kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему"З?р шы?ару ж?йелеріні? ??рылысы мен ?ызметі. "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен биология п?ні м??алімімін. 23 жыл ж?мыс ?тілім.6-11 сыныптарда биология    п?нінен саба? беремін. Бос уа?ытымда есесптер шы?арамын. О?ушылармен ?осымша саба?тар ?ткіземін.Дидактикалы? материалдар дайындаймын.А?паратты? м?ліметтер дайындаймын. Практикалы? ж?мыстарды дайындаймын.Мені? сайтыма кіріп ?здері?ізге керекті материалдар алыныздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему"З?р шы?ару ж?йелеріні? ??рылысы мен ?ызметі. "»

Сабақтын тақырыбы: Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі.


Сабақтың мақсаты: Бүйректің организмде орналасуын және сыртқы құрылысының ерекшеліктерін атқаратын қызметіне сай бүйректегі құрылымын анықтау. Зат алмасу процесінің соңғы өнімдерінің шығуының мәнін, олардың адам организмінен шығу жолдарын түсіндіру.


Дамытушылық: Оқушылардың білімге құштарлығын, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшандығын, тіл байлығын дамыту.


Тәрбиелік: Оқушылардың үйлесімді жұмыс жасауын қалыптастыру. Оқу үрдісінде әр оқушыны қабілетіне сай шығармашылық ізденіске тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Экран, проектор, компьютер , постер, стикер, үлестірме қималар,т.б.

Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтын барысы:

І. Ұйымдыстыру.

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық жаттығу (сыныпта жақсы көңіл –күй қалыптастыру), сандықшадағы цифрларды алу арқылы сыныпты төрт топқа бөліп аламын, бағалау парақшалары топ басшыларына алдын ала беріледі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Дәрумен дегеніміз не? Дәрумендердің маңызы

2.Дәрумендер қанша топқа бөлінеді? Дәрумендердің құрамы

3.Майда еритін дәрумендер

4.Суда еритін дәрумендер

Әр топ өз тапсырмаларын қорғап дәлелдеп береді.

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру.

  1. Диалогтық оқыту

Оқулықпен жұмыс (жаңа сабақты оқып шығады)

  1. Тақырыпты қорғау

Оқығандары бойынша тақырыптың мазмұнын ашады

3. Бейнефильм

4. Топтарға тапсырмалар бөліп беремін

І-топ Ыдырау өнімдеріне түсінік

ІІ –топ Бүйректің құрылысы

ІІІ –топ Бүйректің қызметі

ІҮ – топ Зәр шығару мүшелерінің құрылысы

5. Бейнефильм


Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер


2 бүйрек 2 несепағар қуық зәр шығару өзегі


Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей).

Зәр  - ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді.

Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары:  нефрит,  пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит  (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

Дәптерге жаңа терминдер мен анықтамаларды жазу

1.Зәр шығару мүшелерін ата. /бүйрек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі/.

2.Адамның бүйрегі қайда орналасқан, салмағы қанша, пішіні қандай? /бүйрек құрсақ қуысында орналасқан, салмағы 150 г, үрмебұршақ пішінді жұп мүше/.

3.Бүйрек арқылы бір тәулікте қанша қан ағады? /Бүйректен тәулігіне1500 – 1700 л қан өтеді. Яғни әр 5 минут сайын ағзадағы қан бүйрек арқылы өтеді/.

4.Қуық қандай қызмет атқарады? Сыйымдылығы қанша? / Құрамында зиянды заттары бар су бүйрек астауына, несепағар арқылы қуыққа жиналады. Қуықтың сыйымдылығы 400-500 мл.болады/.

5.Зәр шығару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылымды ата. /Зәр шығару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылым урология деп аталады. Емдейтін адам уролог деп аталады.


V.Қорытынды


Бағалау. Үйге тапсырма.
Оқушылардың қойған бағаларын қорытындылап,

Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі тақырыбын оқу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Открытый урок на тему"З?р шы?ару ж?йелеріні? ??рылысы мен ?ызметі. "

Автор: Баймагамбетова Жазира Романовна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312154


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства