kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?сімдік жасушасыны? ??рылыс ж?не химиялы? ??рамы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы.

?сімдік жасушасыны? ??рылыс ж?не химиялы? ??рамы. № 3 зертханалы? ж?мыс. Пияз ?абы?шасыны? ??і мен б?лме ?сімдіктеріні? жапыра?ыны? к?лдене? кесіндісін микроскоппен ?арап, салыстыру.

Саба? ма?саты

?сімдік жасушасыны? ??рылысы мен химиялы? ??рамымен танысу, пияз ?абы?шасыны? ??і мен б?лме ?сімдіктеріні? жапыра?ыны? препаратын дайындау?а ?йрету;

Сілтеме

Ба?алау пара?ы            ?аламтор;  биология журналдары

Табыс критерийі

1) ?л?айт?ыш ??ралдарды, микроскопты? ??рылысын білу;

2) ?сімдік жасушасыны? ??рылысы мен химиялы? ??рамын біледі, денешіктеріні? ат?аратын ?ызметін айта алу;

 3) Пияз ?абы?шасыны? ??і мен б?лме ?сімдіктеріні? жапыра?ыны? препаратын дайындап, салыстыра алу;

К?тілетін н?тижелер

1. ?л?айт?ыш ??ралдарды, микроскопты? ??рылысын біледі;

2. ?сімдік жасушасыны? ??рылысы мен химиялы? ??рамын біледі, денешіктеріні? ат?аратын ?ызметін айта алады;

3. Пияз ?абы?шасыны? ??і мен б?лме ?сімдіктеріні? жапыра?ыны? препаратын дайындап, салыстыра алады;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?сімдік жасушасыны? ??рылыс ж?не химиялы? ??рамы»



Сабақ жоспары

Мұғалім: _Тауова Нұрсұлу Раулқызы___ Сынып: _6 "а, б"________

Апта-

Сынып 6"а"

Сынып 6"б"

Күні- 09.2015

Күні- 09.2015

–сабақ


Сабақ тақырыбы

Өсімдік жасушасының құрылыс және химиялық құрамы. № 3 зертханалық жұмыс. Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, салыстыру.

Сабақ мақсаты


Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамымен танысу, пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындауға үйрету;

Сілтеме

Бағалау парағы Ғаламтор; биология журналдары

Табыс критерийі

1) Ұлғайтқыш құралдарды , микроскоптың құрылысын білу;

2) Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамын біледі, денешіктерінің атқаратын қызметін айта алу;

3) Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындап, салыстыра алу;

Күтілетін нәтижелер

1. Ұлғайтқыш құралдарды , микроскоптың құрылысын біледі;

2. Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамын біледі, денешіктерінің атқаратын қызметін айта алады;

3. Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындап, салыстыра алады;

Тапсырмалар

Білу. 1 тапсырма: Ұлғайтқыш құралдарды , микроскоптың құрылысы туралы білімдерін зерделеу;

"Сұрақтар жаңбыры"

әдісі

Түсіну. 2 тапсырма: Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамын біледі, денешіктерінің атқаратын қызметін үйрету;


" Көршіме айтамын"әдісі

Қолдану. Талдау.

"Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау"әдісі

Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындап, салыстыруға үйрету;


Жинақтау. Бағалау

Жаңа сабақ бойынша бойынша алған білімдерін жинақтау:

Оқулықпен жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалім және оқушы немен айналысады


Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

бағалау

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түстер арқылы топқа бөлу; а)Оқушыларға психологиялық көңіл-күй туғызу ә)Топқа бөлу

Түстер арқылы топқа бөлінеді;


ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру

Білу. 1 тапсырма: Ұлғайтқыш құралдарды , микроскоптың құрылысы туралы білімдерін зерделеу;

"Сұрақтар жаңбыры"

әдісі

Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.


Жетістік критерий 1.Стикер


ІІІ. Жаңа тақырып

Түсіну. 2 тапсырма: Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамын біледі, денешіктерінің атқаратын қызметін үйрету;

" Көршіме айтамын"әдісі

Денесі бір ғана жасушадан тұратын (мейлі өсімдік я жануар болсын) ағзаларда әр жасуша өз алдына жеке ағза болып есептеледі. Көп жасушалы ағзадағы бір жасуша ағзаның кішкене бір бөлшегі ғана. Жеке бір жасушаның құрылысы – жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер және вакуоль (1-сурет). Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша – жасунықтан (целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды.

 

Цитоплазма (грекше «цитос» – жасуша; «плазма» – сұйықтық) – жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады.

 

Ядро – цитоплазмаға

 

қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған (саңылау) жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады. Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.

 Пластидтер – тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.

 Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі. Хлоропласта жасыл пигмент – хлорофилл бар. Органикалық зат түзуге қатысады.

 Хромопластар гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді.

 Лейкопластар – өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады.

 Вакуоль – цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға

толы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.

Атқаратын қызметіне, орналасуына байланысты жасушаның пішіндерінің суреті (2-сурет). 

2. Өзін-өзі бағалау


 

Шығармашылық жұмыс 

Қолдану. Талдау.

"Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау"әдісі

Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындап, салыстыруға үйрету;

1.Ядро; 2. Вакуоль; 3. Қабықша; 4. Цитоплазма; 5. Қабықша саңылауы.

1-сурет. Пияз өңі жасушасының құрылысы


1. Ядро; 2. Пластидтер; 3. Вакуоль; 4. Сыртқы қалың қабықша; 5.Ішкі жұқа қабықша; 6. Цитоплазма.

2-сурет. Пластидтері (хлоропластары) бар жасушаның құрылысы.


Жасуша пішіндері



3."2 жұлдыз, 1 тілек"

бетшесі



Жинақтау. Бағалау

Жаңа сабақ бойынша бойынша алған білімдерін жинақтау:

Оқулықпен жұмыс

Конспект сұрақтар

Бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады:

Бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды:

Гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, қызыл сары түс береді:

Жасунықтан (целлюлоза) тұрады:

Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді:

Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады:

Жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады:

Жасушаның көбеюіне қатысады:

Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер:

Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат:

Лейкопластар:

Саңылау:

Сулы ортаны қалыптастырып, улы заттарды ыдыратады:

Сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын жасуша бөлігі:

Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер:

Хлоропласта жасыл пигмент –

Хлоропластар:

Цитоплазма:

Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады:

Цитоплазманың құрамында:

Қабықшаның өте жұқарған жері:

Әрбір тірі жасушаның тіршілігі:

Өсімдіктің тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер:

Өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа қосылыстарда ерімейтін жасушаның сырты:


Топты бағалау


Жиынтық бағалау

Дерек көздер және жабдықтар

Флипчарт, қағаздар, стикер


Кейінгі тапсырма мен портфолио деректері


Кейінгі оқу

Биология-Қазақстан мектептерінде;

Биологя анықтамалығы;

Үй тапсырмасы. §4 оқып, 5-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу

Жасушаның бөліктері

Атқаратын қызметі







ІІ. Атқаратын қызметіне қарай жасуша бөліктерін аттарын кестеге толтырыңдар

Сабақты талдау

Топта, жұпта , жеке жұмыс бойынша талдау;

Сабақты бағалау

Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

Оқушылардың табыс критерийлері бойынша өздерін және баяндамашыны бағалауы, топтардың бірін- бірі және тапсырмаға сәйкес түсінгендерін бағалауы;

Сабақ бойынша өзгертулер



Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарларыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?сімдік жасушасыны? ??рылыс ж?не химиялы? ??рамы

Автор: Тауова Н?рс?лу Раул?ызы

Дата: 25.06.2016

Номер свидетельства: 336137


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства