kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок по биологии "Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары." 8 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок биологии проходил в не знакомом классе. Дети работали в группах. Каждой группе было дано задание: изучить причину,признаки и профилактику заболевания сердечно- сосудистых заболеваний.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок по биологии "Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары." 8 класс»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп: Б.Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні: Абенова Ботакоз Серикбаевна

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • қанайналым жүйесі ауруларының себептері мен белгілерін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • қанайналым жүйесі ауруларын сипаттайды;

  • аурулардың себептерін түсіндіреді;

  • қанайналым жүйесі ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қанайналым жүйесі мүшелерінің ауруларын атайды;

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт ауруларының туындау себептерін түсіндіреді;

Осы аурулардың алдын алу жолдарын ұсына алады;

Оқушылар тиісті терминологияны пайдалана отырып, аурулардың себептері, белгілері мен алдын алу шараларын ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт, коронарлы артерия, тамырдың бөгелуі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Инсульт кезіндегі белгілерге... жатады.

Коронарлы артериялар оттегіні ...тасымалдайды.

Инсульттың алдын алу үшін..., ..., ... қажет.

Ишемиялық ауру...себептен туындайды.

Атеросклероздың себептеріне ...жатады.

Тахикардия ...байланысты туындайды.

Құндылықтарды дарыту

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Қан қысымы, ағу жылдамдығы, қан тамырларының кеңеюі, тарылуы түсініктері арқылы физика пәнімен байланысады.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының себептерін қарастырғанда тамақ құрамындағы әртүрлі химиялық заттардың табиғаты туралы білім арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

7-сыныптан оқушылар жұқпалы аурулардың себептері микробтарға байланысты екенін, 8-сыныптан асқорыту жүйесі мүшелерінің аурулары мен жұқпалы аурулардың туындау себептері мен алдын алу шараларын біледі. 8-сыныптан қанайналым жүйесінің түрлері, қанның құрамы мен қызметтері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-6мин


Оқушыларға жүрек құрылымдары мен қан тамырларының түрлері, қызметтері туралы сұрақтарға жауап береді. Біз жүректің құрылысы, қанайналым жүйелерінің түрлері, қан тамырларының ерекшеліктері, қызметтерін білеміз. Осы мүшелер туралы тағы нені білу қажет деп ойлайсыздар сұрағын қоя отырып, осы мүшелерде кездесетін ауытқулар, яғни аурулары туралы сабақ болатынына назар аудартылады. Аурулар туралы қандай білім сіздерге қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттары анықталады.

1– қосымша

1-3слайдтар

Сабақтың ортасы

7-17 мин

Оқушыларға тақырып мазмұнын топтарда әр түрлі рөлдер тұрғысынан қарастыру ұсынылады.

Ол үшін сынып оқушылары:

1-топ:«Студенттер» - аурулардың туындау себептерін анықтап, сипаттаушылар.

2-топ: «Дәрігерлер» - аурулардың белгілерін сипаттаушылар. 3-топ:«Кеңесшілер» әр аурудың алдын алу жолдарын ұсынушылар болып жұмыстайды.

Әр топ өзінің бағытына сай зерттеу жүргізеді. Мысалы, 1топ барлық 6 аурудың туындау себептерін, 2 топ әрбір аурудың белгісін,3-топ аурулардың белгілері мен туындау себептеріне қарай алдын алу жолдарын ұсынуға дайындалады. Әр топ басқа топтардың тақырыптары бойынша сұрақтар дайындайды.

Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт сілтей отырып, кері байланыс ұсынады. Оқушылардың тиісті ақпаратты жинақтауына назар аударылады.



Топқа бөлу



4-11 слайдтар

Ватман

Желім

Маркерлер


18-27 мин

Білім жинақтау мен сұрақтар дайындаудан кейін оқушылар парақтарға қажетті мәлімет жазып, тақтаға шығып жауап береді. «Студенттер» және «Дәрігерлер» ватманға аурулар туралы сипаттамаларды желімдейді.

«Кеңесшілер» әрбір аурудың себептері мен белгілері айтылған сайын аурудың алдын алу жолдарына тоқталып отырады.

Әр топ алдымен тек бір ауруға қатысты талқылау жүргізгеннен соң келесі ауруға ауысады.

Критерийлер:

  • Қан тамыр жүйесі ауруларын сипаттайды;

  • Аурулардың себептерін түсіндіреді;

  • Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

Дескрипторлар:

  • «Дәрігерлер» берілген аурулардың барлық белгілеріне қатысты сұрақтарға жауап береді

  • «Студенттер» берілген аурулардың себептері туралы сұрақтарға жауап береді

  • «Кеңесшілер» қантамырлар жүйесі ауруларының туындау себептерін түсіндіреді;

  • Аурудың белгілерін сипаттайды;

  • Барлық аурулардың алдын-алу шараларын ұсынады.

Мұғалім сұрақтар қойып, толықтыруларға бағыттай отырып, кері байланыс ұсынады.


28-36 мин

Шағын жоба (проект) дайын болғаннан соң, оқушылар жалпы қанайналым жүйесінің ауруларын болдырмау жолдарын ұсыну тапсырмасын орындайды. Ол үшін оқушылар топтары/жұптары шағын брошюра немесе постер, ақпараттық парақшаларын әзірлейді. Дайын жұмысты топқа таныстырады.

Мұғалім кері байланыс ұсынады.

2-қосымша

А3, А4 парақшалары

13 слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин







Кері байланыс

14 слайд

Стикерлер








Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың ақпарат жинақтау тапсырмасын орындау кезінде ақпаратты мазмұны бойынша топтастырып жинақтауы арқылы

Оқушыларға ақпаратпен жұмыс жасау барысында өз білімдерін қосымша ақпараттармен толықтыру мүмкіндігін беру арқылы

Оқушылардың рөлдік ойынға дайындалуы кезінде сұрақтарды әртүрлі тереңдікте құрастыруы арқылы

Оқушылардың дөңгелек үстелдегі талқылау барысында сұрақтар қоюлары мен жауап берулері арқылы

Оқушылардың білімді бекіту мақсатындағы ауруларды болдырмауға байланысты ұсыныстар берулері арқылы


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың сәйкестендіру тапсырмасын орындаулары

Ауызша жауаптары арқылы

Сұрақтар құрастырулары мен жауап берулері арқылы

Сабақ барысындағы рөлдік ойынға қатысуы кезіндегі іс-әрекеттері арқылы

Сабақтың соңындағы қорытынды тапсырманы орындауы, таныстырулары арқылы


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рөлдік ойынға дайындалу кезінде оқушылар белсенді қозғалыс жасайды
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Открытый урок по биологии "Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары." 8 класс

Автор: Абенова Ботакоз Серикбаевна

Дата: 17.12.2018

Номер свидетельства: 491293


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства