Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: | І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді). |
«Көпір» (жеке жұмыс) тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары | Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөзді қой. 1.Овогенез аналық жыныс жасушаларының даму үдерісі. 2.Сперматогенез аталық жыныс жасушаларының даму үдерісі. 3. Тұқымның қоректік заттар қорын эндосперм деп атайды. 4.Аталық және аналық жасушаларының қосылуынан зигота түзіледі. 3.86 беттегі 28-суретке қарап, формалық элеметтердің пішінін сипатта. Ал, енді балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз:«Ағзалардың жеке даму» осы тақырыпты меңгеру үшін келесі кезеңге өтеміз. |
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады. |
1-қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторлары: (тақырып мазмұны бойынша кім?не? қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек) | Ұрықтың дамуыэмбриогенез деп атайды. Туу соңынан даму ,яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң дамуды постэмбриогенездеп атайды. Тірі ағзалардың туу мерзімінен өлуіне дейінгі жеке дамуы онтогенез деп атайды. Ұрықтың даму сатылары бластула ,гаструла, нейруласатыларынан тұрады. Ағзалардың өсуі мен дамуы кезіндегі пішін өзгерісті метаморфоз деп атаймыз. |
2-қадам (топтық жұмыс) - теория бойынша «Түсіну» критерийінің индикаторлары: (неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) | Себебін анықта:Ұрықтың дамуы неліктен сатыларға жіктеледі? Жауабы:себебі әр сатыда ұрықтың дамуы өзгеше. 1.Бластула-шар пішінді, бір қабатты ұрық. 2.Гаструла –ұрық жапырақшаларының түзілуі,үш қабатты ұрық. 3.Нейрула- жүйке түтігінің түзіліп, мүшелердің пайда болу қабаты. |
3-қадам-(топтық жұмыс) теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторлары: 1.Салыстыр, 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. | Венн диаграммасы арқылы салыстырыңдар Ерекшелігі 4. Тақырыптың басты идеясы неде? Ұқсастығы:1.Ұрықтың даму сатысы. 2.Жасушалардан құралады. Ерекшелігі : Бластула: 1.Ұсақ жасуша топтасып,бластомербереді 2.Осы сатыда қарқынды бөліну митоз өтеді. 3.Бір қабатты ұрық деп атайды. Гаструла: 1.Үшқабатты ұрық деп атайды. 2.Энтодерма, эктодерма,мезодермақабаттарынан тұрады. Нейрула: 1.Жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. 2.Жүйке түтігінен ми және жұлын дамиды. |
4-қадам-(топтық жұмыс) теория бойынша «Жинақтау» критерийінің индикаторлары: Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр, немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады | 1. Тақырыптың басты идеясы бойынша құрылған тірек-сызбаны толтыр Онтогенез | Постэмбриогенез туу соңынан дамуы | Эмбриогенез ұрықтың дамуы | |
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады. |
5-қадам - (топтық жұмыс) практикада бекіту. Практика жүзінде «Қолдану» критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады | Оқулықпен жұмыс 103 беттегі А,В,С –нұсқаларындағы сұрақтарға жауап бер. 31-суреттегі ұрықтың даму сатыларына сипаттама бер. |
6-қадам (топтық жұмыс): «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттардышешуге бағытталып қойылады | Сен қалай ойлайсың, Көбелектің толық түрленіп даму сатысындағы сызбасы қандай? Жауабы :Жұмыртқа- дернәсіл-қуыршақ-имаго |
ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі. |
| І деңгей (5 балл) |
1-қадам – (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің индикаторларына сәйкес (тақырып мазмұны бойынша кім?не? қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады) | 1-тапсырма. Кесте бойынша терминдерді сәйкестендіріп, тиісті номірлерді қою. Эмбриогенез | онтогенез | Пост эмбриогенез | бластула | Нейру ла | гаструла | Мета морфоз | 2 | 3 | 6 | 4 | 5 | 7 | 1 | 1.Пішін өзгеріс 2.Ұрықтың дамуы 3.Туу мерзімнен өлгенге дейінгі даму. 4.Бір қабатты ұрық. 5.Мүшелердің түзілуі. 6.Туу соңынан дамуы. 7.Үш қабатты ұрық |
2-қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес (ІІ кезеңдегіге 5-қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады) | 2-тапсырма.Тест тапсырмаларын орындау. 1.Жүйке тақташасынан жүйке түтігінің қай ұрық сатысында түзіледі. А)бластула Ә)гаструла Б)нейрула 2.Ағзалардың өсіп,даму кезінде пішін өзгеріске ұшырауы? А)бластомер Ә)метаморфоз Б)жүйкелік 3.Ұрықтың дамуы дегеніміз? А) постэмбриогенез Ә) эмбриогенез Б)онтогенез 4.Ұрық жапырақшасын ішкі қабатын көрсет? А)Эктодерма Ә)Энтодерма Б)мезодерма 5.Бластомер қай сатыда түзіледі? А)гаструла Ә)нейрула Б)бластула 3-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөзді қой. Ұрықтың дамуы эмбриогенез деп атайды. Туу соңынан даму ,яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң дамуды постэмбриогенездеп атайды. Тірі ағзалардың туу мерзімінен өлуіне дейінгі жеке дамуы онтогенез деп атайды. Ұрықтың даму сатылары бластула ,гаструла, нейруласатыларынан тұрады. 4-тапсырма. «Иә», «Жоқ» балама тестін орындау. «Иә» «Жоқ» Ұрық жапырақшалары жасушалардан тұрады | + | | Гаструла төрт қабатты ұрық | | + | Мүшелер нейрула сатысында пайда болады. | + | | Бластула шар пішінді ұрық | + | | Эмбриогенез пішін өзгеріс. | | + | 5-тапсырма. Сурет бойынша ұрықтың даму сатыларын анықтап, түсінік беру. |
1-аралық нәтиже: Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларынмеңгере алмаса. |
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл) |
1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Түсіну» критерийінің индикаторларына (неге? неліктен? себебі? не үшін?) сәйкес сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады. | Сұрақтарға жауап бер. Бос орынға қажетті сөзді қой. 1-тапсырма Адам үшін онтогенездің басталуының себебі неде? Жауабы:ұрықтануы ,яғни зиготаның пайда болуы,одан кейінірек ұрық дамиды. 2- тапсырма Онтогенез ұжымдық үдеріс емес, себебі неде? Жауабы: бір ағзаның дамуы ,яғни тек бір ағзаға арналған жеке ұғым. |
2-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторларына сәйкес (Сәйкестендіру тестін пайдалану) | 3- тапсырма:Сәйкестендіру тесті 1 | Метаморфоз | А.мүшенің түзілуі | Ә | 2 | Эмбрион | Ә.пішін өзгеріс | Д | 3 | Бластула | Б.бір қабатты ұрық | Б | 4 | Бластомер | В.үш қабатты ұрық | Г | 5 | Гаструла | Г.жасушаның бірігуі | В | 6 | Нейрула | Д.Ұрық | А | |
3-қадам (жеке жұмыс): Практика жүзінде «ҚОЛДАНУ» критерийіне сәйкес(ІІ кезеңдегіге 5-қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады) | 4-тапсырма: 101-беттегі 40,41-суреттеріне сипаттама бер. |
2-аралық нәтиже: Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса. |
ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл) |
1-қадам (жеке жұмыс) - теория бойынша «Жинақтау» критерийінің қорытынды шығаруға бағытталған индикаторлары: Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады. ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады. | 1-тапсырма:Дұрыс па, бұрыс па? Ойыны Қойылатын сұрақтар. 1.Гаструла бір қабатты ұрық . Бұрыс 2.Метаморфоз пішін өзгеріспе. Дұрыс 3.Постэмриогенез ұрықтың дамуы . Бұрыс 4.Нейрула сатысында жүйке түтігі қалыптасады . Дұрыс 5.Онтогенез үш кезеңнен тұрады. Бұрыс |
2-қадам (жеке жұмыс): «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады. | 2-тапсырма: Биологиялық диктант. Бос орынға қажетті сөзді қой. 1.Ұсақ жасушатоптасып,бластомербереді 2.Осы сатыда қарқынды бөлінумитоз өтеді. 3.Бір қабатты ұрық деп атайды. 4.Үшқабатты ұрық деп атайды. 5.Энтодерма, эктодерма,мезодермақабаттарынан тұрады. 6.Жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. 7.Жүйке түтігінен ми және жұлындамиды. 3-тапсырма: Сен қалай ойлайсың, «Ағзалардың жеке дамуының маңызы» тақырыбына эссе жазу. |
3-нәтиже: Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский). |