын, са?талу мерзімдерін, кулинарлы? ??деу ережелерін са?тау да?дысын ?алыптастыру. Ыдыс-ая?ты? тазалы?ыны? ж?не дастархан жасауды? ма?ызы. Санитарлы?-гигиеналы? да?ды?а т?рбиелеу. С?С ?алыптастыру. 3.О?ушыларды? талдау, ойлау, синтез, салыстыру, ?орытындылау ?абілеттерін дамыту. Саба?ты? т?рі: аралас, кіріктірілген П?наралы? байланыс: ?зін-?зі тану, ?аза? тілі, химия Саба?ты? ?дісі: СТО стратегиялары, денсаулы? са?тау технологиясы К?рнекілігі: презентация, «Азы?ты? заттар ж?не азы?-т?лік» кестесі, ?здік ж?мыс, технологиялы? карта. Саба? барысы: І ?йымдастыру кезе?і - О?ушыларды психологиялы? дайындау «?о?ыс ж?шігі» - «?нсіз ?адам» ?дісі ар?ылы б?ліну (д?-ру-мен-дер, к?-мір-су-лар) ІІ ?й тапсырмасын с?рау кезе?і: Тест ?й тапсырмасын ?орытындылау «Орал?ан с?ра?тар» ?дісі Д?йекс?з «Біз тама? ?шін ?мір с?рмейміз, ?мір ?шін тама? ішеміз» ежелгі римдіктер
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ЗІН-?ЗІ ТАНУ" П?НІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАН?АН БИОЛОГИЯ САБА?Ы»

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 2 орта мектебі» КММ

8 СЫНЫП

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған биология сабағы

ТАҚЫРЫБЫ:

ТАМАҚТАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ.

ӨТКІЗГЕН: ЖАНГАБУЛОВА А.С.

НАГАНОВА Н.С.

2016 ОҚУ ЖЫЛЫ

Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудың маңызы.

Мақсаты: тамақтың маңызы және оның құрамы туралы білім беру; асқорытудың маңызын білу. Оқушыларға «Азық -түліктің», «Азықтық заттардың » не екенін түсіндіру, асқорыту жүйесінде азықтық заттардың қызметін көрсету.

Міндеттері:

1.Организмдегі азықтық заттардың рөлін көрсету. Адам пайдаланатын тамақ ерекшеліктерін ашып көрсету.

2.Оқушыларда тамақтың сапасын, сақталу мерзімдерін, кулинарлық өңдеу ережелерін сақтау дағдысын қалыптастыру. Ыдыс-аяқтың тазалығының және дастархан жасаудың маңызы. Санитарлық-гигиеналық дағдыға тәрбиелеу. СӨС қалыптастыру.

3.Оқушылардың талдау, ойлау, синтез, салыстыру, қорытындылау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас, кіріктірілген

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, қазақ тілі, химия

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, денсаулық сақтау технологиясы

Көрнекілігі: презентация, «Азықтық заттар және азық-түлік» кестесі, өздік жұмыс, технологиялық карта.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды психологиялық дайындау «Қоқыс жәшігі»

- «Үнсіз қадам» әдісі арқылы бөліну (дә-ру-мен-дер, кө-мір-су-лар)

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

Тест

Үй тапсырмасын қорытындылау «Оралған сұрақтар» әдісі

Дәйексөз «Біз тамақ үшін өмір сүрмейміз, өмір үшін тамақ ішеміз» ежелгі римдіктер

ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:

- Адам тіршілігі мезгіл - мезгіл ас ішіп оны қорытып, денесіне сіңіруіне байланысты. Халқымыз «Ас - адамның арқауы» - дейді. Ас адамның құрылыс материалы, энергия қоры. Адам денсаулығы дене қимылы, ой еңбегі және толып жатқан басқа іс - әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты. Олай болса адам ағзасына қажетті азық - түліктер қайдан алынады?

Негізгі құрамы
Органикалық заттар. Минералды заттар. Су. Дәрумендер

- Астық дәндер -------------- Сиыр
- Бақша дақылдары --------- Түйе
- Жеміс - жидектер ------- Жылқы
------------------------------------ Қой
--------------------------------- Тауық
---------------------------------- Қоян
-------------------------------- Балық
Негізгі құрамы
Органикалық заттар. Минералды заттар. Су. Дәрумендер

Органикалық заттар
- Ақуыз
- Май
- Көмірсу

Ақуыз - адам ағзасын құрастырушы. Адам қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқару үшін құрамында бір күндік ақуыз мөлшері 100 - 120 гр. қажет.
Ақуыз мына тағамдарда кездеседі
- Сүт тағамдарында ---------- Жұмыртқада
- Қара бидай нанында ------- Бұршақ
- Фасоль -------------------------- Соя
- Арахис -------------------------- Жаңғақ
- Саңырауқұлақ ----------------- Ет
- Балық

Май - ағзаға энергиялық материал, әр түрлі витаминдермен биологиялық активті заттардың қоры болып табылады. Сонымен қатар май ағзада қорғаныштық қызмет атқарады. Салқын кезде май жылу реттегіш қызмет атқарады. Күніне 80 - 100гр. май қажет.
Көмірсу – негізгі жылу қоры және қуат береді. Көмірсулар ағзада көп болатын болса, майға айналады. Бір тәуліктегі бір адамға қажетті көмірсудің мөлшері450 - 500г. Құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне, қант ауруларына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.

Көмірсу мына тағамдарда кездеседі
- Нан ------------------------- Картоп
- Бидай жармасы -------- Банан
- Қант ------------------------ Бал
- Жеміс - жидек --------- Ботқа
- Күріш --------------------- Тары
- Өсімдік майы ---------- Жануар майы

Минералды заттар
Микро элементтер ------------- Макро элементтер
- Натрий --------------------------- Темір
- Калий ---------------------------- Мыс
- Хлор ----------------------------- Йод
- Фосфор
- Кальций
- Магний
Минералды заттар - денеде кенеулі заттар мен су арқылы түседі. Жасушаның қозу, тежелуі үшін минералды заттар өте қажет, сонымен қатар олар сүйек пен тісті бекіндіріп, денедегі ұлпалар мен сұйықтықтардың құрамына кіреді. Бір адамға тәулік мөлшері – 10гр. минералды заттар қажет.
Су - адам денесінің тіршілігі үшін ең қажетті зат. Адам күніне шамамен
2 - 2, 5л. Су ішеді. Оның 1 литрін ішеміз, 1 литрі тамақтың құраммен түседі, ал 200 - 300мл. Ағзаға зат алмасудың нәтижесінде пайда болады.
Дәрумендер - ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.

Дәрумендердің түрлері
А, В1, В2, В3, В4, В6, В12, В13, В15, ВС, ВТ, С, Д, Е, Ғ, Н, К, Р, РР, N, V

Дәрумендер мына тағамдарда кездеседі
- Жеміс - жидектер ---- Сүт
- Көкөністер ------------ Нан
- Өсімдік ---------- Сары май
- Балық --------------- Күріш
- Бауыр ---------- Жұмыртқа
- Ет

Тамақтану ережесі
- 1. Асықпай тамақтану
- 2. Асты дұрыс шайнау
- 3. Жегің келмесе жеме
- 4. Тамақтану үшін жеу керек

Тамақтану мезгілі
- 1. Таңертеңгілік ас - 25%
- 2. Түскі ас – 40%
- 3. Сәскелік ас – 15%
- 4. Кешкі ас – 20%

Тамақтануда нені шектеу керек
- Тағамдық тұзды
- Қантты
- Жануар майын

Топқа тапсырма беру:

І топ дұрыс тамақтану ережелері,адам ағзасындағы пайдалы тағамдар

ІІ топ адам ағзасындағы зиянды тағамдар туралы өздерін жобаны қорғап шығу: Барлық топқа сәттілік!

Азық түліктің сақталу мерзімі (кесте)

Оқушыларға жергілікті жерде өндірілетін тағамдарды айту.

Жағдаяттар

І топ:
Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп: «Денсаулығыңды бұзасың ғой, отырып асықпай дұрыс тамақтансаң қайтер еді?» деді. Самат анасына: « Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері қанша?» деді.
- Қалай ойлайсыңдар, Саматтың айтқаны дұрыс па?
Жауабы:
Саматтың айтқаны дұрыс емес. Деніміздің сау болуы үшін ең алдымен
тиімді тамақтану қажет
ІІ топ:
Айгүл бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдына топ етіп алма түсті. Өзі қып - қызыл, үп - үлкен, Айгүл қуанып кетті. Қызығып қолына алды.
Дереу жемек боп аузына апара бергенде алма оған:- Айгүл, сен алдымен мені жу,- деді қолынан сусып түсіп.- Неге?- деді Айгүл таңырқап.- Жумай жесең, ішің ауырады,- деді алма сілкініп қалып.- Міне, көрмейсің бе, үсті - басым шаң тозаң.
Айгүл ұялып қалды. Апасы да ылғи: «Қолыңды жу»,- дейтін. Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Айгүл ақылды алманың айтқанын істеді.
Сендерде осындай жағдай болды ма?
Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?

Жеке оқушымен жұмыс:

1 тапсырма                   

І қатар таңғы асты

ІІ қатар түскі асты

ІІІ қатар кешкі асты параққа жазып береді.

2 тапсырма Ребус

3-тапсырма

1.Оқулықтағы 104-ші сурет бойынша азық-түліктерді ажыратып жазыңыз.
2.Құрамында нәруыздар бар өнімдер: 

3.Құрамында көмір сулары бар өнімдер:

4. Құрамында майлары бар өнімдер:

Сергіту: «Дастархан басында сақталатын ырым - тыйымдар». Әрбір топ тыйым сөздердің мағынасын айту
Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3. Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8. Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
Балаға ми жеуге болмайды.
Ми жемейді жас бала,
Миды ұсын басқаға,
Былжыр болып өсеміз,
Ынжық болу масқара.
9. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйлағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10. Дастарханнан аттауға болмайды.
11. Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
12. Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
- Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады

ІҮ. Сабақты қорытындылау:
«Альфавиттік әдіс»

«Кір жаятын сөре»

Ү Үйге тапсырма беру: Тақырыпты оқу дәрумендердің түрлерін анықтау, күнделікті ішетін тағамда қоректі заттардың қаншалықты барын талдап дәптерге кесте құрастыру.

ҮІ. Бағалау

Рефлексия «Еркін микрофон»

Соңғы тыныштық сәті:

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"?ЗІН-?ЗІ ТАНУ" П?НІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАН?АН БИОЛОГИЯ САБА?Ы

Автор: Жангабулова Асия Сабыржановна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312153

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства